Қаулы:Ашық сабақ өте жақсы өтті.Алынған мәліметтер жан-жақты жинақталған.
Математика ӘБ жетекшісі:
Хатшы:
М.Әуезовтың туғанына 125 жыл «Қазына қалдырған қаламгер» ашық тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Қазына қалдырған қаламгер»
Сабақтың білімдік аспектісі: Жазушы Мұхтар Әуезовтың сан қырлы шығармашылығы жайлы мәлімет беру, оның танымына орыс және Батыс әдебиеті классиктерінің әсерін көрсету; Еуропаның ой-пікірлерінің, тарихи танымының, көркемдік әлемінің ықпалын айқындау.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
«Мұхтар Әуезов - көркем сөздің алыбы»тақырып негізінде оқушыларды сауатты, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге баулу, сөздік қорын молайту, білімдерін, дүниетанымдарын дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мұхтар Әуезовтың зерделігі мен ұлылығын үлгі ете отырып, оқушылардың өз ойын еркін айтуға, шындықты қабылдау, намысты, әділетті болуға, жазушы шығармалары арқылы тәлім-тәрбие беру, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Интерактивті, әңгімелеу, пікір айту, сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың көрнекіліқ құралдары: оқулық,слайдтар, маркерлер.
Сабақтың жоспары:
1.М.Әуезовтің шығармашылық өмір жолы.
2.Шығармалары.
3. Шығармаларына шолу.
4. “Абай жолы” роман-эпопеяся-ұлы шығарма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу, жалпы дайындық.
КІРІСПЕ
«Мұхтар Әуезов – қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы суреткері. Мұхаңды құрметтеу – елдің тәуелсіздігін құрметтеу, өз еліңді сүю, Отаныңды қорғау, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямау».
Н.Ә. Назарбаев
Оқушылардың сабаққа ықыласын арттырып, қызығушылығын ояту үшін "Көксерек" фильмі көрсетіледі.
- Балалар, қай фильмнен үзінді көрдіңіздер? Фильмге арқау болған әңгіменің авторы кім?
- Дұрыс айтасыздар, "Көксерек" шығармасының авторы - Мұхтар Әуезов. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Мұхтар Әуезов өмірі мен шығармашылығы.
Үй тапсырмасын тексеру. (Задания опережающего характера:оқушылар алдын –ала тапсырма бойынша слайд - презентация дайындау, деректемелермен таныстыру).
Қарақат: М.Әуезовтің өмір жолы туралы.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті жазушысы –Мұхтар Әуезов. Ол-қазақ әдебиетіндегі «Абай жолы» роман-эпопеяның авторы. М. Әуезов қазіргі Семей обылысының Абай ауданында 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Атасы Әуез Абаймен сыйлас болған. Атасы Әуездің тәрбиесінде өскен бала Мұхтар сауатын Абайдың өлеңдерін оқып ашқан.Ол алдымен ауыл мектебінде оқып, содан соң Семей мұсылман медресесінде жалғастырады. 11 жасында Семейдегі 5 сыныптық орыс гимназиясына оқуға түседі.Одан соң 4 жылдық мұғалімдер семинариясын бітіреді.Озат оқушылар катарында болады. Мұхтар арабша «таңдаулы» деген мағынаны білдіреді
Каусар. Шығармалары туралы айтады.
1. 1917жылы: “Еңілік-Кебек” пьесасы алғашқы көлемді көркем шығармасы.
2. 1920 – шы жылдары: “Қорғансыздың күні” әңгімесі, “Қараш-қараш оқиғасы” повесі.
3. 1930 -шы жылдары: ”Қаракөз” “Айман- Шолпан”драмалары.
Жанер: М.Әуезов шығармаларының ішіндегі ерекше туындысы- «Қараш-қараш» повесі 1969 жылы Францияда «Бақтығұлдың кегі» деген атпен жарияланған. Ал «Көксерек» повесін жазуда екі түрлі себеп бар еді. Бала кезінде ағасы Ертіс бойындағы Керекуде «Аққасқа» деген сырттан ит бар екен деп естіп, Мұхтарға Керекуден екі тазы ит алдыртады. Екіншісі жұбайы Валентина Николаевна бірде күнтізбе алып, М.Әуезовтың жазу үстелінің жанына іліп қояды, онда табиғат суреті, ит бейнесі бар еді. Осы екі нәрсе повесті жазуға жетелейді.
Бекнұр:Әуезов-аударма шебері. Ол орыс драматургиясы мен Батыс Еуропаның мынандай шығармаларын шебер қазақшаға аударған. Олар: Н.В.Гогольдің «Ревизоры», И.С.Тургеневтің «Дворян ұясы» романын, Л.Толстойдың «Той тарқар» әңгімесін, ағылшын драматургі В.Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсау» пьесаларын аударған.
Гузаль: 15 жыл жазған 4 кітаптан тұратын әлемге әйгілі «Абай жолы»- М.Әуезовтың бас кітабы. 1949 жылы- Сталиндік сыйлық,1959 жылы -Лениндік сыйлық берілді.Әлем мойындаған үлкен жеңіс. Абай өмірінің әр кезеңін суреттейді.Жас Абай, ақын Абай, аға Абай, дана Абай. «Абай жолы» эпопеясының өзі дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. Бұл романды орыс жазушысы Константин Федин, француз жазушысы Луи Арагон: «Абай жолы» эпопеясы - ХХ ғасырдың ең үздік шығармалардың бірі»,- деп жоғары бағалайды.
Ерболат: Мұхтар Әуезов әдебиетінің тағы бір үлкен айдыны – батыс әдебиеті.Бұл тақырыпқа келгенде әдебиетші, ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты, ағылшын-американ әдебиетінің асқан білгірі Н.Анастасьев Әуезовтің бүкіл драматургиясын – Шекспирмен, алғашқы әңгіме, повестерін – Дж.Лондон, Дж. Конрад, ұлы « Абай жолы» эпопеясын – Дж.Голсуорси, У.Фолкнердің әйгілі романдарымен үндескендігін айтады. Автор Әуезовтің кез келген туындысын әлем әдебиетінің классикалық шығармаларымен шендестіре зерттейді. Әсіресе, “Еңлік-Кебекті” Шекспирдің “Ромео-Джульеттасымен” салыстыра отырып, Кебекті – Ромео, Еңлікті– Джульетта, Монтекки мен Капулетти арасындағы күйкі тірлік кикілжіңдерін наймандар мен тобықтылар арасындағы бітпейтін даумен салыстыра суреттейді. Әуезов драматургиясының “Еңлік-Кебектен” кейінгі тағы бір шыңы “Қарагөз” бен “Гамлет” авторлары арасындағы көзқарас жақындығын Офелия мен Қарагөз образдарымен салыстыра отырып байқауға болады.
Нұрсұлтан: Ғалым “Бүркітші”, “Қараш-Қараш оқиғасы”, “Көксерек” шығармаларын талдай келе Мұхтар Әуезовті даланың ұлы жыршысы деген. Шындығында Дж.Лондон үшін – солтүстік, Э.Хемингуэй үшін – саванна, Д.Конрад үшін – теңіз, М.Твен үшін – жабайы америкалық батыс, Х.Борхес үшін – пампа қандай жақын болса, Мұхтар Әуезовтің жүрегіне дала да сондай жақын. Өйткені, ол – Дала перзенті.
Меруерт: Анастасьев осының жоққа шығармай-ақ, ұлы энопеясының жеті сипатын ашады.
Біріншіден, “Абай жолы” – тәрбиелік роман.
Екіншіден, “Абай жолы” – шытырман оқиғалы роман. Шапқан ат, ұшқан құс, жүгірген аң, қашу-құтылу сияқты үнемі шым-шытырық оқиғалар – осының дәлелі.
Үшіншіден, “Абай жолы” – әскери роман. Оқ-дәрі иісі аңқып тұрған жоқ, жантүршігерлік жаһангер соғыстарын да таппаймыз. Бірақ романда орыс патшасының отаршыл саясаты, озбырлығына қарсы - шоқпар ұстаған белгілері көрініс тапқан.
Төртіншіден, “Абай жолы” – махаббат жайлы роман.Махабат тақырыбындағы үндесу М. Әуезовтың Абай – Тоғжан, А.С.Пушкинның «Евгений Онегин» шығармасындағы Евгений мен Татьяна, Л.Н. Толстойдың «Война и мир» романындағы Андрей Болконский мен Наташа Ростованың араларындағы ыстық сүйіспеншілік сезім, жұбайлық қарым - қатынас. “Махаббатсыз дүние бос”, – деп жер-жаһанға жар салған Абай туралы эпопеяның махаббатқа арналмауы да мүмкін емес.
Бесіншіден, бұл – психологиялық роман . Алтыншыдан, бұл – натуралистік роман, себебі қазақ қоғамындағы өмірдің бар шындығын көрсете білген. Жетіншіден, “Абай жолы” – мифологиялық роман.
Әйгілі ғалым, профессор қазақтың ұлы классигі туралы өз ойын: “Быть может, он вообще последний классик в литературе ХХ века, последний законный наследник Золотого века романа” деген тамаша тұжырым жасайды.
Ең бастысы, Әуезов әлем әдебиетіндегі Р.Роллан, Дж.Голсуорси, У.Фолкнер, Э.Хемингуэй сияқты алыптар деңгейінде бағаланып, сол биіктен ойып тұрып орын алғандығы.
1. «Асқар таудай алыбым-Мұхтар ағам» тақырыбына эссе жазу.
2.4 Ашық тәрбие сағаты хаттамасы
Ж.Аймауытов атындағы
№64 мектеп-гимназиясы
«Қазына қалдырған қаламгер»тақырыбында өтілген Ерікұлы Ердәулеттің ашық сабағына
Хаттама
Күні: 17.02.2023
Өтілген орын: 24-кабинет
Достарыңызбен бөлісу: |