№2 Дәріс. Табиғи ресурстар кадастры, түсінігі және жалпы сипаттамасы


Мемлекеттік су кадастрын жүргiзу ережесi Жалпы ережелер



бет20/20
Дата11.10.2023
өлшемі92.62 Kb.
#480485
түріМонография
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
ДӘРІСТЕР ТРК

Мемлекеттік су кадастрын жүргiзу ережесi Жалпы ережелер


1. Осы ереже мемлекеттiк су кадастрын (МСК) жүргiзу тәртiбiн белгілейдi.
2. MCK су объектiлерiнiң жай-күйi, оларды пайдалану мен қорғаудың Қазақстан Республикасының бiртұтас су қорын құрайтын олардың су ресурстары туралы жүйеге келтiрілген, ұдайы толықтырылатын әрi нақтыланатын мәлiметтер жиынтығы болып табылады, сандық пен сапалық көрсеткiштер, су пайдаланушылар бойынша су мониторингiнің деректерiн қамтиды және мынадай үш бөлiмнен тұрады:
"Жер бeті сулары", "Жер асты сулары", "Суды пайдалану".

Мемлекеттік су кадастрын жүргiзу тәртiбi


3. МСК-ны жүргiзудi су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау (жер бетi сулары бойынша) саласындағы орталық атқарушы органмен және жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегі уәкiлеттi органмен (жep асты сулары бойынша) бiрлесiп жүзеге асырады.
МСК деректерi өзендер, теңiздер, мұздақтар мен көлдep, су шаруашылығы бассейндерi мен учаскелерi бойынша, облыстар және Қазақстан Республикасы бойынша тұтас, ал жер асты сулары бөлiмi бойынша қосымша - гидрогеологиялық өңiрлер мен бассейндер бойынша жүйеге келтiріледi әрi басып шығарылады.
4. МСК жүргізу кезiнде:
жер бетi суларының ресурстары, олардың сапасы мен табиғи жағдайларда және шаруашылық қызметтiң әсерінен өзгеруi туралы - мемлекеттiк және мемлекетаралық маңызы бар су объектілерi мен олардың учаскелерi, өзендер, теңiздер, мұздақтар мен көлдер бассейндерi бойынша, облыстар және Қазақстан Республикасы бойынша тұтас;
жер асты суларының ресурстары мен қорлары, олардың деңгейлерi мен суды iріктеп алу, жер асты суларының гидродинамикалық көрсеткіштерi мен сапасы, олардың табиғи жағдайларда және шаруашылық қызметтің әсерiнен өзгеруi туралы - жер асты суларының учаскелерi мен кен орындары, сулы жиектерi, гидрогеологиялық өңiрлер мен бассейндер, су шаруашылығы учаскелерi мен өзендер бассейндерi бойынша, облыстар және Қазақстан Республикасы бойынша тұтас;
су пайдалану туралы - мемлекеттік маңызы бар iшкi теңiздер, өзендер бассейндерi бойынша, су шаруашылығы учаскелерi, экономикалық аудандардың аумақтары, облыстар және Қазақстан Республикасы бойынша тұтас, сондай-ақ су пайдалану түрлерi мен экономика салалары бойынша деректер қорытылады.
5. МСК-ны бөлiмдер бойынша жүргiзу Қазақстан Республикасының МСК автоматтандырылған жалпы ақпараттық жүйесi шеңберiнде автоматтандырылған ақпараттық салалық жүйелер пайдаланылып жүзеге асырылады.
6. МСК жүргiзу жүйесiнің бiртұтастығын (тиiстi бөлiмдер бойынша) қамтамасыз ету және жалпы мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру үшiн су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілеттi орган оның құрамына тепе-теңдiк негiзде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілеттi органның, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілеттi органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның өкiлдерi енетiн үйлестiру-сарапшылық кеңесiн құрады.
7. МСК-ны бөлімдер бойынша жүргiзу әдiстерiн және деректер құрамын, МСК-ны басып шығарудың нысандары мен мерзiмiн үйлестiру-сарапшылық кеңесiнiң ұсынуы бойынша су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілеттi органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен бiрлесiп бекiтетiн нұсқаулықта айқындалады.
8. MCK жүргізу үшiн:
ақпарат жинау, оны бақылау, өңдеу, сақтау, автоматтандырылған деректер банкiн қалыптастыру әрi ақпаратты iске асыру;
мемлекеттiк су кадастрының деректер банкiн қалыптастыру әрi жүргiзу жөнiндегi әдістерді, алгоритмдердi және машиналық бағдарламаларды әзiрлеу мен жүргiзу;
мемлекеттiк су кадастрын жетiлдiру мен жүргiзу жөнiндегi жұмыстарға басшылық жасау, оларды жоспарлау мен бақылау;
мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтар, әдістемелік нұсқамалар мен басқа да нормативтiк-техникалық құжаттар әзiрлеу;
су ресурстарын (cу пайдалану) және олардың шаруашылық қызмет әсерiнен өзгеруiн ағымдағы және перспективалық бағалау;
мемлекеттiк су кадастры басылымдарын баспасөзге шығаруға және жариялауға дайындау;
мемлекеттік су кадастрын жүргізудiң ұйымдық құрылымы мен тәртiбiнiң және автоматтандырылған ақпараттық жүйенiң жалпы қағидаттарын және ғылыми-әдістемелік негiздерiн әзiрлеу;
мемлекеттiк су кадастрын жетілдiру жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмыстары;
ведомствоаралық ақпарат алмасу жүзеге асырылады.
9. МСК басылымдарын баспасөзге шығаруға және жариялауға дайындауды су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілетті органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның қатысуымен жүзеге асырады.
10. Материалдарды сақтау қағазда және электронды деректер банкiнде жүзеге асырылады.
11. ҚР су жетіспеушілігі мәселесін жоюдың жолдары
№12.Су ресурстарын бағалау әдістері
№13. Қара металл кен орындарын есепке алу және олардың кадастрын жүр
№14. ҚР мұнай кен орындарын есепке алу және кадастрын жүргізу.
№15. Газ ресурстары және олардың кадастрын жүргізу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет