2-8 I – тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Таяу Шығыс: саяси, тарихи сипаты


III- тарау. Таяу Шығыстағы саяси дағдарыс мәселесін реттеудегі халықаралық қауымдастық пен ірі мемлекеттердің рөлі



бет4/5
Дата10.06.2016
өлшемі474.5 Kb.
#126708
1   2   3   4   5

III- тарау. Таяу Шығыстағы саяси дағдарыс мәселесін реттеудегі халықаралық қауымдастық пен ірі мемлекеттердің рөлі.
3.1 Таяу Шығыстағы саяси дағдарыс мәселесін бейбіт реттеуге халықаралық қолдау.

Халықаралық қауымдастықтың күшін біріктіре отырып, жанжалды әділеттілік пен халықаралық құқық негізінде бейбіт саяси жолмен шешу процесінде БҰҰ-ның ролі өте зор. Тек 1947-1982 ж.ж аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясы палестина проблемасын қарай отырып, 30 дан астам резолюция қабылдады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тек 1967-1980 ж.ж. аралығында осы мәселеге қатысты 15 резолюция қабылдады. БҰҰ –ның резолюциялары Таяу Шығыста түбегейлі, әділетті бейбітшілік орнатуға бағытталған. Алайда Халықаралық сионизм мен АҚШ-тың қуатты қолдауына арқа сүйеген Израиль БҰҰ-ның және басқа да Халықаралық ұйымдардың қарарлары мен шешімдерінің көпшілігін орындамауда.

14- қараша 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 58 сессиясында Адам құ- қығын сақтаудың орындалуын қадағалайтын арнайы комитеттің «Израильдің Палестина халқына және басқа оккупацияланған территориялардағы арабтарға қатысты іс-әрекеттері» жұмысы қаралды.[1] 2004 жылы Бас Ассамблеяның ар- найы саяси мәселелер және деколонизация мәселелері жөніндегі комитеті «Оккупацияланған Палестина территориясындағы, оның ішінде Шығыс Иеру- салим және оккупацияланған Сириялық Голан жерлерінде Израиль қоныстарын салу туралы» № А/С 4/58 – қаулысын қабылдады. Онда Израильдың араб жер- інде еврей қоныстарын заңсыз салғаны айыпталды.

Оған 149 ел, оның ішінде Еуроодаққа мүше мемлекеттер, Ресей, Қазақст- ан және ТМД елдері дауыс берді, қарсы 7 ел, (Израиль, АҚШ және Маршал, Микронезия сияқты кішігірім аралдар); Екеуі қалыс қалды. Жалпы осы екі қуыршақ мемлекеттер ғана БҰҰ-ның шешімдеріне АҚШ пен Израильмен бір- лесіп қарсы шығады.

Норвегия дипломатиясының делдалдық қызметінің арқасында 90-жылдардың

басында құпия түрде Осло қаласында палестиналықтар мен израильдіктер арасында тікелей келіссөздер басталды. Халықаралық қолдаумен 1991 жылы Испанияның астанасы Мадридте бейбіт процестің негізгі демеушілері АҚШ пен Ресей бірлесіп, Таяу Шығыс жөніндегі конференция ұйымдастырды. Бұл қадамдар жалғасын тауып, 1993 жылы 13 қыркүйекте Вашингтонда Палестина мен Израиль арасында Принциптер декларациясына қол қойылды.[50] 1994- жылы 1- шілдеде Палестинаның басшысы Ясир Арафат Газа қаласына қайтып оралып, арабтардың өзін-өзі басқару органдарына басшылық ете бастады.

1973- жылғы соғыстан кейін бірінші рет 1994 жылы 3- қарашада Вашингтон қаласында жасырын түрде АҚШ мемлекеттік хатшысы Уоррен Кристофердің делдалдық қатысуымен Сирия мен Израиль арасында келіссөздер өтті.Еврей делегациясы Сирияның Голан биіктіктерінің жартысын қайтаруға, ал жартысында Израильдың қарулы күштерін қалдырып, шекараның екі жағындағы 12-15 шаршы жерде демилитаризация зонасын құруға ұсыныс жасады. Сонымен қатар Израильдіктер Сирия территориясында алдын-ала дабыл қағу электронды станциясын орналастыру және екі ел бір-біріне толық сенімге жеткенге дейін халықаралық әскер орналастыру және оны АҚШ офицерлері басқарсын деген ұсынысын айтты. Сирия өкілі генерал Шехаби өз тарапынан екі ел бейбіт өмір сүру үшін Голлан биіктіктерінтолық қайтаруды талап етті.[2] Сөйтіп келіссөз нәтижесіз аяқталды.

3.2. Таяу Шығыстағы саяси дағдарысты реттеудегі ірі мемлекеттердің ұстанымдары мен мүдделері.
Араб – Израиль қақтығысы пайда болғаннан бастап қазірге дейін оған қатыс- ты АҚШ саясаты біржақты болып келеді. АҚШ теке-тірес барысында Израиль- ге саяси –дипломатиялық әдістермен, әскери, қаржылай және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі құқығын пайдаланып жан-жақты көмек көрсетіп келеді.

АҚШ президенті Д. Буштың ұсынуымен жасалған «Жол картасы» жоспа- ры Араб-Израиль теке-тіресін бейбіт саяси жолмен шешуге бағытталған. Бұл жоспар бойынша бейбітшілікке жетудің алғашқы қадамы ретінде палестиндік- тер жаңа демократиялық- саяси басшылық, демократиялық -саяси институттар қалыптастырып, террористік актілерді толық тоқтатуы тиіс. Ал Израиль палес- тиндіктер жерінде еврей қоныстарын салуды, әскери күш қолдануды доғарып, босқындар мәселесін және т.б. күрделі мәселелерді шешуі тиіс [ 27]. «Жол картасы» жоспарында тәуелсіз Палестина Араб мемлекетін қалыптастыруды 2005-жылы аяқтау көзделген еді. Алайда ол мүмкін болмады.

АҚШ бүгінгі халықаралық қатынастардағы гегемониясын пайдаланып, Еуроодақ, Ресей және Қытайға Таяу Шығыс аймағында белсенділік көрсетуге мұрша бермей, өзінің аймақтағы жеке –дара геосаяси ықпалын барынша нығай- ту мақсатында теке- тіресті бейбіт саяси жолмен шешуді көздейтін конференци- ялар мен самиттердің, келіссөздердің белсенді ұйымдастырушысы болып, оның жұмысына белсене қатысуда.

« Таяу Шығыс дағдарысын реттеу жолдары және Еуроодақтың Таяу Шығыс- тағы ұстанымы» атты кандидаттық диссертациясында т.ғ.к. С. Сайлауқызы атап көрсеткендей Таяу Шығыс аймағы мен Жерорта теңізінің шығыс және оңтүстік жағалауын Еуропа өзінің қауіпсіздік, әлеуметтік тұрақтылық секілді мүдделеріне тікелей қатысты географиялық аудандар деп санайды.[57] «Еуроодақ Таяу Шығыс мемлекеттерімен сауда-экономикалық жақсы байлан- ыстар орнатуға мүдделігін білдіруде және арабтарға саяси және экономикалық қолдау көрсетудің арқасында оны өзінің ықпалы мен мүдделерінің зонасында сақтап қалмақ. Сондықтан да Еуроодақ араб-израиль бейбіт реттеу үрдісінде белсенді рол атқаруға барынша күш жұмылдыруда »-деп атап көрсетеді С. Сайлауқызы өз еңбегінде.[57]

Еуропалық Одақ палесина-израиль қақтығысын әділетті тұрғыда шешу мәселесі бойынша 2000 жылы мамыр айында Афина қаласында, 2000 жылы сәуірде Парижде, 2001 жылы шілдеде Мадридте және 2002 жылы сәуірде Нико- сияда жәнет.б. көптеген халықаралық конференциялар ұйымдастырды. Еуроодақ Палестина Ұлттық билігіне Норвегия келісіміне сәйкес саяси және дипломатиялық қолдауымен қатар орасан зор экономикалық және қаржылық жәрдем көрсетуде. Еуроодақ 1994-2002 ж.ж. аралығында Палестина Ұлттық билігінің инфраструктурасы мен экономикасының дамуына және палестиналық босқындарға жәрдем ретінде 1,6 млрд АҚШ долларын бөлді.

Алайда АҚШ бүгінгі күнгі халықаралық қатынастардағы гегемониясын пайдаланып Еуропа мен Ресейге Таяу Шығыс аймағында белсенділік көрсетуге мұрша бермей отыр. Ал Еуроодаққа мүше елдердің біртұтас сыртқы саясатының жоқтығы оған бұл аймақта жанжалды реттеуге белсенді қатысуына кедергі болып тұр. Еуроодақтың Таяу Шығыс мәселелерін бейбіт реттеу процесі жөніндегі тұрақты өкілі Мигель Ангел Моратинос өзінің жұмыс уақытының жартысын Одақтың мүше-мемлекеттерінің позицияларын өзара келістіруге жұмсайды.[9]

Америка мен Еуропа арасындағы Таяу Шығыс саясатының негізгі алғышартындағы үлкен қайшылықтары ол- американдықтар мен еврейлердің Еуроодақтың осы аймақтағы үрдістерге қатынасуының белсенділігіне қарсы тұру болып отыр.

Таяу Шығыс дағдарысын реттеу үрдісінің өзекті тақырыптары бойынша Еуроодақ мынадай көзқарастарды ұстанып отыр:

- Израил БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің белгілі шешімде- рін толық орындау және өз әскерлерін оккупациялаған Палестина, Сирия, Ливан территорияларынан шығару қажет;

- Иерусалим қаласы – тараптар Кэмп-Дэвид келісіміні ержелеріне сүйеніп, екі мемлекеттің де астаналары Иерусалимде болсын;

- Еврей қоныстары – Израиль Палестина жерлерінде еврей қоныстарын салу- ды тоқтату қажет;

- Палестиналық босқындар – бұл мәселеде Израильдың алаңдауын назарға алу керек, сондай-ақ Лондон араб мемлекеттерінің босқындарға қатысты Израильдың мүдделерін ескеру туралы жуырда қабылдаған шешімін құптады.[4]

Қытай Халық Республикасы Таяу Шығыстағы процесстерге белсене араласып, аймақтағы мемлекеттермен тығыз достық қатынас орнатуға ерекше мән беруде. Саясаттанушы А. Каукенов атап көрсеткендей мұндағы Қытайдың көздеген басты мүддесі – осы аймақтан өзіне тасымалданатын энергоресурстардың кепілді жеткізіліміне қол жеткізу.[7] ОПЕК-тің мәліметіне сүйенетін болсақ, қазіргі таңда әлемдік мұнай тұтынудың 40 % - ы Қыдайдың үлесіне тиеді. 2005 ж. Қытайда тұтынылған мұнайдың 42,9 % импорттың үлесіне тиіп, оның жартысынан астамы Таяу Шығыс елдерінен жеткізілген.

2006 жылы Қытай үкіметі Пекинде 22 араб мемлекеті қатысқан қытай-араб форумын өткізіп, араб елдеріне Қытаймен саяси қатынастар орнатудың «Жаңа типін» ұсынды.

Таяу Шығыс жанжалын реттеу мәселесінде Қытай мен АҚШ-тың бірқатар

ұстанымдары бір-біріне қарама-қайшы келуде. Жоғарыда аталған қытай-араб форумына Қытай үкіметі «ХАМАС» өкілдерін де арнайы шақырып, Ху Цзиньтао «ХАМАС» үкіметінің Сыртқы істер министрі Махмуд аз-Захармен арнайы кездескен болатын. АҚШ бұл әрекетті қатаң айыптады, ал Тель-Авив Израильдегі Қытай елшісіне қарсылық нотасын тапсырды.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілдері ХАМАС-тың сайлаудағы жең- ісі палестиндіктердің таңдауы, сондықтан Қытай бұған құрметпен қарайды деп мәлімдеді. Сондай-ақ Қытай тарапы ХАМАС ұйымы сайлауда жеңіске жеткен соң Палесинаға АҚШ пен Израиль жариялаған қаржылық блокаданы да қатаң айыптады.

Жалпы ресми Пекин палестина-израиль жанжалын БҰҰ резолюциялары негізінде бейбіт саяси келіссөздер арқылы және «бейбітшілікті жерге айырбастап алу» принципімен шешілуін қалайды.[7]

2006 ж. жаздағы 2-Ливан соғысындағы Израиль әскерлерінің әрекетін де ресми Пекин қатаң айыптады. Жалпы палестина-израиль, ливан-израиль жанжалдарында Қытай антиизраильдық бағыт ұстанады. Әрине бұл Пекиннің араб елдерімен экономикалық серіктестік орнатуға деген үлкен үмітімен байланысты. Сондай-ақ Израиль аймақта АҚШ-тың мүддесін білдіретіні белгілі, сондықтан Қытай мен Израильдың жақындасуы аса күрделі.

Сирия – Ливан жанжалында Қытай Сирияның позициясын қолдап, тағы да АҚШ-тың ұстанымдарына қарсы шықты. Ресми Вашингтон Сирия Ливандағы тұрақсыздыққа себепші болып отыр және террористерге қолдау көрсетуде деп мәлімдеді.Оның артынша ҚХР сыртқы істер министрі Қытайдың Сириямен бұрынғыдай екіжақты саяси, экономикалық, мәдени байланыстарын дамытуға дайын екендігін мәлімдеді.

2005 ж. 17 мамырда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сирияны Ливанмен ресми байланыс орнатуға және екі елдің шекарасын анықтауға шақырған № 1559 – резолюциясын қабылдады. Қауіпсіздік Кеңесінің 13 мүшесі резолюцияны қолдаса, 2 мүшесі ҚХР мен Ресей қарсы шықты.

Қытай Таяу Шығыстағы АҚШ-пен қарым-қатынасы нашар елдерге, атап айтқанда Иранға, Сирияға, Ливияға, Суданға саяси – дипломатиялық әдістері- мен қару-жарақ жеткізіп беру арқылы және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі құқы- ғын пайдаланып жан-жақты көмек көрсетуде. Себебі бұл елдер Қытайдың ең басты энергетикалық серіктестері болып табылады. Өзінің энергетикалық серік- тестерінің санын арттыру үшін Қытай АҚШ-тың аймақтағы дәстүрлі серіктес- терімен атап айтқанда Сауд Арабиясымен, Кувейтпен, БАӘ-мен, Оманмен бел- сенді түрде жақындасуда.

Таяу Шығыс саясатында Қытайдың көптеген ұстанымдары Ресейдің осы аймаққа қатысты ұстанымдарына сәйкес келіп, одақтаса қимылдауда.

Ресей Федерациясы Таяу Шығыс жанжалын бейбіт реттеу мәселесінде басты демеуші болып есептелетін «Төрттіктің» бірі болып табылады. Қазіргі таңда Ресей Таяу Шығыс елдерімен бұрынғы КСРО кезіндегідей толыққанды экономикалық, саяси және әскери қатынастарын жандандыруға барынша мүд- делілік танытып, тырысуда. Ресей Сыртқы істер министрі В.Д. Средин атап көрсеткендей «Таяу Шығыста Ресейдің ірі саяси, экономикалық және әскери сипаттағы мүдделері шоғырланып, ресейлік дипломатиялық басым бағыттар –ының бірі болып табылады»[6] Ресей жанжалды бейбіт, әділетті саяси жолмен шешуді көздейтін конференциялар жұмысына белсене қатысуда. Жанжалды бейбіт реттеу процесінде Ресей «Төрттіктің», «Жол картасы» жоспарын, және БҰҰ-ның № 181, 242, 338 және т.б. белгілі қаулы- қарарларын толығымен қолдайды.

Таяу Шығыста көздеген өзіндік мүддесіне сәйкес ресми Мәскеудің бірқатар ұстанымдары осы аймаққа қатысты АҚШ-тың бірқатар ұстанымдарына қарама-қайшы келуде. Мәселен 2006 ж. 3 наурызда В. Путиннің арнайы шақыруымен ХАМАС ұйымның бір топ өкілдері Мәскеуге ресми сапармен келді. В. Путин өз сөзінде Ресейдің ХАМАС-ты ешқашан террористік ұйым деп есептемегенін айта келіп, Палестина Автономиясына қаржылай жәрдем беруге дайын екенді- гін мәлімдеді.[6]

Қазақстанның Таяу Шығыстағы саясатының аса бір нәзік астары бар, ол араб мемлекеттерімен де, Израильмен де қатынастарды қатар дамытуы болып отыр. Жанжалдың өзекті мәселелеріне қатысты Қазақстанның ұстанымы БҰҰ-ның осы аймаққа қатысты қабылдаған қараларына негізделеді. БҰҰ №181, 338, 242 қараларына сүйене отырып, палестина халқының бостандығы мен тәуелсіз- дігін Палестина мемлекетін құру жолындағы заңды да әділ күресін қолдайды. Сондай-ақ Израильдың қауіпсіз, тәуелсіз мемлекетретінде өмір сүруін толығы- мен қолдайды. Палестина мәселесі бойынша аймақтағы барлық мүдделі тарап- тармен келісіп шешім қабылдағанды қисынды деп санайды.[3]


3.3. Қақтығысқа қатысушы араб мемлекеттері мен Израильдың ұстанымдары.
Қазіргі таңда Сирия Израиьлмен бейбітшілік орнатудың шарты ретінде шек- араның шегін 1967 жылғы 4- маусымдағы «Шекараға келу» ұстанымында қат- ал тұр. Ослодағы қол жеткізілген келісімдерді мойындамаған Сирия, Ливия си- яқты мемлекеттердің өзі Палестина Ұлттық Билігі құрылуын мойындайды. Еги- пет, Иордания, Палестина және басқа араб елдері де Израильді жаңа мемлекет- тік субъект ретінде тануға мәжбүр болды.

2000 жылғы 24 -мамырда соңғы Израиль әскерінің оңтүстік Ливаннан кетуі- мен ливан-израиль бағытындағы реттеу ісінде жаңа кезең басталды. Израил әс- керлерінің эвакуациясы белгіленген уақыттан алты апта бұрын басталып, өте қысқа мерзім ішінде іске асырылды.[13]

1993 жылы Израиль Палестинамен Норвегия келісіміне қол қойғанымен іс-жүзінде оны орындамай келеді. Одан бері он жылдан астам уақыт өтсе де Израиль Палестинаға 1967 жылы басып алған жерлерінің 40 %-ын ғана қайтарып берді және Иерусалимнің шығыс бөлігін аннексиялау іс-әрекеттерін белсенді жалғастыруда.

Таяу Шығыстағы бейбітшілік Египеттің мүддесі мен қауіпсіздігін тек географиялық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік жүйесінде де қанағаттандырмай отыр. Таяу Шығыста толық және әділ бейбітшілікке қол жеткізу мақсатында Египет басшылығы өзінің саясатын белсенді жүргізіп келеді. Египет президенті Х. Мүбәрәк жанжалды бейбіт реттеу процесіндегі көптеген шаралардың бастаушысы және демеушісі болуда. Египеттің Таяу Шығыс саясаты жоғарыда аталған БҰҰ қарарларын орындау негізінде Таяу Шығыста толық және әділ бейбітшілік орнатуға бағытталған.[7]

Бірақ соңғы жылдары Кайр Палестинаға жәрдем беруді азайтты. Египеттің Палестинаны азат ету мәселесінде Израильге деген анағұрлым жұмсақ позиция- сы байқалады. Айта берсеңіз, Израиль танкілері 2003 жылы Палестина басшы- сы Я. Арафатты Рамалла қаласында қоршауға алғанда да Президент Х. Мүбәрәк Израильмен дипломатиялық қатынасын үзбеді. Ал басқа араб елдері Тель - Авивтен өз өкілдерін шығарып алды. Бұған негізгі себепші болып отырған Еги- пет АҚШ-тан үлкен қаржылық жәрдем және әскери құрал-жабдықтар алып отыр.

Таяу Шығыстағы қақтығысқа тікелей қатысушылардың бірі Иордания Хашимиттік Корольдігі 1994 жылғы 25- шілде айында Вашингтонда Израиль- мен бейбіт келісім жасау туралы деклорацияға қол қойып, қырық жылдан астам уақытқа созылған Иордания мен Израиль арасындағы теке -тіреске нүкте қойылды Бұл деклорация БҰҰ ҚК-нің №242 мен №338 қарарларына сүйенеді. Екі ел бір-бірінің жер тұтастығын, саяси тәуелсіздігін танып, құрметтеп, тұрақ- ты қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және көршілестік қарым-қатынастарды дамытуға ұмтылатындықтары туралы мәлімдеді.

Иорданияның жас королі Абдалла әкесі Хусейннің саясатын жалғастырды. Ол Ясир Арафатпен жақсы қарым-қатынас орната отырып, Иорданияда тұрып жатқан 2 млн.-нан астам палестиналықтардан қауіптенеді. Иордания Норвегия келісімдерін қолдай келе Тель-Авив пен Вашингтоннан Палестина мемлекетін құруды талап етуде.[59] 2001 жылы Израиль үкіметі басшылығына экстре-мистік бағыт ұстанған А.Шарон келген кезде Амман еврей мемлекетімен сая- си,сауда-экономикалық байланыстарды қысқартты. Ал Израиль танктері Рамалладағы Я. Арафат резиденциясын қиратқан соң наразылық білдіру ретін- де Тель-Авивтегі елшісін Амманға қайтарып алды. Бірақ Иордания Израильмен толық дипломатиялық қатынасты үзбей, оның елшілігі қызметін жалғастырып жатыр.

Палестина Ұлттық Билігіне келетін болсақ, оның құрамындағы басты екі саяси партияның арасында бір ауыздылық жоқ. Парламенттегі 132 орынның 74-ін, және үкіметтің жартысынан астамын иеленіп отырған радикалды – діни «ХАМАС» ұйымы, сондай-ақ «Ислам джихады» топтары Израильдың мемлекет ретінде өмір сүруге деген құқығын және онымен бейбіт келіссөздер жүргізуді мүлде мойындамайды. Бұл ұйымдар «Тәуелсіз Палестина мемлекетін» құру жолында террорлық әдістерді қолдануда.

Ал үкіметтің жартысын және парламенттің шағын бөлігін иеленген президент М. Аббас жетекшілік ететін зайырлы бағыттағы ФАТХ ұйымы Израильдің өмір сүруге деген құқығын мойындап, онымен «Жол картасына» сәйкес бейбіт келіссөздер жүргізу арқылы тәуелсіз Палестина мемлекетін құру-

ды қолдайды.

Э. Ольмерт басқаратын Израил үкіметі ХАМАС, «Ислам джиһады» секіл- ді радикалды –діни ұйымдардан Израилдың өмір сүруге деген құқығын мойын- дауды, террорлық әдістерді доғаруды талап етуде. Тек сонан соң ғана «Жол картасына» сәйкес бейбіт келіссөздер арқылы тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды қолдайды. Сондай-ақ қазіргі таңда Израиль Сириямен де бейбіт келісім жасауға ұмтылуда.

Қорытынды.
Қазіргі таңдағы планетаның ең ыстық саяси нүктесіне айналып отырған Таяу Шығыс аймағындағы араб-израиль қақтығысының тарихына терең де кешенді ғылыми анализ жасай отырып, автор төмендегідей нақты тұжырымдар ұсынады:

1. Таяу Шығыс дағдарысы жарты ғасыр бойы әділетті шешілмей, Араб ел- дерінің үнемі жеңіліс тауып, Израиль агрессиясына ұшырауының басты себеп- тері Араб басшыларын жеке саяси мүдде көздеп, бірауыздылығының болмауы, олардың әскери жағынан Израиль армиясынан әлсіздігі, ірі державалардың аймақтағы құйтырқы саясаты, АҚШ-тың Израиль мемлекетін бірбетті де ашық қолдауы, соған сүйенген Израильдың БҰҰ-ның қарарларын, Араб- Израиль бейбіт келісімдерін орындамауы болып табылады.

2. Таяу Шығыс теке-тіресінің пайда болуына және жарты ғасырға жуық әділетті саяси шешімін таппай келе жатқанына тікелей әсер ететін бірқатар объективті және субъективті факторлар бар. Атап айтқанда экономикалық, стратегиялық, геосаяси, идеологиялық, діни және т.б. факторлар.

Түсінікті болу үшін бірер фактордың роліне ғана тоқталып өтелік. Таяу Шығыс аймағы бүкіл әлемді энергоресурстармен қамтамасыз ететін негізгі аймақ болып келеді. Дәл осы экономикалық факторлар аймақта ірі державалардың мүдделерін түйістіріп, саяси процесстердің дамуына тікелей әсер етеді.

Таяу Шығыс Европа, Азия, Африканы түйістіріп тұрған ерекше стратегия- лық маңызы бар аймақ. Еврейлік банкир Ротшильд атап көрсеткендей: «Батыс үшін Палестина әр қашан шығысқа кіретін қақпа болған».[45] Сондықтан да қақтығыстың өрбуінде ірі державалардың геосаяси мүддесі үшін үлкен маңызы бар әскери-стратегиялық факторлардың ролін жоққа шығара алмаймыз.

3.Таяу Шығыс теке-тіресінің бейбіт реттелуінің аймақтық және халықаралық аспектілері бар. Алдымен халықаралық аспектісіне тоқталалық. Таяу Шығыс аймағы әрқайсысы өзінің жеке геосаяси мүддесін көздеп, соған сәйкес қақтығысқа қатысты бір-біріне сәйкес келмейтін сыртқы саяси доктриналар ұстанып отырған ірі державалардың үлкен мүдделері түйіскен аймақ. Сондық- танда Палестина-Израиль бейбіт реттеу процесінде саяси процестердің қалай өрбитіндігі негізгі демеушілер – АҚШ, Ресей, Еуроодақ мемлекеттерінің ұстанымдарына байланысты.

Аймақтық аспектісіне келер болсақ, Израиль үкіметінің ертеректе қол келісімдерді бұзып, палестина жерін аннексиялауы, жаңа еврей қоныстарын салып, ескілерін кеңейтуі, әскери әрекеттер қолдануы және Палестина ұлттық билігіндегі басым саяси күшке ие радикалды-діни ХАМАС ұйымының Израиль мемлекетінің өмір сүруге құқығы жоқ деген ұстанымдарында қатал тұрып, өз мақсаттарына жету үшін террорлық әрекеттер жасауы бейбіт келіссөздерді тұйыққа тіреп отырған ең басты аймақтық себептер.

4.Сионизм-тек Таяу Шығыс елдері үшін ғана емес,бүкіл әлем жұртшылығы үшін аса қауіпті саяси ағым.

5.Палестинаның әу баста тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуына басты кедергі жасаған араб елдерінің басшылары болды. Олар БҰҰ-ның Палестинада араб және еврей мемлекетін құру туралы №181 резолюциясын мойындамай, Палес- тинаның бүкіл аймағына иелік жасау мақсатымен 1948 ж. Израиль мемлекеті құрыла салысымен оған 7 араб мемлекетінің әскерлері тап берді. Нәтижесінде сол күйі Палестина мемлекеті құрылмай, оның территориясын Израиль мен араб елдері өзара бөліске салды.

6.Қақтығыстың жуық арада түбегейлі, әділетті де бейбіт саяси шешімін табуы әбден мүмкін. Өйткені қазіргі таңда Сирия мен Палестинадан басқа араб- изра- иль жанжалына тікелей қатысушы араб мемлекеттері Израильмен бейбіт келі- сімдерге қол қойып, Тель-Авивпен достық қарым- қатынастарын дамытуда. Зерттеу барысы көрсеткендей қазіргі таңда Израиль-Сирия, Израиль- Палес- тина бейбіт келіссөздерінде де үлкен ілгерілеушіліктер орын алуда. Сондай-ақ қазіргі таңда процесстің негізгі демеушілері «Төрттіктің» мүшелері де қақтығ- ысты бейбіт саяси жолмен шешуге бар-күш жігерін салуда. Осы фактілерді ескере келгенде теке-тірестің жуық арада түбегейлі бейбіт саяси шешімін та- бады деген тұжырым жасауға толық негіз бар.

Қақтығыс тарихын және оған қатысушы тараптар ұстанымын мұқият таразылай отырып автор өз тарапынан оны бейбіт реттеудің мынадай ғылыми негізделген жолын ұсынады.:

1.Таяу Шығыс жөнінде тұрақты жұмыс істейтін халықаралық бейбіт конференция механизімі құрылуы тиіс. Конференция аясында Тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуын қадағалайтын халықаралық комиссия құрылуы қажет. Келіссөздерде қол жеткізілген шешімдерді екі тараптарға да орындату үшін аймақта халықаралық бітімгершілік күштерді пайдалану керек. 2.Бейбіт келіссөздер негізінде міндетті түрде Осло келісімі, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің № 181; № 338; № 242 қарарлары және «Жол картасы» жоспары мен «Жерді бейбітшілікке айырбастау» принципі жатуы тиіс.

3. Бейбіт процесстің негізгі демеушілері «Төрттіктің» яғни БҰҰ, АҚШ, Ресей, Еуроодақ ролін сақтау және күшейту.

4.Израиль Палестина жерін аннексиялауды тоқтату, жаңа еврей қоныстарын салу және ескілерін кеңейтуді тоқтату секілді ертеректе қол жеткізілген келісімдерді бұзатын әрекеттерін тоқтатуы тиіс.

5.Келіссөздер барысында Палестина Ұлттық билігіндегі басым саяси күшке ие болып отырған ХАМАС, «Ислам Джихады» ұйымдарына Израильдың өмір сүруге деген құқығын мойындап, террорлық әрекеттерден бас тарту талабы қойылуы тиіс. Керісінше болған жағдайда бұл ұйымдар әскери күшпен толық жойылуы тиіс.


Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі.
1. Резолюция ГА ООН от 29.11.1947 г. №181(ІІ). Нью-Йорк, - С. 72-82.; Официальные отчеты Генеральной Ассамблеи ООН // Вторая сессия специального комитета по палестинскому вопросу. – Нью-Йорк, 1949. – С. 162-164; Резолюция Совета Безопасности ООН №242 от 22.11. 1967. – Нью-Йорк, 1967.; Резолюция №337 от 15.09. 73 // Материалы Совета Безопасности ООН. www.un.org S/Agenda/ 1936, 1973.; Резолюция Совета Безопасности ООН №338 от 22.10.1973. Нью-Йорк, 1973. – С. 2-3.; Палестинская проблема // Документы ООН, международных организаций и конференций. – М., 1984.-С. 21,52,529.; Материалы 58-й сессии ГА ООН, www.un.org. (russian, А/С. 4/58/L.21), 2003. және т.б.

2. Israel – Arab Reader // A Documentary History of the Middle East Conflict. Bantam Books. N.Y., 1968. – P.56, 57.; O.L.P. // Bulletin d'information. – Ramallah. 1987. – vol. 1. P.27.; Декларация Независимости Палестины от 15 ноября 1988 года. – Рамалла . – 1988.; ООП// Пресс-релиз Посольства Государства Палестины в Москве. 21.01.1992. –С.1.; The Camp David Accords// www.un.org. /english, рalestine/ paldivision; The Middle East Peace Process. State of Israel. Ministry of Foreign Affairs. – Jerusalem, 2000. –P. 10, 7 -27.

3. Дипломатия жаршысы.-2000.-№4.-Б.10,31,52; Дипломатия жаршысы.-2001.-№11.-Б.28,29,41 және т.б.; Н. А. Назарбаев. В потоке истории. – Алматы, 1999. – 288с.; Н.А. Назарбаев. Новые приоритеты и задачи внешней политики Казахстана. – М., 1999.-С. 11-15.; К.К. Токаев. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. – Алматы, 2000. – 584с.; К.К. Токаев. Дипломатия Республики Казахстана. – Астана, 2001. – 552с.

4. Т.К. Хартли. Н. Хайтер. Les cartes des negoсiations israelo – arabes. Le Monde Diplomatigue. – P.,1987. - P. 35.; E.B. Childers. The road to Suez. A study of western – Arab relations. – London. Macgibbon and Keе. 1692. P. 416.; Ch. D. Creamens. The Arabs and the wold. Nasser’s Arab Nationalist Policy. New-York, London, 1963. – P.338.

5. Palestinian Academic Society for the Study of international Affairs. // PASSIA. –Jerusalem, Al –Quds, 1999. – P. 11.; Итоговые документы ХІХ сессии Национального совета Палестины в Алжире. – Алжир, 1988. – С. 5.; Официальные отчеты Генеральной Ассамблей ООН. // Палестинско – арабские документы за 1969 г. – Бейрут, 1971. – 120с.; Resolution of the Palestine National Council From July. 1-17 1968



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет