36. МСАК, амбулаториялық - емханалық көмек деңгейінде фертильді жастағы әйелдерді динамикалық бақылау топтарын жүргізу әдісін түсіндіріңіз.
ФЖӘ медициналық көмек көрсету алгоритім бойынша жүзеге асырылады:
1) жыл сайын, 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бекітілген халық тіркелімінің және диспансерлік науқастар тіркелімі МСАК ұйымдарындағы деректерінің негізінде терапевтер, ЖПД учаскенің ФЖӘ тізімдерін қалыптастырады;
2) учаскенің мейіргері репродуктивтік функциясы сақталған ФЖӘ терапевтке, ЖПД қабылдауға шақырады. МСАК кез келген маманына жүгінген барлық ФЖӘ учаскелік терапевтке, ЖПД және акушер-гинеколог дәрігеріне жіберіледі;
3) ФЖӘ учаскелік терапевт, ЖПД, акушер-гинеколог зерттеп-қарауды (анамнез жинау, объективті және гинекологиялық қарап-тексеру, сүт бездерін және қалқанша без аймағын қарап-тексеру, дене салмағының бойға арақатынасын анықтау, микрореакция, қан және несептің жалпы талдауы, қанның биохимиялық талдауы, электрокардиограмма, флюрография) жүргізеді. Көрсетілім болған жағдайда экстрагенитальды, гинекологиялық патологияны уақтылы анықтау және диспансерлік есепке алу үшін қосымша зерттеп-қараулар мен бейінді мамандардың консультациясы тағайындалады;
4) созылмалы аурулары бар ФЖӘ медициналық көмек көрсету "Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) талаптарына сәйкес МСАК және консультативтік-диагностикалық көмек ұйымдарында жүзеге асырылады;
5) асқынулардың, аурулардың асқынуларының алдын алу және созылмалы аурулары бар әйелдерге медициналық оңалтуды жүзеге асыру мақсатында медициналық көмек ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде динамикалық байқау арқылы жүзеге асырылады;
6) созылмалы аурулары бар ФЖӘ медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады;
7) созылмалы аурулары және жаңадан анықталған аурулары бар ФЖӘ медициналық көмекті МСАК мамандары көрсетеді: учаскелік ЖПД, терапевттер, орта медицина қызметкерлері (учаскелік мейіргер немесе фельдшер) және көрсетілім болған жағдайда бейінді мамандар, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер, психологтар және салауатты өмір салты кабинеттерінің мамандары тартылады;
8) учаскелік терапевтер, ЖПД және акушер-гинекологтар міндетті зерттеп-қарау нәтижелері бойынша әрбір әйелді осы Стандартқа 3-1-қосымшаға сәйкес ФЖӘ динамикалық бақылау топтарының біріне жатқызады;
9) зерттеп-қарауға шақыруды, ФЖӘ патронажын МСАК медицина қызметкерлері (учаскелік терапевтер, ЖПД, фельдшерлер, акушерлер, мейіргерлер) жүзеге асырады. Отбасын жоспарлау қажеттілігі мен әдістері туралы консультация беруді МСАК барлық медицина қызметкерлері (оның ішінде бейінді мамандар) жүзеге асырады;
10) амбулаториялық пациенттің медициналық құжаттамасы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 052/е нысанына сәйкес жүргізіледі. Амбулаториялық пациенттердің медициналық карталары осы Стандартқа 3-1-қосымшаға сәйкес титул парағының жоғарғы оң жақ бұрышында динамикалық бақылаудағы ФЖӘ 1А (1Б), 2А (2Б, 2В), 3А (3Б), 4А (4Б), кіші тобының және 5 әлеуметтік қауіп тобының бірін көрсетумен таңбаланады;
11) ФЖӘ алғаш рет анықталған аурулары бар 2, 3, 4, 5 динамикалық бақылау топтарының әйелдерді бірінші анықталған аурулармен диспансерлік бақылау мен емдеу осы Стандартқа 3-1-қосымшаға сәйкес қамтамасыз етіледі. Оларды бақылау Кодекстің 7 бабының 32) тармақшасына сәйкес бекітілген денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға және "Клиникалық хаттамаларды әзірлеу мен қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ - 188/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 21637 болып тіркелген) сәйкес диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес учаскелік терапевт, ЖПД және акушер-гинеколог дәрігерінің бақылауымен жүзеге асырылады
12) МСАК, амбулаториялық-емханалық көмек (бұдан әрі – АЕК) деңгейінде ФЖӘ динамикалық бақылау топтарын жүргізу тактикасы осы Стандартқа 3-2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады;
13) осы Стандартқа 3-1-қосымшаға сәйкес ФЖӘ 1А, 2А, 3А, 4А динамикалық бақылау кіші топтарының ФЖӘ, осы Стандартқа 3-2-қосымшаға сәйкес белсенді бақылау тобына қосылады;
14) учаскелік терапевтер, ЖПД және акушер-гинекологтар экстрагениталдық және гинекологиялық ауруларды анықтайды және диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларының ұсынымдарына сәйкес сауығу нәтижесіне немесе тұрақты ремиссияға жеткенге дейін емдейді, алгоритм бойынша ана мен бала үшін жүктіліктің және босанудың нәтижелерін жақсарту мақсатында жоспарланған жүктілікке дейін гравидарлық даярлықты 6 ай бұрын қамтамасыз етеді.
15) Әйелдерді прегравидарлық алдын-ала даярлау мыналарды қамтиды:
анамнезді толық жинау, оның ішінде эпидемиологиялық анамнезді жинау;
терапевт, жалпы практика дәрігері, стоматолог, акушер-гинеколог, офтальмологтың тексеруі;
қанның жалпы клиникалық талдауы, несептің жалпы талдауы;
қанның биохимиялық талдауы;
алдын ала тестке дейінгі кеңес берумен және ақпараттандырылған келісім алумен RW (Вассермана реакциясы), АИТВ-ға тексеру;
ЭКГ;
көрсетілімдер болған кезде кіші жамбас ағзалары, бүйректің УДЗ;
тазалық дәрежесіне жағынды, көрсеткіштер бойынша жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға тексеру;
көрсетілімдер болған кезде медициналық-генетикалық консультация беру;
көрсетілімдер бойынша бейінді мамандардың басқа да қосымша тексерулері мен консультациялары;
жүктілік басталғанға дейін 3 ай бұрын сауығу немесе тұрақты ремиссия нәтижесіне қол жеткізу үшін анықталған және бар экстрагениталдық және гинекологиялық ауруларды емдеу;
жоспарланған жүктіліктен 3 ай бұрын ерлі-зайыптылардың екеуіне де және жүктіліктің алғашқы 3 айында әйелге фолий қышқылы күніне 0,4 миллиграмм тағайындау:
ерлі-зайыптылардың екеуіне де күнделікті режиммен тамақтануды, жақсы демалуды, және ұйықтауды, таза ауада серуендеуді, дене шынықтыруды, зиянды әлдептерден бас тартуды, кәсіптік қауіптерден сақтану ұсынылады;
16) динамикалық бақылаудағы 1Б, 2Б, 2В, 4Б және 5 топтағы ФЖӘ осы Стандартқа 3-1-қосымшаға сәйкес, көрсетілімдер болған кезде учаскелік терапевт және ЖПД аурудың мәртебесін айқындау үшін, бейінді мамандарға және акушер-гинеколог дәрігерлеріне консультация алу үшін және контрацепцияның тиімді әдістерімен қамтамасыз ету үшін осы Стандартқа 3-2-қосымшаға сәйкес жіберіледі;
17) динамикалық бақылаудағы 2В және 5 топтағы ФЖӘ осы Стандартқа 3-1-қосымшаға сәйкес учаскелік терапевтің, ЖПД және акушер-гинекологтің қатаң диспансерлік бақылауында болады;
18) 2В тобындағы жүктілікке медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылатын экстрагениталдық аурулары бар ФЖӘ динамикалық бақылау осы Стандартқа 3-1-қосымшаға сәйкес, терапиялық бөлімшенің меңгерушісі немесе отбасылық денсаулық орталығы 6 айда 1 рет қарап, ДКК-ға күнтізбелік жылына 1 рет жіберуі тиіс;
19) жүктілікке қарсы көрсетілімдер болып табылатын эктрагениталды аурулары бар жүкті әйелдердің тізімін осы Стандартқа 3-3 қосымшаға сәйкес учаскелік терапевт дәрігерлер, жалпы практикалық дәрігер қалыптастырады;
20) динамикалық бақылаудағы 2В тобындағы ФЖӘ туралы ақпарат осы Стандартқа 3-1-қосымшаға сәйкес тізім түрінде (медициналық ақпараттық жүйелер арқылы) контрацепциямен қамтуды бақылау мақсатында акушер-гинеколог дәрігерлерге тоқсанына 1 рет беріледі;
21) учаскелік терапевттер, ЖПД әлеуметтік қызметкерлермен бірлесіп, өмірде қиын жағдайға түскен ФЖӘ есебін жүргізеді және оларды ФЖӘ әлеуметтік қауіп тобының 5 тобындағы әйелдерді есепке алу журналына осы Стандартқа 3-4 қосымшаға сәйкес енгізеді;
22) осы Стандартқа 3-1 қосымшаға сәйкес динамикалық бақылаудағы 5 топтағы анықталған әйелдер туралы ақпаратты учаскелік терапевт, ЖПД тоқсанына 1 рет оларды контрацепциямен қамтуды бақылау мақсатында тізім түрінде (медициналық ақпараттық жүйелер арқылы) акушер-гинеколог дәрігерлерге береді;
23) учаскелік терапевтер, ЖПД акушер-гинекологтарға келесі айдың оныншы күніне қарай ФЖӘ тізімін береді:
жүктілікке қарсы көрсетілімдер болып табылатын экстрагениталдық патологиясы бар әйелдер (әйелдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) туған жылы, мекенжайы, байланыс телефондары, клиникалық диагнозы және ДКК қорытындысы);
әлеуметтік қатер тобындағы - (әйелдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған жылы, мекенжайы, байланыс телефондары);
24) акушер-гинеколог дәрігерлер учаскелік терапевтерге, жалпы практика дәрігерлері ай сайын, келесі айдың оныншы күніне қарай уақытылы зерттеп-қарау экстрагениталдық ауруларды анықтау және емдеу үшін жүктілік бойынша есепке алынған есепті кезеңде босанған әйелдер туралы ақпаратты береді;
25) жүргізілген медициналық қарап-тексерулердің, фертилдік жастағы әйелдерді зерттеп-қараудың нәтижелерін динамикалық бақылау топтарына сәйкес МСАК ұйымының дәрігерлері мен бейінді маман МАЖ-ға енгізеді;
26) жүктілікке қарсы көрсетілімдер болып табылатын экстрагениталдық аурулары бар МСАК медициналық ұйымында есепте тұрған жүкті әйелдердің тізімі "Жүктілікті жасанды үзуді жасаудың тәртібін, медициналық және әлеуметтік көрсетілімдерінің, сондай-ақ жүктілікті жасанды үзуді жасауға қарсы көрсетілімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-122/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21412 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-122/2020 бұйрығы) сәйкес есепті кезеңнің соңында қалыптастырылады;
27) ФЖӘ динамикалық бақылау, сауықтыру немесе экстрагениталдық аурулардың тұрақты ремиссиясына қол жеткізу, контрацепциямен қамту жөніндегі жұмысты талдауды учаскелік қызмет бөлімінің меңгерушілері, МСАК ұйымдары басшыларының орынбасарлары, ішкі аудит тоқсан сайын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармаларына ақпарат бере отырып, жүргізеді;
28) ФЖӘ динамикалық байқау жөніндегі қызметті бақылауды МСАК көрсететін медициналық ұйымдардың басшылары жүзеге асырады, фертилдік жастағы әйелдерді динамикалық бақылау туралы есеп осы Стандартқа 3-5-қосымшаға сәйкес жасалады.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.12.2022 № ҚР ДСМ-156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
56. Әйелді тексерудің, манипуляция мен операцияның, тағайындаулар мен ұсынымдардың барлық деректерін акушер-гинеколог дәрігер № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына жазады.
57. Соңғы диагнозды белгілеу кезінде диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес науқасты емдеу және диспансерлік бақылау туралы мәселе шешіледі. Диспансерлік бақылауға жататын әрбір әйелге № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 055/е нысаны бойынша диспансерлік бақылаудың бақылау картасы толтырылады.
58. Шағын гинекологиялық операциялар мен манипуляциялар қарсы көрсетілімдер болмаған кезде амбулаториялық негізде жүргізіледі: жатыр мойнының биопсиясы, цитологиялық зерттеу үшін жатыр қуысы ішіндегісінің аспирациясы (шприцпен), жатыр мойнының диатермокоагуляциясы және (немесе) эксцизиясы, криотерапия, лазерлік терапия және радиотолқынды коагуляция, вакуум-аспирация (қауіпсіз түсік), дәрі-дәрмектік түсік, жатырішілік контрацептивтерді енгізу және алып тастау. Кіші гинекологиялық операциялар № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 019/е нысаны бойынша операцияларды/манипуляцияларды есепке алу нысанында тіркеледі.
59. Стационарлық емдеу көрсетілген әйелге шұғыл жағдайларда емдеуге жатқызуға жолдама беріледі, жоспарлы емдеуге жатқызу жағдайында емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жолдама беріледі. Акушерлік учаскеге амбулаториялық пациенттің медициналық картасына (№052/е нысаны) әйелді нақты емдеуге жатқызу туралы жазба жүргізіледі.
60. Жүкті әйел жүктілік мерзімін анықтағаннан кейін жүктілікті жасанды үзу үшін жолдамаға жүгінген кезде және абортқа медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған кезде амбулаториялық-емханалық көмек МҰ акушер-гинекологы жүктілікті үзудің қауіптілігі мен зиянын түсіндіреді, диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес репродуктивтік денсаулықты сақтау және контрацепцияның қазіргі заманғы құралдары мен әдістерін жеке таңдау мәселелері бойынша консультация жүргізеді, қажетті зерттеп-қарауды тағайындайды. № ҚР ДСМ-122/2020 бұйрығына сәйкес жүктілікті жасанды үзу (аборт) үшін ауруханаға емдеуге бюро порталы арқылы жүргізіледі.
61. Учаскелік дәрігер акушер-гинекологтармен бірлесіп түсік тастаудың алдын алу, контрацепцияның қазіргі заманғы әдістерін жеке таңдау, әйелдерді контрацепцияның қазіргі заманғы әдістерін пайдалану бойынша оқыту, ауыр экстрагенитальды аурулары бар әйелдерде контрацепцияның тұрақты тиімді әдісін таңдау, түсік түсірудің алдын алу және отбасын жоспарлау кабинетінде жыныстық белсенді жасөспірім қыздарда контрацепцияның тұрақты тиімді әдісін таңдау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
62. Ауылдық халыққа амбулаториялық акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету аудандық емханаларда, дәрігерлік амбулаториялардың акушерлік-гинекологиялық кабинеттерінде, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттерде көрсетіледі. Мамандандырылған медициналық ұйымдар (оның құрылымдық бөлігі) жоқ шағын елді мекендерде емдеуші дәрігердің функциясын фельдшерге, мейіргерге немесе акушерге жүктелуі мүмкін.
63. Мамандандырылған медициналық көмек (оның құрылымдық бөлімі) жоқ шағын елді мекендерде емдеуші дәрігердің кйбір міндетін фельдерге, мейіргерге немесе акушеркаға жүктеледі.
64. Шалғай және қатынауы қиын аудандардың ауыл тұрғындарына, сондай-ақ шалғайдағы мал шаруашылығымен айналысатындарға көшпелі медициналық бригадалардың құрамында акушер-гинеколог дәрігер көрсетеді.
65. Көшпелі бригада құрамына кіретін акушер-гинеколог дәрігер:
1) әйелдерді профилактикалық тексеріп-қарау;
2) жүкті және гинекологиялық науқастарды қарау, тексеріп-қарау;
3) қажет болған жағдайда-шұғыл медициналық көмек көрсету;
4) әйелдерді контрацепция әдістері мен құралдарына оқыту;
5) салауатты өмір салтын насихаттау, отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулығын сақтау мақсатында халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу болып табылады.
66. Қолайлы акушерлік-гинекологиялық анамнезі, жүктіліктің қалыпты ағымы бар әйелдерге ауылдық жерлерде бригаданың шығуы арасындағы кезеңде фельдшерлік-акушерлік пункттің, медициналық пункттің акушері, фельдшері немесе мейіргері (аға) бақылайды. Амбулаториялық жағдайдағы МСАК орталығында жүкті әйелге медициналық көмекті ЖПД немесе учаскелік терапевт көрсетеді.
67. Ауылдық жерлерде тұратын қауіп факторлары бар жүкті әйелдер үшін емдеуге жатқызу мерзімдерін көрсете отырып, перинаталдық көмекті өңірлендіру қағидаттарына сәйкес тиісті деңгейде диспансерлік бақылау және босандыру жоспары белгіленеді.
68. Аудандық аурухананың дәрігерлік-консультациялық комиссиясы жүкті әйелді неғұрлым жеңіл жұмысқа ауыстыру туралы "Жүкті әйелді басқа жұмысқа ауыстыру туралы дәрігерлік қорытынды" № 074/е нысаны бойынша қорытындыны немесе жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын ұсыну туралы № 026/е нысаны бойынша ДКК қорытындысын береді. Жүктіліктің 36 аптасында босану әдісі мен оның деңгейін, аудандық акушердің тексеруі мен және өңірлік бейінді мамандардың көрсетілімдері бойынша анықталады.
Әйелдің босандыру әдісі мен деңгейін аудандық акушер-гинеколог пен бейінді мамандар жүктіліктің 36 аптасында анықтайды.
69. Ауданның акушерлік-гинекологиялық қызметіне ұйымдастыру-әдістемелік көмекті облыстық деңгейдегі акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін ұйым (перинаталдық орталық немесе облыстық көп бейінді аурухананың акушерлік бөлімшесі) жүзеге асырады, оған облыстардың, қалалардың денсаулық сақтауды басқару органдарының штаттық бас және штаттан тыс мамандар тікелей қатысады
Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
ана мен жаңа туған нәрестенің денсаулық жағдайының және емдеу-профилактикалық мекемелер қызметінің көрсеткіштерін талдау;
репродуктивті денсаулықты қорғауды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар;
конференциялар, семинарлар ұйымдастыру және өткізу;
маман дәрігерлердің біліктілігін арттыру және кадрлар даярлау;
босандыру мекемелеріне көшпелі практикалық және консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
денсаулық сақтау практикасына дәлелді технологияларды енгізу;
халық арасында білім беру жұмысын ұйымдастыру;
аналитикалық жұмыс, көрсеткіштер динамикасын зерттеу;
медициналық есепке алу және есептілік жүйесін ұйымдастыру;
перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеу;
нысаналы тексерулер мен сараптамалар жүргізу.
Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.12.2022 № ҚР ДСМ-156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
70. "Медициналық генетика" маман дәрігері:
1) дені сау ұрпақты, туа біткен даму кемістігі бар және тұқым қуалаушылық аурулары бар баланың тууын болжау мәселелері бойынша консультация беру;
2) прегравидарлық дайындық, пренаталдық скрининг, инвазивтік пренаталдық диагностика бойынша ұсынымдар беру. Медициналық көрсеткіштер бойынша және жүкті әйелдің ақпараттандырылған келісімі болған кезде пренаталдық диагностиканың инвазиялық әдістері қолдануды;
3) тексеру нәтижелері бойынша жүкті әйелде ұрықта хромосомалық және тұқым қуалайтын патологияның дамуы бойынша тәуекел тобын айқындауды;
4) пренаталдық консилиумға құрсақішілік ұрықтың жай-күйінің қорытындысын, жаңа туған нәрестенің дамуы мен одан арғы өмірін болжау, жүктілікті одан әрі жүргізу тактикасын, босану мерзімі мен орнын анықтау үшін бейінді мамандармен бірге қатысу.
Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.12.2022 № ҚР ДСМ-156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
71. Әйел жүктілікті сақтағысы келмеген жағдайда және жүктілікті сақтау үшін медициналық және әлеуметтік қарсы көрсетілімдер болған кезде жоғарыда көрсетілген мамандықтардың дәрігерлері жүкті әйелді жүктілікті жасанды үзу үшін акушер-гинеколог дәрігеріне консультацияға жібереді.
72. МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының учаскелік терапевтері мен ЖПД:
1) экстрагениталдық патологияны уақтылы анықтау және диспансерлік есепке алу үшін ФЖӘ жыл сайынғы тексеру;
2) № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығымен бекітілген созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларына, бақылау мерзімділігі мен мерзімдеріне, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігіне сәйкес созылмалы экстрагениталды аурулары бар ФЖӘ динамикалық байқауды қамтиды;
3) репродуктивтік денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша консультация беру, оның ішінде ақпараттық жұмыс;
4) созылмалы экстрагениталдық аурулары бар ФЖӘ топтарын контрацепциямен қамтуды ұйымдастыру;
5) жасөспірімдермен ұрпақты болу денсаулығын сақтау, отбасын жоспарлау, ерте жыныстық өмірдің және қаламаған жүктіліктің профилактикасы, контрацепция мәселелері бойынша ақпараттық жұмысты қамтиды;
6) жүктілікті жоспарлау кезінде прегравидарлық дайындықты жүргізу;
7) медициналық ұйымға жүгінген күні жүктілікті 10 аптаға дейін уақтылы анықтау және сақтандыру мәртебесінің болу/болмауына қарамастан жүкті әйелдерді ерте есепке қоюды қамтамасыз ету;
8) жүктіліктің 12 аптасы (немесе алғашқы келу кезінде) және 30-32 аптасында, сондай-ақ айғақтар бойынша жүкті әйелдерді міндетті қарап-тексеруді жүргізу;
9) анамнезді мұқият жинау және жіті және созылмалы экстрагениталдық ауруларды анықтау;
10) жүктілікке дейін және босанғаннан кейін флюорография нәтижелерін тағайындау және бақылау;
11) жүктіліктің физиологиялық (асқынбаған) ағымы бар жүкті әйелдерді жүргізу, акушер-гинеколог дәрігер болмаған жағдайда, патологиялық (асқынған ағыммен) жүктілікті жүргізу;
12) жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға тек қана бала емізудің (туғаннан бастап 6 айға дейін) және бала кемінде екі жасқа толғанға дейін ұзақ емізудің артықшылықтары мәселелері бойынша консультация беру;
13) босанғаннан кейінгі оныншы және отызыншы тәулікте, сондай-ақ айғақтар бойынша босанған әйелдерді міндетті қарап-тексеруді жүргізу;
14) жүктілік кезеңінде және көрсетілімдер бойынша босанғаннан кейін әйелдерге үйде патронаждық баруды жүргізу;
15) күрделі босануы, жүктілікті өздігінен үзуі бар әйелдерге оңалту іс-шараларын жүргізу; гинекологиялық операциялық араласулардан кейін;
16) акушерлік-гинекологиялық, педиатриялық және бейінді қызметтермен сабақтастықты жүзеге асыру;
17) әйелдер халқын профилактикалық және скринингтік қарап-тексеру болып табылады;
18) диспансерлік гинекологиялық науқастарды жылына кемінде 1 рет қарап-тексеру;
19) аурулардың профилактикасы және ұрпақты болу денсаулығын нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша халықты санитариялық-гигиеналық ағарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу болып табылады.
Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.12.2022 № ҚР ДСМ-156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
73. Педиатр дәрігері амбулаториялық-емханалық деңгейде мыналарды қамтамасыз етеді:
1) жіті және созылмалы, оның ішінде гинекологиялық аурулары бар балаларды анықтау;
2) жасөспірімдерді ерте жыныстық өмірдің профилактикасы, ұрпақты болу денсаулығын сақтау, отбасын жоспарлау және контрацепция мәселелері бойынша хабардар ету;
3) жасөспірімдердегі жүктілікті уақтылы анықтау және одан әрі жүргізуді шешу үшін ата-аналарының және (немесе) кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің (қамқоршыларының) келісімімен акушер-гинеколог дәрігерлердің және психологтардың комиссиялық тексеруін қамтамасыз ету;
4) жүкті әйелдерге және аналарға емшекпен емізу және лактациялық аменорея әдісі мәселелері бойынша консультация беру және оқыту, босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерді отбасын жоспарлау және контрацепция мәселелері бойынша хабардар ету;
5) босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі бақылауды жүзеге асыру.
74. Уролог, андролог дәрігерлері амбулаториялық-емханалық жағдайларда әйелдерге жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (бұдан әрі – ЖЖБИ) профилактикасы және емдеу бойынша консультация беруді, барлық жастағы урологиялық патологиясы бар пациенттерді, оның ішінде жүкті әйелдерді денсаулық жағдайын бағалауды, сауықтыруды және емдеуді қамтамасыз етеді.
75. Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың дәрігерлері пациенттерді отбасын жоспарлау және ЖЖБИ берілуінің, оның ішінде анадан ұрыққа берілуінің алдын алу мәселелері бойынша хабардар етуді және консультация беруді, контрацепция әдісін бақылауды және динамикалық бақылауды қамтамасыз етеді.
76. Адамның иммун тапшылығы вирусын (бұдан әрі – АИТВ) анықтау үшін жүкті әйел тестке дейінгі кеңес беруден кейін АИТВ-ға жүктілік кезінде екі рет тексеруден өтіп, пациенттің тестілеуге және қан алуды жүзеге асыратын МҰ ақпараттық жүйесіне дербес деректерді енгізуге ақпараттандырылған келісімін алады және ресімдейді. "АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21692 болып тіркелген) 39 тармағының 11) тармақшасына сәйкес жүкті әйелдерге АИТВ-ға тексеру: екі рет – жүктілік бойынша есепке қою кезінде және жүктілік мерзімінде 28-30 апта жүргізіледі; аборт, өздігінен түсік тастау немесе қатып қалған жүктілік жағдайында жүктілікті үзу алдында; АИТВ инфекциясына екі рет зерттеп-қарау нәтижесіз босандыру ұйымдарына түскендерге; бір рет тексерілгендерге – босануға түскенге дейін үш аптадан астам; босандыру ұйымдарынан тыс босанған; негізгі топтарға жататын; АИТВ-оң жыныстық серіктесі бар немесе инъекциялық есірткіні пайдаланатын серіктесі бар әйелдерге жүргізіледі. Жүкті әйелді тіркеу кезінде жүкті әйелдің жыныстық серіктесіде тексеріледі. Жүкті әйелдің серіктестігі АИТВ инфекциясына бір рет, әйел жүктілікпен тіркеуде тұрған кезде тексеріледі.
77. Отбасын жоспарлау кабинетінде отбасын жоспарлау, ұрпақты болу денсаулығын сақтау және нығайту мәселелері бойынша, түсіктердің алдын алу мақсатында контрацепцияның қазіргі заманғы әдістерін қолдану, қажетсіз жүктіліктен сақтану әдістерін таңдау ,контрацептивтерді санаттар бойынша жіктеуге сәйкес контрацепция бойынша Медициналық қызметтер көрсету және бұдан әрі медицина қызметкерлері арнайы дайындаған контрацепция әдісінің тиімділігін бақылауды және динамикалық бақылауды жүзеге асырады, отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулығын қорғау мәселелері бойынша даярлықтан өткен.
78. Отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселелері бойынша жалпы даярлықтан өткен МСАК ұйымдарының, меншік нысанынына қарамастан МҰ консультациялық-диагностикалық бөлімшелерінің (кабинеттерінің) дәрігерлері, орта медицина қызметкерлері ұрпақты болу денсаулығын сақтау және нығайту мәселелері бойынша, отбасын жоспарлау мәселелері бойынша, аборттардың профилактикасы мақсатында контрацепцияның қазіргі заманғы әдістерін қолдану, қаламаған жүктіліктен сақтану әдістерін іріктеу бойынша ақпарат беруді, консультация беруді және қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді., олар негізгі ауруды бағалайды, контрацепция әдістерін таңдайды.
79. Отбасын жоспарлау, репродуктивті денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері, түсік түсірудің алдын алудың заманауи әдістерін қолдану, деректер базасын құра отырып, отбасын жоспарлау кабинетінде қажетсіз жүктіліктен сақтану әдістерін таңдау жөніндегі жұмысты үйлестіру.
80. МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымының психологтары мен әлеуметтік қызметкерлері репродуктивті денсаулықты қорғау, отбасын жоспарлау, жасөспірімдерде ерте жыныстық өмірдің және қаламаған жүктіліктің алдын алу, контрацепция мәселелері бойынша халықпен ақпараттық іс-шаралар жүргізеді, жүкті және босанған әйелдерге консультация береді.
Достарыңызбен бөлісу: |