2. ДӘріс тезистері


Тәрбиелік жағдайлар тәрбиеленушілер



бет10/22
Дата26.09.2023
өлшемі196.02 Kb.
#478597
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Ұлттық құндылық Лекциялар 2

Тәрбиелік жағдайлар тәрбиеленушілер үшін арнайы жасалған жағдаяттарда ұсынылуы керек.
Тәрбие жағдаяттар деп тәрбие барысында оқушының белгілі бір мәселені шешуі (рухани таңдау, әлеуметтік рөл, іс-әрекет таңдау). Тәрбиеші тек тәрбиелік жағдаяттар ғана ұсынады. Осы жағдайда тәрбиеленуші алдында өзіндік таңдау жасау, өзін әр түрлі әлеуметтік рөлде көрсету мүмкіндігіне ие болады.
Әлеуметтік сынақтар адам өмірінің барлық салаларын және оның әлеуметтік байланыстарының басым бөлігін қамтиды.
Тәрбие беру жүйесі балалардың әлеуметтік жағдайды және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырады, ол кейіннен олардың әлеуметтік өмірге енуіне негіз болады.
Әңгімелеу көбінесе бастауыш және орта сыныптарда қолданылады. Бұл нақты фактілер мен оқиғаға құрылған, жарқын адамгершіліктік мазмұнға ие эмоциялық баяндама. Сезімге әсер ету арқылы әңгіме оқушыларға моральдық бағалау мен өзін-өзі ұстау мәнері мен ережесін үйренуге, жақсы іс-әрекеттерге мейірімділік танытуға, мінез-құлқына, жүріс-тұрысына мән беруге үйретеді.
Егер әңгіме арқылы оқушыға белгілі бір жағдай турасында нақты түсінік бере алмаған жағдайда (кейбір іс-әрекеттердің нақтылығын түсіндіргенде, мысалы: заң, принциптер, ережелер мен нормалар, өзін-өзі ұстау мәнері т.б.) түсіндіру әдісі қолданылады. Түсіндіру әдісінде дәлелді айғақтар, осы мәселеге байланысты логикалық тұжырымдардың болуы шарт. Көп жағдайда түсіндіру оқушылардың бақылауымен байланысты, оқушының оқытушыға немесе оқытушының оқушыға сұрақ қою барысында олардың сұрақтары негізінде сұрақ-жауапатыр әңгімеге ұласады.
Түсініктеме әдісі оқушыға жаңа ақпаратты түсіндіру барысында, адамгершіліктік нормаларды үйретуде, оның іс-әрекетіне әсер ету жағдайында қолданылады. Түсіндіру жаңа моральдық қасиеттер мен өзін-өзі ұстау ережелерін сипаттауда, берілген, болып кеткен жағдайға байланысты дұрыс қарым-қатынас көрсетуді үйрету үшін пайдаланылады. Әңгімелеу, көндіру әдістерінен басты айырмашылығы мұнда белгілі бір топқа немесе жеке адамға тікелей әсер ету мақсат болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет