Бағалау: дұрыс – 1 ұпай, дұрыс емес – 0 ұпай. Ең көп ұпай саны – 2.
Қорытынды: 1 ұпай, қоныс аударатын құстар сөз тіркесінің орнына құстар сөзін ғана пайдаланды. Баланың сөйлеуі орташа деңгейде.
“Қайталау”
Барысы: Сөздерді қайталаңыз: экскаватор, эскалатор, сәулетші, кеме апаты, сантехник, әуежай.
Бағалау: Дұрыс - 1 балл, дұрыс емес (қателіктер, бұрмаланулар, пермутациялар дұрыс емес жауап болып саналады) - 0 балл. Ең жоғарғы ұпай саны — 6.
Қорытынды: барлық сөздерді дұрыс айтты. Демек сөйлеу диагностикасы жақсы.
4 практикалық сабақ
- Проективті әдістер дегеніміз не? Олардың жүргізілуі және интерпретациясы, яғни сандық және сапалық талдануы (Адам-Үй-Ағаш, Отбасы суреті, «Дүниеде жоқ жануар суреті» әдістерін жүргізу және интерпретациялау
- Жеткіншек жас кезеңінде психикалық қалыпқа диагностикалық әдістемелер.
- Жеткіншек жас кезеңінде психикалық қаиетке диагностикалық әдістемелер.
- Жеткіншек жас кезеңінде мамандық таңдауға диагностикалық әдістемелер.
Жеткіншек жас кезеңінде “Қиын” балаларды анықтаудың психологиялық деңгей
Проективті әдіс – (лат. Projectio «Алға лақтыру» - Психодиагностика әдістерінің бірі, жеке тұлғаны диагностикалау әдістерінің тобы, оның жеке ерекшеліктерін анықтау емес, жеке тұлғаны бағалауға неғұрлым тұтас, жаһандық көзқараспен сипатталады.
2. Олардың жүргізілуі және интерпретациясы, яғни сандық және сапалық талдануы (Адам-Үй-Ағаш, Отбасы суреті, «Дүниеде жоқ жануар суреті» әдістерін жүргізу және интерпретациялау
Проективті әдістердің белгілері: зерттелінушінің еркін түрде жауап беруі, дұрыс немесе дұрыс емес жауаптардың болмауы, жауаптар сапасы жағынан талданады, тұлғаны тұтастай, жалпыланған түрде бағалау.
Проективті әдістердің классификациясы:
1. конститутивті проективті әдістер- берілген стимулдық материалды құрылымға келтіруге, қалыптастыруға, мағына іздеуге бағытталған әдістер (Роршах тесті)
2. конструктивті проективті әдістер – бір неше бөлшектерден мәні бар тұтастылықты қалыптастыруға бағытталған әдістер (МАР тесті)
3. интепретативті проективті әдістер – белгілі бір оқиғаны, құбылысты түсіндіруге бағытталған әдістер (ТАТ, Розенцвейг)
4. аддитивті проективті әдістер (немесе толықтыру әдістер) –- сөйлемді, әңгімені аяқтауға бағытталған әдістер (аяқталмаған сөйлемдер әдісі, Юнгтің ассоциативті тесті)
5. экспрессивті проективті әдістер – адамның экспрессивті көріністерін зерттеуге бағытталған әдістер (адамның жазуын талдау, сөйлеу ерекшеліктерін талдау, суреттік техникалар)
6. катарсиялық проективті әдістер – арнайы ұйымдастырылған жағдайда адамның ойын әректін зерттеуге бағытталған әдістер. (психодрама, проективті ойын, символдрама)
7. импрессивті проективті әдістер ұсынылған стимулдардың ішінен ұнағанын таңдауын талдауға бағытталған әдістер.
Достарыңызбен бөлісу: |