2-деңгей Амбулаториялық жағдайда пациентті бастапқы қабылдау кезінде жалпы тәжірибе дәрігерінің әрекетінің алгоритмін жазыңыз


) тыныс алу ағзаларын зерттеу (өкпе аускультациясы, тыныс алу жиілігін анықтау)



бет43/61
Дата30.01.2024
өлшемі157.72 Kb.
#490247
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61
ВОП 2

8) тыныс алу ағзаларын зерттеу (өкпе аускультациясы, тыныс алу жиілігін анықтау);
9) асқорыту ағзаларын зерттеу (ішперде қуысы ағзаларын, оң қабырға асты аумағын, бауырды, эпигастральдық аумақты, көкбауырды, оң және сол мықын аймақтарын, қасаға үстілік аумақты пальпациялау). Шырышты қабықтардың жай-күйіне, тілдің, қызыл иектің, үстіңгі таңдайдың, тістердің өңезденуіне назар аударылады. Созылмалы уыттану белгілері анықталады (тері жабындарының бозғылттануы, орбиталдық көлеңкелер);
10) зертханалық зерттеп-қарау нәтижелерін бағалау;
11) жыныс ағзаларын қарап-тексеру. 10 жастан асқан қыздарды қарап-тексеру кезінде гинекологиялық анамнезге, шағымдарға, етеккір функциясының бұзылуына ерекше назар аударылады. 12 жастан асқан балаларды қарап-тексеру кезінде түктердің өсу түріне (еркек немесе әйел типі бойынша) назар аударылады. Көрсетілімдер болған кезде қыздар балалар гинекологына жіберіледі;
23.Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын (диспансерлеу)түсіндіріңіз.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 88-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсету Кодекстің 7-бабының 82) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес пациенттің бекітілген жеріне байланысты алғашқы медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмек ұйымдарында жүзеге асырылады.
озылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде МСАК дәрігері:


1) алғашқы қарап-тексеруді, ауруларына шағымдары мен анамнезін жинауды, жазуды;
2) пациентті физикалық қарап-тексеруді;
3) диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін бағалауды;
4) ауруына қарай пациентті өз-өзіне көмек көрсетуге оқыту нәтижелерін бағалауды;
5) дәрі-дәрмекпен және дәрі-дәрмексіз емдеудің жеке жоспарын, пациенттің өзін-өзі бақылау күнделігін қарап-тексеру нәтижелерін, зерттеу деректерін, бейінді мамандардың, СӨС мамандарының ұсыныстарын ескере отырып, түзетуді;
6) аурудың ушығу және (немесе) үдеу белгілері айқындалған кезде, стационарлық жағдайларда медициналық байқау үшін көрсетілімдер болған кезде стационарды алмастыратын және (немесе) стационарлық емдеуге жіберуді;
7) Кодекстің 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес медициналық оңалтуға, медициналық-ақпараттық жүйе болған кезде, электрондық форматта жіберуді;
8) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі – МӘС) жіберу үшін құжаттарды, медициналық-ақпараттық жүйе болған кезде, электрондық форматта ресімдеуге ұсыныстар беруді жүзеге асырады.
4. Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету Кодекстің 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
5. Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсету асқынулардың, аурулардың асқынуларының алдын алу, олардың профилактикасы және аталған адамдарды медициналық оңалтуды жүзеге асыру мақсатында ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде динамикалық байқау арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет