2 ДӘріс дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар



бет15/22
Дата26.03.2023
өлшемі387 Kb.
#471117
түріНұсқаулар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
карым катынас психологиясы

Негізгі ұғымдар: дауласу, кедергі
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Келіспеушіліктегі адам мінезінің сипаты қандай ?
2. Конфликтінің туындау себептері?
3. Әлеуметтік қысым деген не?
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:

  1. Морозов А.В. Управленческая психология. – Москва, 2008.

  2. Немов Р.С. Психология.Т.1.-Москва, 2003.

  3. Горянина В.А. Психология общения. Москва, 2007.

  4. Панфилова А.П. Тренинг педагогического общения. – Москва, 2008.

  5. Бороздина Г.В. Психология делового общения. – М., 2001.

  6. Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Федосихина Е.А. Кашник О.И. Звягинцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. Н., 1998.

  2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

  3. Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под ред. Лавриненко В.Л. –М., 1995.

  4. Внедиктова В.И. О деловой этике и этикете. –М., 1994.

  5. Андреева Г.М. Социальная психология. – М.,1996.

  6. Абрамова Г.С. Введение в психологическую психологию. М.,1997.

3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
Тәжірибелік сабақтарына даярлануға жалпы әдістемелік нұсқаулар
Тәжірибелік сабақтар оқу жұмыстарының маңызды формаларының бірі. Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – білімді бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Тәжірибелік сабақтардың міндеттері:
1. Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды кеңейту және нақтылау.
2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім, дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін дамыту.
3. Теориялық білімді практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.
4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.
5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.
6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.
7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.
8. Оқу және ғылыми жұмыстарға жауапкершілікті және ұқыптылықты тәрбиелеу.
9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.
Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі
Кітаппен (негізгі әдебиетпен жұмыс жасағанда) жұмыс жасауда басты назар аударылады:
1.Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің немесе кіріспе сөздің авторы); оның тұтастай көлеміне;
2. Мазмұны арқылы кітаптың жоспарымен (бөлім, тарауларымен) және қандай жүйеде жазылғанымен танысу;
3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну үшін үстірт танысып шығу;
4. Негізгі мәтіннің құрылымымен (жеке тарауларға; мәтіннің жеке бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу;
5. Безендірілу сипатына;
6. Қайталауға берілген сұрақтарға;
7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б.
Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс.
Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау. Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар:

  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет