2. ДӘріс тезистері


Екінші, сынып жетекшісі мен оқушы арасындағы диалогтың ұйымдастырылуына байланысты



бет15/22
Дата26.09.2023
өлшемі196.02 Kb.
#478597
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Ұлттық құндылық Лекциялар 2

Екінші, сынып жетекшісі мен оқушы арасындағы диалогтың ұйымдастырылуына байланысты. Оқушының маңызды мәселесін шешуге мұғалімнің ықпалы. Мұндай диалогта келесі іс-шаралар ұйымдастыруға болады.
• «Рөлдік маска». Балаларға басқа адамның рөліне кіруге және өз атынан емес өзгенің атынан сөйлеуге мүмкіндік беріледі.
• «Іс-әрекеттің дамуын жобалау». Қарым-қатынас барысында сынып жетекшісі осы немесе өзге жанжалды жағдайдың басқаша өрбуі туралы айтады. Осы жағдайда дұрыс жол іздестіріледі.
• «Еркін тақырыпта импровизация». Оқушылар өздеріне қызықты және сол аяда білімдері жоғары тақырып таңдайды, іс-әрекетке жаңаша баға беріп, оқиғаны жаңа көқарас тұрғысынан таладайды.
• «Қарама-қайшылықтардың әсері». Белгілі бір сұрақ аясында оқушылардың пікірі екіжақты болдаы, ол шығармашылық тапсырманы орындаған кезде, екі жақты талқылау кезінде көрініс табады. Қабылдау пікірталастардағы сәйкессіздіктердің нақты шектелуін, пікірталастың басты бағыттарын белгілеуді көздейді.
• «Қарсы сұрақтар». Оқушылар екі топқа бөлініп, бір-біріне қарсы сұрақтар дайындайды. Қойылған сұрақтар мен жауаптар кейін ұжымда талқыланады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Рухани-адамгершілік тәрбиесінің мақсаты мен іске асыру механизмі
2.Бастауыш сынып оқушыларымен рухани-адамгершілік тәрбиесіне ұйымдастырылатын тәрбие сағатының жоспарын дайындаңыз.
3. Рухани-адамгершілік тәрбиесінің бір сыныпқа тақырыптық тәрбие сағаты

1


№ 10
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері: Отбасы тәрбиесі. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты. Денсаулықты құндылық ретінде бағалау
Дәрістің жоспары
1. Отбасы тәрбиесі және оның қағидалары
2. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты. Денсаулықты құндылық ретінде бағалау - ұлттың рухани-адамгершілік жандануының қажетті шарты.
3. Денсаулықты құндылық ретінде бағалауға кері әсер ететін факторлар

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Отбасы тәрбиесі
Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

  • этно-әлеуметтік рөлдерге; өз отбасына және ұрпақты жалғастыруға;

  • адамгершілік қағидаларын қолдау арқылы отбасы және некеқұндылықтарына құрметпен, ұқыпты қарау.

Іске асыру механизмдері
Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеті; Репродуктив денсаулық орталықтары, мамандар кеңесін және бірлескен отбасылық іс-шаралар өткізу; «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында ата-аналарды оқыту, жасөспірімдер мен бойжеткендердің жүріс-тұрыс мәдениеті туралы жастармен әңгімелер жүргізу, жоғары сынып оқушылары мен ЖОО студенттері үшін «Отбасылық өмір этикасы» электив курсын кіргізу; атааналардың мектеп өміріне қатысу; әкелер, әжелер клубтары; ақсақалдар алқасы; мемлекеттік тапсырыс арқылы ата-аналардың психологиялық-педагогикалық жаппай оқу; мемлекеттік емес ұйымдармен ынтымақтастық; аула клубтарының жұмыстарын қалпына келтіру; балалар мен жастардың қосымша білім беру нысандарына ақысыз негізде қол жеткізуін ұйымдастыру; элективті курстар, фестивальдер, байқаулар, «Менің отбасым», «Жыл отбасы» жарыстары арқылы жүзеге асырылады.
Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі, бастау көзі. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, ізгіліктің, адамгершілік тәрбиесінің негізі қаланады.Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар да тек отбасында ғана дамып, байытыла түседі. Адамды өзара түсіністікке алып келетін шынайы да тұрақты сүйіспеншіліктің дәстүрлері де тек салауатты отбасында қалыптасады.
Жеке тұлғаның өсіп жетілуіне ықпалы ерекше болғандықтан, отбасы тәрбиесіне әлеуметтанушылық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлініп, «отбасы» ұғымына анықтамалар берілген. Мәселен, Р.Н.Нұрғалиевтің философиялық сөздігінде: «Отбасы-әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата-аналар мен балалардьң, аға-інілер мен апа-қарындастардың және бірге туып, ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы»,-деп анықтама берілген.
Р.М.Қоянбаевтың педагогикалық еңбегінде: «Отбасы - ол бірге тұратын некеге негізделген немесе қандас туыстар (әке, ана, бала...) тобы»,- деп анықтама берілген. Отбасы баланың өмір жолын бастайтын және қоршаған шындық, орта туралы тиянақты да терең әсер алатын ұжымы, соның негізінде онда білім, әдет, мінез-құлық пен өмірге деген көзқарас қалыптасады.
2.Отбасы тәрбиесінің қағидалары мен ұлттық құндылыққа тәрбиелеу.
Қазақ отбасындағы тәрбие белгілі бір қағидаларға негізделіп ұйымдастырылған. Олар мынадай сипатта көрініс берген:
Отбасы тәрбиесіндегі үлкенге құрмет қағидасы. Қазақ халқында әpбіp шаңырақтың ең құрметті, сыйлы иесі – атасы мен әжесі болып табылады. Сондықтан болар "Қариясы бар үйдiң - қазынасы" бар деп оларды қадiр тұтқан. Ақсақалдар мен кіші ұпақ міндеттерін қазақ халқында бала туған туыстарымен қарым - қатынасы барысында үйреніп, мәнін түсінеді. Мұндай қарым - қатынастың мәні «сыйласу» түсінігімен байланысты анықталады.
Қазақ қоғамында үлкен кісілер отырмайынша жастарға отыруға болмайды. Бұл жастардың әдептілігі мен тәрбиесін көрсеткен. Сонымен қатар үлкендерді сыйлай білетін әрбір жас үлкен кісілерден жоғары отырмауы тиіс. Бұл әсіресе дастархан басында отырғанда ерекше назарда болатын жағдай. Қазақ халқының этикет салттары бойынша үлкендер сөйлегенде сөзді бөлуге де болмайды. Үлкендердің айтқан өтініштерін бұлжытпай орындау жастарға міндет болып саналған. Халқымыз: «Ағасы бардың жағасы бар, iнici бардың тынысы бар», «Үлкен тұрып, кiшi сөйлегеннен без, апa тұрып сiңлi сөйлегеннен без», «Aғaғa карап iнi өсер, aпaғa қарап сiңлi өсер» деп тегін айтпаған. Туысқандар арасындағы өнегелі қарым - қатынас үлкенді - кішілі адамдардың өзара сыйласуынан, қайырымдылығынан, кішіпейілділігінен, адалдығынан туындайды. Жас ұрпақтың ақыл - есінің, мінез - құлқының қалыптасуы өскен ортасының өнегесi мен алған тәрбиесіне байланысты. Сондықтан да қазақ ежелден ағалы - інілі, апалы - сіңлілі адамдар арасындағы татулықты, бауырмалдықты насихаттап отырған. Дастархан басында отырғанда дәмнен ауыз тиюді бастау ең алдымен үлкен ер адамдерға тиесілі деп түсiнген, егер ер азаматтар арасында ересек болмаса, онда үлкен әйел азамат бастайды. Тек содан кейін ғана жастар табаққа қол салады.
Үлкендi тыңдау, үлкендi сыйлау дәстүрлері амандасу, сәлемдесу ережелерін де қамтиды. Өйткені, қазақта сәлемдесу сыйласудың бастамасы болып табылады. Сондықтан қазақ халқы отбасында балаға сәлемдесуді жастайынан үйретеді. Ауыл ақсақалдарына алыс жолдан келгенде немесе көрші ауылға барғанда арнайы сәлем беріп келу қазақ баласының тәрбиелілігінiң көрсеткiшi.
Сәлемдесудің түп нeгiзi жылы шырай, кішіпейілділік екенін, оған үлкендер де лайықты жауап қатып: «Көп жаса, балам!», «Өмip - жасың ұзақ болсын!» деген сияқты тілек, ықылас - пейіл көрсетіп отыруы мамыражай көңіл жақындығы, жарастық нышаны болатынын ұмытпағанымыз жөн. Сәлемді селқос қабылдау, қолының ұшын ғана беріп, кекірею, жақтырмаған кейіп таныту – инабатсыздық, ожар-тәкаппарлық бeлгici, оны халық парасатсыздыққа, көргенсіздікке санайды.
Қазақ халқында бала тәрбиесiн дұрыс жолға салудың тағы бір жолы тәрбиенiң халықтығы қағидасы негiзiнде жүзеге асырылады. Қазақ халқы бала тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берiп, балаларды оның тек ата - анасы ғана емес, бүкіл ауыл болып тәрбиелегендiгi белгiлi. Сондықтан, ата дәстүрінің бірі – дүниеге келген балаға бүкіл ауыл, тума-туысқандары болып көңіл бөлген. Азан шақырып атын қойғаннан ер жетіп отау тіккенге дейінгі бала өмірінің әрбір белесі мен асқан асуы туыстар тарапынан атаусыз, ескерусіз қалған емес. Бала өміріне байланысты отбасында болатын қуаныштардың барлығын қадірменді ақсақалдар мен игі жақсылар балаға деген жақсы тілегін айтып, ақ батасын беріп, үй иелерінің қуанышын бөліскен. Міне, сондықтан да бала тәрбиесі бұрынғы қазақ ауылында бір үй адамдарының тілек-талабы мен мүдделерінің деңгейінен асып түсіп, қоғамдық, әлеуметтік сипатқа ие болған.
Қазақ халқы отбасы тәрбиесінде қашан да баланың жас және дара ерекшеліктерін ескере білген. Бұған «Бес жасқа дейін баланды патшаңдай күт, бестен он үшке дейін құлыңдай жұмса, ал он үштен кейін құрдасыңдай сырлас» деген халық даналығы дәлел болады. Себебі, он үш жастан кейін «балаларды он үште отау иесі» деп санап, физиологиялық жағынан балалардың ересектерден айырмашылығы онша алшақ болмайды деп санаған, олардың пікірімен санасып, ересектік өмірге баулып отырған. Мұнан қазақ отбасы тәрбиесiнде балалардың жас ерекшелiктерiн ескеру қағидаларының басшылыққа алынғанын айқын көреміз.
Қазақ отбасында бiрнеше ұрпақ арасындағы қарым-қатынастық өмiр сүрудің бүрыннан келе жатқан тамаша дәстүрi қалыптасқан. Оны ел аузында аңыз болған мынадай мысалдан көруге болады: "Маңдай терiменен тапқан еңбек ақысын үшке бөлiп отырған бiр кiсiден бұл өз еңбек ақың емес пе, оны неге үшке бөлiп отырсың деп сұрағанда, ол: «Бiр бөлiгiн қарызымды өтеу үшiн, екiншi бөлiгiн қарызға беру үшiн бөлiп отырмын, ал сонда үшiншi бөлiгi ғана өзiмдiкi болады",- деп жауап берген екен. Мұнда әрбiр қазақ отбасындағы ата-ананы асырап бағу парызын өтеу мен балаларына жақсы тәрбие беру арқылы олардың нәтижесiн көру дәстүрiнiң өзара тамаша сабақтастық тапқандығына куә боламыз.
Білім беру ұйымдарында "Аналар мектебі", "Әкелер мектебі" жобалары енгізіліп,, "Менің болашақ отбасым" тақырыбында эссе жазу бойынша өңірлік конкурстар ұйымдастырылады.
Барлық бастауыш сыныптарда ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамытуға, балаларды тәрбиелеуде отбасының рөлін арттыруға бағытталған «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы іске асыру қажеттігі айтылған. Сондай-ақ оқыту мен тәрбиеге құндылық-бағдарлы көзқарас мектеп климатында, мәдениетінде, барлық қызметкерлердің мінез-құлқында және қарым-қатынасында көрініс беретін мектептердің барлық мектеп жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл бағдарлама өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, әлеуметтік жауапкершілік пен оқушылардың әлеуметтенуін қалыптастыруға ықпал етеді.
Аталған бағдарламаның мақсаты мен іске асыруда әр білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысында болуы қажет. Тәрбие жұмысы негізінде бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылығын қалыптастыру үшін ұсынылған нұсқаның негізі тәрбиешінің көмегі арқылы оқушылармен және сынып жетекшісінің тәрбие сағаттарында оқушының белсенді яғни субъектілік қызметі арқылы ұлттық құндылығын қалыптастыруға негізделеді.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Отбасы тәрбиесі мәселесінің қоғамдық маңызын дәлелдеңіз
2. Отбасы тәрбиесінің қағидаларын өмірмен байланыстырып көрсетіңіз.
3. Отбасы тәрбиесіне байланысты тәрбиелік іс-шараның жоспарын құрыңыз.
2. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері: Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты. Денсаулықты құндылық ретінде бағалау - ұлттың рухани-адамгершілік жандануының қажетті шарты.
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
- денсаулық жағдайының скринингіне;
- әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге;
- теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге;
- табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға;
- денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінезқұлыққа;
- өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылық;
- қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге;
- денсаулық сақтау ортасын құруға тілегі және даярлық білдіруі.
Іске асыру механизмдері Сабақтар, дене тәрбиесі сабағы, оқу пәндері, қосымша білім беру, спорттық секциялар мен үйірмелер, «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында репродуктив денсаулық, нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту және АҚТҚ алдын алу және салауатты өмір салты негіздері бойынша ақпараттық-ағарту курстар, семинар-тренингтер; денсаулық фестивальдері, спартакиадалар, қауіпсіздік бағдарлар өткізу; ақпараттық-диагностикалық материалдар дайындау және тарату; «сенім қызметтерін» ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Денсаулық өмірде әр адам үшін берілетін игіліктердің ең маңыздысы десек қателеспейміз. Ол берілген күйінде тұрақты сақталып қалмайды, түрлі объективті және субъективті факторларының әсерінен үнемі үздіксіз өзгеріске ұшырап отырады. Көп жағдайда адам ағзасындағы болып жататын бұл өзгерістер оның өз денсаулығына деген саналы да жауапты қатынасына байланысты. Егер адам денсаулық құндылығын жастайынан дұрыс бағалауға дағдыланса, ол өзін-өзі күтіп, ауырмаудың амалдарын іздестіріп, күш-қуатын нығайту үшін еңбек етеді.
Денсаулық құндылығын бағалауға нақты білім, ынта-ықылас, ерік-жігер жұмсалмаса, баянды денсаулықты ұзақ мерзімге сақтау мүмкін емес. Сондықтан да болуы керек халық аузында «аурып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» немесе «ауру патшадан дені сау қайыршы артық» деген сөз қалған.
Ал өз денсаулығының қадірін білмеген адамдар көп қиыншылықтарға душар болады, өзінің ішкі әлеуетін, қабілеттерін толығымен іске асыра алмай, өмірлік мақсаттарына қол жеткізу қиындай түседі. Бұл ой тек физикалық қана емес, денсаулықтың рухани, психологиялық, әлеуметтік түрлеріне де қатысты. Осыған орай ата-бабаларымыз көп жылдық өмірлік тәжірибені зерттей келе адамдардың денсаулықты барында бағаламайтындығына көңіл аудартып «Үш қадірсіз» ұғымын қалыптастырып, оларға: жастық шақ қадірсіз, денсаулық қадірсіз, жақсы жардың қадірін білмеу жатқызылған екен.
Денсаулық адамның тек өзі үшін ғана құндылық емес, ол маңызды әлеуметтік және қоғамдық басымдықтардың бірі екенін түсіне білу керек. Бүкіл әлемдік өркениетті елдерде халық денсаулығы, әсіресе жастардың денсаулығы басты ұлттық құндылық және мемлекететтік саясаттың басым бағдары ретінде мемлекет назарында.
Қазіргі таңда дүниежүзі бойынша адамдардың денсаулықтарының физкалық, рухани, психологиялық, әлеуметтік түрлерінің нашарлау құбылыстары байқалады. Оны күнделікті бұқаралық ақпараттық құралдардан да, интернет сайттарынан да жиі естіп келеміз.
Осы тұрғыда әсіресе қоғамның болашағы саналатын жастардың денсаулықтары алаңдатушылық туғызуда. Бүгінде жастардың физикалық дайындық деңгейі мен денсаулығының жай-күйі қоғамның қазіргі әлеуметтік және кәсіби іс-әрекетке қоятын талаптарына сай келмейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60% өмір тіршілігіне, 20% - тұқым қулаушылыққа, 20% - сыртқы ортаның жағдайына, 8-10% - дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттауға бағытталған шараларды ұйымдастыру екендігін дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет