Тәрбие жұмысының басым бағыттары: Көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
1. Тәрбие жұмысының басым бағыттары: Көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
2. Бастауыш сыныптарда көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1.Көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие Мақсаты: Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
толеранттылық және ғаламдық пікір;
көпмәдениеттілік және көптілділікті;
мәдениетаралық әрекет;
мемлекеттік тілді, орыс, ағылшын және өзге тілдерді білу;
қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық
нормаларын;
қарым-қатынас мәдениетін;
эстетикалық мұраттарға, көркемөнер құндылықтарына;
шығармашылық ой мен қиялға, шығармашылық қызметті қалыптастыруға
қызығушылық, ұмтылыс таныту.
Іске асыру механизмдері
Сабақтар, жалпыадамзаттық құндылықтар бірлігін барлық мәдениеттен айқындауда «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасын кіріктіру, жастарда әралуан мәдениеттер мен халықтардың бірлігін көру біліктілігін дамыту. Үйірмелер, әдеби клубтар және т.б.; театрларға, мұражайларға, көркемсурет көрмелеріне, галереяларға, тарихи орындарға саяхаттар; шығармашылық кештер, оқушылар жұмысының көрмелері, байқаулар; белгілі тұлғалармен, өнер қайраткерлерімен және т.б. кездесулер; Қазақстан халқы Ассамблеясымен және этномәдени орталықтармен ынтымақтастық; білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Кіші Ассамблеяларын құру арқылы жүзеге асырылады.
Бастауыш сыныптарда көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Мақсаты: Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі
сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті ортаны құру.
Көпмәдениетті және көрме-эстетикалық тәрбие бағыттары жаңа мазмұнда енгізілген бағыттар. Әлеуметтік –мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру бағыты бойынша адам - ең жоғарғы құндылық екенін оқушыға түсіндіру болып келеді. Ең ұлы жеңіс өзінді-өзің жеңу, өзіне - өзі ие бола білген адам ғана барша жұрттан күшті. Әрбір адамның қоғамдағы алатын өзіндік мәртебесі, өз орны бар екеніне сендіру. Осыған орай бұл бағыттар бойынша жоспарға сай бірнеше жұмыстар қамтылуы тиіс. Әлемдік деңгейде атылып өтетін Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай, сыныптан тыс тәрбиелік іс-шара етіп жоспарлау керек. Онда «Абай оқулары», «Абайдың балалық шағы», «Абай оқушы көзқарасымен» мәнерлеп оқу шеберлігі, қылқалам шаберлері, драма үйірмелері және т.б. жоспарлап өткізіледі.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар толеранттық және ғаламдық пікірмен санасуға, көпмәдениеттілік және көптілділікті үйренуге, мемлекеттік тілді, орыс, ағылшын және өзге тілдерді білуге, мәдениетаралық әрекетке, қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына, қарым-қатынас мәдениетіне, эстетикалық мұраттарға, көркемөнер құндылықтарына, шығармашылықпен ойлауға және қиялға, шығармашылық-эстетикалық қызметті қалыптастыруға қызығушылық ұмтылыстарын танытады. Сөздік қорлары молайады. Өзін-өзі дамытуға, ізденуге, шығармашылықпен айналысуға, қалыптастыруға дамытады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Тәрбие жұмысының басым бағыттары: Көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағытына сипаттама беріңіз
2. Тәрбие жұмысының басым бағыттары: Көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағытына бір сыныпқа тәрбие жоспарын құрыңыз.
|