Отырыс: ашық-тәрбие сағат
Қатысушылар: Сынып жетекшісі – Базарбай Д және ЕП-20-1к1 студенттері.
Күн тәртібінде: Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясының 7«Е» сыныбына практикант -жинақтаушы М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» жоғарғы мектебінің 3-курс студенті Ерікұлы Ердәулеттің «Қазына қалдырған қаламгер» атты тақырыбында өткізілген ашық-тәрбие сағаты.
Пікір айтушылар:
Базарбай Д: Ерікұлы Ердәулеттің «Қазына қалдырған қаламгер» атты тақырыбында өткен ашық сағаты жақсы деңгейде өтті. Сабақта слайд арқылы ақпараттармен бөлісіп, М.Әуезовтың өмірлік жолы туралы жете түсіндірді.
Едай М: Ашық тәрбие сағатты өте керемет өттің. Слайд арқылы М.Әуезовтың өмірлік жолы толық ашылды.
Қаулы: ____________________________________________________________________________________________________________________________________
Сынып жетекшілердің ӘБ жетекшісі:
Хатшы:
3 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
Сынып ұжымына мінездеме
Мендегі практика жүргізілген сыныпта 20 оқушы бар. Олардың 8-қыз бала 12-ұл балалар. Сынып оқушыларының құжаттары түгел, психологиялық, физиологиялық дамуы жақсы дені сау, ұйымшыл, тәртібі талапқа сай. Барлық сабаққа белсенді қатысады, мұғалімдермен қарым-қатынасы коммуникативті. Мұғалімдердің берілген тапсырмасын аса қызығушылықпен орындайды. Сыныпта топ басшысы-Нұржігіт Қарақат өте тәртіпті үлгілі оқушы. Тазалық секторы Мелдехан Каусар сыныптың тазалығына жауап береді және спорт секторы Раев Жанер ,еңбек секторы Жорабай Ерсұлтан ,оқу секторы Хабибуло Гузаль. Сыныпта мерекелік жиындар, диспуттар, атаулы күндердің өтуіне атсалысып отырады.Оқушылар оқу-тәрбие процессінде кемшіліктер дер кезінде ескеріліп, шара қолданылып отырады. Көшеде жүру тәртібі, техникалық кауіпсіздікті дұрыс пайдалана береді. Мектепте өткізілетін іс-шараларға, тәрбие сағаттарына түгел қатысады.
Бұл сыныпта мектеп психологының психодиагностикалық зерттеу жүргізген мәліметі бойынша сыныпта 10 оқушы холерик, 8 оқушы сангвиник, 2 оқушы флегматик темперамент типтері анықталған. Психикалық процестеріне зерттеу жүргізіліп оқушылардың ойлау зейін, қабылдау, ес, түрлері қалыпты деңгейде. Сабақтан кешікпейді, берілген тапсырмаларды ұқыпты уақытында орындайды. Сабақ үлгерімдері жақсы, әсіресе математика, геграфия пәндеріне қызығушылығы жоғары. Борыштық және жауапкершілікті сезіне біледі, сыртқы келбетіне, оқуға және оқулықтарға, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарайды. Жалпы сынып ұжымы бір –бірімен тату тіл табыса біледі, үлкендерді сыйлайды, ұқыпты оқушылар. Алдағы оқу-жылын ойдағыдай аяқтап тәртіпті, саналы, жан-жақты жеке тұлға болады деген сенім бар.
Оқушыға мінездеме
7 «Е» сыныбының оқушысы Марат Ерболат осы мектепте 1-інші сыныптан бері оқиды.Математика пәнінен білімі төмен, есептерді ересектердің көмегінсіз шығара алмайды. Логикалық ой қажет ететін тапсырмаларды орындауы қиын. Көбейту таблицасын білмейді. Бақылау жұмыстарын қанағаттанарлық емес бағамен орындайды. Математикадан 7 сынып бағдарламасын меңгеруі қиын. Танымдық аймағы қалыптасуда, айналадағы қоршаған орта туралы білімі толығуда. Ой әрекеті, зейіні дамуда. Есте сақтауы да біршама жақсарды. Жалпы психикалық қабілеттерінің дамуы өз жасына сай толық дамымаған, кідірісте.Мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысады, сахнада билеп, ән айтып өнер көрсетіп, марапаттауларға ие. Спорттық жарыстарға үнемі қатысады, көптеген марапаттаулары бар.Өзіне өзі қызмет көрсетуі дамыған, ұқыпты, үсті басын таза ұстайды.Мектептегі балалармен шиеленісте болмайды, достарына сыйлы.Ерболат толық, көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасында тәрбиеленеді. Ата - анасы бала тәрбиесіне көп көңіл бөледі.
Оқушыға мінездеме
7-«Е» сынып оқушысы Анарбек Диас 1-сыныптан бастап оқиды. Ол сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Диас толық отбасында тәрбиеленеді, ол ата – анасына үй шаруасымен көмектеседі. Жалпы, Диас сырлы мінез, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы. Оқу барысында, білім деңгейі көрсеткіші орташа болса да, бұл оқушының жалпы білім деңгейі жоғары, себебі, Диас өз білімін жан – жақты жетілдіреді. Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Диас мектептегі шараларда өз өнерімен жоғары нәтижелерге жетіп жүр. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі.Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай Өте белсенді. Диас болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі.Осы сыныпты алғаннан бері , барлығында да өте жақсы дайындықпен келеді. Тәрбие сағаттарында оқылған баяндамаларда өз ой-пікірін ашық айтады. Өзіне тапсырылған тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Социограмма
Δ - қыздар
Ο - ұлдар
> - қалау
<−> - бір-бірін қалау
4 БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ЖҰМЫСЫ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................1
1 Математиканың даму тарихын төрт кезеңге бөледі..........................................2
2 Мектептерде білім берудің және оны оқыту әдістемесінің дамуы...................4
3 Математиканы оқыту методикасы пәні және оның міндеттері.........................5
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................8
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................9
ҚОРЫТЫНДЫ
Мен оқу-тәрбие педагогикалық практикамды 23.01.2023-17.02.2023ж Шымкент каласы Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясында өткіздім. Оқу-тәрбие педагогикалық практикамды өткен уақытымда, мектеп ұжымымен және оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болдым. Және де өзімнің мамандығыма байланысты көптеген мағлұматтар алдым. Мектептің сабақ өту барысына, ішкі тәртібіне үйрендім. Сабақ қорытынды, тоқсандык қорытынды, жылдық қорытынды бағалау тәсілін үйрендім.Тәжірибемнің есебімнің мақсаты математика пәнінің теориялық және - әдістемелік негізі туралы мағлұмат алу, оны ұғыну, оларға талдау жүргізу. Практика барысында студент мектептің барлық талаптары ережелеріне бағынып, техника қауіпсіздігі ережесін орындауы қажет.Студенттің жоғарғы оқу орнында алған теориялық білімдерін тереңдету және бекіту, алған білімдерін іс жүзінде, оқушылардың оқу тәрбие - жұмыстарын бақылауда және талдауда біліктіліктермен, іскерліктермен қаруландыру; студенттерді психологиялық және педагогика ілімдеріне сүйене отырып - жас және жеке тұлға ерекшіліктерін ескере отырып оқу- тәрбие жұмыстарын жүргізуге үйрену; окушылардың танымдык іс-әрекетін белсендіретін әр түрлі оқыту әдістерін пайдалана отырып математика сабақтарын өткізуге студенттерді дайындау.Оқу-тәрбие педагогиканың-оқу бағдарламасының негізгі элементтерінін бірі болып табылады. Әсіресе, практика аркылы көзбен көріп, жасаған көбірек нәтиже береді. Корыта айтқанда Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-шимназиясында алған білімімді болашақта өз керегіме жарататыныма сенімдімін.
Достарыңызбен бөлісу: |