2-деңгей Амбулаториялық жағдайда пациентті бастапқы қабылдау кезінде жалпы тәжірибе дәрігерінің әрекетінің алгоритмін жазыңыз


ФЖӘ медициналық көмек көрсету алгоритім бойынша жүзеге асырылады



бет51/61
Дата30.01.2024
өлшемі157.72 Kb.
#490247
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61
ВОП 2

ФЖӘ медициналық көмек көрсету алгоритім бойынша жүзеге асырылады:
1) жыл сайын, 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бекітілген халық тіркелімінің және диспансерлік науқастар тіркелімі МСАК ұйымдарындағы деректерінің негізінде терапевтер, ЖПД учаскенің ФЖӘ тізімдерін қалыптастырады;
2) учаскенің мейіргері репродуктивтік функциясы сақталған ФЖӘ терапевтке, ЖПД қабылдауға шақырады. МСАК кез келген маманына жүгінген барлық ФЖӘ учаскелік терапевтке, ЖПД және акушер-гинеколог дәрігеріне жіберіледі;
3) ФЖӘ учаскелік терапевт, ЖПД, акушер-гинеколог зерттеп-қарауды (анамнез жинау, объективті және гинекологиялық қарап-тексеру, сүт бездерін және қалқанша без аймағын қарап-тексеру, дене салмағының бойға арақатынасын анықтау, микрореакция, қан және несептің жалпы талдауы, қанның биохимиялық талдауы, электрокардиограмма, флюрография) жүргізеді. Көрсетілім болған жағдайда экстрагенитальды, гинекологиялық патологияны уақтылы анықтау және диспансерлік есепке алу үшін қосымша зерттеп-қараулар мен бейінді мамандардың консультациясы тағайындалады;
4) созылмалы аурулары бар ФЖӘ медициналық көмек көрсету "Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) талаптарына сәйкес МСАК және консультативтік-диагностикалық көмек ұйымдарында жүзеге асырылады;
5) асқынулардың, аурулардың асқынуларының алдын алу және созылмалы аурулары бар әйелдерге медициналық оңалтуды жүзеге асыру мақсатында медициналық көмек ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде динамикалық байқау арқылы жүзеге асырылады;
6) созылмалы аурулары бар ФЖӘ медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады;
7) созылмалы аурулары және жаңадан анықталған аурулары бар ФЖӘ медициналық көмекті МСАК мамандары көрсетеді: учаскелік ЖПД, терапевттер, орта медицина қызметкерлері (учаскелік мейіргер немесе фельдшер) және көрсетілім болған жағдайда бейінді мамандар, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер, психологтар және салауатты өмір салты кабинеттерінің мамандары тартылады;
8) учаскелік терапевтер, ЖПД және акушер-гинекологтар міндетті зерттеп-қарау нәтижелері бойынша әрбір әйелді осы Стандартқа 3-1-қосымшаға сәйкес ФЖӘ динамикалық бақылау топтарының біріне жатқызады;
9) зерттеп-қарауға шақыруды, ФЖӘ патронажын МСАК медицина қызметкерлері (учаскелік терапевтер, ЖПД, фельдшерлер, акушерлер, мейіргерлер) жүзеге асырады. Отбасын жоспарлау қажеттілігі мен әдістері туралы консультация беруді МСАК барлық медицина қызметкерлері (оның ішінде бейінді мамандар) жүзеге асырады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет