2-деңгей Амбулаториялық жағдайда пациентті бастапқы қабылдау кезінде жалпы тәжірибе дәрігерінің әрекетінің алгоритмін жазыңыз


Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартындағынегізгі қағидаттарын түсіндіріңіз



бет49/61
Дата30.01.2024
өлшемі157.72 Kb.
#490247
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61
ВОП 2

34. Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартындағынегізгі қағидаттарын түсіндіріңіз.
1. Осы Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес балаларға педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаттарына қойылатын талаптар мен қағидаларды белгілейді.
2. Педиатриялық көмек он сегіз жасқа толмаған балаларға (бұдан әрі – балаларға) Кодекстің 117, 118-баптарына сәйкес нысандарда және жағдайларда көрсетіледі.
3. Медициналық ұйымдар (бұдан әрі – МҰ) педиатриялық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, пациенттерді профилактикалауға, ерте диагностикалауға, емдеуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
4. Балаларға медициналық көмек Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2020 жылғы 16 қазандағы № 672, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы" 2019 жылғы 20 маусымдағы № 672 қаулыларына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ( бұдан әрі – ТМКК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерімен жүзеге асырылады.
5. ТМКК шеңберінде МҰ-дағы балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету " Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) сәйкес ұсынылады.
6. Балаларға педиатриялық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтің сапасы жөніндегі біріккен комиссиясы ( бұдан әрі – СБК) бекіткен диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүргізіледі.
7. МҰ "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) денсаулық саласындағы медициналық есепке алу құжаттамасының нысандарын жүргізуді қамтамасыз етеді. 8. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері мен дене жарақаттары анықталған кезде медициналық көмек көрсету, медициналық оңалту жүргізу жүзеге асырылады, балалардың шағымы және оларға медициналық көмек көрсету фактілері туралы ішкі істер органдары хабардар етіледі


35. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету кезінде жүкті әйелдерді, жаңа туған нәрестелерді және 5 жасқа дейінгі балаларды үйде және медициналық ұйымдарда қабылдауда байқаудың жалпы схемасын көрсетіңіз.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16854 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына (бұдан әрі – 173 бұйрық) сәйкес жүкті және босанған әйелдердің патронажы әмбебап-прогрессивті модель негізінде жүргізіледі. 20. Патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі кезінде міндетті жоспарлы келулермен (әмбебап тәсіл), баланың өмірі, денсаулығы немесе дамуы үшін медициналық немесе әлеуметтік тәуекелдердің болуына байланысты жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге және ерекше қолдауды қажет ететін балаларға арналған жеке жоспар бойынша (прогрессивті тәсіл) қосымша белсенді бару жүргізіледі. Әмбебап (міндетті) патронаждық бақылау барлық жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға ұсынылады және жүкті әйелге босанғанға дейінгі 2 патронаждан (12 апта және 32 апта жүктілік мерзімінде) және жүкті әйелдерді, жаңа туған нәрестелерді және 5 жасқа дейінгі балаларды қадағалаудың жалпы схемасы бойынша дәрігер/ фельдшер және орта медицина қызметкері үйде және МСАК ұйымдарында қабылдауда 9 келуден тұрады. Прогрессивті тәсіл жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балалар патронажының (орта медицина қызметкерінің үйде патронаждық баруы) әмбебап-прогрессивті моделі схемасы бойынша олардың өміріне, денсаулығына, дамуы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы тәуекелдер анықталған жүкті әйелдер мен балаларды патронаждық бақылауды көздейді.
МСАК ұйымдары маманының пациенттің үйіне, оның ішінде аула (пәтер) аралау арқылы белсенді баруы: 1) стационардан шығару немесе жедел медициналық көмек станциясынан активтерді берген ауыр жағдайдағы пациенттердің қозғалуы шектелген кезде; 2) жүкті әйелдер белгіленген күннен кейін 3 күннің ішінде қабылдауға келмеген кезде; 3) босанған әйел көрсетілген мерзімде қабылдауға келмегенде; 4) босанған әйел бекіту мәртебесіне қарамастан акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарынан келіп түскен мәліметтер бойынша қызмет көрсету аумағына келген жағдайда жүзеге асырылады. Пациенттің үйіне белсенді баруды учаскелік медициналық мейіргер немесе фельдшер басымдықпен жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет