2. ДӘріс тезистері



бет11/30
Дата02.04.2024
өлшемі4.37 Mb.
#497387
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
БМПед.ғыл. Дәріс 4

Білім сапасының бірнеше ерекшеліктерін:

  • сапаның көп аспектілігі (жақтылығы) - (білім нәтижесінің сапасы, білім беру жүйесінің әлеуеттік сапасы, оқыту-тәрбиелеудің сапасы); шығармашылық және репродуктивті, білімдік және іс-әрекеттік құзіреттілік сапасы;

  • әртүрлі деңгейлілігі (жоғары мектеп, орта-кәсіптік оқу орындары мен жалпы орта мектеп бітірушілерінің білім сапасы);

  • әртүрлі субъектілігі (білім сапасын білім алушылардың өздерін бағалауы);

  • баға өлшемдерінің (критерийлері) түрлілігі;

  • көпхрондылығы – білім сапасының ағымдық, тактикалық және стратегиялық аспектілерінің бірлігі;

  • инварианттылығы және вариативтілігін бөліп көрсетуге болады.

XXI ғасырда бастауыш мектеп педагогикасының жаңа белестерге көтерілуі
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, “жалпыға арналған білімнен”, “білім әркімге өмір бойы” үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. XXI ғасырда бастауыш мектеп педагогикасының жаңа белестерге көтерілуін 12 жылдық білім беру үдерісіне көшумен байланыстыра қарастырамыз. Өйткені, 12 жылдық білім беру үдерісін тәжірибеге енгізуде шетел тәжірибелерін зерделеу, бастауыш білім мазмұнын айқындау, үш тұғырлы тілді бастауыштан бастап оқыту, 12 жылдық мектепте оқытатын болашақ бастауыш сынып мамандарын даярлау, бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті маман дайындау, мектеп мұғалімдерін жаңа білім мазмұнын меңгертуге қайта даярлау және т.б. көптеген бастауыш мектеп педагогикасы аясында жүргізілетін зерттеу жұмыстары, оның жаңа белестерге көтерілуінің айғағы болмақ.
Бүгінде елімізде 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу жоспарланып отыр. Осыған орай білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының жобасы жан-жақты талқыланып, жетілдіру үстінде.
Бұл стандарт Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңына; “Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына”, “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына”, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында” атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленгені белгілі.
Бүгінге дейінгі оқу бағдарламалары бойынша 11 жылда берілетін білім көлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізіп отырғанына көз жеткізілді. Қалыптасқан бұл жағдай оқушылардың оқуға ынтасын да төмендететінін тәжірибе көрсетіп отыр. Осыған орай қазіргі білім беру тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып, оқу материалын жеңілдетуді, сондай-ақ құзыреттілікке негізделген нәтижеге жетуге бағдарланған білім мазмұны қарастырылу үстінде. Осы тұрғыдан алғанда бастауыш мектеп педагогикасының зерттеудегі жаңа бағыттары бастауышта оқытудың жаңа мамзұнын құрастырудың ғылыми-педагогикалық және тұжырымдамалық негіздерін зерделенуі қажет. Ол үшін әлемдік тәжірибені оқып үйрену қажет,- деп есептейміз.
Педагогиканың ғылым ретінде тәжірибелік мәнділігін күшейту тенденциясы
Педагогикалық ғылыми білімдер алуға бағытталған, білімнің жинақылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылык кызметі және сол қызметтің нәтижесі. Педагогикалық ғылыми білімдер қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында жинақталған ақпарлардың, сілтемелердің, қызмет пен пәнге нұсқаулардың жиынтығы болып табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен салыстырғанда жүйелілігімен ерекшеленеді.
Ғылым табиғат (материалдық) дүниесі мен қоғамның заңдары туралы білім жүйесі ретінде көрініс береді. Ғылым біртұтас бола тұра жеке ғылымдар деп аталатын бірқатар білім салаларына жіктеледі. Олай бөліну бізді қоршаған дүниенің көптүрлілігінен болады, сондықтан ғылымның жеке саласы көпқырлы қызметтің белгілі бір жақтарын зерттейді. Соған орай, табиғат туралы ғылымдар – жаратылыстану, қоғам туралы – қоғамтану (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар); таным мен ойлау туралы – логика, гносеология, диалектика болып бөлінеді. Техникалық ғылымдар жеке бір саланы кұрайды. Математика – өзі бір арнайы ғылым.
Ғылым салаларының өздері жеке ғылымдарға бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының кұрамына – механика, физика, химия, биология; гуманитарлық ғылымдарына – тарих, экономикалык ғылымдар, құқықтану, психология, педагогика жатады. Аталған жеке ғылымдардың әрқайсысы бірқатар ғылыми пәндерді құрайды. Мысалы, физика – оптикаға, қатты денелер физикасына, ядролық физикаға жіктеледі. Өзінің пәніне орай философия барлық ғылымдармен байланыста болады, ғылыми танымның барлық кезеңдерінде өзін көрсетеді.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. «Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» курсының мақсаты мен міндеттері, мазмұны
2. Педагогикалық зерттеу әдіснамасы
3. Қазіргі ғылым мен бастауыш білімнің әдіснамалық тұғырлары
4. Оқыту нәтижелері сапасын бағалауға құзыреттілік тұрғысынан келу
7. Әдіснамалық рефлексия және оның зерттеу жұмысындағы мәні.
8. Дамытушылық білім беру үдерістерін психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық жобалау
9. Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі.
10. Жаңартылаған бастауыш білім беру оқу бағдарламаларының басты идеялары. (1-4 сыныптар).
11. Бастауыш мектептегі әмбебап оқу әрекетттерді жобалау технологиялары
12. Педагогика ғылымы дамуының жаңа тұжырымдамалық идеялары мен бағыттары.
13. Бастауыш білім берудегі инновациялық үдерістердің мәні.
14. Білім беру философиясының тұжырымдамалары
15.Бастауыш оқыту педагогикасы саласында ғылыми білім алудың заманауи әдістерінің бірі – интербелсенді әдістер.
16. Жаңартылған бастауыш білім берудің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама.
17. Жеке пәндердің оқу-әдістемелік кешендеріне талдау жасаңыз.
18. Бастауыш білім сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі.
19. Ғылымның жүйесцентристік және антроцентристік пардигмалары.
20. Парадигма – әдіснамалық категория ретінде
21. Білім берудің мониторингі – ғылыми және практикалық мәселе.
22. Интелектуальды интерфейс тұжырымдамасы.
23. Тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының тұжырымдамасы.
24. Деңгейлеп, саралап, даралап оқыту технологияларына сипаттама.
25. Ақпараттық технологиялардың теориясы мен әдістемесі
26. Коммуникативті технологиялардың теориясы мен әдістемесі
27. Мультимедия технологиялары және оларға сипаттама
28. Отандық білім жүйесі мен шетелдік білім кеңістігін кіріктіру
29. Бастауыш білімді дамытудың бағыттары мен жаңа тұжырымдамалық идеялары
30. Бастауыш оқыту педагогикасы саласындағы ғылыми таным әдістері

1

№ 6
Дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет