№2 Дәріс. Табиғи ресурстар кадастры, түсінігі және жалпы сипаттамасы


Мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу тәртiбi



бет7/20
Дата11.10.2023
өлшемі92.62 Kb.
#480485
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
ДӘРІСТЕР ТРК

2. Мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу тәртiбi


7. Мемлекеттік орман кадастры орман орналастыру жұмыстарына толық циклын жүргiзу, орман қорының мемлекеттiк есебi материалдарының және орман қоры туралы мәлiметтердi қамтитын басқа да есепке алу құжаттарының негiзiнде жасалады.
8. Орман шаруашылығының мемлекеттiк мекемелерi:
есептi жылдан кейiнгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ағымдағы өзгерiстер мен орман қорының жай-күйi туралы мәлiметтердi орман кадастрының материалдарына енгізедi;
есептi жылдан кейiнгi 20 қаңтарға дейiн орман қорында болған өзгерiстер туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша ведомстволық тегiне қарай уәкілетті органның аумақтық органдарына (бұдан әрi - аумақтық органдар) немесе орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды қайта өндiру және өсiру саласындағы облыстық атқарушы органдарға (бұдан әрi - облыстық атқарушы органдар) бередi.
9. Орман шаруашылығы саласындағы аумақтық және облыстық атқарушы органдар жыл сайын, 1 наурызға дейiнгi мерзiмде, түсiндiрме жазбалары бар жиынтық есептемелер әзiрлеп, оларды уәкілеттi органға жолдайды.

3. Қорытынды ереже


10. Мемлекеттік орман кадастрының деректерi орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару, оны жүргiзудi ұйымдастыру, орман шаруашылығын жүргiзумен және мемлекеттiк орман қорын пайдаланумен байланысты емес мақсаттарда орманды жерлердi ормансыз жерлерге көшiру және (немесе) мемлекеттiк орман қорының жерлерiн алу, орманды пайдалану үшін төленетін ақы мөлшерін айқындау, орманды пайдаланушылар мен орман иеленушілердiң шаруашылық қызметiн бағалау кезiнде пайдаланылады.
11. Мемлекеттiк орман кадастры ақпарат жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электронды жүйелерiн пайдаланып, сондай-ақ қағазға басылған күйiнде жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің
2004 жылғы 17 ақпандағы
N 188 қаулысымен
бекiтiлген

Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргiзу
ережесi

1. Жалпы ережелер


1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес әзiрлендi және ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi (бұдан әрi - Ереже).
2. Ормандардың мемлекеттiк мониторингi орман қорын күзету, қорғау және ормандарды молықтыру, орман қорын пайдалану, ормандардың биологиялық әртүрлілігi мен экологиялық функцияларын сақтау саласындағы мемлекеттiк басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен серпінін бақылау, бағалау және болжам жасау жүйесi болып табылады.
3. Ормандардың мемлекеттік мониторингiн жүргiзудi орман шаруашылығы саласындағы уәкiлетті орган (бұдан әрi - уәкiлетті орган), оның аумақтық органдары мен орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырады.
4. Ормандардың мемлекеттік мониторингi бойынша материалдар әзiрлеудi және уәкiлетті органға берудi орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы облыстық атқарушы органдар жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет