2-деңгей Амбулаториялық жағдайда пациентті бастапқы қабылдау кезінде жалпы тәжірибе дәрігерінің әрекетінің алгоритмін жазыңыз


ҚР-да диспансерлеуді ұйымдастыру жөніндегі негізгі нормативтік-құқықтық актілеріндегі негізгі қағидаттарын түсіндіріңіз



бет48/61
Дата30.01.2024
өлшемі157.72 Kb.
#490247
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61
ВОП 2

32. ҚР-да диспансерлеуді ұйымдастыру жөніндегі негізгі нормативтік-құқықтық актілеріндегі негізгі қағидаттарын түсіндіріңіз.
33. Дәрігерлік-еңбек сараптамасын жүргізуді регламенттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілеріндегі негізгі қағидаттарын түсіндіріңіз.
Нормативтік-құқықтық база
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексі
12-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ САРАПТАМА ТҮРЛЕРІ
57-бап. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы сараптаманың
мынадай түрлері:
1) медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама;
2) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама;
3) әскери-дәрігерлік сараптама;
4) сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар;
5) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама;
6) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техникаға сараптама;
7) ғылыми-медициналық сараптама;
8) аурудың қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауымен байланысына сараптама жүзеге асырылады.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын
беруді және ұзартуды медицина қызметкері адамды тексеріпқарағаннан және науқастың амбулаториялық (стационарлық)
медициналық картасына оны жұмыстан уақытша босату қажеттігін негіздейтін денсаулық жағдайы туралы деректерді жазғаннан кейін жүзеге асырады.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасы
еңбекке уақытша жарамсыздығы белгіленген күнінен бастап мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, еңбекке жарамдылығын қалпына келтірудің бүкіл кезеңі бойына беріледі. Аурулар мен жарақаттар кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері күнтізбелік үш күнге (халықтың тұмаумен қатты сырқаттанушылығы кезеңінде алты күнге дейін) және жалпы ұзақтығы күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге жеке өзі және бір мезгілде береді. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасын алты күннен артық ұзарту медициналық ұйымның бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, жалпы ұзақтығы күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзімге жүргізіледі. Еңбекке уақытшажарамсыздық парағынан көрсетілген мерзімнен артық ұзарту ДККның қорытындысы бойынша жүргізіледі. Жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге береді. Жұмыс (ауысым, оқу) уақыты аяқталғаннан кейінмедициналық көмекке өтініш білдірген адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағында және анықтамасында келесі күннен бастап жұмыстан босату күні көрсетіледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет