3 тарау. Жүк көтергіш механизмдер, жүк алу органдары және құрылғылар
1 параграф. Жалпы талаптар
419. Жүк көтергіш механизмдер (таль, шығыр), ауыстырылатын жүк алу органдар (ілгіштер, грейферлер), алынып қойылатын жүк алу құрылғылар (жүк асып қоятын арқандар, тістеуіктер, траверстер және сол сияқтылар) және ыдыс Жүк көтергіш крандарды қауіпсіз пайдалану құрастыру ережелеріне және осы Ережеге сәйкес ұсталады және пайдаланылады.
420. Пайдаланудағы жүк көтергіш механизмдер (шығырлар, тальдар, ырғақ (имек темір), блоктар, полиспасталар және басқасы) ұйымның атауы, түгендеу (егер механизм техқадағалау органдарында тіркелуге жатпаса) немесе тіркеу нөмірі, жүк көтергіштігі және техникалық куәландырудың келесі уақыты көрсетілген кестелермен жабдықталады. Алынып қойылатын жүк алу құрылғыларда – нөмірі, жүк көтергіштігі және сынау уақыты (мықтап бекітілген металл биркада немесе таңбада).
421. Жүк көтергіш механизмдерді орнату жері және олардың жұмыс режимі жабдықты жинақтау немесе жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру жобасына сәйкес келеді. Жүк көтергіш механизмдердің жұмыс істеу жері жұмыс аумағын қарау және маневрлер үшін жеткілікті кеңістікті қамтамасыз етеді.
422. Қайта орнатылған жүк көтергіш механизмдерді жұмысқа жіберуге дейін тексеру, статистикалық және динамикалық сынау кіретін толық техникалық куәландырылуға жатады.
423. Алынып қойылатын жүк алу құрылғылар дайындалғаннан кейін зауыт-дайындаушыда техникалық куәландыруға жатады, ал жөндеуден кейін оны жөндеген зауытта.
Техникалық куәландыру кезінде алынып қойылатын жүк алу құрылғылар олардың нақты жүк көтеруінен 25 % асатын салмақ түсірумен 10 минут бойы тексеруге және сынауға жатады.
424. Алынып қойылатын жүк алу құрылғыларды және ыдыстарды дайындау ұйымдарда орталықтандырылып және нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
Дайындалған алынып қойылатын жүк алу құрылғылар мен ыдыстар жайлы мәліметтер журналға кіргізіледі. Журналда алынып қойылатын жүк алу құрылғылар мен ыдыстардың атаулары, жүк көтергіштігі, нормативтік техникалық құжат, қолданылған материалға сертификаттар нөмірлері, пісіру сапасын тексеру нәтижелері, алынып қойылатын жүк алу құрылғыларды сынау немесе ыдыстарды тексеру нәтижелері көрсетіледі. Басқа ұйымдар үшін дайындалатын алынып қойылатын жүк алу құрылғылардың таңбадан басқа куәлігі болады.
425. Толық техникалық куәландыруға жұмыс басталар алдында жүкті тасу үшін жалпылама такелажды сұлбалар жатады.
Такелажды сұлбаларды техникалық куәландыру Талабының 430 және 432 тармақтарында көрсетілген (нақтылы жүк көтергіштікте берілген жағдайда көтерілетін жүктің аса көп салмағы көзделіп тұр) салмақ түсірумен жүргізіледі.
Әуе желілердің тіреуіштерін көтергенде тек такелажды сұлбаларды тексеру және көтерілетін жүкпен оның статистикалық сынауды жүргізуге болады.
426. Базада орнатылған өздігінен жүретін мұнаралар және көтергіштер: шынжыр табан немесе дөңгелекпен жүретін автомобильдер пайдалану алдында кезең-кезең және мұнараларды пайдалану қауіпсіздігі және орнату ереженің талаптарына сәйкес жөндеуден кейін техникалық куәландырылуға жатады, көтергіш немесе берілген мұнара түрі зауыт-дайындаушының техникалық құжаттамасында көрсетіледі.
Техникалық куәландырудан өткен өздігінен жүретін мұнаралар мен көтергіштерде техникалық куәландыру өткізілген уақыты көрсетілетін және жүк көтергіштігінің келесі техникалық куәландыру мерзімі көрсетілетін кесте орнатылады.
427. Пайдалану үдерісінде алынып қойылатын жүк алу құрылғылар және ыдыстар көрсетілген мерзімдерде тексеруге жатады, 6 айдан сирек емес – траверс үшін, 1 айдан кейін – ыдыстар, тістеуіктер және басқа қармауыштар үшін, 10 күннен кейін – жүк асып қою арқан үшін (сирек қолданылатыннан басқа).
Сирек қолданылатын алынып қойылатын жүк алу құрылғылар және ыдыстар оларды жұмысқа беру алдында тексеріледі.
Жүк көтергіш машиналармен ұсақ бұйымды, төгілме және басқа жүктерді тасымалдау үшін ыдыстар дайындалғаннан кейін тексеруге жатады. Ыдысты жүкпен сынау міндетті емес. Алынып қойылатын жүк алу құрылғылар мен ыдыстарды қолданар алдында оларды тексеру қажет.
Тексеру үдерісі кезінде табылған бүлінген алынып қойылатын жүк алу құрылғылар мен ыдыстар пайдаланудан алынады.
Алынып қойылатын жүк алу құрылғыларды тексеру нәтижелері олардың дұрыс күйінде болуына жауапты тұлғамен «Такелажды құралдарды, механизмдерді және жабдықтарды тексеру және есебі журналына» (5 қосымша), ыдыстар – «Ыдыстардың техникалық куәландыру журналына» (1 қосымша) кіргізіледі.
428. Кезектен тыс жүк көтергіш механизмдерді толық техникалық куәландыру олардың қайта құрылуынан, есепті элементтер немесе түйіндерді ауыстырумен механизмдердің металл құрылымдарын жөндеуден кейін, механизмдердің күрделі жөндеуден немесе ауыстырылуынан, ілмекті ауыстырудан кейін жүргізіледі.
Тозған жүк немесе басқа арқандарды ауыстырғаннан кейін, арқандарды барлық ауыстыру жағдайларында дұрыс ауыстырылуы және арқанның сенімді бекітілуі, арқандарды жұмыс жүкпен қапталуы тексеріледі.
429. Техникалық куәландыруды ұйымда жүк көтергіш машиналар мен механизмдерге қадағалауды жүзеге асыратын олардың дұрыстығына жауапты тұлғаның қатысуымен инженерлі техникалық жұмысшы жүргізеді. Арқандардың бекітілу сенімділігін және дайындалуын, арқандарды алмастырғаннан және ауыстырғаннан кейін жұмыс жүгімен тарту дұрыстығын тексеру жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің дұрыс күйінде болуын жауапты тұлға жүргізуі тиіс.
Жинақталған түрінде пайдалану жеріне түскен жүк көтергіш механизмдер, олардың зауыт-дайындаушыда толық техникалық куәландырудан өткені туралы құжаттар бар болғанда, алдын ала тексеру мен сынау жүргізіліп пайдалануға жіберіледі. Бұл жағдайда техникалық куәландырудың мерзімі мен нәтижелері механизмнің куәлігіне жазылады.
430. Жүк көтергіш механизмдердің статистикалық сыналуы 10 минут бойы олардың нақты жүк көтергішінен 25 % асатын, механизмдердің және олардың жекелеген элементтерінің мықтылығын тексеру мақсатында жүкпен жүргізіледі.
431. Статистикалық сынаудан өткен жүк көтергіш механизмдер динамикалық сынауға жатады.
432. Жүк көтергіш механизмдердің динамикалық сыналуы механизмдердің нақты жүк көтергішінен 10 % асатын, оның тежегіш әрекетін тексеру мақсатында жүкпен жүргізіледі.
Механизмнің жетек түрі мен жұмыс режиміне байланысты тежегіштің тежелу қорының коэффициенті 1,5 – 2,5.
Динамикалық сынауды жұмыс жүгімен қайталап көтеру және түсірумен жүргізуге болады.
Жүк көтергіш механизмдерді сынау уақытында ақаулар табылған кезде барлық жағдайда сынау тоқтатылады, және ақауларды жойғаннан кейін қайта жүргізіледі.
433. Жүк көтергіш механизмдер, соның ішінде адамдарды көтеру үшін арналған механизмдер (шығырлар, гидрокөтергіштер, телескопиялық мұнаралар және сондай сияқтылар) 12 айда бір реттен сирек емес толық техникалық куәландыруға жатады. Жүк көтергіш механизмнің техникалық куәландыру мерзімі мен нәтижелерін куәландыруды жүргізген тұлға орындалған жұмыстар туралы мәліметтерді, келесі куәландыру уақытын көрсетіп механизмнің куәлігіне жазады. Осындай жазулар «Такелажды құралдарды, механизмдерді және жабдықтарды тексеру және есебі журналына» кіргізіледі.
434. Жүк көтергіш механизмге электр кернеуін сыртқы электр желісінен беру кернеуді басу үшін қолмен және дистанциондық басқаруы бар алғашқы құрылғы көмегімен жүзеге асырылады.
435. Жүк көтергіші 3 т артық ілгектер айналатын жабық шарлы тіреуіштерде дайындалады, арнайы тағайындалуы бар ілгектерден басқасы.
Ілгектер алынып салынатын жүк алу құрылғысының өздігінен түсуін болдырмау үшін сақтандырғыш құлыптармен жабдықталады.
436. Алынып салынатын жүк алу құрылғысының ілгектер олардың түсуін болдырмау үшін сақтандырғыш құлыптармен жабдықталады.
437. Көтерілуге тиіс жүк салмағы көтерілуге дейін анықталады. Жүк көтергіш механизмдерге және алынып салынатын жүк алу құрылғыларына салмақ түсіру олардың жүк көтергіш салмағынан аспайды.
438. Әр түрлі жағдайда жүкті көтеру үшін арналған құрылғылары бар (ілмек, цапфа, рымы) жүктер үшін олардың жүк көтеріп тасу сұлбасы әзірленеді; құрылғылары жоқ жүктер үшін жұмысты ұйымдастыру жобасында (бұдан әрі - ЖҰЖ) көрсетілген жүкті дұрыс көтеріп тасу әдістері әзірленеді. Өте жиі кездесетін жүктер үшін оларды көтеру сұлбалары жұмыс орындарында ілінеді немесе жүк көтеретін және кранда істейтін жұмысшыларға беріледі.
439. Жүкті көтеріп тасу сұлбасы әзірленбеген жүктер үшін жүктерді көтеру жүктерді тасымалдау бойынша жұмыс өндірісінің қауіпсіздігіне жауапты тұлғаның қатысуымен және басқаруымен жүргізіледі.
440. Жүк көтергіш механизмнің ілгегіне асылған жүктер оларды тасымалдау кезінде жекелеген бөліктердің (тақтайлар, бөренелер, шыбықтар, құбырлар және сондай сияқтылар) түсуін болдырмайтындай етіп және тасымалдау кезінде жүктің тұрақты жағдайын қамтамасыз ету үшін мықтап арқандармен немесе калибрлеген шынжырлармен байланады. Ұзын мөлшерлі жүктерді көтеріп тасу (6 метрден ұзын) екі жерден көтеріп тасиды, ал тігінен көтергенде – сақтандырғыш қысқышпен көтеріп тасиды.
Көтерілетін жүктерді байлау үшін арқан тармақтарының санын және тігінен қарай олардың еңіс бұрышын есепке ала отырып көтерілетін жүк салмағына сәйкес келетін шынжыр құрылғылар қолданылады.
Бұл жағдайда көтерілетін жүкке арқандар немесе шынжырлар түйіндер мен бұраусыз біркелкі салынады; көтерілетін жүктің қырлары өткір болса, арқандар немесе шынжырлар астыларына көтеретін арқанның бүлінуінен сақтайтын төсеніштер салынады.
Көтерілетін жүкті жүк асып қоятын арқандармен оны көтеру үшін есептелмеген шошақтар, штурвалдар, штуцерлер және басқада құрылғылардан асып көтеруге болмайды.
441. Жарамсыз алынып салынатын жүк алу құрылғыларды және биркасыз (таңбасыз) жүк алу құрылғыларды, таңбалаусыз және бұзылған ыдысты жұмыс өндіру орындарында қалдыруға тиым салынады.
442. Жүктерді көтеру және тасымалдау бойынша жұмыс аумағынан жүргізілетін жұмыстарға тікелей қатысы жоқ тұлғалар шығарылады.
443. Жүк тасымалданатын аумақта барлық ойықтар жабылады немесе қоршалады және ескертетін қауіпсіздік белгілер ілінеді.
444. Ауыр жүкті екі немесе одан да көп полиспасталармен көтеру жүктерді крандар және механизмдермен тасымалдау бойынша жұмыс өндірісінің қауіпсіздігіне жауапты тұлғаның тікелей басқаруымен жүзеге асырылады.
445. Жүкті көлденең бағытта тасымалдаған кезде жолда кездесетін заттардан 0,5 м және одан да жоғары алдын ала көтереді.
446. Жүктер олардың құлауын, аударылуын немесе сырғуын болдырмайтындай алдын ала дайындалған жерге түсірілуі тиіс. Жүк астынан көтеріп тасу арқандарын алуға ыңғайлық үшін оны орнататын жерде мықты астарлар салынады.
447. Бөлетін жапқыштарға, тіреуіштерге және алаңдарға жүктерді түсіруге алынатын құрылым мықтылығының алдын ала есебісіз және оларға тиісті салмақ түсіру мөлшерінен асырып жүк қоюға тиым салынады.
448. Жүкті асылып тұрған күйінде қалдыруға, адамдарды көтеруге арналмаған жүк көтергіш механизмдермен оларды көтеріп және тасымалдауға тиым салынады. Жүкті түсіруге болмайтын кезе механизмнің ақауы табылған жағдайда асылып тұрған жүктің астындағы жер қоршалады және тиым салатын «Абайлаңдар! Қауіпті аумақ» плакаттары ілінеді.
449. Жұмыс орны жеткілікті жарықтандырылмаған жағдайда жүктерді жүк көтеру механизмдермен тасымалдауға тиым салынады.
450. Жүк қатаң тік көтерілуі тиіс, бұл үшін жүк көтеру механизмнің ілгегі тікелей жүк үстінен орнатылады. Жүкті арқандардың тік жағдайын қамтамасыз ететін бағыттайтын блоктарды қолданусыз жүк арқандардың еңіс күйі кезінде жүк көтергіш механизмнің ілгегімен жер немесе еден бойымен тасуға болмайды.
Жүкті көтеру, орын ауыстыру және түсіру уақытында жүкті созып тартуға, жұмыс істейтіннің өз салмағымен оны түзетуге болмайды. Жүк көтергіш механизммен мұздаған, көмілген немесе қысылған жүкті көтеруге болмайды.
451. Жүк көтергіш механизм істеп тұрғанда оның көмегімен жүкпен қысылған көтергіш арқандарды, арқандарды немесе шынжырларды босатуға болмайды. Әрекеттен алынған немесе ақауы бар қауіпсіздік аспаптар мен тежегіштердің жұмыс істеуіне тиым салынады.
452. Жүк көтергіш механизммен келесі жұмыстарды жүргізуге болады:
1) полиспаста еңіс жағдайында жүкті көтеруге;
2) тікелей жақындықта орналасқан екі жүкті қатар көтеруге және түсіруге.
453. Көтергенге арқанмен дұрыс, біркелкі тартылғанын, жүк көтергіш механизмнің тұрақтылығын және тежегіш әрекетінің сенімділігін тексеру үшін көтеру алдында жүкті 300 мм биіктіктен жоғары емес биіктікте көтереді; тек осыдан кейін жүкті тиісті биіктікке көтеру; арқанмен тартылғанын дұрыстау үшін жүкті түсіреді.
454. Кернейге ол оралғанда арқанды қолмен бағыттауға болмайды.
455. Жүк бір қалыпты, жұлқылаусыз және шайқалусыз көтеріледі, оның тиюін және көтеру арқандардың оралуын болдырмай.
Ұзындық өлшеуіш және ауыр салмақты жүктерді оларды көтергенде немесе орын ауыстырғанда бұру үшін тартатын ілмектер немесе тиісті ұзындықтағы екі арқан қолданылады.
456. Пайдаланудағы барлық жүк көтергіш механизмдер жоспарлы алдын алу жөндеулермен қарастырылған мерзімдерде, «Такелажды құралдарды, механизмдерді және жабдықтарды тексеру және есебі журналына» нәтижелердің жазуымен кезең-кезең тексеріледі және жөнделеді. Жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді дұрыс күйінде сақталуына жауапты тұлға табылған ақауларды уақытында жоюды қамтамасыз етеді.
2 параграф. Шығырлар
457. Шығырларды орнату орны, бекіту әдістері, блоктардың орналасуы жұмысты ұйымдастыру жобасында көрсетіледі.
Орнату жері таңдалады, келесі талаптарға қарай:
1) шығыр жүкті көтеру және орын ауыстыру бойынша өндіріс жұмыс аумағынан тыс орналасса;
2) шығырды орнату жері қызмет көрсететін құраммен көтерілетін жүкті жақсы бақылауды қамтамасыз етеді;
3) бекіту кеңістігі және арқанның дұрыс бағытталуы қамтамасыз етілсе;
4) шығырға баратын арқан адамдар үшін жолдар мен өтетін жерлерді қимайды. Мұндай қиылу болмай қалмайтын болса, өтетін немесе жүретін жерлерде, «Абайлаңыз! Қауіпті аумақ» ескертетін қауіпсіздік белгілерімен қоршаулар орналастырылады және бақылаушыларды тұрғыздырады.
Шығырды ғимарат ішіне орнатса, ғимарат бағанасына, оның бөлгіш жабуларының темір-бетон немесе металл ригеліне немесе кірпіш қабырғаға болат арқанмен бекітіледі. Бұл жағдайда оның диаметрі мен тармақтардың сандары 6 кем емес мықтылық қор коэффициентімен шығырдың жүк көтергіші бойынша есептеледі. Бекіту шығыр рамасы сыртынан жүргізіледі. Раманы пісіруге болмайды.
Байланатын арқанда оның ұшын бекіту қысқыштар көмегімен жүзеге асады, оның сандары жобалау кезінде анықталады, бірақ үштен аз емес. Қысқыштарды орнату қадамы және арқанның бос ұшының ұзындығы соңғы қысқыштан арқанның алты диаметрінен кем емес.
Шығырды жерде орнатқанда оларды зікірден немесе тіреумен және қарсы салмақпен бекітеді. Шығыр тұрақтылығын есеппен тексереді.
458. Жабдыққа қызмет ету алаңдарында қол тұтқа шығырларды пісіруге, оларды құбыр өткізгіштерге және олардың аспаларына бекітуге болмайды.
459. Оларды тексеру барысында табылған ақаулары бар шығырлар жұмысқа жіберілмейді.
Бұдан әрі пайдалануға жіберілмейтін және ауыстырылуға жататын шығыр тетіктері:
1) жарықшақтары немесе ребордалардың соғылған шеттері бар шойын даңғырарлар. Болат даңғырарларда жарықшақтарды пісіруге және жапсырма орындарындағы және жарықшақтардың жиектерін тиісті бұзумен ребордалардың соғылған шеттеріне жапсырма салуға жол беріледі;
2) тіс тегершіктер тістердің бір жақ бөліктері болмағанда немесе кез келген жерде жарықшақтар болғанда (жарықшақтарды пісіруге жол берілмейді);
3) қол жетегі бар шығырлардың тіс тегершіктері олардың бастапқы қалыңдығынан 20 % көп тістердің тозуы кезінде және электр жетегі бар шығырлардың тіс тегершіктері мүмкіндігінен (6-қосымша «Электр жетегі бар шығырлар тіс тегершіктердің тістерінің мүмкін қалыңдығы») көп тістердің тозуы кезінде. Тістерді пісіруге болмайды;
4) өзгертілген қол тұтқа шығырлардың құрылымдары, ақауы бар сақтандырғыш тетіктер, тартатын механизмдердің тозған қажалған тетіктер (науа-қысқыштар, паздар және цапфалар), сырғалардың бейнелі ойыстары және өзгерген ілгектер;
5) жарықшақтар немесе соғылған шеттері бар подшипниктер, және электр жетегі бар шығырлар үшін - 0,6 мм асатын саңылауы бар олардың төлкелері және бастапқы диаметрінен 2 % астамы тозған – қол жетегі бар шығырлар үшін;
6) тежегіштің сынған тетіктері мен электр жетегі бар шығырлардың тежегіш тетіктері, оларда саңылауларды әзірлеу «өлі» жүрісін 10 % аса үлкейтеді. «Өлі» жүріс өлшемі қалыптар қысылған кезінде тексеріледі;
7) әзірленген шпондық шұңқыршақтары, қабыршақтары, қаспақтары, қабаттары, жарықшақтары, 0,6 мм (мойшақтарда бүліну жойылғаннан кейін) асатын саңылауы бар электр жетегі бар шығырлардың біліктері;
8) қол жетегі бар шығырлардың біліктері бастапқы диаметрінен 4 % аса мойшақтардың тозуы кезінде, 1 м ұзындыққа 3 мм аса қисық сызықтық;
9) тістері жоқ кезде немесе жарықшақтар болғанда храповиктер;
10) олардың тіреу бөлігінде бұзылған жерлер болғанда иттіктер;
11) сынық саусақтары бар, тежегіш шкивінің тозуы және тежегіш үстіндегі бүлінулер бар икемді муфталар;
12) бастапқы қалыңдықтан 0,5 мм аса айналасының қоршалуы тозуы бар тежегіш қалыптар.
460. Жұмысқа қосу алдында, күрделі жөндеуден кейін және жылына 1 реттен сирек емес кезең-кезең шығырлардың электр жабдығының оқшаулау кедергісі кернеуі 500 Вольт мегаомметрмен өлшенеді, құрылымдардың жерге қосылу мықтылығын тексеру жүргізіледі. Оқшаулау кедергісі 0,5 МОм кем емес. Кедергісі 0,5 МОм кем оқшаулауы бар шығырлардың электр жабдығы кептірілуге тиіс және бұдан әрі пайдалануға тыйым салынады.
461. Стенд жоқ болған кезде шығырларды сынау салмақ астында шығыр даңғырары екіден кем емес толық айналым жасап бұруға мүмкіндік беретін түзу жабдықталған алаңдарда жүргізіледі.
462. Электр және қол жетегі бар шығырларды сынау кезінде арқан өрудің соңғы қабатында болады. Өрудің соңғы қабатына сәйкес келетін даңғырар диаметрін алу үшін оның айналасын ағаш қырлы бөренелермен қоршауға болады. Даңғырардың үлкейтілген диаметрі өруі үш қабат шығырлардың D+100 мм және өруі бес қабат шығырлар үшін D+100 мм тең.
Даңғырарда шығырды сынау үшін онда бекітілген арқанның бестен кем емес орамдары қалдырылады, қалған арқан тарқатылады және сынау сұлбасының бөлетін блоктары арқылы жіберіледі (2-сурет). Арқанның бос ұшы сыналатын жүкке бекітіледі. Содан кейін жүк 100 мм биіктікке көтеріледі және бұл күйде 10 минут тұрады.
Шығырлардың статистикалық сыналуын солай тиісті тұрақты салмақ түсіру арқылы 10 минут бойы тексерілген дұрыс динамометр көмегімен жүргізілуі тиіс. Қол тұтқа жетегі бар шығырды сынау кезінде оны треногаға немесе шығырдың екі есе салмақ түсіруін шыдайтын басқа бір құрылымға асып қоюға болады. Көтеріліп қалдырылған сыналатын жүк өздігінен түссе, шығыр сынаудан өтпеді болып саналады.
Шығырларды сынау кезінде сыналатын салмақ осы Талаптың 431 және 433 тармақтарында көрсетілгендерге сәйкес келеді.
463. Адамдарды көтеру үшін шығырларды статистикалық сынау олардың жүк көтергіштігінің 1,5 есе асатын салмақпен жүргізіледі.
464. Шығырлардың динамикалық сынау сыналатын жүкті 1 м төмен емес биіктікте қайталап (6 реттен аз емес) көтеру және түсіруде болады. Жүкті көтеру бақылаушының бірінші жағдайында жүзеге асады.
Көтерілген жүк тоқтатылады және бұл жағдайда оның өздігінен түсу жоқтығы тексеріледі. Жүкті көтеруді жалғастыру оны жерге түсірмей тоқтатылған күйден бастап жүргізіледі.
Шығырдың тежегіш жүйесі түсіру кезінде жүкті түсірумен тексеріледі. Электр жетегі бар шығырларда жүк электр қозғалтқыш көмегімен, сол сияқты электр қозғалтқыш сөндірілген кезде даңғырарды тоқтату жолымен түсіріледі. Бұл жағдайда тежегіштің жұмыс сенімділігі, тежегіш қалыптардың 60º жоғары және барлық подшипниктердің 70º жоғары қызуының жоқтығы, тісті беріліс жұмысында дұрыс емес шу жоқтығы, подшипниктерден ағулар мен май шығу жоқтығы және басқа тетіктер тексеріледі.
465. Қол және электр жетегі бар тарту шығырлар динамикалық сынауға жатпайды.
466. Шығырлар сыналуда табылған тетіктер кезінде тетіктер жойылғаннан кейін сынау қайта жүргізілуі тиіс.
Сынау кезінде ақаулар табылмаса, шығыр сынаудан өткен болып саналады.
467. Шығырлардың жұмыс істелуіне келесі жағдайларда:
1) жұмыс орнында олар мықты бекітілмесе;
2) тежегіштердің ақаулары болғанда;
3) электр жетегінің ақаулары болғанда;
4) жетек қоршалмаса;
5) даңғырарда арқан сенімсіз бекітілсе немесе ол дұрыс емес өрілсе (ілмек, бос байланғанда).
Қолғапсыз шығырды қолмен басқаруға, шығыр жұмыс істеп тұрған уақытта босаған қосылыстарды тартуға болмайды.
468. Электр жетегі бар шығырлардың металл бөліктері жерге қосылған, ал қол жетегі бар шығырлардың – оларды кернеу астындағы электр берілісі әуе желісінде жұмыс өндірісі кезінде қолданғанда. Жерге қосу бұрандамамен жүргізілді. Жерлендіруді шығырдың рамасына пісіруге болмайды.
469. Шығырдың арқаны дұрыс өрілсе, даңғырарға түзу тығыз қатарлармен жатады. Өрілген арқанның жоғарғы қабаты мен реборданың сыртқы диаметрі арасындағы ара қашықтық арқанның екі диаметрінен кем емес. Даңғырарда шығырдың жүк алу органның төмен орналасуы жағдайында қысылатын құрылғы астындағы орамдарды есептемегенде арқанның 1,5 кем емес орамдары қалдырылады.
Шығырға әсер ететін аударылу кездерін азайту мақсатында арқан даңғырардың астынан жүреді (3 сурет). Бұнымен қоса, даңғырарға келетін арқанның тармағы мүмкіндігінше көлденеңге жақын және даңғырардың перпендикулярлы білігінің жалпақтығынан 2º көп емес оқшауланады. Бұл үшін шығырға жақындауында арқан бір немесе бір неше бөлетін блоктардан өткізіледі. Даңғырар білігінен шығырға ең жақын орналасқан бөлетін блоктың білігіне дейінгі ара қашықтық даңғырардың 20 ұзындығынан кем емес.
3-сурет. Шығыр даңғырарына арқанды орау
470. Екі шығырмен қатар жүкті көтерген кезде олардың құрылымдары даңғырарларға арқандарды орау жылдамдықтары бірдей болатындай етіп таңдалады. Жүкті көтеру жүктерді тасымалдау бойынша жұмыс өндіру қауіпсіздігіне жауапты тұлға бақылауымен жүргізіледі, және ЖҰЖ бар болғанда.
471. Шығырдың даңғырарына және аспа бесігіне арқандарды қосу жерлерінде мықтап бекітілген. Аспа бесіктерді көтеріп түсіргенде Ақандардың қозғалысы бос. Арқандардың шығып тұрған құрылымдарына қажалуына жол берілмейді. Олардан жұмыс істелінбейтін аспа бесіктер жерге түсіріледі.
472. Қол жетегі бар шығырлармен жүкті көтеру үшін олардың тек көтеру жағына айналу кезінде жетек білігімен ілінген жағдайда олар қауіпсіз тұтқалармен, немесе жүктің өз бетімен түсу мүмкіндігін жоятын автоматты түрде әрекет ететін жүк тірегіш тежегішпен жабдықталады. Автоматты түрде әрекет ететін тежегішпен және қауіпсіз тұтқалармен жабдықталмаған шығырлар тек тартқыш ретінде қолдануға рұқсат беріледі, бұл туралы шығырдың куәлігінде жазылады.
Қол жетегі бар шығырлардың тұтқалары еркін бұралатын төлкелермен жабдықталады.
473. Қол жетегі бар шығырлармен жұмыс істегенде шығырға қызмет ететін жұмысшылар саны жұмыстың нақты жағдайларына бағына отырып және жұмысшы тұтқаға жұмсайтын есепті күш салуды ескере отырып таңдалады. Тұтқаға бір адаммен жұмсалатын күш 120 Н жоғары емес, ұзақ емес жұмыс кезінде күшті 200 Н дейін арттырады.
474. Қол тұтқалы жетегі бар шығырлармен жұмыс істегенде тиым салынады:
1) тұтқаның тербелу жазықтығында және көтерілетін жүк астында болуға;
2) шығырдың көзделген техникалық мәліметтерінің ұзындығынан асса, тұтқаны қолдануға;
3) тұтқаны бір соңғы жағдайдан екіншіге жұлқылап ауыстыруға.
Жұмыс барысында тасымалданатын жүк ілгекке мықты бекітіледі. Кері жүріс тұтқалардың қозғалысы бір қалыпты, жұлынусыз және кедергісіз; тартқыш механизм және арқан ылғи да бір түзуде болады.
475. Тұра жүріс тұтқаның қозғалыс бағытын өзгерткен жағдайда арқанның жылжуы кезінде, бір жүруде арқанның жеткіліксіз тартылуы, тартқыш механизмдердің қысқыштарында оның еркін өтуі кезінде, сақтандырғыш штифттерді немесе белгілеушілерді кесу кезінде тұтқалы шығырларды пайдалануға болмайды.
476. Электр жетегі бар шығырлармен жүкті көтергенде шығырдың жүрісін тұрадан керіге ауыстыруға шығыр тоқтатылғаннан кейін, ал жүк соңғы жағдайларға жақындағанда – жүрісті баяулаумен болады.
Электр жетекте ақаулар табылса (электр қозғалтқыш, электр магнит орамдары, резисторлар, подшипниктер қатты қызғанда; электр қозғалтқыш щеткалардың қатты ұшқындауы немесе түтін, күйік иісі пайда болса; шығыр тетіктеріне жанасқанда тоқ әрекет ететін сезімнің болуы) жұмыс тоқтатылады.
477. Аспа бесіктерді көтеру үшін шығырлар автоматты түрде және шығырдың электр қозғалтқышы тоқтағанда бір біріне тәуелсіз істейтін екі тежегішпен жабдықталған.
Тежегіштің біреуі қалыпты тежегіштің қор коэффициенті 2 кем емес. Тежегіштің екіншісінің тежегіштің қор коэффициенті 1,5 кем емес.
478. Фрикциялық және жұдырықша муфталарды, адамдарды көтеру үшін арналған шығырлар даңғырарының білігімен электр қозғалтқыш білігінің байланысы үшін фрикциялық және белдік беріліс қолдануға болмайды.
479. Шығырларды пайдалану кезінде тетіктердің алдын ала тозуын болдырмау үшін барлық қажалатын бөліктер уақытылы майланады.
480. Шығырды қолданумен жұмысқа жіберу алдында тексеріледі:
1) шығырды техникалық куәландыру күннің болуы;
2) орнату жерінің, шығырды бекіту әдістің және блоктардың орналасу жұмысты ұйымдастыру жобасына сәйкестігі;
3) шығыр даңғырарына арқанның бекітілу сенімділігі, қисық тартылуының жоқтығы және арқанның күйі, блоктар бойынша арқанның дұрыс орналасуы;
4) тежегіштер мен электр жетегінің дұрыстығы;
5) жетек қоршалу болуы.
Жұмыс барысында шығырдың дұрыстығы, шығыр білігіне арқанның сырғанауын болдыртпай, шығыр даңғырарына арқанды дұрыс оралуы тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |