№2 Дәріс. Табиғи ресурстар кадастры, түсінігі және жалпы сипаттамасы


Параграф. Ұйымдық-шаруашылық бірліктің құрылуы



бет12/20
Дата11.10.2023
өлшемі92.62 Kb.
#480485
түріМонография
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
ДӘРІСТЕР ТРК

2. Параграф. Ұйымдық-шаруашылық бірліктің құрылуы
327. МОҚ санаттары мен орман құрушы тұқымдылар Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын жүргізудің негізі болып табылады. МОҚ санаттары белгіленген тәртіп бойынша (жеке аумақтардың мақсатын ескере отырып) Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес анықталады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысымен бекітіледі.


3. Параграф. Тұқымдылар топтары мен мақсатты тұқымдылар
328. Басым тұқымдыларының ерекшеліктері мен өнімділігі және орман шаруашылығын жүргізу мақсаттары бойынша ағаш тұқымдылары 5 топқа топтасады:

қылқан жапырақты, қатты жапырақты, жұмсақ жапырақты, сексеуілдіктер және басқалары.


Әр топ ормандардың қорғаныш және басқа да пайдалы функцияларын тиімді атқаруын қамтамасыз ететін шаралар жүйесін іске асыру арқылы нақты бір мақсатты тұқымды өзіне сәйкес орман өсіру жағдайларында өсіруге бағытталады. Барлық бұталы тұқымдылар бұталар тобына біріктіріледі.
329. Орман қорының тұқымдық құрамы орман шаруашылығын жүргізу мақсаттарына сәйкес келмеген жағдайда, құндылығы аз сүректерді мақсатты тұқымдылармен алмастыру шаралары қарастырылады.
330. Орманмен қамтылмаған орманды жерлер орман өсіру жағдайлары бойынша болашақта ормандандырылатын мақсатты тұқымдыларға жатқызылады.

4. Параграф. Басты пайдаланудағы кесу жастарын белгілеу
331. Басты пайдаланудағы кесу жастары кесу жұмыстары жүргізілетін МОҚ санаттары үшін белгіленеді. Басты пайдаланудан шығарылған ормандар үшін толысу жастары шартты түрде белгіленеді және олар барлық орман орналастыру құжаттарында кесу жастары болып алынады.

332. Әр тұқым мен тұқымдылар тобы үшін кесу жастары олардың биологиялық ерекшеліктеріне, мақсатына және олардың табиғат қорғау, экономикалық, әлеуметтік функцияларына байланысты белгіленді.


Орман пайдаланудың біркелкі болуын қамтамасыз ету үшін кесу жастары негізделген және тұрақты болады. Басты пайдаланудың кесу жастарын өзгерту немесе нақтылау қажеттілігі өкілетті органның ұсынысы бойынша орман орналастыру жұмыстарына дайындалу кезінде іске асырылады.
Кесу жұмыстарын өзгерту қажеттілігінің негіздемесі дайындық жұмыстарын жүргізу қорытындылары жөніндегі хаттамаға енгізіледі. Кесу жастарын негіздеу ғылыми-зерттеу орман ұйымдарында жүргізіледі. Кесу жастарының өзгертілуі мен белгіленуін өкілетті орган бекітеді.

333. Алқаағаштар жас топтарына басты пайдаланудағы белгіленген кесу жастары (немесе толысу жастары) мен жас кластарының ұзақтығына байланысты бөлінеді осы Ережеге 1-қосымшаның 14-кестесі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет