7) ономатопеяға арналған жануарлар мен құстардың ойыншықтар жиынтығы (сиыр, қаз, мысық, ит, тауық, үйрек); 8) музыкалық аспаптар жиынтығы (ксилофондар, барабандар, сырнайлар); 9) дыбыстық ойыншықтар (әр түрлі жиіліктегі дыбыстар шығаратын сыбызғылар, сылдырмақтар); 10) баулар, моншақтар (ірі, пластмасса және ағаш); 11) қолға ("биялай") және саусаққа (саусақтық ойыншықтар) киілетін ойыншықтар; 12) қақпағы жоқ және қақпағы бар қораптар немесе жәшіктер жиынтығы (ағаш немесе пластик); 13) әртүрлі мөлшердегі түрлі-түсті текшелер жиынтығы (ағаш немесе пластик); 14) тактильді жәшік (ағаш); 15) "құлыптар" тактильдік-дамытушы панелі; 16) есіктері мен құлыптары бар үй; 17) қуыршақтар жиынтығы; 18) қуыршақ жиһазы, ыдыс-аяқ жиынтығы; 19) азық-түлік жиынтығы (жемістер, көкөністер); 20) әртүрлі пішіндегі сақиналары бар пирамидалар; 21) пирамида (стақандар); 22) матрешка (ағаш); 23) пазлдар (тақталар, монтессори жақтаулары); 24) Коос текшелері, Сеген тақталары; 25) ойыншықтарды сақтауға арналған пластмасса ыдыстар; 26) бейнематериалды көрсетуге арналған компьютер және басқа құрылғы; 27) сабақ өткізуге арналған орын, үстел, орындықтар. Балалармен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық, консультациялық жұмыс жүргізу мақсатында балаларға МСАК көрсететін барлық МҰ-да жарақтандырылған баланы дамыту кабинеті (бұдан әрі – БДК) ұйымдастырылады. БДК мейіргер ісінің маманы мынадай іс-шараларды өткізеді: 1) ерте шақтағы балаларға күтім жасау мәселелері бойынша консультация беру және ана мен оның отбасы мүшелерінің ата-аналық дағдыларын қалыптастыру, баланың дамуы үшін ойынның, оқудың, қарым-қатынастың мәнін түсіндіру; 2) жүкті әйелді немесе емізетін аналарды дұрыс тамақтану, жүктілік пен отбасын жоспарлау мәселесі туралы, емшекпен қоректендіруді қолдау мәселесі бойынша хабардар ету; 3) санитариялық қауіпсіздік нормаларын және энергетикалық қажеттілікті ескере отырып ата-ананы уақтылы қосымша тамақтандыруды енгізу және оны іс жүзінде дайындау дағдыларына үйрету;