2. ДӘріс тезистері



бет20/22
Дата26.09.2023
өлшемі196.02 Kb.
#478597
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Ұлттық құндылық Лекциялар 2

2. Тіл – тәрбиенің маңызды құралы ретінде
Әрбір ұлт мектебінің басты бағыты – білім беру арқылы жас ұрпақтың бойында өз ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін дамыту, ал тіл сабақтарында тіл арқылы оқушыға өз халқының қарым-қатынас мәдениетін меңгерту, сөз сөйлеу өнерінің талаптарын білгізу, оны өзінің күнделікті өмір қажетіне сай жұмсау дағдыларын жетілдіру. Бұл жөнінде Ж.Аймауытов: «Тәрбиенiң мақсаты – дененi күшейтiп, ұлтшыл қылу болса, мұның жақсы жағы да, жаман жағы да болу керек. Жақсы жағы: бiр халықтың ұлтшыл адамдары көбейсе, өзi көркейедi. Бiр ұлт бақытты болса, сол бақыт сол ұлттың iшiндегi адамдарына да ортақ. Тәрбиенiң мақсаты – мiнездi түзеу, оқушымен жұмысты өмiрмен байланыстыра жүргiзу... Адам жанды нәрселердiң iшiндегi – ақылдысы, сезiмдiсi, қайраттысы. Iшiп-жеу жанды нәрселердiң бәрiнде бар. Адам дүниеде ақылды зат болса, өмiр сүрудiң де бiр ақылды мақсаты болуы керек»,-дейді . Ұлт болашағын барлай отырып, ғалым бұл жерде ұлттың бақыты оның білім жүйесінде бұрыннан қалыптасқан дәстүрлерін жаңа талаптармен ұштастыруында екенін және ел ертеңін тәрбиелеуде дұрыс жол табатынын тұжырымдап отыр.
Тәрбие әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда қоғам бақылайтын және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне қатысуға мақсаттылықпен даярлау ісі. Тәрбие туралы түсінікке баланың жеке басының қалыптасуы мен дербес ерекшеліктерін ескерумен іске асырылатын толыққанды және толық құқылы тұлға тәрбиелеуге болады деп тануды талап ететін және педагогикалық процестің субьектісі ретінде тұлғаның қоғамдағы жаңа ұстанымы орнығады.
Тұлғаның «қалыптасуы» ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өз тағдырына өзі үкім ете білуі және өзінің қарым-қатынасын түсіне білу қабілетін меңгерген, сонымен бірге құндылық атаулыны тұрақты таңдай алу сияқты дамудың шартты түрдегі жетістіктері жатады. Тұлғаның қалыптасуы – тұлғаның шындықпен өзара әрекеті барысындағы өзгеріске түсу үрдісі және оның дене құрылысы мен әлеуметтік-психологиялық жаңаруындағы өзгерістердің пайда болуы.
Тәрбие жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлшегі болғандықтан, оны культурологиялық тұрғыдан оқып, үйренуге тура келеді. Жалпыадамзаттық құндылықтарды игеруде біріктіруші бастама - тәрбиенің маңызды құралы ретінде ана тіліне берілуі тиіс. Тіл арқылы кез келген халықтың даму дәрежесін, оның тарихын, мәдениетін түсінуге болады. Өз ұлтының тілін, музыкасын, әдет-ғұрпын, ауыз-әдебиетін, мақал-мәтелдерін білмеу, ол өз халқынан, өскен ортасынан, ұлттық менталитетінен қол үзу болып табылады. Өз халқымен рухани байланысы жоқ адам , тамырсыз өскен өсімдік, қуыс кеуде болып қалады. Ондай адамды космополит деп атайды. Өз халқының тілін, мәдениетін білмейтін адам өз халқының тарихын, әдет-ғұрпын мақтан ете алмайды. Тіл – ол тек ұлттардың қарым-қатынас құралы ғана емес, ол сонымен қатар оның бейнесі, мәні, дүниетанымының шегі. Адамның сөйлеу мәнерінде ұлттық ерекшелік көрініп тұрады. Әр жеке тұлға өз ұлтының рухымен сомдалуы тиіс.
Тәрбиелеу жұмыстарының барлық формаларын іс-шаралар деген жалпы терминге біріктіруге болады, іс-шаралар – бұл тұлға мен ұжымға тікелей тәрбиелік әсер ететін, мақсатты, мазмұнды және ұйымдастырушылық бірлікпен сипатталатын, тәрбиелу үдерісінің бір бөлігі ретінде байқалатын, нақты тәрбиелік іс-әрекеттер.
Қазіргі мектептің жалпы даму тенденциялары, тәрбие жүйесінің болуы, әр мектептегі тәрбие жұмысының атқаруда түрлі әлеуметтік институттардың өзара қызмет бөлісіп алуын, тәрбиешілер қызметінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеріске ұшырауын, олардың функцияларын байыта қарауды талап етеді. Осы мәселені іске асыру үшін елімізде тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері айқындалып, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда басшылыққа алынатын нормативтік құжат ретінде бекітілді. Бұл бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылығын қалыптастыруға негіз болатын тәрбие жұмысын жүйелі жүргізудің тиімділігін арттырары сөзсіз.
Сонымен, тәрбие жұмысы негізінде бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылығын қалыптастыру тұлғаның табиғи жаратылысы мен арнайы ұйымдастырылған тәрбие үдерісінің негізінде тұлғаның ұлттық санасын, сезiмiн, мiнез-құлқын дамытуға бағытталған мақсатты, жүйелi, жоспарлы жүргiзiлетiн жұмыстың нәтижесі болып табылады. Ұлттық құндылыққа қызығушылықты қалыптастыру үдерісі бастауыш сынып оқушысының тұлғасына оның жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, мақсатты түрде педагогикалық ықпал көрсету жүйесінен тұрады.
Бастауыш сыныптарда тәрбие жұмысы негізінде оқушылардың ұлттық құндылығын қалыптастыру тұлғаның өз өмірін ұйымдастыруы субъектілік қатынасқа түсуде, өзінің мінез-құлық нормасын қалыптасуын көрсететін іс-әрекеттегі белсенділігі мен жауапкершілігі, өзіне өзі баға беруі, рефлексия жасай білуі, өзіндік пікірін делелдеуі, яғни өмірлік дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік туғызу болып табылады. Әрине бұл сияқты тұлғалық сапалар әр оқушыда әртүрлі болады. Сынып жетекшісі бұл жерде тұлғаның өзін өзі тануы, өзін өзі уәждеуі, өзін өзі айқындауы, өзін өзі жүзеге асыруы, өзін өзі реттеуін есепке ала отырып, тәрбие жұмысында тұлғалық сапаларды қалыптастыруы тиіс, - деп есептейміз.
Ұлт толыққанды ұлт болып қалыптасып дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық құндылығы және ұлттық мүддесі болуы керек. Олай болса бүгінгі күнгі ұрпағымыз ұлттық құндылықтарын қадірлеп, ұлттық мүддесін қорғауда қандай жетістіктерге қол жеткізгенін білуі керек, әрине оны бастауыш сыныптарда ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының міндетіне жүктеледі.
Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауды, бағыттылықты, белсенділікті өздеріне шоғырлай отырып, олармен өзара диалектикалық әрекеттеседі және өзара тәуелді болады. Ұлттық құндылық тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес барлық әсерді өздеріне шоғырландырғандықтан, оларды оқушы өнегелігінің, ұлттық санасының, мінез-құлқының көрсеткіші ретінде қарастыруға болады, – деп түйіндейміз.
Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру ұлттық мектеп алдында тұрған бірқатар маңызды міндеттерді шешуге әсер етеді, солардың ішінде өскелең ұрпақтың өз халқының игіліктері мен әлемдік мәдени құндылықтарды белсенді түрде игеруі үшін жағдай жасалуына, ұлттық құндылықтар әлемінде, олардың ұдайы өсу үдерісінде өздігінен дұрыс бағдарлану үшін, оқушының қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ осы құндылықтарды жаңа әлеуметтік жағдайларда одан әрі дамыту үшін жағдайдың жасалуына басты назар аударылады. Бүгінгі мектеп тәжірибесінің тәрбие жұмыстарының жоспары мен он іске асару әдістемесі оқушыларды ұлттық құндылыққа тәрбиелеу десек, соның бірі «Тіл мерекесі» бойынша бастауыш сыныптар арасында ұйымдастырылатын апталық деп толық айта аламыз. «Тіл – халық қазынасы» атты апталық тәрбие жоспарын құрып семинар сабақтарында он ұйымдастыру әдістемесін талқылайтын боламыз.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Ұлттық тіл – ұлттық тәрбиенің өзегінің мәнін ашыңыз.
2. Тіл – тәрбиенің маңызды құралы ретінде екенін мысалмен дәлелдеңіз
3. «Тіл – халық қазынасы» тақырыбына апталық тәрбие жоспарын құрыңыз.

1

№ 14 дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет