2. ДӘріс тезистері


Тақырып 4. Қазіргі педагогиканың әдіснамасы



бет7/30
Дата02.04.2024
өлшемі4.37 Mb.
#497387
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
БМПед.ғыл. Дәріс 4

Тақырып 4. Қазіргі педагогиканың әдіснамасы
1 Әдіснама – ғылыми таным туралы ғылым.
2 Педагогика ғылымының әдіснамасы ұғымы.
3 Педагогика әдіснамасының пәні. Әдіснаманың деңгейлері.
4 Әдіснамалық рефлексия және оның зерттеу жұмысындағы мәні.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әдіснама - әдістер туралы ілім, оларды зертттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылымы әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды. Кез-келген мұндай теория зерттеу әдісі қызметін атқара алады және басқа теориялардың құрамды бөлігі болып табылады.
Педагогикалық теорияны қалыптастырудыңәдіснамалық негізі, ол зерттелетін объект пен оныңтеориялық үлгіні суреттеумен байланысты болады. Бұл ретте зерттелетін объектіні қарастыруды кез-келген педагогикалық теория оныңбайланыстарын, заңдылықтарын, болжамдарын, анық білімдерге жету принциптері мен тетіктерін қарастырудыңқажетті шарты ретінде қарастырылады.
Соңғы уақыттарда педагогиканың жаңа саласы дами бастады – ол теориялық педагогика. Мысалы: басқа гуманитарлық және қоғамдық ғылымдардағы теориялық психология сияқты. Теориялық педагогиканың пәні өз-өзіне қатысы бойынша педагогика теориясының өзіндік рефлексиясы: оның аксиоматикасы, категориялық қатары және құрылымы, педагогика теориясының кез-келген теорияға қойылатын жалпы талаптарға (толықтық, қарама-қайшы келмеуі және т.б.) сәйкестігі, педагогиканың дамуының тарихи жолында туындайтын шешуші проблемалар болуы керек екені анық.
Педагогика әдіснамасы – педагогика теориясы, педагогикалық құбылыстарды қарау принциптері, зерттеу әдістері туралы білім жүйесі, алынған білімді тәрбиелеу, оқыту тәжірибесіне енгізу жолдарын қамтиды. Әдіснаманың теориялық жағы негізгі педагогикалық заңдылықтардың анықталуымен байланысты, ғылыми ізденудің бастапқы алғышарты ретінде, дүниетану қызметіне еніп, педагогикалық зерттеудің қандай философиялық, биологиялық, психологиялық идеялардан құрылғанын анықтап, алынған нәтижені дәлелдеп және қорытынды шығарады.
Әдіснама бойынша жұмыстардың педагогикадағы барынша белгілі авторы В.В.Краевский педагогика әдіснамасы құрамына педагогиканың өзінің теориялық мәселелерін қосады. Онда: педагогикалық білім түрлері, оның басқа ғылымдармен байланысы, бірінші кезекте психологиямен, мектеп практикасында дидактикалық білімдерді пайдалану мәселелері туралы, сонысымен - бір жағынан әдіснама пәнін көптеген тарауларға бөледі.
Демек, педагогикалық әдіснама дегеніміз – педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымы, педагогикалық болмысты бейнелейтін білімдерді жасаудың ұстанымдары, тұғырлары және тәсілдері туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, осындай білімдерді алу мен зерттеу жұмысының бағдарламасын, логикасын және әдістерін, білім сапасын бағалауды негіздеуге бағытталған әрекетінің жүйесі болып табылады.
В.В.Краевский педагогика әдіснамасына анықтама беріп, оның пәні туралы: «педагогика әдіснамасы пәні педагогикалық іс-әрекет пен оның бейнесі арасындағы ара қатынас ретінде анықталады», - деп күрделі анықтама береді.
Бұл анықтаманы ары қарай нақтылау және тереңдету, оған практикалық педагогикалық іс-әрекетті ендіруге мүмкіндік береді. Сөйтіп, педагогикалық теорияны құрудың алғашқы сатысы бұл теорияны педагогикалық практикада бейнелеуге және қайта құруға бағдарланады.
Бұл өз кезегінде педагогикалық практика бағытында қолдануды іске асыра отырып, педагогикалық теория оны нысан ретінде өзгерту, қайта құру, даму тенденцияларын айқындайды. П.И.Пидкасистый бойынша, педагогика әдіснамасының пәні білім беру аясында болатын қарым-қатынас жүйесінде болатын үдерістердің заңдылықтары болып табылады. Сонымен қатар автор білім берудің мақсаты мен мазмұнының шартталған өзара әрекеттесу тәсілдері және оны шарттайтын әдістер мен формасын жатқызады. Мұнда субъектілердің қарым-қатынасы, іс-әрекетін басқару мен ұйымдастыру механизмдері іске асып, ол субъектілердің ұжым және топта өзін өзі ұйымдастыруы, рефлексиясы, өзін өзі тәрбиелеуін қамтиды.
Әдіснамалық рефлексия және оның зерттеу жұмысындағы мәні
Рефлексия.Педагогикалық іс-әрекет құрылымында маңызды, алайда көптеген педагогқа белгілі және көп пайдаланылатын компонент өзіндік сана және өзіндік іс-әрекет құбылысын педагогтың тануы және талдауы ретіндегі рефлексия болып табылады («сырттан қарағанда» өзіндік ойға және өзіндік әрекетке көзқарас).
«Рефлексия»термині отандық әдебиеттерде алғашқы рет өткен ғасырдың 30-40 жылдарында пайдаланыла бастады. Проблема тәсілдері айырмашылықтарын талдай отырып, рефлексивті үдерістерді түсіндіруде екі дәстүрдің барын атап өткен жөн:
– өзіндік сана және іс-әрекеттің рефлексивті талдауы;

  • жеке тұлға арасындағы қарым-қатынас мәнісін түсіну ретіндегі рефлексия.

Рефлексияұғымы философияда туындады және оның өзіндік санасында болып жатқаны туралы индивидтің ойлау үдерісін білдіреді. Алайда рефлексия – бұл тек қана субъектінің өзін-өзі білуі немесе түсінуі ғана емес, сонымен қатар басқалардың «рефлексияланушының», оның жеке тұлғалық ерекшеліктерін, эмоциялық реакцияларын және когнитивті (таныммен байланысты) ойларын қалай білетіндерін және түсінетіндерін айқындауға мүмкіндік береді. Осы ұғымдардың мазмұны ретінде бірлескен іс-әрекет пәні болған кезде рефлекияның ерекше формасы - пәндік-рефлексивтік қатынас дамиды.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


1. «Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» курсының мақсаты мен міндеттері, мазмұны
2. Педагогикалық зерттеу әдіснамасы
3. Қазіргі ғылым мен бастауыш білімнің әдіснамалық тұғырлары
4. Оқыту нәтижелері сапасын бағалауға құзыреттілік тұрғысынан келу
7. Әдіснамалық рефлексия және оның зерттеу жұмысындағы мәні.
8. Дамытушылық білім беру үдерістерін психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық жобалау
9. Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі.
10. Жаңартылаған бастауыш білім беру оқу бағдарламаларының басты идеялары. (1-4 сыныптар).
11. Бастауыш мектептегі әмбебап оқу әрекетттерді жобалау технологиялары
12. Педагогика ғылымы дамуының жаңа тұжырымдамалық идеялары мен бағыттары.
13. Бастауыш білім берудегі инновациялық үдерістердің мәні.
14. Білім беру философиясының тұжырымдамалары
15.Бастауыш оқыту педагогикасы саласында ғылыми білім алудың заманауи әдістерінің бірі – интербелсенді әдістер.
16. Жаңартылған бастауыш білім берудің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама.
17. Жеке пәндердің оқу-әдістемелік кешендеріне талдау жасаңыз.
18. Бастауыш білім сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі.
19. Ғылымның жүйесцентристік және антроцентристік пардигмалары.
20. Парадигма – әдіснамалық категория ретінде
21. Білім берудің мониторингі – ғылыми және практикалық мәселе.
22. Интелектуальды интерфейс тұжырымдамасы.
23. Тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының тұжырымдамасы.
24. Деңгейлеп, саралап, даралап оқыту технологияларына сипаттама.
25. Ақпараттық технологиялардың теориясы мен әдістемесі
26. Коммуникативті технологиялардың теориясы мен әдістемесі
27. Мультимедия технологиялары және оларға сипаттама
28. Отандық білім жүйесі мен шетелдік білім кеңістігін кіріктіру
29. Бастауыш білімді дамытудың бағыттары мен жаңа тұжырымдамалық идеялары
30. Бастауыш оқыту педагогикасы саласындағы ғылыми таным әдістері

1

№ 5
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет