2. 2 Қаржалық инвестицияның бағалануы және қайта бағалануы



бет2/3
Дата20.07.2016
өлшемі478.25 Kb.
#212365
1   2   3

Үлестік қатысу әдісі мынадай белгілермен сипатталады:

• шаруашылықты серіктестікке қатысты таза табыстағы қатысу үлесі инвестордың инвестиция құнының баланстық өсуінен көрінеді және қатысу үлесінен түскен табыстан бөлінеді;

• шаруашылықты серіктестікке қатысты залалдағы қатысу үлесі инвестиция құнының баланстық кемуінен көрінеді және қатысу үлесіндегі залалдан бөлінеді;

• тиесілі дивидендтер сомасы инвестордың инвестиция құнының баланстық кемуінен көрінеді.

Инвестор «Топар» АҚ 70000 теңге құнындағы «Шығыс» АҚ қатысты 35% акциясын иеленді.

а) инвестицияның сату құнына :

Д К

2210 1030 70 000

Жыл қорытындысы бойынша:

- тәуелді серіктестіктің таза табысы-30000 теңге болады.

- жарияланған дивидендтер-15000 теңге

ә) таза табыс үлесіне:

Д К

2210 7610, 7620 30000*35%=10500теңге

б) дивиденттер үлесіне:

Д К

2170 2210 15000*35%=5250 теңге

Егер тәуелді шаруашылықты серіктестік қызметінің нәтижесі залал келтірсе, онда инвестор бұл серіктестіктегі өзінің қатысу үлесін мойындайды, осының салдарынан инвестицияның баланстық құны кемиді.

Құн әдісіинвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсетілетін есептік әдіс. Инвестордың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте инвестиция табысы тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті дивиденттердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.

Инвестиция сатып алу құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны жақын арада сату мақсатында алса немесе инвестицияланған кәсіпорын қатаң ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инвесторға табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Мұндай шектеулерді тудыратын себептерінің катарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай-ақ олар кәсіпорындағы дивидендтерді бөлудің саясатына араласса кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табыстарды) аударуға шек қойылған елдерде жүргізуі мүмкін. Сондай-ак, саяси хал-ахуалдың өзгеруі кәсіпорынның шаруашылык қызметін жүзеге асуры туралы келісімдерде карастырылған дивидендтерді төлеуге шектеулердің күшіне енуі және басқа да кедергілердің болуы мүмкін.

Егер де дивиденд инвестицияны алғанға дейін алынса, онда ол капиталды қайтарған болып саналады және инвестордың балансы сол сомаға азаяды.



II. Қаржылық инвестиция есебі

2.1 Қаржылық инвестиция есебі
Қаржылық инвестиция – ол акция, облигация және басқа да құнды қағаздар мен банктегі депозиттерге салынған салымдар.

Олар қысқа мерзімді (12 ай ішінде айналымда болатын) және ұзақ мерзімді (12 айдан астам мерзім) болып танылады.

Қаржылық инвестициялардың есебі ХҚЕС сәйкес №32 «Қаржылық құралдар: танылып және ақпарат беру», №39 «Қаржылық құралдар: мойындауы және бағалануы» №2ҰҚЕС стандартарда қарастырылады.

Қаржылық инвестицияларды ақпараттау барысында бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында І және ІІ бөлімдерінде 1100-1150, 2000 -2040 шоттар қарастырылған.

Еліміздің нарықтық экономикалық жолымен дамуы барысында қаржылық инвестициялардың маңызы зор. Ал біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса қажетті болып отыр. ҚР-ның қаржы нарығы әлемдік деңгейде жаңадан бой көтеріп келе жатқан қаржы нарықтарының қатарына жатады,ал қаржы нарығы келесі нарықтардан пайда болады:


  • валюталық нарық;

  • құнды қағаздар нарығы;

  • несие-капиталы нарығы(ақша нарығы);

  • асыл тастар нарығы (алтын нарығы);

Қаржы нарығының айрықша бөлігі ол құнды қағаздар нарығы және де бұл бойынша осы кезде қалыптастыру процесі аяқ басып келеді. Ал қаржылық инвестициямен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты. Елімізде мыңдаған акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық субьектілері, жүздеген сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары тіркелген. Осы жоғарыда аталған субьектілер барлық құнды қағаздар нарығының потенциялды қатысушылары қатарына жатады. Олардың кейбіреулері эмитент, ғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар болса, ал екіншісі инвестор ретінде қызмет атқарады. Шаруашылық субьектісіне жаңа технология енгізу, өндірісті модернизациялау, реконструкциялау әрқашан ірі капитал салымын керек етеді. Ал мұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Бұл шаруашылық субьектілері қарыз капитал нарығына несиелер мен заемдарының қаражаттарын,айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.

Іс жүзінде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады.

Эмитент ретінде кім болғанына байланысты бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында белгілі бір жағдайда борышты болып табылады.

Эмитент ретінде кім болғанына байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық және кооперативтік болып үш түрге бөлінеді.

Мемлекеттік құнды қағаздар бағалы қағаздардың бұл түрі ҚР-ның заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарына байланысты шығарылады. Сонымен қатар бағалы қағаздың бұл түрі ҚР-сы Ұлттық Банк мекемесімен эмитенттелінетін бағалы қағаздар болып табылады. Үкімет өз атынан бағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республиканың бюджеттің тапшылығын қысқартуға, инфляцияны болдырмауға тырысады. Осыған сәйкес ҰБ мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:


  • Ұлттық жинақ облигациясы ;

  • Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ);

  • Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ);

Муниципалды құнды қағаздар -бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджеттен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат -құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала-бақшалармен мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту, аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу тағы да басқалар болып табылады.

Кооперативтік құнды қағаздар -шаруашылық субьектілерінің заң күшіне сүйене отырып, жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын бағалы қағаздарын кооперативтік бағалы қағаздар деп атаймыз. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент ретінде тіркеледі.

Бағалы қағаздарды жалпы мына төменде аталғандай екі топқа бөлуге болады:

а) ақшалай ;

ә) капиталды .

Ақшалай бағалы қағаздар - ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай құнды қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай құнды қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни 1 жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.

Капиталды құнды қағаздар – шаруашылық субьектісінің қорын (капиталын) құруға немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады.

Өздерінен алынатын табысқа байланысты құнды қағаздар қарыздық және инвистициялық болып екі топқа бөлінеді:

Қарыздық құнды қағаздар бойынша эмитент өзі белгіленген уақыт барысында пайызымен тиісті қарыздарын өтеуге міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы да басқа бағалы қағаздар жатады.

Инвестициялық құнды қағаздар -иемденушіге активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Құнды қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.

Құнды қағаздар шығарылу мақсатына байланысты қорлы және саудалық болып екі түрге бөлінеді:

Қорлы құнды қағаздар - қор биржаларында айналысқа түседі және көп мөлшерде эмиссияланады. Құнды қағаздардың бұл түріне акциялар мен облигациялар жатады.

Саудалық құнды қағаздар – белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.

Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты құнды қағаздар нарықтық және нарықтық емес болып екіге бөлінеді:

Нарықтық құнды қағаздар -айналыста еркін сатылып немесе сатып алынады. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.

Нарықтық емес құнды қағаздар - қолдан -қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түспейді. Мұндай бағалы қағаздар қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойса, онда оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін.

Бағалы қағаздар атқаратын рөлі бойынша :


  • негізгі (акция,облигация );

  • көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар);

  • туынды (варанттар, опциондар, фьючерстер, бондар тағы басқалары);

Акция- акционерлік қоғамда, яғни шаруашылық субьектісін дамытуға қаржы салғаны туралы куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін құнды қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Шаруашылық субьектісін басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар, жай және артықшылығы бар деп екіге бөлінеді.

Жай акциялар -акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір акция осы субьектідегі акционерлер жиналысында шаруашылық субьектіге қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жай акциялар үшін дивиденд төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан резервтер жасалғаннан кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төлегеннен кейін ғана жүргізіледі.

Артықшылығы бар акциялар -басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты белгіленген мөлшерде дивидендтер алу құқығын береді, яғни белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар, артықшылығы бар акциялар шаруашылық субьектісінің таза табысын акционерлер арасында бөлу немесе қоғамның жойылу кезінде жай акционерлер салыстырғанда артықшылыққа ие болып табылады.

Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу ережелеріне сәйкес оларды атаулы акциялар мен ұсынбалы акциялар деп аталатын екі түрге бөлінеді:

Атаулы акциялар – олардың иелеріне міндетті түрде шаруашылық субьектісінің реестірінде тіркеуге тиісті акциялар болып табылады. Бұл ережелер бойынша акционерлер кітабында сатып алған акцияларының алынған уақыты мен саны көрсетіліп басқа да тиісті жазулары жазылған азаматтар ғана акционерлер болып саналады. Атаулы акциялардың иесі бұл бағалы қағазды сатып алған кезде шаруашылық субьектісінен барлық акциялар үшін олардың өз иесінің қолында екендігін куәландыратын бір ғана сертификат алады.

Акциялардың мұндай түрін сату барысында сертификаттың теріс жағында екі тараптың да қолдары қойылған табыстау туралы келісім -шарт жасалынуы қажет. Содан кейін бұл сертификат акционерлер тізіміне тиісті өзгертулер енгізу үшін шаруашылық субьектісіне жөнелтіледі. Осыдан кейін барып акцияның жаңа иелері өзінің сатып алған бұл құнды қағазына жаңа сертификат алады.

Ұсынбалы акциялар -иелерінің аты-жөні, яғни олар туралы деректер мен мәліметтер шаруашылық субьектісінде тіркелмейді. Акциялардың бұл түріне, яғни ұсынбалы түріне иелік ету тек қана шаруашылық субьектілерінің акционерлері бар беп айтуға заңды түрде негіз бола алады. Ұсынбалы акцияларды сатып алу немесе оларды қайта сату операциясы құнды қағаздың бұл түрінің бір меншік иесінен екінші бір меншік иесіне тікелей ауысуы болып табылады.

1100 «Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар», 2000 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» шоттарында есептеледі. Акция акционерлік қоғамның капиталына белгілі бір соманың салынғанын куәландыратын және ол оның иесіне дивидендтер түрінде табыстың бір бөлігін алу құқын беретін бағалы қағаз.

Акцияларды алған кезде 1120 «Саудаға арналған қысқа мерзімді инвестициялар», 1150 «Басқа да қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар», 2040 «Басқа да ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» және төмендегі шоттардың кредиті бойынша бухгалтерлік жазбасы жасалады: сатып алынған акциялардың сатып алу құнына -3310 «Мердігерлер мен жеткізушілерге қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар» және 4100 «Мердігерлер мен жеткізушілерге қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар», 3390 «Басқа да қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар», 4170 «Басқа да ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздар», 3330 «Ассоциаланған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар», 4130 «Ассоциаланған және бірлескен ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздар», 3320 «Еншілес ұйымдарға қысқа мензімді кредиторлық қарыздар», 4120 «Еншілес ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздар». Акцияларды алған кезде есеп айырысу шоттарын жанай өтіп ,ақша қаражаттарының шоттарын пайдалануы мүмкін. Дебет- 1100, 2000, Кредит-1010, 1020, 1040,1050.

Акцияларды сатқан жағдайда және басқа да жағдайда олар есептен шығарылса, онда акцияның баланстық құнына. Дебет -7410, К-1100, 2000.

Сосын ол Дебет-1280, Кредит-6160.

«Топар» АҚ ағымдағы жылдың маусымында жай акцияны алған болатын.

«Арко» АҚ -10000 дана 300 тг-ден әрбір данасын.

«Айтас» АҚ -8000дана 450тг-ден әрбір данасын.

«Күнгей» АҚ-5000дана 200тг-ден әрбір данасын.

Осы алынған акциялардың жиынтығы «Топар» АҚ акцияларының шамамен 20 –тін ғана құрайды, яғни аталған қоғам олардың қызметіне айтарлықтай әсер ете алмайды.

«Күнгей» АҚ-ында акцияны алумен байланысты брокердің қызметі 15000тг құраған.

Бір акцияның ағымбағы құны мынаны құрады.






Ағымдағы жылдың 1 маусымына

Ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына

Келесі жылдың 1 маусымына

«АРКО» АҚ

295

315

300

«Айтас» АҚ

455

475

460

«Күнгей» АҚ

200

250

250

«Күнгей» АҚ ағымдағы жылдың қарашасында қайта сату мақсатында алған болатын, бірақ ол сатылмай қалды, сондықтан оны келесі жылдың басынан бастап, ұзақ мерзімді инвистицияға өткізу туралы шешім қабылданды.

«Айтас» АҚ ұзақ мерзімді иелік ету мақсатында 5000 акцияны алған болатын, бірақ кәсіпорында және инвестициясының саясатында өзгерістердің болуына байланысты оны келесі жылдың мамырында сатуына тура келді,бұндай шешім ақпанда қабылданған болатын.

«Арко» АҚ 10000 дана акциясына 100000тг дивидент тиесілі болатын, бірақ сол дивидент сәуірде жарияланғанымен ағымдағы жылдың қыркүйегінде төленді.

«Арко» АҚ ағымдағы жылдың сәуірінде қайтадан 10000 акцияның көлемінде 150000тг-ге дивиденд жарияланды.

Кәсіпорынның есептік саясатында қысқа мерзімді қаржылық инвестицияны ағымдағы құны бойынша, ал ұзақ мерзімді инвестицияны сатып алу құны бойынша есептеуді қарастырған болатын.

Облигация дегеніміз –оның иесінің ақша қаражаттарын салғанын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы құнды қағаздың номиналды құнын белгіленген % төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын құнды қағаз болып табылады. Облигациялар белгілі мерзімге шығарылады. Жалпы облигацияларда акциялар сияқты шаруашылық субьектісі үшін инвистицияның маңызды көзі болып табылады.

Яғни облигациялар дегеніміз- корпорацияның, шаруашылық субьектісінің қарыз міндеттемелерін растайтын құжат. Ол корпорацияның активтеріне қарсы жұмсалады. Облигацияларды мерзімдік, қарыздық міндеттемелер ретінде өтеу кепілдігі эмитент тарапынан берілген жалпы кепілдік болып табылады. Жалпы кепілдік эмитенттің банкрот болып өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда облигация ұстаушының сол шаруашылық субьектілерінің, яғни облигацияны шығарған субьекті мүліктерінің белгілі бір бөлігін алуға құқылы екендігін көрсетеді. Алайда, бұл жоғарыда аталған акциялар мен облигациялардың бір-бірінен едәуір айырмашылықтары болып мыналар табылады:

Облигациялардың иесі шаруашылық субьектісінің кредиторы болып табылады. Бұл оның, яғни облигацияны ұстаушының шаруашылық субьектісін қаржыландырғандығын куәландырады. Ал акционер болса, шаруашылық субъектісі иесінің бірі болып табылады.

Облигациялардың иесі бұл құнды қағаз бойынша белгілі бір уақыт аралығында пайыз түрінде табыс алып отырады. Бұл пайыздық мөлшері белгіленіп, яғни мөлшерленіп қойылған, сондай-ақ облигациядан алынатын табыс қандай да бір белгіленген мерзім ішінде ғана жүргізіледі. Ал акционер болса, есепті жылдың соңында ғана, яғни шаруашылық субьектісінің табыс табуына байланысты дивиденд алып отырады.

Кез келген несие берушілер сияқты облигация иесінің де шаруашылық субьектісінде ешқандай дауыстық құқығы жоқ. Олар акционерлер қатыса алмайды және шаруашылық субьектісін басқаруға да ешқандай қатысы жоқ болып табылады. Ал акционерлерге болса бұл шаруашылық субьектісінде өзінің мүліктік мүдделеріне қатысты барлық мәселелерді шешу кезінде дауыс құқығына ие болып табылады.

Облигация ұстаушысына өз құнынан пайыз түрінде тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар эмитенттің облигицияны шығарушының кредиторы болып табылады. Облигация –жалған капиталдың бір түрі. Облигацияның акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және оның дауыс беруге де құқысы жоқ.

Облигация белгіленгент нақты (номиналдық) құны бойынша егесіне пайыз төлеу арқылы өтелетін міндеттемені растайтын бағалы қағаз. Облигациялардың төмендегідей түрлері бар: мемлекеттік және жеке меншікті (коммерциялық банктер, акционерлік қоғамдар және басқалар шығарған); атаулы және талап етушіге арналған пайыздық және пайыздық емес, еркін айналымдағы және айналым шеңбері шектеулі.

Облигациялардың төмендегідей реквизиттері болуы керек:аты, фирмалық атауы және эмитенттің тұрған жері; фирмалық атауы немесе сатып алушының аты немесе облигацияның талап етушіге жазылғаны туралы жазба;номиналдық құны қарастырылған болса пайыз мөлшері; өтеу және пайыздарды төлеу мерзімдері, шығарылған орны мен күні, сондай-ақ облигацияның сериасы мен нөмірі, эмитенттің өкілетті тұлғаларының қол қою үлгілері. Облигацияның мақсатын білдіретін міндетті реквизит облигацияның қандай тауар үшін шығарылғандығын көрсетеді. Облигацияларды өтеу мерзімін және шығару туралы шешімін эмитент айқындайды.

Облигацияға салынған қаражат инвестициясы олардың номиналдық құнының деңгейіне байланысты тұрақты пайыз түрінде алуды көздейді.

Облигацияны алудың екі нұсқасы бар: номиналдық құнынан үлкен бағасы бойынша (сыйлығымен) және номиналдық құнынан төмен бағасы бойынша (жеңілдіктерімен). Демек, облигация номиналдық құны бойынша немесе облигация сыйлығымен (сыйақысымен) немесе облигация жеңілдігімен шығарылуы мүмкін.

Жалпы алғанда қазыналық вексельдер банктер үшін қысқа мерзімге капитал салу нысаны болып табылады. Олар банк арқылы пайдаланылады.

Рет



Шаруашылық операцияларының мазмұны

Самасы, теңге

Бухгалтерлік жазу

1.

Кәсіпорын банктен депозиттік сертификатын алады:

  • банкідегі

  • банкі салымшыларында және олардың қабылдаушыларында.

160000


100000

Дебет

Кредит

1110


1110

1040


1040




Барлығы.

260000







2.

Депозиттік сертификаттары өту үшін:

  • тікелей банкідегі

  • салымшыларда және олардың заңды қабылдаушыларда.

160000


100000

1040


1040

1110


1110




Барлығы.

260000







3.

Депозиттік сертификаттары бойынша есептелген пайыздары (бүкіл сертификаттық әрекет ету мерзімінің барысында ай сайын жазбалар жазылып отырады) осы мысалда шартты түрде барлық самасы есептелген.

54380


1270


6120


4.

Депозиттік сертификаттары бойынша пайыздар алынды

54380

1040

1270

5.

Кәсіпорынныңдегі сертификатты сатылды:

  • баланстық құныны

  • сату құнына

80000


90000

7410


2180

1110


6210

6.

Депозиттік сертификат үшін алынған сомасы

90000

1040

2180

Бондар- мемлекеттік қазына, жекелеген мекемелер мен кәсіпорындар шығаратын қарыздық міндеттемелері. Бодарды сатып алу және сату қаражаттары суррогаттарының есебінде қолдана алады, ақша суррограттарынның рөліне атқарады.

Қазыналық ноталар- қазыналық эммисия тәртібі бойынша шығарылатын ақшалардың түрі. Қазынаның билеттердің синонимі (асыл метондармен қамсыздандырылмаған және алтын мен күміске ауыстырылуға жатпайды); ұсыну үшін шығарылатын мемлекеттік міндеттемелердің орташа мерзімдегінің бір түрі.

Чек- чек берушінің чек ұстаушыға сол чекте көрсетілген сомадағы ақшаны төлеуі туралы банк мекемесіне берген жвзбаша өкімін білдіретін құнды қағаз болып табылады. Чектар негізінен төлем айналасын жеңілдету үшін қолданылады. Жалпы чекті ақша орнына төлем ретінде беруге болады. Алайда бұл ақшаның нақты өзі емес, тек сол ақшаны талап ету жөніндегі құнды қағаз болып саналады.

Опцион- опциондық контрактіның нәтежесі болып табылатын бағалы қағаз, соған қатысушылардың бірі бір шама уақыт бойынша алуына немесе сатылуына құқығы бар қатысушыны айтады, ал екінші қатысушы болса, ақшалай сыақы алу үшін қажет болған жағдайда бағаны қөағаздарды белгілі бір келісілген бағасы бойынша сатуға немесе сатып алуға құқұғы бар.

Опциондық шарт жасалынған ұсынысты ескерілген мерзімі ішінде өз күшінде сақтап тұруды түсіндіреді. Опционды сатып алушы опцион мерзімі ішінде акциялар курсының қозғалысына байланысты ол өз құқын іс жүзіне асыруы немесе асырмау мүмкін. Егер опцион сатылмаса, онда бұл жағдайда сатып алушының опцион үшін төлеген сомасы сол сатып алушының табысы болып есептелінеді. Опцион сатып алушының пайдалы ағымдағы виржалық бағалы опционда ескерілген бағамнан жоғары болса ғана қалыптасу мүмкін, ол сонда ғана акцияны сатып алуы мүмкін. Содан сон ол акцияны сатып алады, яғни опционның екінші типі жасалады, бірақ бұл ағымдағы виржалық бағам опциондағы көрсетілген бағамнан жоғары болса ғана жүзеге асады. Мысылы, опцион екі инвестор арасында жасалады десек, олардың біреу оны жаздырып алдырады және екіншісі табыстайды. Ал екіншісі оны сатып алады және келісілген мерзім ішінде опционды жаздырып алған адамнан акциялардың белгілі бір саның келісілген баға бойынша сатып алуға немесе сатуға байланысты құқыққа ие болады.

Варрант- эмитентің белгілі кезең ішінде яғни белгілі бір уақыт аралығында белгіленген баға бойынша акциялар сатып алуына женілдік құқығын беретін құнды қағаз болып табылады. Варрант оның иесіне белгілі бір уақыт ішінде алдың ала белгіленген баға бойынша сатып алынған бағалы қағаздарға берілетін құқық. Варрант иесі – оның сатып алушысы. Варратты сатушы тұлға болып сол шартты қағаздарды шығаратың (эмисяны жүзеге асыратың) және варрат сатып алушыларға қатысты міндеттемелерді қабылдайтыңдар.

Фьючерс- сатып алу және сатк келсіміне шартты жазалған кезде белгіленген баға бойынша онда көрсетілген мөлшердегі өнімдері жеткізіп бере немесе қабылдап алу міндеттемесін білдіретін бирналық мерзімді белгілі бір мерзімдегі құнды қағаз болып табылады. Фьючерстік контрактар бойынша есеп айырылу әрбір қатыссушыға міндеттемелерінің орындалуына кепілдік беретін сомалар келіп түсетін биржалық есеп айырысу палатасы арқылы жүзеге асырылады.

Төменде бухгалтерлік жазулар көрсетіліп отыр.

Қатар



Шаруашылық операцияларының мазмұны

Самасы, теңге

Бухгалтерлік жазу

1.

Ақша қаражаттарының депозиттерге, сертификаттарға, бондарға, қазыналық ноталарға, шартты құнды қағаздарға алған инвестициясы

600000



Дебет

Кредит

1110

1040

2.

Берілген займдар, депозиттер бойынша есептелген пайыздар

68000

1270

6120

3.

Есептелген пайыздар бойынша төлемдер алады.

68000

1040

1270

4.

Қазыналық вексельдер, бондар, шартты құнды қағаздар сатылды:

  • вексельдер,бондар және шартты құнды қағаздар алу бағасы бойынша құнына;

  • вексельдер, бондар, шартты құнды қағаздар сату бағасы бойынша құнына;

  • қазыналық вексельдер, бондар және шартты құнды қағаздар үшін аударылған сомасына.

120000


135000

135000


7410


2180

1040


1110


6210

2180




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет