№2 Дәріс. Табиғи ресурстар кадастры, түсінігі және жалпы сипаттамасы



бет5/20
Дата11.10.2023
өлшемі92.62 Kb.
#480485
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
ДӘРІСТЕР ТРК

Орман қоры – мемлекет аумағындағы барлық ормандар мен орман шаруашылық қажетіне арналған жерлер. Орман қоры меншік түрі мен пайдаланушысына орай мемлекеттік және жекеше болып бөлінеді. Мемлекеттік орман қорына ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы ормандар, табиғи және қолдан өсірілген ормандар, орман шаруашылық қажетіне берілген ормансыз жерлер, халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолы, автомобиль жолы, канал, магистралдық және басқа да желілік құрылыстардың белдеуіндегі ені 10 м-ден кем емес, алаңы 0,05 га-дан үлкен қорғаныш екпелері жатады. Жекеше орман қорына орман өсіру үшін нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді пайдалануға берілген жерлердегі, солардың қаражатына жасалынған, ені 10 м және одан кеңірек, алаңы 0,05 га-дан астам қолдан өсірілген ормандар, агромелиорация және арнаулы плантация екпелер жатады.

 Қазақстан республикасының орман қоры[өңдеу | қайнарын өңдеу]


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өтуІздеуге өту
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРМАН ҚОРЫ, Республиканың флорасы жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6000-нан астам түрлерін қамтиды, соның ішінде 90%-ға жуығы орман қоры болып есептелінеді. Әсіресе тек Қазақстан жерінде ғана кездесетін ағаш түрлері (мыс., Шренк шыршасы, т.б.) өте бағалы. Республиканың жер қорының 60%-ға жуық жері өсімдік жамылғысымен қамтылған. Қазақстан жерінің орманды алқабы шамамен 3,8%-дай болса, кейбір облыстарда (Ақтөбе, Жезқазған, т.б.) бұл көрсеткіш 0,1%, ал Шығыс Қазақстан, Сол түстік Қазақстан облыстарында 14%, кейде одан жоғары болады. Орман қорының ауданы 24,3 млн. га, оның ішінде бұл жерлердің 50%-ынан астамы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының пайдалануына берілген. Республикада жыл сайын 506 мың м2 ағаш сүрегі, 94 мың м2 кеспе ағаш материалдары, 170-тей дәрі-дәрмектік шикізат дайындалады. Дегенмен соңғы кезде ормандардағы ағаштарды жаппай кесу, өрт, ауа райының қолайсыз жағдайларынан (қатты жел соғу, ұзақ уақыт жауған нөсер жаңбыр, т.б.) ағаштардың құлап өз тіршілігін жоюы жиі кездеседі. Соның нәтижесінде орман алқаптары азаюда. Ал ормандарды қалпына келтіру, орман алқаптарын ұлғайту жұмыстары қарқынды қолға алынбай отыр.
law.gov.kz
http://law.gov.kz › client – осы сілтеме бойынша қарау қажет.

№5 – ДӘРІС.ОРМАН КАДАСТРЫН ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет