2 бөлім 1 тарау. Жабдық 1 параграф. Жалпы талаптар


параграф. Ағаш өңдеуге арналған токарлық станоктар



бет3/12
Дата11.06.2016
өлшемі1.97 Mb.
#127887
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

15 параграф. Ағаш өңдеуге арналған токарлық станоктар
218. Токарлық ағаш өңдеу станоктары осы Ереженің 1 және 2 параграфының талаптарына, МСТ 12.2.026.0 «Ағаш өңдеу жабдығы. Токарлық және дөңгелек таяқты станоктары. Қауіпсіздік талаптарына» сәйкес болады.

219. Ірі өлшемді дайындамаларды өңдеу кезінде өңделетін дайындаманы көтеруге, орнатуға және алуға арналған аспап қолданылады.

Ұзындығы 800 мм астам бөлшектерді өңдеу үші токарлық станоктар алмалы-салмалы люнеттермен қамтамасыз етіледі.

220. Қырланған бөлшектерді шлифтеу үшін станоктар қалыптар қамтамасыз етіледі.

221. Тура құрылғылармен жабдықталған станоктарда орталықта жұмыс істеген кезде (шайба алынған кезде) шпиндель қоршауы қарастырылады.

222. Тұтқаны токарлық станокқа бекіту құрылымы жұмыс кезінде оның өздігінен ығысуын болдырмайды.

223. Жапсырылған бөлшектерді өңдеу кезінде алдыңғы тарақтар мен артқы орталықтар үшін қатты металл тірек пластинкалар қолданылады.

224. Тұтас бөлшектерді ұштау кезінде сыртқы жылдамдығы 15 м/с аспайды, жапсырма бөлшектердің жылдамдығы 10 м/с аспайды.

225. Станоктар өңдеу аймағында орнатылатын тозаң қабылдағыштармен және топсалы-жылжымалы экрандармен жабдықталады.

Станоктарда планшайбаларды ауыстыруға арналған шпиндель іркілген кезде станокты іске қосуды болдырмайтын бұғаттағыш құрылғысы қарастырылады.



16 параграф. Ағаш өңдеуге арналған шлифтеу станоктары
226. Шлифті ағаш өңдеу станоктары осы Талаптың 1 және 2 параграфының талаптарына, МСТ 12.2.026.0 «Ағаш өңдеу жабдығы. Шлифтеу станоктары. Қауіпсіздік талаптарына» сәйкес болады.

227. Шлифті қабатты (цилиндрді, дискілерді, бобиналарды, шкивтерді және жанышқышты) көтеретін жұмыс органдары теңгеріледі.

Шекті дисбаланс пен теңгеру жағдайлары (статикалық немесе динамикалық) зауыт нұсқауларында көрсетіледі.

228. Станоктардағы шлифті қабықша анти статикалық құраммен сіңіріледі, ал станоктардың статикалық электр зарядтарының жиналу мүмкіндігін болдырмайтын құрылғылары болады.

229. Үзілген, жақсылап желімденбеген немесе шлифті қабаттарының жиектері тегіс емес станоктарды пайдалануға болмайды.

230. Таспалы станоктарда шливті таспаның жапсырмасының қосылған жігі оның сыртқы (жұмыс) жағы оның қозғалысына кері бағытта болатындай етіп орындалады.

231. Цилиндрлік станоктарда шлифті қабатты бекіту құрылымы оның цилиндрге толықтай орналастырылуын, жиналған жерлері мен шығыңқы жиектерінің болмауын және сенімді ұзартылуын қамтамасыз етеді. Цилиндрдегі қосу орындарындағы қаптамалардың жоғарғы жабын шеті цилиндрді айналдыру бағытына қарсы жағына қаратылады.

232. Дискілі станоктарда шлифтеу қабатының ені станоктың диаметріне сәйкес болады. Шлифтеу қабаты дискіге мықтап бекітіледі және жиектерден шығыңқы бүрмелері мен өзге де ақаулары болады.

233. Таспалы станоктардың жұмыс барысында шлифтеу таспасының тұрақты керілуін қамтамасыз ететін құрылғысы болады.

234. Станоктардағы диаметрі 750 мм шлифтеу дискісінің жылдамдығы шеткі орындарда 38 м/с аспайды.

Таспалы станоктарда шойын шлифтерін қолдану кезінде шлифтеу таспаларының жылдамдығы 30 м/с аспайды.

235. Кең таспалы станоктарда шлифтеу таспалары толығымен жабылады.

Таспасы тар станоктарда шлифтеу таспасының жоғарғы (жұмыс) бөлігі қоршалады.

236. Шкифтер мен таспалардың, цилиндрлердің, дискілердің және щеткалы біліктердің жұмыс істемейтін бөлігінің қоршау құрылғылары тиімді түрде тозаң жоюды қамтамасыз ететін пневмо жүйенің тозаң қабылдағыштарымен біріктіріледі.

237. Ұсақ немесе қисық сызықты бөлшектерді шлифтеу кезінде жұмысшының қолының жарақаттану мүмкіндігін болдырмайтын арнайы бұйымдар қолданылады.

238. Станоктардың сорғы желдеткіші ажыратылған кезде, түтікшелер мен қоршау қақпақтары алынған және ашылған кезде станоктың іске қосылуын болдырмайтын бұғаттағыш құрылғылары болады.

239. Кең таспалы станоктардың шлифтеу таспасы біліктерінің қоршауларының есіктері ашық болған, шлифтеу агрегатының консоль аралықтары бекітілмеген кезде станоктың іске қосылуына мүмкіндік бермейтін және осы Талаптың 238 тармағында тізбектелген, таспа шлифтеу агрегатынан жылжыған немесе ол үзілген кезде станоктың айналып тұрған бөліктері тоқтаған жағдайда станокты ажырататын бұғаттау құрылғысы болады.

240. Байланыстырушы білігі бар кең таспалы станоктардың беріліс жағынан лақтырындыға қарсы құрылғысы болады.

241. Цилиндрлік станоктардың қалыңдығы бойынша ауытқушылықтары бар дайындамаларды өткізу кезінде станокты ажыратуды, конвейерді механикалық орналастыру жетегі мен оларды қолмен орналастыру кезінде берілетін біліктердің іске қосылу мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз ететін бұғаттағыш құрылғысы болады.

242. Бобинасы бар дискілі станоктардың шлифтеу станоктары мен бобинаның бір мезгілде жұмыс істеу мүмкіндігін болдырмайтын бұғаттағыш құрылғысы болады.

243. Қос дискілі станоктардың шлифтеу дискілерін қосу екі жұмыс орнынан «Іске қосу» түймесін бір мезгілде басу кезінде, ал ажырату әрбір жұмыс орнынан жүзеге асырылады.

17 параграф. Ағаш өңдеуге арналған бұрғылау және қашау станоктары
244. Бұрғылайтын және қашайтын ағаш өңдеу станоктары осы Талаптың 1 және 2 параграфтарының, МСТ 12.2.026.0 «Ағаш өңдеу жабдығы. Бұрғылау және қашау станоктары. Қауіпсіздік талаптары» талаптарына сәйкес болады.

245. Кесетін аспаптарды дайындамаға тереңдету кезінде олардың қоршаулары аспаптың қалған бөлігін жауып тұрады, ал ол дайындамадан шыққан кезде ол толығымен қоршалады. Бұрғы патронмен бірге қоршалады.

246. Бұрғылау станогының кесетін аспабын бекіту құрылымы оның нақты орталықтандырылуын қамтамасыз етеді.

247. Қашау станогының суппортының шектегіш тіректері немесе соңғы ажыратқыштары болады.

248. Шынжырлы қашау станоктарындағы кесу шынжыры сызғыш пен 0 Н күшінде сызғыштан оның орталығы бойымен тартылған шынжыр арасындағы аралық шамамен 3-5 мм болатындай етіп тартылады.

18 параграф. Ағаш өңдеуге арналған тиектеп кесу станоктары
249. Тиектеп кесу станоктары осы Талаптың 1 және 2 параграфтарында баяндалған, МСТ 12.2.026.0 «Ағаш өңдеу жабдығы. Тиектеп кесу станоктары. Қауіпсіздік талаптарына» сәйкес болады.

250. Станоктар өңделетін материалдың ығысуы мен лақтырындысын болдырмайтын қолданыстағы қыспалы құрылғылармен сенімді түрде жарақталады.

«Айыр құйрық» түріндегі станоктарда фрезалар жұмыс істемейтін жағынан сақтандыру аспақтарымен қоршалады. Қыспалар тұтас ені бойымен өңделетін бөлшекті жұмыс күйінде бекітеді.

251. Екі жақты тиек кесу рамалы станокта жылжымайтын баға жағынан кесетін араның алдында кесу аспабына қатысты станокқа берілетін дайындамалардың қалпын реттейтін тректер орнатылады.

252. Рамалы екі жақты тиектеп кесу станоктары автоматты іске қосқыштармен жабдықталады және конвейерден өңдеген материалдарды қабылдайтын көлбеу жазықтықтары болады.

253. Тура тиекті жәшікке арналған станоктарда кесетін бастиектің қоршауы қалыңдығы 3 мм болат табақтан дайындалады. Қоршауды шойын мен пластмассадан дайындауға болмайды.

254. Станоктың әрбір табанының бастиегі жеке электр жетегінен айналдырылады. Барлық электр қозғалтқыштары бір жалпы «Тоқтату» түймесінен ажыратылады.

255. Беру тетігінің іске қосу құрылғысы кесу тетіктерінің біреуі болса да істен шыққан кезде дайындаманы беру тоқталатындай етіп, кесу тетіктерін іске қосу құрылғыларымен бұғатталады.



19 параграф. Верстактар
256. Верстактардың қатты және төзімді, тұрақты құрылымы болады. Верстактың беті көлденең болады, болат табақпен қапталады, дөңестері, қабыршақтары болмайды және таза күйінде ұсталады. Верстактың қақпағының астында ұяшықтар қатарына бөлінген жылжымалы жәшіктері мен аспаптарды, дайындамаларды, ұсақ бөлшектер мен құжаттаманы сақтауға арналған сөрелері болады. Верстактың ені 750 мм, биіктігі 800 - 900 мм болады, ұзындығы жергілікті жағдайларға байланысты анықталады.

257. Жақын жерде жұмыс істеп тұрған персоналды металл ұшпалы бөліктерінен (мысалы, кескішпен жұмыс істеу кезінде) қорғау үшін биіктігі кемінде 1 м тұтас немесе ұяшықтары 3 мм аспайтын тордан жасалған қорғағыш экран орнатылады. Верстакта екі жақты жұмыс істеу кезінде экрандар верстактың ортасында орнатылады.

Жабдықты жөндеу жөніндегі шеберханада тасымал экрандарды пайдалануға болады және қасында тұрған жұмысшының жағына металл бөліктерінің ұшуы мүмкін жұмыстарды орындау кезінде ғана орнатылады.

258. Верстактардың қысқыштары олардың еріндері жұмысшының шынтағының деңгейінде болатындай етіп бекітіледі.

Верстактардағы қысқыштардың шүлдіктерінің арасындағы қашықтық өңделетін бөлшектердің өлшемдеріне сәйкес болады, бірақ 1 м кем емес. Қысқыштар бұйымның сенімді қыстырылуын қамтамасыз етеді.

259. Қысқыштардың еріндерінің болат ауыспалы тегіс аспақтарының жұмыс бетінде іске қосылмаған бақылағышы болады. Аспап айқастырмалы, 2-3 мм адымды және тереңдігі 05-1 мм болады.

Қысқыштар жабық болған кезде ауыспалы тегіс аспақтардың жұмыс беттері арасындағы саңылау 0,1 мм аспайды.

260. Қысқыштардың жылжымалы бөліктері іркіліссіз, секірмесіз орналастырылады және қажетті жағдайда сенімді түрде бекітіледі.

261. Қысқыштардың мен жапсырма аспақтардың тұтқасында жапырылған жерлері мен қабыршақтары болмайды.

262. Білік бастиегі тесігінің екі жағынан жұмысшының қолының қысылып қалуынан сақтандыру үшін шеңбері болады.

263. Қысқыштар сомыннан жүріс бұрандасының толықтай бұралуын болдырмайтын құрылғымен жарақталады.

264. Верстак үшін биіктігі мен ұзындығы бойынша және шамның көлбеу бұрышының өзгерістерімен реттелетін кернеуі 42 Вольттан аспайтын қыздыру лампалары бар жергілікті тұрақты жарықтандыру қарастырылады. Шам жарық ағынын өңделетін материалға бағыттайтын жарық түсіретін шағылыстырғыш қолданылады.



2 тарау. Аспап

1 параграф. Абразивті және эльбор аспабы
265. Абразивті және эльбор аспабы МСТ 12.3.028 «Абразивті және эльбор аспабымен өңдеу үдерістері. Қауіпсіздік талаптарына» сәйкес болады.

Қайралған және шлифтеу станоктары осы Ереженің 1 тараудың 1 параграфының жалпы талаптарына сәйкес болады.

266. Диаметрі 250 мм және одан астам шлифтеу және кесу шеңберлерінде (эльбордан басқа), қолмен басқарылатын шлифтеу машиналарында жұмыс істеуге арналған шлифтеу шеңберлерінде түрлі-түсті жолақтар орналастырылады: сары – жұмыс жылдамдығы 60 м/с шеңберлерде, қызыл – 100 м/с, жасыл және көк – 120 м/с.

Түрлі-түсті жолақтарды заттаңбаға оның шеңбермен мықтап бекіткен жағдайда жағуға болады.

267. Әрбір шеңбер сынақ жылдамдығы кезінде сыналады және тексеріледі. Сынақ жүргізілгеннен кейін шеңберге шекті жұмыс жылдамдығы туралы қызыл түсті белгі қойылады және жұмыс істемейтін бетінде шеңбер сынағының реттік нөмірі, сынақ мерзімі, шартты белгісі көрсетілген немесе сынақ жүргізген адамның қолы қойылған жапсырма жапсырылады. Бетінде сызаттары бар, эльбор құрамының қабаттары ашылған, механикалық төзімділігіне сынақ жүргізу туралы белгісі жоқ және сақтау мерзімі өткен шеңберлерді пайдалануға болмайды.

268. Диаметрі 125 мм және одан астам, жұмыс жылдамдығы 50 м/с артық шлифтеу шеңберлері, диаметрі 250 мм және одан астам шеңберлер планшайба құрамында станокқа орнатар алдында теңгеріледі.

Бірінші түзеткіштен кейін немесе жұмыс барысында шеңбердің дистеңгерімін анықтау кезінде оның қайта теңгеру жүргізіледі.

269. Майлау-салқындату сұйықтығын (әрі қарай - МСС) пайдалануға арналған аспапта МСС-сыз жұмыс істеуге болмайды. МСС шеңбердің механикалық төзімділігін төмендетпейді және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат береді.

Салқындатқыш сұйықтықтарын пайдалана отырып, жұмыс істейтін шлифтеу станоктары өңдеу аймағынан зиянды аэрозольдерді сору үшін топтық немесе жеке қондырғылармен жабдықталады.

270. Жұмыс аймағындағы ауада тозаң түзілетін шлифтеу және қайрау станоктары тозаң сору құрылғыларымен жабдықталады.

271. Аспапты пайдалану алдында төмендегідей жылдамдықтағы бос жүрісте жұмыс істейді:

1) диаметрі 150 мм дейін шеңберлер (эльбордан басқа) – кемінде 1 минут;

2) 150 мм астам және 300 мм дейін – кемінде 2 минут;

3) орган және металл байламалардағы эльбор шеңберлері – кемінде 2 минут.

272. Қолмен беру кезінде аспаптың жұмыс жылдамдығы 30 м/с аспайды.

Аршу станоктарында қолмен беру кезінде немесе қолмен шлифтеу машиналарымен жұмыс істеу жұмыс жылдамдығы 80 м/с аспайды.

273. Металл шпилькаларға, керамикалық және бакелит байламаларға жапсырылған шлифтеу бастиектерінің жұмыс жылдамдығы 25 м/с аспайды.

274. Металл шпилькаларға жапсырылған шлифтеу бастиектерінің шекті орындарда 0,3 мм астам соққысы болады.

275. Шлифтеу машинасының жұмысы басталғанға дейін қорғағыш қаптамасы шеңберді қолмен айналдырған кезде ол қаптамамен жанаспайтындай етіп бекітіледі.

276. Қорғағыш қаптамасысыз металл шпилькаға жапсырылған диаметрі 30 мм дейін шлифтеу бастиектері бар машиналарда жұмыс істеуге болады. Бұл жағдайда қорғағыш қалқандары мен көзілдіріктер қолданылады.

277. Пневматикалық шлифтеу машинасының білігіне Абразивті аспапты орнату кезінде ендірме бос болады; шеңбер мен фланецтер арасына қалыңдығы 0,5-1 мм икемді төсемдер орнатылады.

278. Керамикалық және бакелит байламалардағы шлифтеу шеңберлері, дискілер мен бастиектер шпинделді айналдыру жиілігі мен машинаның түріне байланысты алынады.

279. Қол машиналарына бакелит немесе вулканит байламасында дайындалған және металды тілу және кесу үшін арналған шеңберлерді орнатуға болмайды.

Металл тілу немесе кесу жұмыстарын осы мақсаттағы қол электр машиналарымен орындау кезінде МСТ 23182 «Қол машиналарына арналған шлифтеу шеңберлері. Техникалық шарттар» мен қолмен шлифтеу машиналары паспортының деректеріне сәйкес шеңберлер қолданылады.

Қолмен шлифтеу машиналары үшін шеңбер маркасы мен диаметрін таңдау шлифтеу машинасының бос жүрісіне сәйкес келетін ең жоғарғы ықтимал айналдыру жиілігінің негізінде жүргізіледі.

280. Егер шеңбердің бүйір (кесетін) қабаттары осы жұмыс түрлерін жүргізуге арналмаса, онымен жұмыс істеуге болмайды.

281. Ұзын бөлшектер (l/d≥8) люнеттерді пайдалана отырып, дөңгелек шлифті станоктарда шлифтенеді.

282. Іске қосылу салдарынан шеңбер диаметрін азайту кезінде оны айналдыру жиілігін ұлғайтуға болады, бірақ осы шеңбер үшін шекті жұмыс жылдамдығынан аспауы тиіс.

283. Шлифтеу станогының бір шпинделінде екі шеңбермен жұмыс істеу кезінде олардың диаметрлері 10 % артық емес ажыратылады.

284. Негізгі диаметрі 6 мм және одан астам іске қосылған шлифтеу шеңберлерінің шекті рұқсат диаметрі төмендегі мәндерге сәйкес болады, мм:

Шеңберді бекіту түрі (МСТ 2270 бойынша):

диаметрі d шпинделде d+2

бастиек диаметрі d2 вантада d2+2

бастиегі бар білік диаметрі d2 шпинделде d2+10

диаметрі d1=d2 фланецті шпинделде (қаптамада) d1+10

диаметрі d1=d2 ауыспалы фланецтерде d1(d2)+20

285. Ұшталатын зат шеңбер бір қалыпты, соққысыз келтіріледі; шеңберді күш келтірмей басқан жөн.

286. Айналып тұрған шеңберді оған қандай да бір затты басып тежеуге болмайды.

287. Шеңберлерді түзету түзеткіш аспаптармен орындалады.

288. Аспапты орнату үшін қолданылатын бұйымдар аспаптың станок шпинделімен бір шүлдікте болуын, ұзындығы бойынша сегменттердің оның ұзындығынан кем емес қысылуын қамтамасыз етеді. Шеңбер тесігі мен ендірме тесік диаметріне өткізу шегіндегі ендірме орындары арасындағы саңылау МСТ 2424 «Шлифтеу шеңберлері. Техникалық шарттар», МСТ 21963-2002 «Кесу шеңберлері. Техникалық шарттар» бойынша және ендірме МСТ 2270 «Абразивті аспап. Бекіту элементтерінің негізгі өлшемдері» бойынша болады.

Аспапты орнатуға арналған құрылым мен бұйымның материалы аспаптың сенімді түрде бекітілуін қамтамасыз етеді.

289. Шеңберді бекіту кезінде сомын кілттеріне ендірмелер мен соққы аспабын пайдалануға болмайды.

290. Бұйымдарды қолмен беретін станоктарда шлифтеу шеңберлерінде өңделетін бөлшектерді басу күшін арттыру үшін рычагты пайдалануға болмайды.

291. Ұсақ бөлшектер қолдың жарақаттану мүмкіндігін болдырмайтын бұйымдар мен қаптамаларды пайдалана отырып, жылтылдатылады және шлифтенеді.

Орташа және ірі бөлшектермен мақсат матасынан жасалған қолғаптар киіп жұмыс істейді.

292. Станокқа қатты бекітілмеген бұйымдарды шлифтеу шеңберлерімен өңдеу кезінде тіректер пайдаланылады. Тіректер жылжымалы болады, олардың құрылымы қажетті күйде орнатуды және бекітуді қамтамасыз етеді. Екі тіректі станоктарда оларды орналастыру тәуелсіз болады. Жұмыс істеу кезінде тіректердің орнын ауыстыруға болмайды.

Тіректердің өңделетін бұйымның тұрақты қалпын қамтамасыз ететін жеткілікті өлшемдегі алаңы болады. Оларды бұйымның шлифтеу шеңберімен жоғарғы жанасу нүктесі шеңбердің орталығы арқылы өтетін көлденең жазықтығынан жоғары, бірақ 10 мм аспайтындай етіп орнату қажет.

Тірек жиегі мен шлифтеу шеңберінің жұмыс қабаты арасындағы саңылау шлифтенетін бұйымның қалыңдығының жартысынан кем болады, бірақ 3 мм аспайды.

Тіректердің жиектерінде шлифтеу шеңберінің жағынан шұңқырлардың, сынықтар мен өзге де ақаулардың болуына жол берілмейді.

293. Электр магнитті плиталары бар станоктар плитаға электр энергиясын беру тоқтаған кезде үстел мен шлифтеу үстелін тоқтататын бұғаттағыш құрылғылармен жабдықталады.

294. Шлифтеу станогының электр қозғалтқышын ауыстыру немесе жетектің өткізу айырмасын өзгерту кезінде станок паспортында тиісті жазба жазылады.

295. Абразивті және эльбор аспабы мен оны бекіту элементтері (бұрандалар, сомындар, фланецтер және басқалары) станокқа берік бекітілген қорғағыш қаптамалармен қоршалады.

Жұмыс жылдамдығы 100 м/с дейінгі шлифтеу шеңберлеріне арналған қорғағыш қаптамалар МСТ 380 «Кәдімгі сапалы көмірсутекті болат. Таңбалар мен жалпы техникалық талаптар» бойынша БСт5, БСтб және ВСтб маркалы табақты көмірсутекті құрылымдық болаттан жасалған дәнекермен және МСТ 1050 «Көмірсутекті сапалы болат. Техникалық шарттар» бойынша 20, 15 түріндегі болаттан немесе МСТ 977 «Құрылымдық қоспасы жоқ және қоспалы болаттардан жасалған құймалар. Жалпы техникалық шарттар» бойынша 25 Л-ІІ және 35 Л-ІІ маркалы болаттан жасалған құйма түрінде дайындалады.

296. Шлифтеу және кесу шеңберлеріне арналған қорғағыш қаптамалардың қабырғаларының пішіні мен қалыңдығы МСТ 12.3.028 «Абразивті және эльбор аспабымен өңдеу үдерістері. Қауіпсіздік талаптарына», қолмен басқарылатын пневматикалық және электрлік шлифтеу машиналарында жұмыс істеу кезіндегі шеңберлерді қоршау үшін МСТ 12634 «Қолмен басқарылатын пневматикалық шлифтеу машиналары. Техникалық шарттарға» сәйкес болады.

297. Доға мен болат табағынан дайындалатын қорғағыш қаптаманың бүйір қабырғалары биіктігі бүйір қабырғаның қалыңдығынан кем емес тұтас күшейтілген жікпен дәнекерленеді. Дәнекерлен жіктің балқымалары мен күйіктері болмайды. Жіктің сыртында және жіктің айналасында сызаттарының, дәнекерленбеген кратерлерінің, кесіктері мен жік түбінің қосатын жерлерінің болуына жол берілмейді.

Қаптамадағы кесіктердің орындарында түзету үшін және басқа да мақсаттарда орналастыру үшін оның қабырғалары қабырғаның қалыңдығына күшейтіледі. Бұл ретте күшейту ені қабырғаның екі еселік қалыңдығынан кем болмайды.

298. Қорғағыш қаптамалардың орналасуы мен оны аршудың біршама шекті бұрыштары 1-кестеде көрсетілгенге сәйкес болады.




1-сурет – Қорғағыш қаптамалардың орналасуы мен оны аршудың біршама шекті бұрыштары

а) – аршу және ұштау станоктарында қолданылатын шеңберлер үшін;

б) – өңделетін бөлшектерді шеңбер шүлдігінен төмен орналастыру кезінде аршу және ұштау станоктарында қолданылатын шеңберлер үшін;

в) – шеңбер шлифтеу, орталықтандырмай шлифтеу және қайрау станоктарында қолданылатын шеңберлер үшін;

г) – шеңбердің ең шекті нүктесінде жұмыс істейтін тегіс шлифтейтін қайрау станоктарында қолданылатын шеңберлер үшін;

д) – иілгіш білікті тасымал станоктарда, аршитын тербелмелі (маятникті) рамасы бар және қайрау станоктарында қолданылатын шеңберлер үшін;

е) – өз нүктесінен біршама жоғары жұмыс істейтін шеңберлер үшін.


299. Сақтандыру қалқаншалары жоқ қаптамалар үшін станок шпинделінің шүлдігі арқылы өтетін көлденең жазықтықта аршу бұрышы 30°аспайды. Аршу бұрышы 30° астам болған кезде қалқанша мен шеңбер тозған кезде оның арасындағы саңылауды төмендетуге мүмкіндік беретін жылжымалы металл сақтандырғыш қалқаншалары орнатылады.

Қалқаншалардың құрылымы олардың әр түрлі жағдайларда орналасуын және бекітілуін қамтамасыз етеді. Жылжымалы сақтандыру қалқаншасының ені қорғағыш қаптаманың қос тілікті қабырғалары арасындағы қашықтықтан артық болады. Қалқаншаның қалыңдығы қорғағыш қаптаманың цилиндрлік бөлігінің қалыңдығынан кем болмайды. Қалқаншаларды шеңбер тоқтағаннан кейін орналастыруға болады.

300. шеңбер мен жылжымалы құрамның жоғарғы аршу жиегінің арасындағы, шеңбер мен сақтандыру қалқаншасының арасындағы саңылау 6 мм аспайды.

301. Осы станокта қолданылатын жоғарғы биіктіктегі шеңберді бекіту үшін қорғағыш қаптаманың бүйір қабырғасы мен фланецтері арасындағы саңылау шамамен 5-10 мм болады. Қорғағыш қаптаманың алмалы-салмалы қақпағы жұмыс істеп тұрған кезде мықтап бекітіледі.

302. МСТ 2424 бойынша ПР, ПН, К, ЧЦ түріндегі шеңберлер және кертік шлифтеуге арналған сегмент шеңберлер қорғағыш қаптамалармен қоршалады. Аспаптың қаптамадан шығыңқы бөлігі оның биіктігінен 50 % аз болады, бірақ: ПР, ПН, К, ЧЦ және ЧК үшін – 25 мм, сегмент шеңберлер үшін 40 мм аспайды.

Жұмыс сипаты бойынша шеңбер 25 мм астам шығыңқы болатын тісті шлифтеу және өзге де станоктарда жұмыс аймағын қосымша қоршау қарастырылады.

303. Жұмыс істеген кезде шлифтеу бұйымдары қолмен ұсталатын шеңбердің айналдыратын көлденең шүлдігі бар шлифтеу және қайрау станоктары қалыңдығы кемінде 3 мм сынығы жоқ материалдан жасалған байқау терезелері бар қорғағыш экранмен жабдықталады. Экранды ашу станок шпинделін іске қосқышпен бұғатталады. Тұрақты қорғағыш экранды пайдалану мүмкін болмаған кезде түссіз соққыға төзімді корпусы бар жалаңаш қалқаншалар немесе қарапайым шынылы қорғағыш көзілдірікте қолданылады.

Шеңберге қатысты экран симметриялы орналасады, ал экранның ені шеңбердің биіктігінен 150 мм артық болады. 20° шамасындағы қорғағыш экранның көлбеу бұрышын реттеу мүмкіндігі бұғаттағышты бұзбай қамтамасыз етіледі.

304. Станоктар мен шлифтеу шеңберлерін қайрауға арналған құрылғыларда шлифтеу шеңберлері мен түзеткіш аспаптарының жұмыс бөлшектерін шашыранды бөліктерінен сақтандыратын қорғағыш бұйымдары болады.

305. Шеңбердің жұмыс жылдамдығы 60 м/с және одан астам шлифтеу станоктарының металл экрандар түріндегі қорғағыш құрылғылары мен шлифтеу кезінде жұмыс аймағын абатын қоршаулары және шеңберді бұру кезінде оның ашық учаскесін жауып тұратын қалқаншалары болады.

306. Шеңберлердің механикалық төзімділігі негізгі өндірістен оқшауланған үй-жайларда орнатылған арнайы стенділерде тексеріледі.

Сынау стенділері іргетасқа мықтап бекітіледі.

307. Стендінің шпинделіне орнатылған сыналатын аспап жұмысшыны шеңбер ықтимал бұзылған кезде оның сынықтарынан қорғауды қамтамасыз ететін камераға орнатылады.

308. Сынақ стенді шпинделді айналдыру жиілігінің көрсеткішімен жарақталады және сынақ камерасы ашық тұрған кезде жетектің іске қосылуын және сынақ жүктемесін алмай камераның ашылуын болдырмайтын бұғаттағышы болады.

Сынақ жылдамдығын орнату кезіндегі шпинделдің айналу жиілігінің ауытқушылығы +5 % аспайды.

309. Сынақ стенді шпинделінің радиал соққысы 0,03 мм аспайды. Шеңберді бекітуге арналған резьбаның бағыты шпинделдің айналу бағытына кері болады.

310. Сынақ стенділерін техникалық тексеру 2 айда кемінде 1 рет жүргізіледі, тексеріс нәтижелері міндетті түрде «Сынақ стендісін техникалық тексеру журналына» жазылады (2 қосымша). Ақауы бар стендіде сынақ өткізуге болмайды.

311. Сынақ кезінде шпиндель толығымен тоқтағанға дейін стендінің сынақ камерасын ашуға болмайды.

312. Сынау алдында шлифтеу шеңберлері тексеріледі. Оларда эльбор құрамының қабаты ашылған жерлерінің және сызаттарының болуына болмайды. Керамикалық байламаның шеңберлерінде сызаттардың болмауы салмағы 150-200 г ағаш балғамен аспалы күйде тарсылдатып білу тексеріледі. Сызаттары жоқ шеңберден таза дыбыс шығады.

313. Шлифтеу шеңберлерінің механикалық төзімділігі 1 кестеге сәйкес бақыланады.

Орган және металл байламалардағы эльбор шеңберлерінің механикалық төзімділігі жылдамдық 1,5 vp болған кезде тексеріледі.
1 кесте


Аспап

Сыртқыдиаметр, мм



Жылдамдық, м/с

жұмыс

vр



сынақ

vи.



Шлифтеу шеңберлері круги

>150

40 дейін

1,5 vи

Керамикалық және органикалық байламаларда,

>30

41-50

1,4 vи

оның ішінде




51-60

1,4 vи

Эльбор және кермикалық байламада




61-80

1,3 vи







81-90

1,2 vи







91-100

1,2 vи







101-120

1,1 vи

Кесу шеңберлері

>250

80 дейін

1,3 vи







81-100

1,2 vи







101-120

1,1 vи

Вулканит байламасындағы иілгіш полирлі шеңберлер

»200

25 дейін

1,3 vи

314. Механикалық төзімділікке сынау кезіндегі шлифтеу шеңберлерін айналдыру уақыты:

1) диаметрі 1000 мм дейінгі шлифтеу шеңберлері үшін – 1,5 минут;

2) 1000 мм астам – 3 минут;

3) керамикалық байламада диаметрі 150 мм эльбор шеңберлері үшін – 1,5 минут;

4) орган және металл байламада – 3 минут;

5) керамикалық байламада диаметрі 150 мм астам эльбор шеңберлері үшін – 3 минут;

6) орган және металл байламада – 5 минут.

315. Химиялық өңдеуге немесе механикалық қайта жаңғыртуға тартылатын шлифтеу шеңберлері (эльбордан басқа), сақтау мерзімі өткен шеңберлер механикалық төзімділігіне қайта тексеріледі.

316. Шеңбер паспортына тұтынушы аспапқа сынақ өткізген адамның қолы қойылған, механикалық төзімділігіне сынақ жүргізген датасын енгізеді, ал шеңбердің жұмыс істемейтін бөлігінде сырмен белгі қойылады немесе сынақ нөмірі мен датасы көрсетілген жапсырма жапсырылады.

317. Сынақ стендісі білігінің екі ұшында бір мезгілде сыналатын шеңберлердің өлшемдері бірдей болады.

318. Шығыршықты қыспалы қабаттардың ені мен сыналатын фланецтердің биіктігі, барлық жұмыс фланецтерінің өлшемдері МСТ 2270 «Абразивті аспап. Бекіту элементтерінің негізгі өлшемдеріне» сәйкес болады. Сынақ кезінде арасында шеңбері бар фланецтерде шығыршықты қыспалы қабаттардың сыртқы диаметрі мен ені бірдей болады. Фланецтер мен шеңбер арасына МСТ 9347 «Төсем картоны мен одан дайындалған қалың төсемдер. Техникалық шарттарға» сәйкес картоннан немесе қалыңдығы 0,5-1 мм басқа да икемді материалдан жасалған төсемдер қойылады.

Төсемдер фланецтердің барлық қыспалы қабатын жауып тұрады және шеңбер бойынша толығымен кемінде 1 мм сыртқа шығыңқы болады. Сынақ стендісіне орнату кезінде шлифтеу шеңберлері орталықтандырылады.

319. Тесіктің диаметрі сынақ стендісінің шпинделінің диаметрінен артық болатын шеңберлерді сынау үшін сыртқы диаметрі шеңбер тесігінің диаметріне тең аралық тығындарды пайдалануға болады. Аралық тығындардың ендірме қабаттарының биіктігі кемінде сыналатын шеңбердің биіктігінің жартысындай болады.

320. Өлшемдері бірдей, бір-бірінен негізгі фланецтердегідей дәл сондай диаметрдегі аралық фланецтермен және дәл сондай шығыршықты қыспалы қабаттармен қашықтатылған бірнеше шеңберлерді бір мезгілде сынауға болады. Бір немесе бірнеше сыналатын шеңберлер жарылған кезде олар ауыстырылады, ал аман қалған шеңберлер қайта сынақтан өткізіледі.

321. Механикалық және химиялық өңдеуге тартылатын шеңберлерде сынақтан соң шекті жұмыс жылдамдығы көрсетіледі.

322. Шеңберлерді сынау нәтижелері тігілген және сургуч мөрімен бекітілген «Абразивті және эльбор аспабын сынау журналына» (3-қосымша) жазылады. Журналдың беттері нөмірленеді.

323. Абразивті аспаптарды, шлифтеу материалдары мен Абразивті пасталарды МСТ 27595 «Шлифтеу материалдары мен Абразивті аспаптар. Орау, таңбалау, тасымалдау және сақтау» тараптарына сәйкес олардың түрлеріне, үлгілеріне және қораптардағы, пакеттердегі, қаптардағы, бөшкелердегі, жәшіктердегі, контейнерлердегі, жәшік табандарындағы маркаларға байланысты тасымалданады. Тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстары кезінде Абразивті аспаптар тез итерілуге, соққыға және ылғал әсеріне тартылмайды. Ылғалдың әсеріне шлифтер материалдары да тартылмайды. Шлифтеу шеңберлерін қоймаларда қолмен тек шеңберлердің зақымдануын болдырмайтын материалдармен жабылған еденде ғана дайындауға болады.

Абразивті аспап пен пасталарды, шлифтеу материалдарын тасымалдау кезінде осы мақсатта контейнерлер мен жабық көлік құралдарын пайдалана отырып, олар атмосфералық жауын-шашынның әсерінен қорғалады.

324. Бакелит және вулканит байламаларда шеңберлерді сақтау мерзімі 6 айдан аспайды. Көрсетілген мерзімі өткен шеңберлерді сақтау кезінде механикалық төзімділігіне сынағаннан немесе қаттылығы тексерілгеннен кейін қолдануға болады.

325. Механикалық төзімділікке сыналған аспапты сақтау кезінде оның зақымдануын болдырмайтын жағдайлар қамтамасыз етіледі.

326. Шеңберлерді кәсіпорын шегінде тасымалдау кезінде олардың зақымдануы болмайды. Шеңберлердің астынан серпінді материалдан (резина, пенопласт, киіз және басқасынан) жасалған буферлік жастықша төселеді. Шеңберлерді тасымалдауға арналған арбалар рессорларда және резина доғалы дөңгелектерде болады. Шеңберлерді тасымалдау кезінде үйінділердің биіктігі 500 мм аспайды. Диаметрі 500 мм және одан астам шеңберлер арасына диаметрі тасымалданатын шеңберлердің диаметрінен кемінде 1/2 және қалыңдығы кемінде 0,5 мм амортизатор төсемдері төселеді.

Аспапты металл бөлшектермен және бұйымдармен бірге тасымалдауға болмайды.

327. Шеңберлерді сақтау тәсілдері 2 кестеде көрсетілгенге сәйкес болады.


2-кесте


Шеңбердің түрі

Шеңбердің сыртқы диаметрі, мм

Сақтау мерзімі

Жәшікте немесе қорапта

Қабырғада

Биіктігі төмендегі мәндерден аспайтын үйінділер, мм

300

600

1000

ПП, ПВ

100 дейін

Х

-

-

Х

-

ПВД, К

100 астам

-

Х

-




Х

2П, 3П

барлық диаметрі

-

Х

-

Х

-

ПН

барлық диаметрі

-

-

-

Х

-

ЧК, ЧЦ,

ПВДС


200 дейін

-

-

-

Х

-

ЧК, ЧЦ,

ПВДС


200 астам

-

-

-

-

Х

Т, 1Т

барлық диаметрі

-

-

Х

-

-

Қол машиналары үшін ПП, ПВ, Д

100 дейін

Х

-

Х




-

100 бастап

-

Х

-

Х

-

Қол машиналары үшін ПП, ПВ, Д

барлық диаметрі

-

-

Х

-

-

Кесілген шеңберлер

150 дейін

-

-

Х

-

-

150-ден 300 дейін

-

-




Х

-

300-ден бастап




-




-

Х

ПП – тура кескінді; ПВ – жонылған; ПВД – екі жағынан жонылған; К – шығыршықты; 2П – екі жақты конустық кескінді; ПН – престелген бекіту элементтерімен; ЧК – тостағанша конустық; ЧЦ – тостағанша цилиндрлік; ПВДС – екі жағынан жонылған және күпшекті; Т және 1Т – тәрелкелі; 5П – ортасы түсірілген




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет