2) балалық шақта және ересек жаста болған ауруларға (соматикалық және гинекологиялық), операцияларға, қан мен оның компоненттерін құюға назар аударады;
3) эпидемиологиялық анамнезді жинайды;
4) анамнезді жинау кезінде "Медициналық генетика" маманы дәрігеріне жіберу үшін туа біткен және тұқым қуалайтын патология бойынша "қатер" факторлары бар жүкті әйелдерді (ультрадыбыстық скринингсіз және аналық сарысу маркерлерін талдаусыз) мынадай көрсетілімдер бойынша анықтайды:
жүкті әйелдің жасы 37 және одан жоғары,
анамнезінде генетикалық көрсеткіштер бойынша жүктілікті үзу және (немесе) ТБК немесе хромосомдық патологиясы бар бала туу жағдайларының болуы,
анамнезінде моногенді тұқым қуалайтын ауруы бар баланың туу жағдайларының болуы (немесе туыстарының болуы),
хромосомалық немесе гендік мутацияның отбасылық тасымалдауының болуы,
анамнезінде бір және одан да көп баланың өлі туу, әдеттегі көтере алмау, бір-біріне жабысуы, диагнозы белгісіз және анықталмаған өлім жағдайларының болуы тіркелген;
5) ұрпақты болу функциясының ерекшеліктерін зерделейді;
6) жұбайының (серіктесінің) денсаулық жағдайын, қан тобын және резус тиістілігін нақтылайды;
7) жұбайының (серіктесінің) жұмыс істейтін өндірістің сипатын зерделейді;
8) темекі өнімдерін, психоактивті заттарды қолдану сияқты әдеттерінің болуы (алкаголь, есірткілік заттар, психотропты заттар, оларды алмастырушылар, басқада маскүнемдікке әкелетін заттар) немесе белсенділігі аз темекі шегуін нақтылайды;
9) антропометрияны жүргізеді: бойын, дене салмағын өлшеу, дене салмағының индексін анықтау; жалпы физикалық тексеру жүргізеді: тыныс алу, қан айналымы, ас қорыту, зәр шығару жүйесі, сүт бездері, варикозды веналарды анықтау мақсатында аяқты тексеру; айнадағы жатыр мойнын гинекологиялық тексеру және қынаптық бимануальді зерттеу;
10) қарап-тексеруден кейін жүктілік мерзімін белгілейді, медициналық ұйымға жүгінген күні жүкті әйелдерді 10 аптаға дейін ерте есепке қоюды және уақтылы зерттеп-қарау үшін жүктілікті анықтауды жүзеге асырады;
11) жүкті әйелді міндетті зертханалық тексерудің бастапқы кешенін тағайындайды: қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, қан тобы және резус фактор, мерезге серологиялық тексеру (Вассерман реакциясына қан алу), тестке дейін алдын ала кеңес бере отырып және тестілеуге ақпараттандырылған келісім ала отырып АИТВ-инфекциясына тексеру, гепатиттің ерекше антигені мен антиденелерді тексеру: В және С гепатиті, қан глюкозасын анықтау, соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап жүктіліктің 11 апта 0 күннен бастап 13 апта 6 күн аралығы мерзімінде аналық сарысу маркерлеріне қанды зерттеу, жыныстық жолмен берілетін инфекцияға көрсетілімдер болған кезде несептің орташа порциясын бактериологиялық зерттеу (несеп бактериологиялық себу), тазалық дәрежесіне қынаптан алынған жағындының бактериоскопиясы, онкоцитологияға жағынды, көрсетілімдер бойынша әйелдің жыныс органдарынан бөлінетін бөлінділердің антибиотиктерге сезімталдығын айқындай отырып, аэробты және факультативтік-анаэробты микроорганизмдерге микробиологиялық зерттеу. "АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21692 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүкті әйел тіркеуге тұрған кезде жүкті әйелдің жолдасын немесе жыныстық серіктесін (серіктестерін) АИТВ инфекциясының болуына бір рет тексеруге жібереді;
12) жүкті әйелді хромосомалық патология және құрсақішілік ұрықтың туа біткен даму аномалиялары (даму кемістіктері) бойынша тәуекел тобын анықтау мақсатында пренаталдық скрининг жүргізуге жібереді:
Достарыңызбен бөлісу: |