3 параграф. Тальдар және ырғақтар (имек темір)
481. Электр тальдардың электр жабдықтарының құрылымдары жерге қосылған.
Еденнен басқарылатын таль басқаруының кнопкалы құрылымы оқшаулау материалдан жасалған не екіден кем емес өткізгіштермен жерге қосылған. Жерге қосатын өткізгіштердің біреуі ретінде кнопкалы аппарат ілініп қойылған арқанша қолдануға болады.
482. Тальдарды қолмен басқару іске қосу аппараттары болат арқаншада көтерілетін жүктен қауіпсіз ара қашықтықта тұрып механизмді басқаруға болатын ұзындықта іліп қояды. Басқару аппаратын еденнен 0,5 м төмен орналастырса, оны 1 – 1,5 м биіктікте арқаншаға бекітілген ілгекке іліп қояды.
483. Қол тальдарын көтеру механизмі автоматты жүк тірегіш тежегішпен жабдықталады.
Тежегіш тарту күшінің әрекеті астында тарту дөңгелегінің айналуы кезінде жүкті бір қалыпты түсіруді және оның тоқтатылуы кезінде жүктің автоматты түрде тоқтатылуын қамтамасыз етеді.
484. Қол тальдарын құбыр өткізгіштерге және олардың аспаларына бекітуге тиым салынады.
485. Электр тальдары ұштардағы сөндіргіштермен жабдықталады жүк алу органды көтеру механизмін автоматты тоқтату үшін және олар жүксіз көтеру кезінде жүк алу органы тоқтатылғаннан кейін олардың тірекпен арасындағы саңылау 50 мм кем болмайтындай етіп орналастырылады.
Электр тальдармен жүкті көтергенде ілгектің құрсауын ұштардағы сөндіргіштерге жеткізуге және соңғылармен автоматты түрде тоқтату үшін қолдануға болмайды.
486. Екі есе қозғалу механизмі бар электр тальдары қозғалу механизмде тежегішпен жабдықталған.
Жүк көтергіші 1,0 тоннадан 5,0 тоннаға дейін электр тальдары көтеру механизмінде екі тежегішпен жабдықталған. Электр магнит тежегіштің тежегіш қорының коэффициенті 1,25 кем емес, ал жүк тірегіштің – 1,1.
Монорельс ұштарында электр тальдардың монорельс жолынан тыс шығуына бөгет жасайтын тіректер, ал тальдар құрылымында – серпімділік буферлер орнатылады.
487. Таль және ырғақтарды (имек темір) техникалық куәландыру осы Талаптың 1 параграфында көрсетілген салмақпен жүргізіледі.
488. Тальдарды техникалық куәландыруда кезең-кезең тексеруде олардың тазалығына; майланғанның болуы; шынжырлардың, арқандардың, тіс тегершіктер мен жұлдызшалар тістерінің күйлері; бас біліктің ұштарындағы шплинттердің және жамаулардың алыну дұрыстығы; жұлдызшаларда шынжырлардың іліну сенімділігі және даңғырарда арқанның бекітілуі; жүріс шығыршықтардың шайқалу беттерінің тозуы; шығыршықтар ребордалары мен монорельс жолдардың шеткі жиектерінің арасындағы ара қашықтық; электр таль электр магниттік тежегіштің дұрыстығы және фрикциялық астарлардың тозу дәрежесі; электр қозғалтқыш, электр өткізгіш пен түйіспелердің, басқару аппараттардың, тоқ қабылдауыш пен ұштардағы сөндіргіштердің; механизм кедергісінің жоқтығы және таль жұмысы кезінде туатын шудың деңгейіне шынжырдың жылжуына көңіл аударылады.
Тіс тегершіктер мен жұлдызшалары тістердің, шынжырлардың беттерінде жарықшақтар, қабыршақтар мен жаншылғандар болмайды; барлық топсалы қосылыстарда пластинкалы шынжырлар қозғалмалы.
489. Ауыстырылуға тиіс:
1) жарықшақтары бар мойындар (пісіруге болмайды);
2) червякты доңғалақтағы және 1 мм аса саңылауы бар червяктың ішпегіндегі төлкелер;
3) олардың қалыңдығынан 10 % аса тістердің тозуы кезінде червякты жұп, червякты доңғалақта жарықшақтардың бар болуы немесе тістер бөлігінің жоқтығы;
4) олардың қалыңдығынан 10 % аса тістердің тозуы кезінде жүк жұлдызшасы, сонымен қатар жарықшақтар болғанда;
5) олардың бастапқы қалыңдығынан 0,5 аса тозған кезде фрикциялық астарлар;
6) бөлек үзбелер өзгерген кезде жүк және тарту шынжырлары;
7) өзгерген ілгектер.
490. Пайдалануға жіберу алдында күрделі жөндеуден кейін және кезең-кезең бірақ жылына 1 реттен сирек емес таль электр жабдығының оқшаулау кедергісі кернеуі 500 Вольт мегаомметрмен өлшенеді. Оқшаулау кедергісі 0,5 МОм кем емес.
491. Оқшаулау кедергісі 0,5 МОм кем таль электр жабдығы құрғатылуға жатады.
492. Тұрақты тальдар мен ырғақтарды (имек темір) сынау оларды орнату жерінде жүргізіледі. Сыналу үшін тасымалданатын тальдар ошаққа немесе басқа бір құрылымға ілініп қойылады.
Тальдар мен ырғақтарды (имек темір) статистикалық сынау кезінде сыналатын жүк көтеру механизмнің ілгегі көмегімен 100 мм биіктікке көтеріледі және бұл күйде 10 минут тұрады, бұл жағдайда жүкті түсіру байқалмайды.
Қол тальдарын статистикалық сынау кезінде сыналатын жүк, жүк жұлдызшаның толық айналуын қамтамасыз ететіндей биіктікке көтеріледі, және таль жүріс шығыршықтың біреуден кем емес айналуына сәйкес келетін ұзындықта бір қалыпты үш реттен аса орын ауыстырумен қозғалады.
Сыналатын жүк көтеру арқылы ырғақтарды (имек темір) сынау кезінде сондай сияқты жүру доңғалағының екі толық айналымына сәйкес келетін қашықтықта екі жаққа арқалықта ырғақтың (имек темір) бір қалыпты үш ретті орын ауыстыруы жүргізіледі.
Бұл жағдайда қол тальдары мен ырғақтар (имек темір) барлық жүру доңғалақтарымен мәткеге тіреледі, шынжырлардың келіп түсуі мен кері кетуі тексеріледі.
Тарту күшінің әсерімен тарту доңғалағының айналуы кезінде жүктің бір қалыпты түсуін және тарту күшінің әрекеті тоқтаған кезде жүктің автоматты түрде тоқтатылуын, тальдың төменгі ілгектің салмақсыз еркін бұрылуын қамтамасыз ететін тальдың автоматты жүк тірегіш тежегіштің жұмысы тексеріледі.
493. Тальдар мен ырғақтарды (имек темір) динамикалық сынау тальдардың тежегіштерін, жүк және тарту шынжырлардың бір қалыпты жұмысын тексеру мақсатында сыналатын жүкті қайталап (6 реттен кем емес) 1 м төмен емес биіктікте көтеріп түсіруде болады.
Электр тальдарды динамикалық сынау кезінде көтеру механизмі мен тежегіштердің жұмысы, таль құрылымының мықтылығы мен оның қисық сызықты жолдардың учаскелерімен жүргізілуі тексеріледі.
Электр тальдардың динамикалық сыналуы әр бір көтеру мен түсіру кезінде 5 реттен кем емес тоқтаумен сыналатын жүкті екі реттен 6 м кем емес биіктікке көтеруде болады. Көтеру биіктігі 6 м кем тальдар үшін жүкті көтеру бүкіл биіктікке жүргізіледі. Жүк көтергіштігі 1 т және одан да көп көтеру тальдардың механизмінде екі тежегіш бар болса, олардың әрекеттерін тексеру бірге және бөлек жүргізіледі. Жүк көтергіштігі 0,25 т және 0,5 т тальдар тежегіштердің әрекеттерін тексеру бірге жүргізіледі. Егер тежегіштердің біреуі жүк тірегіш болса, ол сыналу кезінде түсіруде жүктің шығуы 800 мм аспайды.
Жүкті көтеру және түсіру шектегіштердің жұмысы 3 реттен кем емес тексеріледі.
Қисық сызықты жолдардың учаскелері бойымен тальдардың өтуі тексерілгенде екі бағытта қозғалу кезінде айналма доғасында 90º тальдар үшін кіші радиусі бар жол учаскелерімен таль еркін өтеді.
Сынау аяқталғаннан кейін жүк көтергіш шектегішін реттеу жүргізіледі және оның әрекеті тексеріледі.
494. Тальдар мен ырғақтарды (имек темір) сынау кезінде жүктің өздігімен түсуі байқалмайды. Шынжырдың жұлдызша және тарту доңғалақтары бойымен шапқылауы, өткізілу немесе сырғанауы, жарықшақтар, жарылуы және өзгергені байқалса, тальдар мен ырғақтар (имек темір) жарамсыз болады.
495. Тальдар мен ырғақтардың (имек темір) күйлері оларды әр бір қолданған сайын тексеріледі.
496. Жүкті ілгекпен тартуға немесе көтерілетін жүкті электр тальдармен тартылуға тиым салынады. Жүк арқанның жүк көтерілгенде тігінен ауытқуы 5º аспауға тиіс.
497. Қол және электр тальдардың, ырғақтардың (имек темір) барлық қажалатын бөліктері айына 1 рет майланады.
4 параграф. Блоктар мен полиспасталар
498. Блоктар мен полиспасталардың жүк көтергіштігі зауыт-дайындаушының куәлігінде, ілгектің таңбасында, блоктың обоймасында, немесе блокты обойманың сыртқы бетіне жапсырылатын металл кестешіде көрсетіледі.
499. Блоктар роликтері, сонымен қатар траверстегі ілгектер мен ілмектер еркін бұралады.
500. Полиспасталарды құралдандыруда жүк көтергіштігі әр түрлі блоктарды қолдануға болмайды.
501. Жүк көтергіштігі бойынша блоктар таңдалғанда роликтің тұтқасы өлшемдерінің арқанның диаметріне сәйкестігі тексеріледі; ролик тұтқасының диаметрі арқанның диаметрінен 1-3 мм артық.
502. Полиспасталардың үстіңгі қозғалмайтын блоктарды асып ілгенде үстіңгі блоктар обоймалардың ригельге немесе мәткеге жақтық тірелуінен қашқақтау керек. Үстіңгі блок роликтерінің арқанға қатысы бойынша қисаюына жол берілмейді.
503. Полиспасталарды құралдандыру кезінде келесі талаптар сақталады:
1) егер полиспаста жіптерінің сандары, яғни қозғалмайтын және қозғалатын блоктар роликтерінің сандар қосындысы жұп болса, онда арқан ұшы қозғалмайтын блокқа бекітіледі;
2) егер жіптер саны тақ болса, онда арқан ұшы қозғалатын блокқа бекітіледі.
504. Полиспасталарды құру және жүктерді көтеру кезінде қозғалатын және қозғалмайтын обоймалар параллельдігінің сақталуы тексеріледі. Арқанның блоктан сырғанауын болдырмау үшін бір блоктың екіншісіне қатысты қисаю жағдайының болуына тиым салынады.
505. Арқанның тартқыш шапқылайтын ұшы шығырға ол полиспастаның блогын бұрмайтындай және оның қисаюын туғызбайтындай бағытталады.
506. Бөлетін блоктарды қолданғанда кез келген жерде арқанның ұзындығы бойынша оны блокқа жинауға мүмкіндік беретін бөлшектенетін құрылымдарды пайдалануға ұсыныс жасалады. Олар арқылы өтетін тартқыш арқанның ұшы полиспаста блогына қисық өтпейтіндей орналастырылады оның осы блоктан сырғанамауын және полиспастаның үстіңгі блогына әсер ететін көлденең күштердің тудыруын болдырмас үшін.
507. Бөлетін блоктардың жүк көтергішін таңдау және оларды байлау үшін шынжыр арқандардың есебі кезінде арқандардың бағыттары арасындағы бұрышы есепке алынады.
508. Салмағы 60 кг дейін блоктар ұзақ сақталған кезде мықты бөренелерде ілгектерге, ілмектерге немесе тұтқаларға ілініп қойылады. Аса ауыр блоктар едендерде астарлар үстінде жинақталады.
509. Блоктар мен полиспасталарды техникалық куәландыру осы Талаптың 427, 430, 432, 433 тармақтарында көрсетілген салмақтармен жүргізіледі.
Блоктар мен полиспасталардың күйлеріне оларды әр бір қолдану алдында сыртқы тексеру жүргізіледі.
510. Сыртқы тексеріс кезінде олармен бірге арқандары бар блоктар мен полиспасталар сыналғанына және блок немесе полиспаста нөмірлері, жүк көтергіші және келесі сынау күні көрсетілген металл биркасының болуына көз жеткізу керек. Блоктардың және олардың жекелеген элементтердің (роликтер, беттер, ішпектер), жалпы күйі, арқанның блокқа бекітілуі, роликтердің майланғаны және олардың білікте айналуы және жарықшақтар жиі пайда болатын ілгек жұтқыншағының ішкі бетіне көңіл аудару керек, полиспаста жабдықталған арқанның күйі, және роликтердің біліктерінде майлау үшін өңештердің тазалығы тексеріледі.
511. Ауыстырылуға тиіс:
1) жарықшақтары, соғылған шеттері, бар роликтер, біліктің диаметрінің 3 % тең және одан да артық төлкенің тозуы, саңылау диаметрінің бастапқыдан 5 % артық ұлғайтылған, реборданың және «Блоктар роликтерінің рұқсат етілетін тозуы» 7 қосымшада көрсетілген мағынасынан асатын су түбінің тозуы. Қабырғаның жеткілікті қалыңдығы және айналасы бойынша төлкенің бір текті тозуы кезінде ол пайдалануда қалдырылады, білікті үлкен диаметрі бар білікпен ауыстырған жағдайда;
2) жарықшақтары, өзгерулері бар, ілгек қимасының бастапқы биіктігінен 10 % аса тереңдігінде шұңқыр тәріздес тірегіш бетінің жүк асып қоятын арқаннан тозатын ілгектер;
3) жарықшақтары мен мойындардың бастапқы диаметрінен 10 % артық тозған траверстер;
4) диаметрі бойынша 5 % артық тозған блоктардың біліктері. Егер диаметрі бойынша білік біркелкі тозса және бетінде қисықтар болмаса, ол пайдалануда қалдырылады роликтердің төлкелері ауыстырылған жағдайда;
5) алынатын аспақтарында жарықшақтары бар жүк блоктары, біліктер мен траверс үшін әзірленген саңылаулар.
512. Блоктар мен полиспасталар 12 айда 1 реттен сирек емес олардың нақты жүк көтергішінен 25 % асатын жүкпен статистикалық сынауға жатады. Блоктар мен полиспасталар статистикалық сыналуда сыналатын жүкпен соңғысы 100-200 мм көтеріліп тұрған жағдайда 10 минут сыналады. Статистикалық сыналу динамометр көмегімен жүргізіледі.
513. Динамикалық сынаулар қайталап (3 реттен кем емес) 1 м кем емес биіктікте жүкті көтеру мен түсіруде болады.
514. Сынауды жүргізу үшін блок немесе полиспаста бүкіл ұзындығына тартылатын жүк көтергішіне сәйкес келетін арқанмен жабдықталады.
Бір роликті блоктар такелажды сынау үшін стендтерде немесе 4-суретте көрсетілген сұлба бойынша сыналады. Динамометрмен сыналғанда , егер блоктың жүк көтергіші динамометр жүк көтергішінен аз болса, соңғысы зікір мен (сол жағынан) блок араларына кіреді және салынатын сыналу салмағын тікелей толық көрсетеді. Егер блоктың жүк көтергіші динамометр жүк көтергішінен артық болса, соңғысы блокты айналдыратын және тарту механизміне баратын тростың бір тармағына кіреді. Мұндай сұлбада динамометр сыналатын салмақтың 50 % көрсетеді (блоктың КДП есебісіз).
515. Көп роликті блоктар полиспасталар сияқты солай сыналады 5 сурет. Егер динамометр жүк көтергіші полиспастаны сынау үшін 5 суретте көрсетілген, а және б сұлба бойынша жеткіліксіз болса, онда 5 суретте көрсетілген сұлбалар қолданылады. Динамометр теңдеуші блокты айналдыратын тармақтардың біреуіне немесе арқанның жүру тармағына кіреді. Бұл жағдайда сыналатын салмақты анықтау үшін барлық роликтердің КДП ескеріледі.
516. Оларды сынаудан кейін блоктарды тексеру кезінде біліктер мен төлкелер күйіне көңіл аудару керек. Біліктердің бүгілуіне, біліктер мен төлкелерде бұзылулар болмауы тиіс. Ілгек пен беттерде жарықшақтар болмауы, арқандардың роликтермен құрсау арасында сыналасуының болмауы, ілгекті түзетуге және тағы сондай сияқты болмауы тиіс.
Кез келген ақаулар табылған жағдайда олар жойылады және сынау қайта жүргізіледі.
Сынау кезінде ақаулар табылмаса полиспаста немесе блок сынаудан өтті болып есептелінеді.
Сынаудан кейін блоктар мен полиспасталарға блоктар мен полиспасталардың нөмірі, оның жүк көтергіштігі және келесі куәландыру мерзімі көрсетілген биркалар жапсырылады. Полиспаста арқандарының ұштарына блок немесе полиспастаның тек нөмірлері көрсетілумен бирка жапсырылады.
5-сурет. Көп роликті блоктар мен полиспасталарды сынау сызбасы
а – жүк көмегімен; 1-якорь
б –динамометр көмегімен; 2- қозғалмайтын блокты құрсау;
в – динамометрдің теңдеуші блокты
айналдыратын тармағына кіруі; 3-арқан
4- қозғалатын блокты құрсау;
г – динамометрдің жүру тармағына кіруі; 5-динамометр
6-теңдеуші блок
|
5 параграф. Арқандар және жүк асып қоятын болаттан жасалған арқандар
517. Жүк көтергіш механизмдерде қолданылатын болаттан жасалған арқандар әрекет ететін мемлекеттік стандарттарға сәйкес келеді және «Болаттан жасалған арқандар. Техникалық талаптар.» 3241 МСТ сәйкес зауыт-дайындаушының сертификаты болады. Аталған сертификатсыз арқандар алынғанда олар стандарт көрсетулеріне сәйкес сыналуға жатады.
Сыналу туралы сертификаты жоқ арқандар қолданылуға жіберілмейді.
518. Арқанның жұмыс істеуі кезінде оның басқа арқандарға тиюі, оның жүктің өткір қырларына, жабдықтың бөліктеріне немесе ғимараттардың қабырғаларына қажалмауы бақыланады. Қажалудан қорғау үшін астарлар қолданылады.
Арқанның бір жақты тым шектен немесе екі жақты аса бүгілуіне тиым салынады, соның ішінде кіші диаметрі бар блоктар мен даңғырарда да, оны тікелей тесіктерге, сырғаларға және рамаларға сына бекітпесіз бекітуге болмайды.
Сынықтардың, түйіндердің, сымдардың сынуы бар және тиістіден аса тозған арқандарды пайдалануға болмайды.
519. Арқандардың электр кабельдермен және электр өткізгіштермен қиылысуына және тиюіне жол берілмейді.
520. Өргенде арқанның әр бір тұтаммен шаншу саны 8 қосымшаның 1 кестесінде берілгеннен кем емес.
Әр бір тұтаммен соңғы шаншу оның сымдарының (тұтамды жартылай қию) жартылай санымен жүргізіледі. Соңғы шаншуды арқан тұтамдарының жартылай санымен жасауға болады.
Орнатылатын қысқыштар саны арқан диаметріне байланысты, бірақ үштен кем емес. Қысқыштың орналасу қадамы және арқанның еркін ұшының ұзындығы соңғы қысқыштан арқанның алты диаметрінен кем емес.
Қысқыштардың құрылымдарында контр бұрандалар немесе бұрандаларды белгілеу үшін құлыптар қарастырылады. Қысқыштың екі бұрандасын ауытқуын болдыртпай бір қалыпты тарту керек. Пайдалану кезінде қысқыштардың тартылу тығыздығы және олардың астындағы арқанның күйі кезең-кезең тексеріледі. Жүк арқандарының бітелуіне (арқанмен байлап қою) болмайды. Басқа арқандарды бітеуге блок немесе даңғырарға арқанның шабуы мүмкіндігі жоққа шығарылатын учаскелерде бітеуге болады.
521. Арқанды кесу алдында тарқатылуын болдырмас үшін оның ұштары екі жерде жұмсақ күйген болаттан жасалған сыммен байланады. Байлаулар арасындағы ара қашықтық арқанның төрт-бес диаметрін құрайды, ал орау ұзындығы – арқанның бес диаметрінен кем емес. Бұл сымның ұштары мұқият пен бұралған және арқан тұтамдары арасында майыстырылған.
522. Жүк асып қоятын арқандарды дайындауға оқыған, білім тексеруден өткен, өруші мамандығы бар жұмысшылар ғана жіберіледі.
523. Такелажды жұмыстар үшін және жүк көтергіш механизімдерде барлық жағдайларда болаттан жасалған арқандарды қолдану арқанның мықтылық қорының коэффициенті үзілуге 8 қосымшаның 2 кестесінде көрсетілгеннен төмен емес.
Байлаумен немесе ілгектермен іліп алу, сақиналар немесе сырғалармен жүкті көтеруге арналған жүк асып қоятын арқандардың мықтылығын есептегенде арқанның мықтылық қорының коэффициенті 6 кем емес.
524. Болаттан жасалған арқандардан жүк асып қоятын арқандардың мықтылық есебі олардың тармақтарының сандары мен тігінен еңіс бұрышын есепке ала отырып жүргізіледі (9 қосымша).
525. Жүк асып қоятын арқандар көтерілетін жүктің рамаларына немесе көлемді және сенімді бөліктеріне бекітіледі, барлық тармақтар бір қалыпты тартылған. Жүкті асып қояр кезде жүк асып қоятын арқандардың тармақтары жүкті көтерген кезде ол бір нәрсені тиіп кеткен жағдайда жылжудан сақталуда.
Жүкті асып қою үшін жүктің көтеріліп алынатын жерлері алдын ала белгіленген. Жүк ауырлығы ортасының орналасу жағдайы туралы мәліметтер жоқ болса, жүкті асып көтеріп сынау жолымен оны белгілейді. Көлденең жағдайында көтерілетін ұзынды өлшегіш жүктер траверсті қолданумен екіден кем емес жерлерден көтеріліп асылады.
526. Екі мүйізді ілгектерге жүк ілінгенде жүк асып қоятын арқандар салмақ ілгектің екі мүйізіне біркелкі түсетіндей етіп салынады.
527. Жүкті ілу үшін қолданылмаған жүк асып қоятын арқандардың көп тармақты ұштары жүкті тасымалдау кезінде бұл ұштардың жолда кездесетін заттарға тию мүмкіндігі болмайтындай етіп бекітіледі.
528. Жүк асып қоятын арқандардың ілмектері ілгектің жұтқыншағы ортасы бойымен кигізіледі, ал ілгек жүк асып қоятын арқанның ортасына орнатылады. Жүктерді көтеріп түсіргенде көтеру механизмдердің жүк полиспастаның арқандары тігінен бағытталған.
529. Болаттан жасалған арқанның ұшындағы ілмегі оны жүк көтергіш механизімінде бекіткенде, сақиналармен, ілгектер және басқа тетіктермен ілескен жүк асып қоятын арқанның ілмегі арқанның бос ұшын өру жолымен сына бекітпені қолданумен, қысқыштарды орнатумен немесе басқа тексерілген әдіспен орындалады.
Жүк көтергіш механизмде арқанның ұшын бекіту болаттан жасалған қақталған, қалыпталған, құйылған конусты төлкеде сынамен немесе тез балқығыш қорытпаны құю жолымен, немесе басқа тексерілген әдіспен жүргізілуі тиіс. Пісірілген төлкелерді қолдануға тиым салынады. Құрылымдарында, төлкелер мен сыналарды оларға арқан қажалатын өткір жиектері болмайды.
530. Қолғапсыз арқандармен жұмыс істеуге болмайды.
531. Жұмыс процессінде болаттан жасалған арқандармен жүк асып қоятын арқандардың күйлеріне үнемі бақылау жасалынады.
532. Болаттан жасалған арқандармен жүк асып қоятын арқандардың іске жарамсыздығы өрудің бір қадам ұзындықтағы үзілген сымдар саны бойынша және олардың тозғаны бойынша анықталады (10 қосымша).
533. Биркалары жоқ жүк асып қоятын арқандар, келесілер:
1) үзілген тұтам;
2) үзілген немесе сыртқа қысып шығарылған өзекше;
3) сырт бетінің тозуы немесе коррозия 40 % және одан аса;
4) өрілген қадамдағы үзілген сымдар саны тиістіден көп болса;
5) ілгектерде немесе сақиналарда жарықшақтар немесе олардың тозуы 10 % және одан аса;
6) жағылғандар, жаншылулар, ширатулар және басқада механикалық бұзылулар болғанда жарамсыздыққа жатады.
534. Жүк көтергіш механизмдер жабдықталған болаттан жасалған арқандар осы механизмдермен салмақ астында сынаумен бірге техникалық куәландырудан өтеді.
Арқандардың ажыратылмайтын байланыстары (керу үшін темір арқанды, созылғыштарды және тартқыштарды бекіту түйіндері) дайындалғаннан кейін нормативтік құжаттамаларға сәйкестігі тексеріледі және 25 % нақтыдан (жұмысты) асатын күшпен 10 минут бойы сыналады және тексеру мен сынау нәтижелері журналға жазылады.
535. Болаттан жасалған арқандар майланып және бухталар немесе орауыштарға оралып құрғақ және жақсы желдетілетін бөлмелерде ағаш төсеулерде немесе астарларда сақталады.
536. Арқандар ілмектер мен түйіндер болмайтындай етіліп тарқатылады және оралады.
537. Жұмыс істейтін арқан мерзім сайын майланады. Арқандар (жаңалары да, пайдаланудағылары мен сақтаудағы да)оларды мүжілуден және төмендегідей мерзімде тозудан қорғайтын графит майымен майланады:
1) жүк (полиспаста) – 1 айда кемінде 1 рет;
2) чалоч және жүк асып қоятын арқандар – 1,5 айда кемінде 1 рет;
3) тербегіштер – 3 айда кемінде 1 рет;
4) қоймада сақталатындар – 6 айда кемінде 1 рет.
6 параграф. Шынжырлар
538. Жүк көтергіш машиналарында қолданылатын пластиналы арқандар МСТ 191 «Пластиналы жүк арқандары. Техникалық шарттар» мен МСТ 588 «Пластиналы тартылыс шынжырлары. Техникалық шарттарына» сәйкес болады.
539. Жүк ретінде және жүк асып қоятын арқандарды дайындау үшін дәнекерленген және басылған шынжырлар МСТ 228 «Якорь шынжырлары. Жалпы техникалық шарттарға» сәйкес болады.
540. Дәнекерленген калибрлі шынжырлар жүк және тартылыс, дәнекерлеген калибрленбеген МСТ 588 бойынша тартылыс ретінде басты түрде қолданылады. Пластиналы шынжырлар МСТ 191 жүк ретінде қолданылады.
541. Жүк көтергіш машиналарында қолданылатын пластиналы шынжырлардың төзімділігі қорының коэффициенті машина жетегінде бұзылу жүктемесіне қатысты кемінде 5 және қол жетегінде кемінде 3 болады.
542. Дәнекерленген және басылған жүк шынжырлары мен жүк асып қоятын арқандар,а арналған шынжырлардың төзімділігі қорының коэффициенті бұзылу жүктемесіне қатысты 8 қосымшаның 3 кестесінде көрсетілгеннен кем болмайды.
Дәнекерленген немесе басылған шынжырлардың буындарының тозуы шынжыр дайындауға теріс жолына плюс (калибрдің) бастапқы диаметрінен 10 % аспайды.
543. Шынжырларды жасанды түрде ұзарту жаңадан орнатылған буындарды немесе қосқыш буындардың көмегімен электрлік немесе кен ұстасымен дәнекерлеу арқылы жүргізіледі. Жасанды түрде ұзартылғаннан кейін шынжыр тексеріледі және осы Талаптың 430 тармағының талаптарына сәйкес жүктемемен сыналады.
544. Жүк көтергіш машиналарында және жүк асып қоятын арқандарды дайындау үшін қолданылатын шынжырлар мемлекеттік стандарттың талаптарына сәйкес дайындалғанына оларды сынау туралы дайындаушы зауыттың сертификатымен жарақталады.
Көрсетілген сертификат болмаған жағдайда бұзылу жүктемесін анықтау және өлшемдердің мемлекеттік стандартқа сәйкестігін тексеру үшін шынжырлардың үлгілерін сынау жүргізіледі.
545. Шынжырлардағы жүк асып қоятын арқандарды техникалық куәландыру және тексеру тәртібі осы Талаптың 1 және 2 параграфының талаптарына сәйкес болады.
546. Шынжырлар асылған күйде немесе олардың механикалық зақымдануын және мүжілуін болдырмайтын жағдайда жабық үй-жайларда сақталады.
7 параграф. Өсімдік және синтетикалық талшықтардан жасалған арқандар мен баулар
547. Жүк көтергіш тетіктермен жұмыс істеу кезінде кендір арқандарды жүк асып қоятын арқандарды дайындау үшін қолдануға болады. Бұл ретте олардың төзімділік қорының коэффициенті кемінде 8 болады.
Кендір арқандар МСТ 30055 «Кендір арқандар. Техникалық шарттарға» сәйкес болады.
Көрсетілген арқандардан басқа такелаж жұмыстары кезінде сизаль ЕН 1088-2002 «Сизаль арқандар. Техникалық шарттар» бойынша, капрон – МСТ 30055 «Полимер материалдарынан жасалған және аралас арқандар. Техникалық шарттар», баулар мен жіптер қолданылады. Баулар мен жіптер МСТ 1868 «Қабық талшықтарынан жасалған жіп. Техникалық шарттар», мақта матасынан жасалған баулар МСТ 2297 «Техникалық жинақталған баулар. Техникалық шарттар» бойынша дайындалады.
Жүк асып қоятын арқандарды дайындау үшін және такелаж жұмыстары кезінде қолданылатын арқандар, баулар және жіптер инвентарлық нөмірі, шекті жүк көтергіштігі мен кезекті сынақ мерзімі көрсетілген биркалармен (жапсырмалармен) жарақталады.
Паспорттармен жарақталмаған алынған арқандар мен баулар пайдалану алдында тексеріс пен сынақты қамтитын, ол жөнінде «Такелаж құралдарын, тетіктері мен бұйымдарын есепке алу және тексеру журналында» жазылатын техникалық куәландыруға тартылады.
Пайдалану кезінде техникалық куәландыру 6 айда 1 рет жүргізіледі.
548. Құрғақ бөлмелерде жұмыс істеу үшін сіңірілгендеріне қарағанда көбірек жарылу төзімділігі бар, бірақ ылғалдың әсерінен жылдам бұзылатын арқандар, ал ылғалдылығы жоғары немесе ауыспалы жағдайларда жұмыс істеу үшін сіңірілген арқандар немесе синтетикалық талшықтардан жасалған арқандар қолданылады.
549. Арқандар мен баулар тікелей күн сәулесінің, майдың, бензиннің, керосиннің және өзге де еріткіштердің түсуінен қорғалған жабық құрғақ бөлмелерде аспалы күйде немесе ағаш стеллаждарда жылу беру аспаптарынан кемінде 1 м қашықтықта сақталады.
550. Арқандардың ұштары егер олар жүктерді байлау үшін қолданылмаса, шөміштермен, қысқыштармен және басқа да жүк қарпу бұйымдарымен жарақталады.
Кендір арқандарда ілмектерді өру кемінде екі толық және екі жартылай тескіштен болады және клеттеледі.
551. Синтетикалық және басқа да материалдан жасалған жүк асып қоятын арқандарды қолдану мүмкіндігі мен шарттарын осындай жүк асып қоятын арқандарды пайдаланатын ұйымдар белгілейді.
Жүк асып қоятын осы арқандарды есептеуге, дайындауға, сынауға және істен шығаруға салалық стандарт әзірленеді.
552. Арқандарды тексеру кезінде шіріктердің, күйіктердің, көгерген жерлердің, тораптарында қабыршақтардың, ағаттықтардың, үзілген жерлердің тіліктер мен басқа да ақаулықтардың болмауына көңіл аударылады. Арқанның әрбір орамы жақсылап тарамдалады, бұранда тегіс болады.
Керме үшін қолданылатын кендір арқандарда үйкелген немесе түтеленген иірімдерді пайдалануға болмайды.
Тексеріс нәтижелері қанағаттанарлықтай болған кезде жұмыс жүктемесінен екі есе артық жүктемемен арқанды статикалық сынау жүргізіледі. Жүктеме динамометрді пайдалана отырып, жүкпен немесе тартылыс тетігімен құрылады. Сынақтың ұзындығы 10 минут.
553. Пайдалану кезінде арқандар мен баулар 10 күн сайын тексеріледі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арқандар мен бауларға оларды көтеру қабілетін төмендетуге сәйкес шекті жұмыс жүктемесі төмендетіледі. Арқанның төзімділігін төмендету тексеру немесе сынау арқылы анықталады.
554. Арқандарды, бауларды және жіптерді техникалық куәландыру мен тексеруді тіркеу, датасы және нәтижелері «Такелаж құралдарын, тетіктер мен бұйымдарды есепке алу және тексеру журналына» жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |