2. Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгердiң мiндеттерi


Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады



бет48/60
Дата30.01.2024
өлшемі109.61 Kb.
#490246
түріДиплом
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60
ВОП 1

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Бекіту негіздемелері:
1) бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге бір айдан астам мерзімге немесе бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында шыға отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жерін өзгерту;
2) МСАК ұйымдарын бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде еркін таңдауын жүзеге асыру;
3) қордың бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде 15 қыркүйектен бастап 15 қараша аралығында бекіту науқанын (бұдан әрі - бекіту науқанын) жүргізу;
4) сақтандырылған адам мен сақтандыру ұйымының арасында жасалған ЕМС және (немесе) ЖМС шарттары бойынша, оның шеңберінде МСАК ұйымы сақтандырылған тұлғаға медициналық қызмет көрсетеді;
5) өңірлік комиссия айқындаған бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде МСАК ұйымына бекітумен келіспеу;
6) МСАК ұйымының азаматтарға МСАК көрсетуден бас тарту, соның ішінде қордың көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзуға немесе өзгертуге әкеп соғатын оны қайта ұйымдастыру, тарату;
7) медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер МСАК ұйымдарына медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастырмау;
8) жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау ұйымдарының пайда болуы;
9) жекешелендіру арқылы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын МСАК ұйымын иеліктен шығару.
Бекіту науқаны кезінде МСАК ұйымына бекітілген жеке тұлғалар қормен қызметтерді сатып алу шартын жасасқан жағдайда келесі жылғы 1 қаңтардан бастап МСАК алады.
МСАК ұйымдары тұратын жері бойынша бекітілген тұлғаларды МСАК көрсету тоқтатылғандығы туралы:
1) қормен жасасқан медициналық қызметтерді сатып алу шартын бұзған немесе өзгерткен күніне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын;
2) МСАК ұйымын қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік екі күннің ішінде;
3) таңдау рәсімінің қорытындысы бойынша қордың медициналық қызметтердің көлемдерін орналастырмайтындығы туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік екі күннің ішінде жазбаша хабардар етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет