2. ДӘріс тезистері



бет11/22
Дата26.09.2023
өлшемі196.02 Kb.
#478597
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Ұлттық құндылық Лекциялар 2

Насихаттау әдісінің ішінде түсініктеме және көндіру әдісінің элементтері кездеседі. Бұл әдістің педагогикалық тиімділігі балаға оқытушының әсері, оның мәртебесі, моральдық қасиеттері тікелей әсер етуінде. Насихаттау мақтау, өзінің мәртебесін жоғары қою, ар-ұят сезімін сезіну, өзіне көңіл толмау, өз іс-әрекеттерінің бұрыстығын ретке келтіру сынды жолдарды қарастырады.
Этикалық әңгімелесу – бұл екі тараптың - тәрбиеші мен оқушылардың қатысуын көздейтін білімді жүйелі және дәйекті талқылау әдісі. Әңгімелесудің әңгімеден айырмашылығы мұнда оқытушы оқушыны тыңдайды, оның пікірін қабылдайды, сонымен бірге тең және әріптестік дәрежесінде өз қарым-қатынасын құрайды. Мұның этикалық әңгімелесу деп аталу себебеі, мұнда көбінесе адамгершіліктік, моральдық, этикалық мәселелер талқыланады.
Этикалық әңгімелесудің мақсаты - моральдық ұғымдарды тереңдету, біріктіру, білімді топтастыру және жинақтау, адамгершілік көзқарастар мен наным-сенімдер жүйесін қалыптастыру
Диспут  – бұл тәрбиеленушілерді қызықтыратын әр түрлі тақырыптардағы қызу талқылау (саяси, экономикалық, мәдени, эстетикалық, құқықтық). Оларды орта және жоғары сыныптарда өткізеді. Диспут өткізу үшін алдын-ала дайындық қажет.
Ең алдымен диспут тақырыбын белгілеу керек, ол мына талаптараға сәйкес келуі тиіс:
а) оқушылардың мектеп өміріне қатысы;
б) мұмкіндігінше түсінуге жеңіл (қарапайым);
в) Ой-пікір мен дау-дамайға еркіндік беру үшін толық аяқталмаған болуы;
г) адамгершіліктік мазмұнға ие бірнеше сұрақтарды қамтуы;
д) оқушыларға таңдау мүмкіндінге орай бірнеше жауап ұсынылуы тиіс. Ол жауап мазмұны «Батыр өзін қалай ұстауы тиіс» деген сұраққа негізделуі тиіс.
Патриоттық сезім ең алғаш өз Отаныңды сүюден, ұлттық рәміздеріміз ту, елтаңба, әнұранға деген құрметтен, мемлекеттік тілімізді қастерлеуден басталады. Бұндай қасиеттер адамдардың патриоттық мінез-құлқынан, әдебиет пен өнердің түрлі жанрларынан, ән шығармашылығынан көрініс береді. Сонымен жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысы қазіргі білім беру жүйесінің қажетті маңызды компоненті. Тәрбиенің алғашқы тал бесігі, әрі күрделі үдерісі – бастауыш сынып оқушыларының патриоттыққа бағдарланған тұлғасын тәрбиелеу, нағыз елінің ұлтжанды азаматын тәрбиелей білу.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. «Мәңгілік ел» идеясы негізінде бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз
2. Мәңгілік Ел» идеясы негізінде бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу үшін пайдаланған әдістерді мысал келтіре дәлелдеңіз.
3. «Мен - Қазақстан азаматымын!» тақырыбына тәрбие сағатының жоспарын құрыңыз




№ 8 дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет