2-3 ІІ. Негізгі бөлім


Тақырыпты зерттеу деңгейі



бет2/19
Дата08.04.2023
өлшемі158.65 Kb.
#471930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
информатика курс

Тақырыпты зерттеу деңгейі: Бұл зерттеу жұмысында мектеп оқушыларын информатика пәніне баурай отырып, ақпараттық технологияның қыр сырын түсіндіру.
Зерттеудің мақсаты. Информатика сабағында оқушыларға ақпараттық технологияларды меңгерту
Зерттеудің міндеттері. Бастысы, оқушылардың информатика пәнінен жаңа бір нәрсе білуі, жаңа іскерліктерді игеруі немесе игерілген білім мен іскерліктерді бекітіп, дамытуы.
Оқу үдерісінде қарастырылған информатикадан ақпараттық білімдерді меңгеру, оларды іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру.
Зерттеу әдісі: Жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу.
Зерттеу обьектісі: Мектеп оқушыларына информатиканы оқыту процесі
Зерттеу нысаны: Мектеп оқушылары информатика сабағында есептер шығару, сурет салу т,б кеңінен қолдану негіздері біздің зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін дәлелдейді..
Зерттеу пәні: Мектептегі информатиканы оқыту әдістемесі
Зерттеу болжамы: Оқушылар информатика сабағында түрлі программаларды игеретін болса, онда олардың информатикадан білім деңгейі жоғарылайды, жаңа заманға сай білім жүйесі қалыптасады.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагогтардың ғылыми еңбектері мен білім заңына сүйене отырып информатиканың мектептегі мазмұны мен құрылымына шолу жасадым.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Оқушылар мектеп кезінде информатиканы жақсы меңгерсе, болашақта ақпараттық технологиядан сауатты, әрі жаңа заманның ағымына сай өзін дамыта алады.

2.1.1 Білім беруді жаңарту жағдайында информатика пәнін оқытудың ерекшеліктері

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңінде, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б. , тіркестермен тығыз байланысты.


Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделген. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді.
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасаймын. Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие .
Информатика пәнін білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың мақсаттарын алға қоямын:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет