№2 Дәріс. Табиғи ресурстар кадастры, түсінігі және жалпы сипаттамасы


Тарау. Өткен тексеру кезеңіндегі орман қорының динамикасы мен орман шаруашылық қызметін талдау



бет10/20
Дата11.10.2023
өлшемі92.62 Kb.
#480485
түріМонография
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
ДӘРІСТЕР ТРК

3 Тарау. Өткен тексеру кезеңіндегі орман қорының динамикасы мен орман шаруашылық қызметін талдау

1. Параграф. Орман қорының динамикасын талдау
321. Орман қорының динамикасы орман шаруашылық және ағаш дайындау қызметімен байланыста талданады (олардың орманға әсер ету деңгейін анықтау үшін).

Талдау нәтижелері орман қоры динамикасындағы негативтік тенденцияларды жоюға және ормандардың экологиялық және санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталады және орман орналастыруды жобалаудағы приоритеттерді анықтаудың негізі ретінде қолданылады.

322. Талдау осы және өткен орман орналастыру мәліметтерін салыстыру әдісімен жасалады. Орман қорының ұзақ кезеңдегі динамикасы туралы мәліметтер болған жағдайда, тапсырыс берушінің талабы бойынша сол кезеңге талдау жасалуы мүмкін. Ол бірінші орман орналастыру кеңесінің хаттамасына жазылады.
Мыналар талданылады:
1) орман қоры аудандарының МОҚ санаттары бойынша, ал олардың шегінде – жер түрлері бойынша бөлінуі;
2) ормандардың тұқымдық құрамы мен ормандардың жастық құрылымы;
3) басым тұқымдылар бойынша орташа таксациялық көрсеткіштер;
4) ормандардың экологиялық жағдайы; орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының динамикасы; тұқымдылар бойынша жас сүрекдің тамырлық қоры; ормандардың кесілуі, өлуі және ұдайы өндірілуі араларындағы балансы (өткен тексеру кезеңіндегі).
323. Көрсетілген өзгерістер бүтін орман орналастыру объекті бойынша салыстырылады.
Объект шекараларының өзгеруі елеулі болған жағдайда – орманшылық немесе орманшылықтар тобы бойынша салыстырылады.
Орман орналастыру жобасының түсіндірме жазбасында орман қорында болған өзгерістерге баға беріледі.
Өзгерістердің себептері үш топқа бөлінеді:
1) табиғи (табиғи апаттар, өсімі);
2) орман шаруашылық қызметтің жүргізілуі, жүргізілмеуі, өнеркәсіп қалдықтарының орманға тигізетін әсері, рекреациялық жүктелім;
3) объект ауданындағы кесу жастарының өзгеруіне байланысты өзгерістер.
Өнеркәсіп қалдықтары мен басқа да зиянды заттардың орманға әсер ету дәрежесі көрсетіледі. Орман қорын мемлекеттік есепке алу түрлері бойынша орман орналастыру мәліметтері орман иеленушісінің орман орналастыру жылының орман кадастры кітабындағы мәліметтерімен салыстырылып, үйлеспеушіліктердің себептері анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет