Тақырып 8. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Мультимедиа технологиялар
1. Ақпараттық –коммуникациялық технологиялар
2. Мультимедиа технологияларына сипаттама
3. Білім берудегі цифрлық технологиялар
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1. Ақпараттық –коммуникациялық технологиялар
Оқытудың қазіргі ақпараттық технологиясы - жаңа педагогикалық нәтижеге жету мақсатында компьютерлерді ақпараттық технологияның құрамдас бөлігі ретінде оқытуда қазіргі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану.Ақпараттандыру – бұл «ақпараттық қоғам құру мақсатында ақпарат құралдарының көмегімен басқару мен дамудың қоры ретіндегі ақпараттарды меңгерудің жүйелік-әрекеттілік үдерісі және оның негізінде өркениет прогресін одан әрі дамытуды жалғастыру. Оның мақсаты: жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы интеллектуалдық әрекеттерді жаппай жетілдіру, постиндустриалды қоғамның талаптарына сайкелетін, ой-өрісі жаңа типтегі мамандарды дайындаудың сапасымен тиімділігін түбегейлі көтеру, жаңа ақпараттық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Ақпараттық технологиялар – бұл компьютерді қолдануға негізделген, ақпаратты қабылдап, көрсетіп сақтап, өңдеп әрі қарай жеткізетін ақпараттық – бағдарламалық құралдары.
Білім беруде оқыту іс-әрекетінің жаңа бағыттары – оқытудың компьютерлік әдістері мен құралдарын, бағдарламалық әдістемелік оқу кешендерін жобалау және құрастыру пайда болуда. Қазіргі кезде интернет гипермәтіндік ақпаратты мультимедиа құралдарында қолдануға мүмкіндік береді. С.Т.Мұқамбетжанова өз еңбегінде: «Білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі – білім беру ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын жаңа жағдайда қолдану арқылы жеке тұлғаның танымын дамыту негізінде әлемдік білім деңгейіне қол жеткізеді» деп қарастырады.Е.Ы.Бидайбеков. Ақпараттық-коммуникациялық технология-ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдаумен сипатталатын әртүрлі әдіс, тәсілдерді жалпылайтын ұғым.Ш.Х.Құрманалина. Ақпараттық-коммуникациялық технология - негізгі ақпараттық үдерістерді автоматтандыруға арналған және программалық өнімдерді пайдаланып, дамытуға байланысты компьютерді қолдануға негізделген технология.И.В.Роберт. Ақпараттық-коммуникациялық технология – нысан, үдеріс немесе құбылыстың жағдайы туралы жаңа сапалы ақпаратты алу мақсатында алғашқы ақпаратты өңдеу мен тарату, жинақтау әдістері мен құралдарының жиынтығын қамтитын үдеріс.
Еліміздің бірқатар ғалымдарының еңбегінде ақпараттық құзыреттілікті дамыту үдерісінің бастапқы қағидалары мыналар болып ұсынылған:
- уәждеме, білім алуға деген қажеттілік және қызығушылық, техникалық, ақпараттық орта мен ақпарат саласындағы біліктіліктер мен икемділіктер; қазіргі кездегі ақпараттық қоғамның жүйесін қамтып көрсететін қоғамдық, жаратылыс және техникалық білімнің жиынтығы; іздестіру танымдық іс-әрекетінің ақпараттық негізін құрайтын мағлұматтар;ақпараттық қамтамасыздандыру мен техникалық ресурстар саласындағы іздестіру іс-әрекетінің тәжірибесі;«адам-компьютер» арасындағы қарым-қатынас тәжірибесі.
Ақпараттық мәдениет – тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез келген ақпарат көзін – анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедияларды, теледидар бағдарламаларын, т.с.с. дұрыс пайдалана білу, ақпараттық мәдениет – әңгімелесе білу, теледидар, хабарды (интернетті) талғамды түрде қарау, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық мәдениет дегеніміз – ақпараттар мен жұмыс істеу технологияларын және тәсілдерін, іздеу, беру, ақпараттарды өңдеу мен талдау дағдыларын меңгеру болып табылады
Адамның ақпараттық мәдениеті – педагогтыңда, білімалушының да білім алу әрекеттеріне қажетті жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлігі, ғылыми білім алу әрекеттері құрамындағы олардың ақпараттық әрекеттерінің сапалы сипаты болып табылады. Ақпараттық мәдениет ақпараттық ортамен өзара әрекет етуде білім, дағдылар, шеберліктер мен шартты нұсқаулар кешенінің болуымен сипатталады, ол арнайы ақпараттық үдерістерді жүзеге асыруда байқалады.
Сауатты педагог өзінің ақпаратқа зәру екенін түсінуі керек, оны нақты шешім қабылдау үшін ұқсастыра білуге, таратуға, бағалауға және тиімді қолдана білуге қабілетті болуыкерек. Ақпараттық мәдениет ақпараттық әрекеттерге деген қызығушылықта, оның білім алу үдерістеріндегі маңызды рөлін түсінуде, ақпараттар көздерін саналы түрде таңдай білуде және оларды өңдеудің алгоритмдерін меңгеруде, дәстүрлі, электрондық, желілік және басқа да ақпараттық қорларды кешенді қолдануда, өзін ақпараттарды тасушы және таратушы ретінде сезіне білуде, белсенді ақпараттық мінез-құлық та байқалады.Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы педагогтің ақпараттық-кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдары.
Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп балалары үшін компьютер оны қоршаған пәндік ортаның дамытушы және өзгертуші бөлшегі болуы қажет. Өйткені, дәл осы кезеңде баланың ақыл-ойы қарқынды өзгеріп, оның интеллектуалдық дамуының негізі қаланады. Компьютерді осы бағытта қолдану - тұлғаға бағдарланған сипатқа ие болады.
Ақпараттық оқу ортасын құру құралдарына тоқталатын болсақ, ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары оқыту құралы қызметiн атқарады.
Ақпараттық оқу құралдарынан оқушыларға мына типтегi материалдар ұсынылады: компьютерлiк үйрету бағдарламалары; электрондық оқу құралдары; компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау; электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар;аудио және бейнематериалдар; Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар;электрондық оқулықтар және т.б. Педагогикалық жаңа нәтижеге жету мақсатында ақпараттық технологиялық құралдарды яғни интерактивті тақта, компьютерлер, электрондық оқулықтар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, балалар энциклопедиялары мен жұрналдарды пайдалану арқылы тұлғаға бағдарланған оқу-тәрбие үдерісінде балалардың белсенді әрекеттерін шығармашылық іс-әрекетке ұластыруға мүмкіндік туады.
Электрондық оқулық дегеніміз – бұл автоматтандырылған, ақпараттандырылған оқыту жүйесі. Сонымен қатар ашық даму үстіндегі әдістемелік жүйе болып табылады. Электрондық оқулықтың негізінде пәннің жұмыс бағдарламасы және күнтізбелік тақырыптық жоспарға сүйеніп құрастырылған модуль жатады. Білім жүйелі, әрі тиімді қабылдауға көмегін тигізетін дизайнға баса көңіл бөлінуі бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыруға жәрдемдеседі. Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасалады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады. Бастауыш мектептегі сабақтарда ақпараттық технологияларды қолдану әр оқушының өзін-өзі жүзеге асыруына, өзін-өзі бақылауына, өзін-өзі ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа ғасыр біздің қоғамымыздың білім беру жүйесін "ашық ақпараттық қоғамның" қадам басуымен байланыстырады. Бүгінгі күні қоғамда ақпарат негіздеуші рөл атқарып, ақпараттық үдерістерді алумен, сақтаумен, өндеумен, оларды кеңінен пайдаланумен байланысты болып табылады. Бастауыш мектепте ақпараттық басқару мәселелерінің тек техникалық және бағдарламалық аспектілерге оның ішінде компьютердегі ақпаратты өндеу және сақтаумен ғана мәселе шешіліп қоймай, оның өзіне қатысты белгілі бір талаптары бар:
а) педагогикалық университеттерде ақпаратты және ақпараттық ағымды қалыптастыру;
ә) болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеу іс-әрекетін қалыптастыратын әдістемені дайындау;
б) бастауыш мектеп мұғалімдерінің зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру үшін оқу орындарында барлық факультеттер мен кафедралардың жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды игеруі.
Осыдан жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология оқыту үдерісінде алдыңғы қадамда ақпаратты басқарудың сауаттылығын қалыптастыруы, берілетін білімді сауатты түрде беру, сақтау және өңдеу келіп шығады. Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың зерттеу жұмысын жүргізуге үлкен мүмкіндіктері бар. Біріншіден, бүгінгі күні зерттеу материалдарын жинақтайтын және саралайтын бірқатар объектілі бағдарланған бағдарламалар бар. Екіншіден, зерттеушіге ешқандай артық шығындарды басынан өткізбейтін тестілеуді, сауалнаманы, әңгіме жүргізуді, статистикалық өндеуді қамтамасыз ететін компьютерлік бағдарламалар бар. Қазіргі заманда зерттеу жұмыстарын компьютерлік бағдарламалар арқылы жүргізу кең көлемде іске асырылуда. Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған электронды зерттеу жүйесін жасау қажеттілігі айқындалады. Электронды зерттеу жүйесі инвариантты және вариативті компоненттерінен құралады.
Электронды зерттеу жүйесінің инвариантты компонентін ғылымның психология-педагогикалық жетістіктерге негізделген педагогикалық зерттеулер мәлімет базасы және электронды - білім бағдарламасы құрайды.
Электронды зерттеу жүйесінің вариативті компонентін бастауыш мектептегі мұғалімдердің педагогикалық технология негізінде орындалатын интербелсенді ғылыми-зерттеу іс-әрекеті құрайды.
2. Мультимедия технологияларына сипаттама
Мультимедиа технологиясы дегеніміз – ол СD RОМ компакт-дискасының технологиясын қолдануға негізделген аудиовизуалдық хабарларды қабылдаудың, әдістерінің, тарату тәсілдерінің, өңдеудің, сақтаудың және т.б. жиынтығы болып табылады
Білім берудегі мультимедиа – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық аппараты – бағдарламалық құрал
Мультимедиа технологиясы дегеніміз – ол СD RОМ компакт-дискасының технологиясын қолдануға негізделген аудиовизуалдық хабарларды қабылдаудың, әдістерінің, тарату тәсілдерінің, өңдеудің, сақтаудың және т.б. жиынтығы болып табылады. Компакт-диск технологиясын пайдалануға негізделген мультимедиалық-операциялық орта өте белсенді (интербелсенді) сұхбаттың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, компьютер экранында кез-келген аудиовизуалдық хабарларды түрлі формаларда (видеофильм, текст, графика, анимация, слайдтар, музыка) бере алады.
Оқытудың мультимедиялық технологиялары - ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, білім алушылардың танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын үлгілейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интербелсенді бағдарламалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық ерешілктерін айқындау тәсілдері, әдістері және құралдар жиынтығы.
Мультимедиялық технологиялар - бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультибағдарламалық мүмкіндіктерді интербелсенді бағдарламалық жабдықтың басқаруымен орындаталатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.
Мультимедия ақпараттық жаңалықтардың қайнар көзі ретіндегі ғылыми білім мен инновациялық шешімдердің рөлінің жоғарылауына ықпал етеді, технологиялық өсу мен жаңа интеллектуалдық технологиялардың құрылу мүмкіндіктерін қарастырады. Мультимедия технология ретінде ақпараттық қоғамның әлемдік мәдени үдерістерге еркін кірігуіне жол ашады, өзін-өзі реттеудің сан түрлі және ең әсерлі формалары мен әдістерін табуға ықпал етеді.
Мультимедиа ақпараттық жаңалықтардың қайнар көзі ретіндегі ғылыми білім мен инновациялық шешімдердің рөлінің жоғарылауына ықпал етеді, технологиялық өсу мен жаңа интеллектуалдық технологиялардың құрылу мүмкіндіктерін қарастырады. Мультимедиа технология ретінде ақпараттық қоғамның әлемдік мәдени үдеріске еркін кірігуіне жол ашады, өзін-өзі реттеудің сан түрлі және ең әсерлі формалары мен әдістерін табуға ықпал етеді.
Г.Қ.Нұрғаливаның басшылығымен алғашқы модульдік технологиялар негізінде әзірленген электрондық оқулықтар жарық көріп, бүгінде мектеп тәжірибесіне енгізілді. Бастауыш мектептің қоршаған орта, математика, қазақ тілі, ана тілі, әліппе, технология т.б. және білім берудің басқа да деңгейлеріне арналған 300-ден аса электрондық оқулықтарын атауға болады. Қазіргі ақпараттық ғасырда қоғам сұранысына жауап беретін педагогикалық технологияларға негізделген электрондық оқулықтардың білім сапасын арттыруға қосатын үлесі ауқымды. Сондықтан оқыту үдерісінде электрондық оқулықты пайдалана білу әрбір мұғалімнің басты міндеті болмақ. Сондай-ақ Г.Қ.Гұрғалиева мен А.Е.Есжанов авторлық бірлестікте «білім беруді ақпараттандыру саласындағы терминдер мен оның анықтамаларының қазақ тіліндегі педагогикалық сөздігі» жетілдірілген білімді меңгертуде мұғалімдер үшін ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалануда басшылыққа алынатын құжат болып табылады.
Д.М.Жусубалиева қашықтан оқытудың технологиясының әдіснамасын ұсына отырып, әдістер, құралдар, формалардың тұлғаның өзіндік жұмысында өзара байланысы, сәйкестігін бірлікте қарастырған, бірақ ол өзінің меңгерген білімінің көлемін де айқындайтынын көрсеткен. Автор қашықтан оқыту технологиясының оқу-әдістемелік кешендер, әдебиеттер мен тапсырмалар, электронды материалдар, электрондық оқулықтар, бейне таспалар, бейне кассеталарды пайдаланумен сиаптталатынын яғни идеясының түпкі мақсаты ақпараттық кеңістік құру қажеттігін ұсынған. Қашықтан оқыту бүгінде елімізде білім беру саласында басымдық алып отыр. Мұның өзі сапалы қолжетімді біліммен қамтамасыз етудің көзі болмақ. Әрбір пән бойынша білім алушыларға арналған силлабустағы тапсырмалардың арнайы бағдарламамен интернет желісіне енгізілуі, қашық елді мекенде тұратындар сол жергілікті жерде отырып, білім алуға қол жеткізуді көздейді. Кері байланыс арқылы әсіресе сырттай бөлімде оқитын әрбір білім алушы оқытушымен байланысқа түсе отырып, білімді алуына мүмкіндік жасалады. Сол себепті қоғамды ақпараттандыру жағдайында білім беру қызметкерлерінің құзыреттілігін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналып отыр. Ал, ақпарат алмасу құралының бірі – мультимедиа.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. «Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» курсының мақсаты мен міндеттері, мазмұны
2. Педагогикалық зерттеу әдіснамасы
3. Қазіргі ғылым мен бастауыш білімнің әдіснамалық тұғырлары
4. Оқыту нәтижелері сапасын бағалауға құзыреттілік тұрғысынан келу
7. Әдіснамалық рефлексия және оның зерттеу жұмысындағы мәні.
8. Дамытушылық білім беру үдерістерін психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық жобалау
9. Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі.
10. Жаңартылаған бастауыш білім беру оқу бағдарламаларының басты идеялары. (1-4 сыныптар).
11. Бастауыш мектептегі әмбебап оқу әрекетттерді жобалау технологиялары
12. Педагогика ғылымы дамуының жаңа тұжырымдамалық идеялары мен бағыттары.
13. Бастауыш білім берудегі инновациялық үдерістердің мәні.
14. Білім беру философиясының тұжырымдамалары
15.Бастауыш оқыту педагогикасы саласында ғылыми білім алудың заманауи әдістерінің бірі – интербелсенді әдістер.
16. Жаңартылған бастауыш білім берудің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама.
17. Жеке пәндердің оқу-әдістемелік кешендеріне талдау жасаңыз.
18. Бастауыш білім сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі.
19. Ғылымның жүйесцентристік және антроцентристік пардигмалары.
20. Парадигма – әдіснамалық категория ретінде
21. Білім берудің мониторингі – ғылыми және практикалық мәселе.
22. Интелектуальды интерфейс тұжырымдамасы.
23. Тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының тұжырымдамасы.
24. Деңгейлеп, саралап, даралап оқыту технологияларына сипаттама.
25. Бастауыш білім берудегі заманауи цифрлық технологиялар
26. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
27. Мультимедия технологиялары және оларға сипаттама
28. Білім берудегі цифрлық технология
29. Отандық білім жүйесі мен шетелдік білім кеңістігін кіріктіру
30. Бастауыш оқыту педагогикасы саласындағы ғылыми таным әдістері
|