6 билет Ақпан төңкерісі кезіндегі Қазақстандағы либеральдық-демократиялық зиялы қауымның қызметіне тарих ғылымындағы баға.
Түркістан комитетінің комиссарлары қызметін өзбекстандық ғалымдар былайша бағалайды: «М. Тынышпаев, М. Шоқаев, А. Дәулетшин және басқа кейбір ұлттық буржуазия мен буржуазиялық ұлтшылдардың Уақытша үкіметтің Түркістан комитетіне тағайындалуы оның ұлттық саясатының мәнін ешбір өзгертпеді, олар ұлттық көтеріліс туралы мылжыңдағанымен, іс жүзінде езілген ұлттық буржуазиямен келісімге келіп, өз халқына қарсы тұрды».22 Қазақстан тарихы бойынша негізгі оқулық болып саналып келген ҚазССР тарихының 5-томында да: «...бұрынғы патша шенеуніктерінен, буржуазия өкілдері мен бай-феодал элементтерінен Уақытша үкіметтің облыстық және уездік комиссарлары тағайындалды»23 деп көрсетіледі.
Белгілі қайраткер туралы оң пікір қалаптастыруға атсалушылардың ішінен зерттеуші М. Қойгелдиевтің еңбегін бөліп айтуға болады.32 Ол ә. Бөкейхановтың «Қазақ» газетінде жарық көрген мақала-зерттеулерін бір жүйеге салып, шығармалар жинағын құрастырады.33 Сонымен бірге зерттеуші М. Қойгелдиев өзінің қазақ интеллигенциясының қоғамдық-саяси қызметіне арналған докторлық диссертациясында ә. Бөкейхановтың комиссарлық қызметі жеке бір зерттеу жұмысына арқау болатындығы туралы да алғашқылардың бірі болып орынды ұсыныс айтты.34 Кейінірек «Алаш қозғалысы» атты монографиясында ә. Бөкейханов пен М. Тынышбаевтың коммисарлық қызметіне арнайы тоқталып өтеді.35 Бұл еңбекте қазақ комиссарлары ел жайын жақсы білетін терең және тәрбиелі саясаткерлер ретінде көрсетіледі. Уақытша үкімет органдарында қызмет ете жүріп қазақ қоғамының саяси-экономикалық жұмыстарына белсене қатысқан ұлт зиялылары туралы, олар құрған алғашқы қоғамдық-саяси ұйым – Қазақ комитеттері жайында зерттеуші А. Махаева жазды. өз еңбектерінде А. Махаева қазақ қоғамының 1917-1918 жылдар арасындағы қоғамдық-саяси жағдайына, соның ішінде Уақытша үкімет органдарының қызметіне де тоқталып өтеді. Зерттеуші алғашқылардың бірі болып бұрындары ақиқаты айтылмай келген азық-түлік, жер комитеттері туралы, қазақ даласында өткен құрылтай жиналысына әзірлік жұмыстары, земстволық мекемелердің қызметі жайлы жаңа ойлар, тың пікірлер білдірді. қазақ халқы патшалық биліктің құлап, оның орнына Уақытша үкіметтің келуін үлкен үмітпен қарсы алды. Оның себебін А. Байтұрсынов «Революция және қырғыздар» атты мақаласында былайша түсіндіреді: «Қазақтарға ақпан төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, қазан (әлеуметтік) төңкерісі оларға соншалықты түсініксіз көрінді... Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсуінде еді»4 .
1929 жылы Алашордашылардың әрекетін құжаттар арқылы нақты әшкерелеуді мақсат еткен Н. Мартыненконың құрастырған жинағы жарық көрді.10 Онда жарияланған деректер арасында Уақытша үкіметтің жергілікті билік органдары қызметінен мәлімет беретін құжаттар да кездеседі. Алаш қайраткерлерінің Ақпан және Қазан төңкерістері аралығындағы қызметін барынша төмендетіп, оларды халықтың қас жауы етіп көрсетуді негізгі мұрат еткен С. Брайнин мен Ш. Шафироның кітабы 1935 жылы жарық көрді.11 Егер тұжырымдап айтар болсақ, бұл авторлардың жасаған тұжырымдары сол кездегі таптық, партиялық идеологияға толығымен сай келгенімен, тарихи шындықтан тым алыс жатты. профессор К. Нұрпейісовтің: «Февраль төңкерісінен кейінгі алғашқы айларда кейбір аудандарда бір кезде бүкіл өкімет билігін өз қолына алуға тырысқан бірнеше ұйымдар қатар әрекет жасады. Мәселен, Қазақстанның көптеген қалаларында Уақытша үкімет органдары және Советтермен қатар қырғыз-қазақ комитеттері, казачествоның әскери басқармалары, қалалық думалар, земство органдары, т.с.с. қатар өмір сүріп, олардың әрқайсысы саяси өкімет билігіне ие болуға тырысты»,18 – деген пікірін Уақытша үкімет тұсындағы Қазақстанда қалыптасқан саяси жағдайды дөп басып көрсете алғандық есебінде қабылдауға болады. Сонымен қатар, белгілі ғалым профессор Д. Дулатованың еңбегін атауға болады. Д. Дулатова Ф. Маликовтың «Қазақстандағы Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі» атты еңбегінде Қазақстандағы Ақпан төңкерісі кезіндегі демократиялық бостандық үшін күрес әлсіз бейнеленгені туралы сын пікір айтады.19 Уақытша үкіметтің билік органы ретіндегі құрылымдары мен ішкі, сыртқы, сондай-ақ экономикалық саясатын жіктеп, ғылыми түрде талдап, нақтылай түсудің тамаша үлгісін ресейлік ғалымдар көрсетіп отыр. Бірақ олардың еңбектерінде де Уақытша үкіметтің жергілікті органдары қызметі жайлы ештеңе айтылмайды. Уақытша үкіметтің Түркістандағы комитеті туралы мәселеге өзбекстандық, қырғызстандық ғалымдар да өз еңбектерінде тоқталып өтеді. ң бірлік, адалдық болсын! Жер мәселесін де қозғап, тезірек қолға ала беріңдер. Біз қалайтын патшалық түрі – демократиялық республика, яғни мал өсіріп, егін салып, жерге ие боларлық түрі»133 – деп М. Тынышбаев, А. Тұрлыбаев, С. Ақаев, Қ. Қожықов және тағы басқа қазақ зиялылары жаңа үкімет арқылы толық мәселелерді шешуге деген талпынысын аңғаруға болады. М.Қ.Қозыбаев Алаш партиясының бағдарламасының жобасын және бүкілқазақстандық екінші съездің қүжаттарын талдай келіп, жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы партияны ұлтшыл саяси ұйым деп айыптаудың негізсіз екендігін айтты. Пікір алысуға қатынасушылардың біразы: М.Қ.Қозыбаев, М.Қойгелдиев, К.Нұрпейісов, Ә.Тәкенов 1917 жылғы революцияға дейінгі қазақ интеллигенциясының тарихы мен Алаш партиясының тарихын шатастыруға болмайтындығын баса көрсетіп, 1916 жылғы патшаның маусым жарлығына дейін қазақ зиялылары негізінен оқу-ағарту ісімен айналысып, патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы түрды деген қорытынды жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |