1ОҚу-тәрбие педагогикалық практиканың мазмұНЫ



бет4/8
Дата19.03.2024
өлшемі0.69 Mb.
#496098
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Соңғысы-1

07.02.2023
Аптаның екінші күнінде әдеттегідей өз сыныбымның барлық сабақтарына қатысып, алгебра геометрия сабақтарын өттім. Сынып оқушыларына азын-аулақ дебат туралы да түсіндірдім. Себебі, сыныптағы Қарақат пен Гузаль 08.02.2023ж мектепішілік дебат жарысына қатысатын еді.
08.02.2023
7 «Е» сыныбымен қысқаша көбейту формуласын толықтай аяқтадық. Тәртіпті отыра білді.Оқушыларға негізгі 7-формуланы қағаз бетіне жаздырып, оны жаттау керек екендігін айттым. Күннен-күнге сабақ өте қызықты болып барады. Оқушылар өте белсенді.
09.02.2023
Бұл күні де сол кешегі тақырыпты талдадық.7-формуланы әр оқушыдан сұрап шықтым. Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасадым. Берілген тапсырмаларды жетік орындай білді.Осы күні өз әріптес студенттерімнің ашық сабақтарына қатыстым. Түймебаева Сымбат 6 «Ғ» сыныбына «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу» тақырыбына, Едай Мөлдір 5 «В» сыныбына «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбына өте жоғары деңгейде ашық сабақтарын өтті.
10.02.2023
Бұл күні 7«Е» сыныбының физика сабағына қатыстым.Оқушылардың ауызша сабақтарға көбірек қызығып, көп көңіл бөлетіндігін байқадым.Сыныпқа алғашқы сабақ математика сабағы болды. Оқушылар бұл күні бақылау жұмысының есептерін шығарды.
13.02.2023
Аптаның алғашқы күнінен бастап, практиканың соңғы аптасы болғандықтан осы апта мен ашық сабақ өтуім керек.Алгебра сабағында өткен бүкіл формулаларды қайталап,ертеңгі ашық сабаққа дайындық бастадым. Жаңа технология, жаңа программалармен өте жоғары дейгейде өтуім керек.
14.02.2023
Бұл күн мен үшін өте маңызды күн еді. Алғаш рет үлкен көлемде ашық сабақты өтетін күнім. 1-сабақта «Қысқаша көбейту формулаларына есептер шығару» тақырыбына ашық сабақ өттім.Математика пәнінің мұғалімі-Идирисбаева Гүлнәр апай ,университеттегі жетекшім-Маденова Анипа апай және әріптес студенттер қатысты. Дәл осы күні өз ашық сабағымнан соң, Әжіхан Айдананың 5 «В» сыныбына өткен «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбындағы ашық сабағына қатыстым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет