2. ДӘріс тезистері


Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері: Рухани-адамгершілік тәрбиесі. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі



бет13/22
Дата26.09.2023
өлшемі196.02 Kb.
#478597
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Ұлттық құндылық Лекциялар 2

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері: Рухани-адамгершілік тәрбиесі. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Дәріс жоспары:
1. Рухани-адамгершілік тәрбиесі
2. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
3. Бастауыш сынып оқушыларына рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1.Рухани-адамгершілік тәрбиесі.
Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген руханиадамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

  • мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына;

  • өзінің қасиетіне, арына және парызына;

  • ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына;

  • өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет-ғұрпына;

  • діни құндылықтарға;

  • ой, сөз және іс бірлігіне;

  • өзінің мінез-құлқын жетілдіруге;

  • ар-ұжданымен орындалған қылықтарға;

  • түрлі мәдениет пен нанымның бірлігіне;

  • адамдарға риясыз қызмет етуіне;

  • өз ата-анасына, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік сезім

білдіру.
Іске асыру механизмдері
Оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты; «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасының метапәндік және тәрбиелік рөлін күшейту, рухани-адамгершілік тәрбие тұрғысынан қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жүзеге асырылады.
2. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

  • өмір бойы білім алуына;

  • өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне; - сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне;

  • зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілеттілікті меңгеруіне;

  • пікірталас жүргізу дағдыларына;

  • жасампаз қызметке;

  • топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға;

  • ақпараттың түрлі дереккөздеріне;

  • қажетті ақпарат алу арналары мен іздестіру жолдарына;

  • өз қызметінің түрлі салаларынан алынған ақпаратқа;

  • Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне;

  • Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру;

  • ақпарат дереккөздерін таңдау және талдау жасау, өздігімен іздестіру жолдары мен тәсілдеріне;

  • Интернет-сауаттылық қалыптастыруға;

  • ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға;

  • жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылық білдіру.

Іске асыру механизмдері
Сабақтар, оқу пәндері, электив курстар, қызығушылығы бойынша үйірмелер және сабақтар, мектептік және желілік дебат турнирлері, балалармен және жастармен бірлескен жобалық жұмыстар; сабақтан тыс қызметтер, балалар мен жастар бірлестіктеріндегі қызмет, түрлі деңгейдегі бірге басқару органдарына қатысу, қосымша білім беру, жаратылыстануғылыми және гуманитарлық циклдары пәндерінің «Өзін-өзі тану» пәнімен кірігуі, элективті курстар: «Физика жүрек үнімен», «Математика рухани-адамгершілік заңдары туралы ғылым ретінде», «Тарихтың адамгершілік тағылымдары», «Ақпараттық мәдениет негіздері» және т.б. жүргізу. Зияткерлік ойындар, байқаулар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар. Дарынды мамандармен және замандастарымен кездесулер, рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, мәлімдемелер, мектептік және студенттік медиа-орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, сайттар, кітапханаларды дәріптеу. Психометриялық және социометриялық тесттер мен әдістемелер; көшбасшылықты дамыту жөніндегі бағдарламалар және т.б. арқылы жүзеге асырылады.
3. Бастауыш сынып оқушыларына рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Адамның рухани, моральдық-этикалық қағидаттарын, оның адамгершілік құндылықтарына және қазақстандық қоғамдық әдет-ғұрыптарына сәйкес келетін рухани адамгершілік қасиеттері мен көзқарастарын жандандыру туралы «Рухани жаңғырудың» құндылық негіздерін терең түсінуді қалыптастыру.
Адамгершілік – рухани өмірдің түйіні, тәрбиеліліктің күші, ол өзін ішкі сенім күшіне жетелейді, ал адамның өзіндік көзқарастары мен сенімдері оның бақылау объектілері ретінде алға шығады. Адамгершілігі жоғары адамдар үшін мынадай этикалық нормалардың маңызы зор:
- идеялық, руханилық, сенімділік;
- мінез-құлықты тыңдау, адамгершілік, ар-ұят шешімдерін қабылдаудағы ішкі еркіндік;
- өзін-өзі билеу еркіндігі, дербестік, рухани және жеке тұлға ретінде сенімге және өзіне адалдық;
- өзгеше ойлауға шыдамдылық және сонымен бірге адасуларға рухани белсенді қарсы тұру;
- адамгершілік қасиет сапаларды өмір шындығына бағыттауға қабілеттілік;
- адамдарға адамгершіліктің негізін салу мен қалыптастырудың жалғыз құралы ретінде ұйымшылдыққа ұмтылу.
Сөйтіп, адамгершілік дегеніміз – адамның тұлғалық-өзгешелік қасиеттерінің негізінде оның өзіндік жеке мінез, адамгершілік қағидалары және өмірлік мақсаттарының ішкі байланысы ретінде қалыптасқан қасиеттер, ал мораль – қоғам мойындаған этикалық құндылықтар жүйесі болып табылады.
Мораль әрқашан адамгершілік мұраттың, еліктеуге болатын үлгінің болуын көрсетеді. Олардың мәні мен мағынасы тарихи кезеңдер мен әлеуметтік кеңістікте жетіліп отырады. Оған дәлел еліміздегі ұлттық нышандарымыздың табиғи болмысы бөлек құбылыс ретіндегі тарихтан ерекше орын алатыны мәлім. Олардың пайда болуы, қалыптасуы мен өміршеңдігі қоғам тіршілігінде атқаратын маңызды, әлеуметтік, ақпараттық және мәдени қызметіне тікелей байланысты. Ал мазмұндық құрылымы уақыт, кеңістік, қарым-қатынастың әр түрлі әдістері мен түрлері тәрізді өлшемдерге негізделуі.
Осы ретте этика, мораль, адамгершілік деген сөздер бүгінгі ғылыми ұғымдар айналымда пайдаланылады. Бұл ұғымдардың өзара мағыналық мазмұнын ажырата білуі қажет. Шығу тарихы жағынан алғанда бұл үш сөз бір – ақ мағына білдіреді, дәлірек айтсақ, – адамгершілік. Бұл үш сөз қазіргі қолданысында өзара мағыналық айырмашылыққа ие.
Этика – мораль теориясы. Мораль – қоғамдық құбылыс. Ол қоғам өмірінің барлық саласында адамдардың бір – бірімен мүдделік қарым – қатынасын (ал таптық қоғамда таптар арасындағы мүдделік қатынасын) жүйелеу қызметін атқарады. Мораль және адамгершілік бір тұрғыда қолданылады. Сонымен қатар «мораль» сөзі санаға қатысты әдепті білдірсе, адамгершілік ұғымы адамдардың іс – қимылына, яғни, практикалық іс-әрекетінен танылады. Сонымен, этика дегеніміз мораль және адамгершілік мәселесін зерттейтін ғылым болып табылады.. Этика белгілі бір қоғам өмірін зерттеп қана қоймайды, сол қоғам өміріне де араласады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: тәрбие жұмысының негізін Елбасының адамгершілік мұрасы – "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" және "Ұлы даланың жеті қыры" атты бағдарламалық мақалалары құрайды. "Туған елге тағзым" жалпы республикалық экспедициясын қамтитын "Ұлы дала мұрагерлері" жобасы, "Тарих тағылымы" (қалалар мен ауылдардың, көшелердің тарихын және мемлекеттің дамуына үлес қосқан тұлғаларды зерттеу) және "Қазақ мәдениетінің антологиясы" (ақындар, жырау, күйші шығармашылығы арқылы ұлттық фольклорды зерттеу) әлеуметтік жобалары жалғасатын болады. Басты рөл білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымына беріледі, ол білім алушылардың "моральдық компасты" – дұрыс пен бұрысты ажырата білу сезімін және бақытты өмір сүруге қажетті берік мінез-құлықты бойға сіңірудегі пайымын айқындайды мен көшбасшылық қасиетін қамтамасыз етеді, - делінген.
Сонымен қатар, бағдарламада білім алушыларды ұйымдасқан қоғамдық қызметке тарту «Жасқыран» (1-4 сыныптар) тұрақты мүшелікке ену жолымен қамтамасыз ету көзделген.
Білім беру ұйымдарында "Аналар мектебі", "Әкелер мектебі" жобалары енгізіліп, "Менің болашақ отбасым" тақырыбында эссе жазу бойынша өңірлік конкурстар ұйымдастырылады.
Барлық мектептерде ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамытуға, балаларды тәрбиелеуде отбасының рөлін арттыруға бағытталған «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы іске асыру қажеттігі айтылған. Сондай-ақ оқыту мен тәрбиеге құндылық-бағдарлы көзқарас мектеп климатында, мәдениетінде, барлық қызметкерлердің мінез-құлқында және қарым-қатынасында көрініс беретін мектептердің барлық мектеп жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл бағдарлама өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, әлеуметтік жауапкершілік пен оқушылардың әлеуметтенуін қалыптастыруға ықпал етеді.
Аталған бағдарламаның мақсаты мен іске асыруда әр білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысында болуы қажет. Тәрбие жұмысы негізінде бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылығын қалыптастыру үшін ұсынылған нұсқаның негізі тәрбиешінің көмегі арқылы оқушылармен және сынып жетекшісінің тәрбие сағаттарында оқушының белсенді яғни субъектілік қызметі арқылы ұлттық құндылығын қалыптастыруға негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет