№2 Дәріс. Табиғи ресурстар кадастры, түсінігі және жалпы сипаттамасы


Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргізу тәртiбi



бет8/20
Дата11.10.2023
өлшемі92.62 Kb.
#480485
түріМонография
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
ДӘРІСТЕР ТРК

2. Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргізу тәртiбi


5. Аумақтың қамтылуына байланысты республикалық, өңiрлiк және жергілікті мемлекеттiк орман мониторингтерi жүзеге асырылады:
1) республикалық мониторинг Қазақстан Республикасы орман қорының бүкiл аумағын қамтиды;
2) өңiрлік мониторинг физика-географиялық, әкiмшілік, орман-өсiмдiк, орман экономикалық және өзге де шекаралармен шектелген аумақтарды қамтиды;
3) жергілікті мониторинг орман қорының жекелеген учаскелерiне және орманның экологиялық жүйелерiнің қарапайым құрылымдарына дейiн өңiрлiк деңгейден төмен аумақтық объектілерде жүргiзіледi.
6. Орман мониторингi:
1) мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша жүйелi бақылаулар орындау (iздестіру, таспаға түсiру, тексеру, түгендеу);
2) орман қорының жай-күйiн бағалауды өткiзу;
3) орман қорының жай-күйiне ықпал ететiн антропогендік әсерлердi реттеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
4) белгiлi бiр уақыт кезеңiне орман қорының жай-күйiне болжам жасау жөнiндегi жұмыстарды қамтиды.
7. Орман қорының жай-күйiн бағалау жүргiзiлетiн бақылауларға талдау жасау, өзгерiстердiң бағыты мен жиілігін зерделеу арқылы орындалады.
8. Орман қорының жай-күйінің нәтижелерi бойынша жедел ақпарлар, баяндамалар, ұсыныстар және ғылыми болжамдар оларға әсiресе терiс сипаттағы өзгерiстердiң етек алу серпінін, бағытын және жиiлiгiн сипаттайтын тақырыптық карталар, диаграммалар, кестелер қоса беріліп, әзiрленедi.
9. Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу үшiн:
1) қашықтықтан зондылаудың;
2) орман қорының мемлекеттiк есебiнiң және мемлекеттiк орман кадастрының;
3) орман орналастырудың;
4) қор деректерiнiң (жоспарлардың, карталардың, схемалардың, кестелік және басқа да материалдардың);
5) табиғи зерттеулер мен iздестірулердiң материалдары пайдаланылады.
10. Ормандардың мемлекеттiк мониторингінiң нәтижелерi қағазға басылған күйiнде де, ақпарат жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электронды жүйелерiн пайдалана отырып та есептемелер, кестелер, карталар және картографиялық материалдар түрiнде ресiмделедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет