6 айынан бастап 1-ші қосымша тамақ-көкөніс пюрелері (картоп, асқсбақ, т.б.) ірімшік, жұмыртқаның сарысы тағайындалады. 6,5-7 айынан 2-ші қосымша тамақ-ботқалар (манка, күріш, сұлы т.б.) беріледі. 7,5-8 айынан 3-ші қосымша тамақ-айран беріледі. 9-10 айынан ет сорпасы, фрикаделькалар 11-12 айында еттен котлета беруге болады. Қосымша тамақты енгізу ережелері Анасының сүті жетіп тұрса да 4,5-5 айлық баланың тамағын түрлендіріп, диетасын кеңейту үшін оған қосымша тамақ тағайындалады. Қосымша тамақпен бала ақуыз, майлар, қант, минералды тұздар алады. 1.Қосымша тамақ балаға емізердің алдында беріледі. 2.Жаңа тамақтарды 5-10 гр бастап әрі қарай күнде ұлғайтып отырып 2 жұманың ішінде баланың өз нормасына жеткізіп 1 мезгіл емуін алмастырады. 3. 2 түрлі тамақты бір мезгілде енгізуге болмайды. 4.Жаңа тамақтар түйіршіксіз, біркелкі, сұйықтау болуы керек, оларды балаға қасықпен беріп шайнау рефлексін дамыту керек.
34. Амбулаториялық жағдайда педиатриялық көмек көрсету тәртібі. Амбулаториялық жағдайларда балаларға педиатриялық көмекті дәрігерлер, кеңейтілген практиканың мейіргері, жалпы практика мейіргері, учаскелік мейіргері, мамандандырылған мейіргері, білім беру ұйымдарындағы медициналық пункттің мейіргері (бұдан әрі – мейіргер ісінің мамандары), фельдшерлер, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар (бұдан әрі – әлеуметтік қызметкер) "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрық) сәйкес, сондай-ақ психологтар көрсетеді.