2. 3 ОҚО кедейліктің және әлеуметтік қамтамасыздықтың



бет3/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#133646
1   2   3   4

2.3 ОҚО кедейліктің және әлеуметтік қамтамасыздықтың негізгі көрсеткіштері

Кедейлікті төмендетудің негізгі бағыттары: аз қамтамасыз етілген азаматтарды тұрақты жұмыстарға орналастыру, ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу, қосалқы шаруашылықпен және кәсіпкерлікпен айналысу үшін жер телімдерін, шағын несиелер, үй жанаурларын беру. Бұған қосымша бюджет есебінен және демеушілер тарапынан әлеуметтік қолдаулардың түрлерін көрсету.

Қазақстан Республикасы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы №1092 қаулысы қабылданып, 2006 жылдың 1-ші қаңтарынан отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінің құнынан аспайтын отбасыларға ай сайын тағайындалып, төленетін он сегіз жасқа дейінгі  мемелкеттік балалар жәрдемақысы ендірілді.
2006 жылдың 1 сәуіріне 22372 отбасындағы 76287 балаға 196,7 млн. теңге он сегіз жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы тағайындалып төленді.
2005 жылдың 1 сәуіріне аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 70,2 мың адам немесе 3,2% пайызды құраса, жүргізілген нақты іс-шаралардың қортындысы бойынша кедей азаматтар 33,1% немесе 23,3 мың. адамға төмендеп, ал 2006 жылдың 1 сәуіріне аз қаматамасыз етілген азаматтардың саны 46962 адам немесе облыс халқының 2,1% пайызын құрады.
2006 жылдың 1 тоқсанына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 43933  аз қамтамасыз етілген азаматтарға  жалпы сомасы 107,0 млн. теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілді.

Осы көрсетілген қаражаттың ішінен  40200 азаматқа 100,5 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмекке, азық-түлік түрінде 1248 азаматқа 2,5 млн. теңге, бір мезеттік нақты ақшалай түрінде 134 азаматқа 242,5 мың. теңге, коммуналдық қызмет түріне 2411 азаматқа 3,8 млн. теңге төленді.

Мемлекет тарапынан төленетін әлеуметтік төлемдер кепілді түрде және уақытылы төленуде.Демеушілер тарапынан  4388 аз қамтамасыз етілген азаматқа азық-түлік және тауар түрінде 11450,8 млн. теңге,  нақты ақшалай түрінде 242 азаматқа 845,6 мың. теңге, коммуналдық қызмет түріне 222 азаматқа 659,3 мың. теңге төленді.
Жалпы демеушілер тарапынан  4852 азаматқа 12955,7 млн. теңгенің әлеуметтік қолдаулары көрсетілді.

2006 жылдың 1 сәуіріне үйінде тәрбиеленетін және оқытылатын 490 мүгедек балаға 1342,4 мың. теңге көлемінде материалдық көмек берілді.


Жергілікті атқарушы органдары тарапынан 92 аз қамтамасыз етілген отбасыларына 301,71 га жер телімдері, 13 аз қамтамасыз етілген отбасыларына 22 бас ұсақ мал, 5 бас ірі қара мал берілді.
Оңтүстік Қазақстан аймақтық тұрмыс төмен азаматтарды қолдау қоры арқылы 4 отбасыға 196,0 мың. теңгенің шағын несиесі берілді.

Жаңа құрылған жұмыс орындары туралы департаментте ай сайын есеп жүргізіліп тұрады және бұл мәселе тұрақты бақылауда.2006 жылдың 1 мамырына облыс  көлемінде салалар бойынша  9550 жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде 506 орын ауыл шаруашылығында, 126  орын өндірісте, 3687 орын білім және денсаулық салаларында, 3997 орын құрылыс саласында ашылды. Жаңа құрылған 9550  жұмыс орнының 8097-сі тұрақты, қалғаны уақытша және мерзімдік жұмыстар.  Ал, жалпы жұмыс орындарының  4,5%-ын немесе 4321 орынды ауылдық жерлерде жаңа құрылған жұмыс орындары  құрайды, оның ішінде 4023 тұрақты жұмыс орындары.

Оңтүстік Қазақстан облысының халықты жұмыспен қамтудың және әлеуметтік қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес мақсатты жұмыстар жүргізілуде. 2006 жылдың қаңтар-сәуір айларында халықты жұмыспен қамту органдарына 16.9 мың адам жұмыс іздеп келді, оның ішінде 7.4 мыңы ауылдық жерлердің тұрғындары. Олардың ішінде 51.8 пайызы (7950 адам) әйелдер, 16-29 жас аралығындағы жастар 26% (4057 адам) болды. Жұмыс іздеп келушілердің көбеюіне «Балалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңының енгізілуі  себеп болды. Жұмыс іздеушілердің ішіндегі жұмысқа орналасқандар үлесі 58.0 пайызды құрайды.
Халықты жұмыспен қамту уәкілетті органдардың ықпалымен тұрақты жұмысқа 9814 адам орналасты, бағдарламада қаралған көрсеткіш 4 есеге артық орындалды, өткен жылы осы уақытта 3578 адам жұмыспен қамтылған болатын.

Жұмыссыздарды жұмыспен қамту деңгейін арттыру мақсатында барлық аудандар мен қалаларда экономикалық салалары бойынша бекітілген кестелерге сәйкес бос жұмыс орындары мен лауазымдық қызметтер жәрмеңкелері өтуде. Осы жылдың 5- айында 11 рет өткізіліп, оның 7–і жоғары, орта-арнаулы, кәсіби оқу орындарында өтті, онда 2349 бос жұмыс орындары ұсынылып, оның 2143 орынға жұмыс берушілермен  келісім-шарттарға тұрды. 


Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында тіркелген жұмыссыздар қатарынан 3842 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 289 адамға артық. Бұл жұмыстарға 19.9 млн.теңге жұмсалды.   

Еңбек рыногындағы сұранысқа сәйкес оқу орындары арасында жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу үшін конкурстар өткізілуде. Осы жылы тіркелген жұмыссыздар қатарынан 360 адам кәсіби оқуға жіберілді, бағдарлама 145 пайызға  орындалды, өткен жылы ос ыуақытта 225 жұмыссыз жіберілген болатын.


2006 жылдың 1-ші мамырына тіркелген жұмыссыздар саны 13924 адамды құрайды, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 3707 адамға артық. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1.3 пайыз болып, өткен жылдың осы мерзімінен 0.3 пайызға өскен.

Негізгі проблемалардың бірі, ол оқу орнын бітіретін түлектерді жұмыспен қамту болып табылады. Облысымызда орналасқан 16 жоғары оқу орындарының жіберген мәліметтеріне сүйенсек  2004/2005 оқу жылын 8593 жас маман бітірген болса, олардың 6745-і ғана  жұмысқа орналасқан немесе оқу бітірушілердің 78,5 пайызын құрайды.  Ал 2005/2006 оқу жылын 7171 түлек бітіретін болса, оның 3292 – і  ғана алдын-ала жұмыс берушілермен келісім шарттарға тұрған немесе 46 пайызы. Талдау көрсеткендей, 2006 жылы оқу бітірушілердің саны 2005 жылмен салыстырғанда 1422 адамға дейін азайған.


Керісінше, 2006 жылдың 1-ші мамырындағы мәлімет бойынша жұмыспен қамту бөлімдерінде ресми тіркелген  жұмыссыздың саны өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 3707 адамға өсіп 13924 адамды құрады. Оның 1126-ның жоғары, 2018-нің орта арнаулы, 1650-нің бастауыш кәсіби білімі болса, қалған 9094-нің жалпы орта және 36-ның 8 сыныптық білімі барлар.
Аталған проблеманы шешудің бір жолы ол оқу орындарында жас түлектерге арнап жұмыс берушілердің қатысуымен бос жұмыс орындары және лауазымды қызметтер жәрмеңкелерін өткізу болып табылады. Осы мақсатта  жыл басынан бері, яғни 5-айда облысымыздың оқу орындарында 11 бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өтті. Онын 4-і жоғары оқу орны болса, 5-і орта арнаулы және 2-і кәсіптік мектепте. Оқу бітірушілерге 178 жұмыс берушілер 3101 бос жұмыс орындарын ұсынды. Оған 4156 жас түлек қатысып 2349-ы жұмыс берушілермен алдын-ала келісім шарттарға тұрды, 2143-і еңбек және жұмыспен қамту туралы заңнамалардан түсініктеме алды. Жыл аяғына дейін облысымыздың оқу орындарында, жұмыспен қамту бөлімдерінде, сонымен қатар білім бөлімдерімен бірлесіп өткізілетін жәрмеңкелердің барлық саны 50-ге жуық болады деп күтілуде. Педагогтарды жұмысқа орналастыруға арналған жәрмеңкелер  осы жылдың тамыз айында облысымыздың барлық аудандары мен қалаларында өтеді. Оған оқу бітіруші жастар мен жұмыссыздар қатыса алады.

2007 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша облыстағы ірі жіне орта кәсіпорындар мен бюджеттік мекемелерде орташа жалақы 25444 теңге.


Облыс бойынша шаруашылық субъектілерінде жалақы қарызы жоқ.

Еліміз экономикасы дамыған сайын мүгедектерді оңалту мәселелеріне жылдан-жылға үлкен көңіл бөлініп келеді. Оларды оңалтуды халықаралық нормалар талаптарына сәйкестендіруге қадамдар жасалуда. Осы бағыттағы негізгі нормативтік құжат 2005 жылы 13 сәуірде қабылданған «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы болып табылады. Аталған Заңда   мүгедектік, мүгедек, мүгедек бала деген ұғымдарға кеңінен түсінік берілген.

а) Мүгедектік– организм функциялары тұрақты бұзылуы  салдарынан адамның тіршілік – тынысының шектеулі дәрежесі;  
б) Мүгедек  – тіршілік – тынысының шектелуіне және әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы  бұзылған адам.

в) Мүгедек бала – тіршілік–тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, қаражаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегіз жасқа толмаған адам.

Мүгедектерді оңалту организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуынан тіршілік-тынысының шектелуін жоюға немесе оның орнын мүмкіндігінше толықтай толтыруға бағытталған медициналық,әлеуметтік және кәсіптік іс-шаралар кешенін қамтиды.
Мүгедектерді оңалту мүгедектерді оңалтудың кешенді бағдарламасына және медициналық-әлеуметтік сараптама негізінде анықталатын мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мүгедектерді оңалту 3 түрге бөлінеді.

1. Мүгедектерді медициналық оңалту



    1. қалпына келтіру терапиясын (дәрі-дәрмекпен, физикалық, санаторий – курорттық емдеуді және организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функциялары мен денсаулықты қалпына келтіруге бағытталған басқа да емдеу әдістерін);

    2. қайта жасау хирургиясын;

    3. протездік – ортопедиялық көмекті қамтиды.

Медициналық оңалту жөніндегі іс-шараларды денсаулық сақтау ұйымдары  мен меншік нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.
Мүгедектерді әлеуметтік оңалту:

1) мүгедектерді жеке басы гигиенасының, өзін-өзі қарап-күтудің, жүріп-тұрудың, қарым-қатынастың негізгі әлеуметтік дағдыларына үйретуді;


2) мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді;

3) басқа адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж мүгедектерге, соның ішінде мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді;

4) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтік қызметтер көрсетуді:
жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші беруді;
естімейтіндігі бойынша мүгедектерге жылына отыз сағатқа ымдау тілі маманын беруді;
5) медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық көмек көрсетуді; мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік оңалтудың өзге де түрлерін қамтиды.

3. Мүгедектерді кәсіптік оңалту



  1. Мүгедектерді кәсіптік оңалту:

  • кәсіптік бағдар беруді;

  • кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды);

  • жұмысқа орналастыруды қамтиды.

Кәсіптік бағдар беруді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

3. Мүгедектерді кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған лицензия негізінде білім беру қызметін жүргізетін ұйымдар жүзеге асырады.


Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне қарағанда, жер шарындағы әрбір оныншы тұрғын - мүгедек. Халық арасында қоғам,әлеумет, үкімет қолдауына зәру жандар аз емес. Сондай адамдардың қатарында мүгедектер де бар.  Статистика мәліметтері көрсетіп отырғандай бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 71 мыңнан астам түрлі дәрежедегі мүгедек, соның ішінде   16 жасқа дейінгі 9810 мүгедек балалар есепке алынған. 
Облыста мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оларды оңалту шараларымен қамтуға үлкен мән беріліп отыр. 

Облыста мүгедектердің сауықтырылу жағдайы өз шешімін тауып келеді. 2005 жылы Ардагерлер үйінде 920, Сарыағашта 225, Манкентте 166, Денсаулық шипажайында 241 және Спутник демалыс үйінде 170 мүгедек емделді.


2004 жылдан бері 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері ашылып жұмыс істеуде. Қазір 8 аудан, қалада 10 бөлімше 1315 баланы тұрақты қамқорлыққа алған. Мұндай бөлімшелер жыл аяғына дейін облыстың барлық аудан, қалаларында ашылады деп күтілуде. Облыста мүгедектерді қол арбамен қамтамасыз ету жұмысы жүйелі түрде атқарылып келеді. 2005 жылы бюджет, демеушілердің есебінен барлығы 442 мүгедек қоларбамен қамтамасыз етілді.  Облыс бойынша қол арбадағы мүгедектердің ғимараттарға кедергісіз кіруіне мүмкіндік беретін пандустар жөніндегі мәліметтер нақтыланып отырады, қазіргі уақытта 300-ден астам мекеме, ұйым, инфрақұрылымдар мен ғимараттарға пандустар жасалынған.
Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесі жұмыс істеп келеді, қазіргі уақытта облыс бойынша 16 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері ашылып, олар 1600-ден астам балаларды қамтыған. Сондай-ақ Шымкент қаласында 1 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесі, 1 балаларға арналған оңалту орталығы жұмыс істеуде. Сондай-ақ облыстық мүгедектерді оңалту орталығы ашылып отыр. 2006 жылдан бастап жүріп-тұруы қиын  1 топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметін беру, естімейтіндігі бойынша мүгедектерге ымдау тілі маманы қызметін ұсыну, мұқтаж мүгедектерді гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі оңалту шаралары енгізіліп отыр.
Бұл оңалту шаралары Заңға сәйкес 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап және медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдерінің мүгедекті жеке оңалту бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

2006 жылы Республикалық бюджеттен оңалтудың осы 3 түрін жүзеге асыру үшін 56 млн. теңге бөлініп отыр.  

  Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне 8 медициналық-әлеуметтік  мекеме қарайды, олардың ішінде 300 орындық қарттар үйі, 840 орындық 4 психикалық жүйке аурулары интернаттары, 430 орындық  мүгедек  балаларға арналған 2 интернат үйі және 150 орындық мүгедектер қатарынан есепші, тігінші мамандықтарын дайындайтын кәсіптік мектеп бар. Қазір бұл мекемелерде барлығы 1700 мүгедектер мен қарттар тұруда, олар толық мемлекет қамқорлығында, 4 мезгіл құнарлы тамақ, тәулік бойғы медициналық қызмет ұйымдастырылған. Оның ішінде әлеуметтік, медициналық оңалту шаралары ұсынымға сәйкес жүргізіледі.
Ал кәсіптік мектепте мүгедектер есепші, тігінші мамандықтарына оқып, қәсіби оңалтудан өтеді. Мұнда жылына 70-75  мүгедек жастар білім алып шығуда.

Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жұмыспен қамтуды:


1) жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу арқылы;

2) жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру;

3) мүгедектерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін арнаулы, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарын құру;
4) мүгедектерге кәсіптік оқуды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етеді.
1. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектер үшін ұзақтығы аптасына отыз алты сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді, жыл сайын ұзақтығы он бес жұмыс күнге дейін ақы төленетін қосымша демалыс беріледі.
2. Түнгі уақыттағы жұмысқа мүгедектің келісімімен және егер оның мұндай жұмыс істеуіне денсаулық жағдайы бойынша тыйым салынбаған болса, рұқсат етіледі.Мүгедектікті сылтау етіп еңбек шартын жасасудан не қызметін жоғарылатудан бас тартуға, мүгедекті жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан босатуға болмайды.

3 Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары

3.1 Қазақстан Республикасында әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу бағыттары
2007 жылғы 10 қаңтарда өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жаңа Үкіметке әлеуметтік сая­саттың барлық бағыттары бойынша жұмыс­тарды жалғастыруды нақтылап тапсырды. “Әлеуметтік салада біз көп істер атқардық және мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді одан әрі жетілдіреміз”, деді. Әлеуметтік саясат бұл әр түрлі топтағы халықтың материалдық және өмір сүру жағдайына мемлекеттің мақсатты түрде ықпал етуі, сонымен қатар, ол міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы да жүзеге асырылады.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын жұмыс істейтін зейнеткерлерден басқа барлық азамат­тар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады. 2005, 2006 және 2007 жылдар міндетті әлеумет­тік сақтандыру жүйесін кезең-кезең­мен енгізу жылдары болып заңмен қарас­тырылған. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымдардың ставкасы әлеуметтік аударымдарды есептеу ны­санынан 2005 жылға – 1,5 %, 2006 жылға – 2 %, 2007 жылға – 3 % мөлшерінде белгі­ленген.

Осылайша, қорға әлеуметтік аударымдарды төлеу әлеуметтік аударымдардың белгіленген ставкасы бойынша жүргізіледі. Жалдамалы қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдар жұмыс берушінің қызметкерге табыс түрінде төлейтін шығыстарынан төленеді. Өздеріне табыс әкелетін өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, алатын табыстарынан әлеуметтік аударымдар төлейді.

Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары халықаралық тәжірибе мен қазіргі жағдайды талдаудан туындайды. Нарық жағдайларына сәйкес келетін және тұрақты ақылы еңбекке ынталандыруды қалыптастыратын, әкімшілік шығындары төмен, халықты қамту деңгейі неғұрлым жоғары жүйе құру көзделіп отыр.

Жаңа жүйе адам өмірде тап болуы мүмкін негізгі қатерлерден халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге арналған ынтымақты және дербестендірілген жүйелердің, міндетті және ерікті сақтандырудың элементтерін қамтитын аралас жүйе болады. Әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері экономикалық өсуді қолдау элементтерін қамтуы, қатерлі жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарға қорғау көрсетуде әділ болуы; тиімді жұмыс істеуі және халықты неғұрлым толық қамтуы тиіс.

Әлеуметтік саланы реттейтін заңнама әлеуметтік қатерлердің негізінде қалыптастырылады. Әлеуметтік қорғаудың іске асыруға ұсынылып отырған жүйесі:



  • әділ - әлеуметтік қорғау құқығын іске асыру алушылар үшін жеңіл, қол жетерлік болуы тиіс. Мемлекет кепілдік берген ең төменгі жәрдемақылар көлемі бірдей әлеуметтік қатер туындаған кезде еңбек өтілі мен жалақысына байланыссыз төлемдердің кең деңгейін ұсынуы тиіс. Сонымен бір мезгілде, қосымша қорғау деңгейі әрбір нақты адамның қатысуының ұзақтығы мен мөлшеріне байланысты болуы керек;

  • әрбір азаматтың мемлекетке тәуелділігін емес, оның жеке жауапкершілігін ынталандыруы тиіс. Тұтастай алғанда, барлық еңбекке қабілетті азаматтар өзінің жеке басының болашағы мен өз отбасының әл-ауқаты үшін жауапты болуға ұмтылуы тиіс;

  • пәрменді - жәрдемақылар атаулы болуы тиіс, яғни оны алуға құқығы бар және оған аса мұқтаж адамдарға беріледі;

  • тиімді, яғни ашық және жақсы басқарылатын, шығыны аз және қарапайым болуы қажет. Жүйенің негізгі компоненттері икемді реттелуі қажет;

  • қол жетерлік, яғни белгілі бір мерзім ішінде халықтың барынша толық қамтылуын қамтамасыз етуі тиіс.

Осы айтылғандарды ескере отырып, әлеуметтік қатерлер негізінде қорғаудың мынадай элементтерін қамтитын әлеуметтік қорғау жүйесін ұйымдастыру көзделіп отыр:

  • барлық азаматтарға әлеуметтік қатерлерге қарай бюджет қаражатының

  • есебінен бірдей деңгейдегі мемлекеттік төлемдер беру;

  • алғашқы кезеңде міндетті әлеуметтік сақтандыруды жұмыс берушілер

  • есебінен және келешекте еңбеккерлерді де аударымдары есебінен жүргізу;

  • жинақтаушы зейнетақы жүйесі;

  • әлеуметтік көмек және белгілі бар санаттағы азаматтарды бюджеттің

  • қаражаты есебінен қолдаудың арнаулы мемлекеттік бағдарламалары.

Бұдан басқа, азаматтардың әлеуметтік қатерлерден өздерін ерікті сақтандыруды жүзеге асыруы көтермеленетін болады. Қазақстанның ерекшелігін, халықаралық тәжірибені ескере отырып, әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдастыру негізін қараған кезде мемлекеттік және сол сияқты жеке меншік институттардың мүмкіндіктері тиімді пайдаланылатын аралас жүйеге артықшылық берілуі тиіс. Барлық әлеуметтік төлемді неғұрлым тиімді басқару және бақылау үшін әрбір азаматқа дербес бірдейлендірілген код бере отырып, дербес бірдейлендірудің жалпы мемлекеттік жүйесі мен ұлттық дерекқоры жасалуы тиіс.

Ана мен баланы кең ауқымды әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттің бүкіл әлеуметтік қорғау жүйесінің басымдықтарының бірі болады. Келешекте әлеуметтік қорғау жүйесінің жетілдірілуі барысында әлеуметтік қорғауға мұқтаж қатерлер тізбесі кеңейтіледі. Мәселен, демографиялық процестердi қолдау мақсатында бала туу мен оларды тәрбиелеу әлеуметтiк көмекке мұқтаж жағдай ретiнде қаралады. Қолдау көрсету ретiнде бала туғанда бiр жолғы жәрдемақы және жасы кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына қосымша жәрдемақы беру енгiзiлетiн болады.

Мүгедектiк проблемаларын шешу бойынша іс-шаралар әзiрлеу, мүгедектердiң мұқтаждарына арналған өндiрiстердi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру, мүгедектердiң негiзгi құқықтар мен көрсетiлетiн қызметтерге қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк стандарттарды енгiзу қарастырылады. Әлеуметтiк қатерлердің алдын алудың және мүгедектердi оңалтудың (медициналық, әлеуметтiк, кәсiби) жеке бағдарламаларын дамыту, мүгедектердi әлеуметтiк, еңбекпен бейiмдеу жүйесiн құру, мүгедектердiң қоғамға кiрiгуiне жәрдемдесу жөнiнде шаралар қабылданатын болады. Бұл ұсыныстар әзiрленiп жатқан Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасында көрiнiс табады. Атаулы әлеуметтiк көмек мұқтаждықтың нақты өлшемдерi негiзiнде халықтың ең аз қорғалған топтарына ғана берiлетiн болады. Бұдан басқа, адамдардың белгiлi бiр топтарына - соғыс ардагерлеріне, мүгедектерге және көп балалы аналарға қосымша қорғау көрсетуге бағытталған арнайы бағдарламалар әзiрленедi.

Әлеуметтік қорғауды реформалауда әлеуметтік нормативтердің рөлін арттыру, ең төменгi жалақыны кезең-кезеңiмен көбейтiп, күнкөрiс деңгейiне жақындату маңызды болып табылады. Әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi әлеуметтік-экономикалық табиғаты бар нормативтерге негізделіп есептелетін болады.

Әлеуметтік қатерлердің туындау мүмкіндігін болдырмау және оны қысқарту мақсатында мемлекет алдын алу сипатындағы шараларды қабылдайтын болады. Жұмысынан айырылып қалудың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың тұрақты ақы төленетiн еңбек қызметiн тауып алуын ынталандыру мақсатында мемлекет жұмыс орындарын құру бағдарламаларын жетiлдiредi. Азаматтардың еңбек мiндеттерiн атқару кезінде денсаулығы мен өмiрiне зиян келу қаупінің алдын алу үшiн мемлекет еңбек туралы заңнамалар мен еңбектi қорғау туралы заңнамалардың сақталуына бақылауды күшейтеді. Мүгедектiкке ұшырау қатерiн азайту мақсатында медициналық көмек көрсетудi жетiлдiру, соның iшiнде оны қаржыландыру тетiгiн жетiлдiру арқылы жетiлдiру көзделуде. Жасы бойынша, асыраушысынан айрылу және еңбек ету қабiлетiнен айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк жәрдемақылар алушыларды әлеуметтiк сақтандыруды енгiзу кезiне дейін тағайындалған төлемдердi қамтамасыз ету қағидаттары өзгерiстерге ұшырамайды.

Әлеуметтiк қорғаудың барлық жүйесi тiкелей немесе жанама түрде қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын болғандықтан, әлеуметтiк қорғау жүйесiне әрбiр нақты азаматтың ғана емес, Үкiметтiң әлеуметтiк әрiптестерiнiң - еңбекшілердiң кәсiптiк одақтарының және жұмыс берушiлер бiрлестiктерiнiң қатысу деңгейiн көтеру көзделедi.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру және оның деңгейін мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты арттыру мақсатында 2007-2009 жылдары бірқатар маңызды міндеттерді шешу көзделуде. Атқарылатын шаралар Үкіметтің «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында» жан-жақты баяндалған.

Көздеген мақсатқа жету үшін мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы жауапкершілікті бөлуге негізделген әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі жүйесінің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар әзірленеді. Міндетті сақтандыруға жататын әлеуметтік тәуекелдердің тізбесін кеңейту қарастырылады. Сондай-ақ базалық деңгейде мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктеріне пара-пар базалық әлеуметтік төлемдерді арттыру көзделіп отыр. Әлеуметтік қамсыздандырудың ерікті деңгейінде зейнетақы және сақтандыру жинақтарының ерікті нысандарын ынталандыру жөнінде шаралар қабылданатын болады. Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту, оларды әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың қоғамға белсенді араласуы үшін жағдай жасау жөнінде жұмыстар жүзеге асырылады. 2007 жылдан бастап зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу «айдан айға» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте мұқтаж адамдар мемлекет кепілдік берген қызметтерге толыққанды қол жеткізуге тиіс. Жеке меншік секторы субъектілерінің әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытуға қатысуын ынталандыра отырып, оларды белсенді тарту есебінен қосымша қызметтер ұсыну қажет. Әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу және бәсекелі ортаны дамыту негізінде әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет