2. Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгердiң мiндеттерi


Осы бұйрықта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар



бет10/60
Дата30.01.2024
өлшемі109.61 Kb.
#490246
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60
ВОП 1

2. Осы бұйрықта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) скринингтік зерттеулер-әртүрлі аурулардың ерте сатысында дамуын, сондай-ақ олардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын анықтау және олардың алдын алу мақсатында клиникалық симптомдары мен шағымдары жоқ халықты медициналық тексеру кешені;
2) динамикалық байқау-пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
3) медициналық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ) — денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.
3. Скринингтік зерттеулер меншік нысанына қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі – АЕК ұйымдары), оның ішінде жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздарды пайдалана отырып жүргізіледі.
9. Скринингтік зерттеулердің дайындық кезеңін жүргізу тәртібі
Дайындық кезеңін АЕК ұйымының орта медицина қызметкері (бұдан әрі – ОМҚ) жүзеге асырады және өзіне мыналарды қамтиды:
күнтізбелік жылдың 15 қарашасына дейін алдағы жылы скринингтік зерттеулерге жататын нысаналы топтардың тізімін жыл сайын қалыптастыру және жасау, кейіннен нысаналы топтарды ай сайын түзету;
халықтың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулерден өту қажеттілігі мен шарттары туралы хабардар ету;
халықтың нысаналы тобын скринингтік зерттеулерге шақыру;
халықтың нысаналы топтарының скринингтік зерттеулерден уақтылы өтуін қамтамасыз ету.
10. Скринингтік зерттеулердің қарап-тексеру және (немесе) зерттеу кезеңін жүргізу тәртібі
Қарап-тексеру және (немесе) зерттеу кезеңі бірінші және екінші кезеңді қамтиды:
бірінші кезеңде АЕК ұйымының ОМЖ немесе дәрігері:
сауалнама бойынша сұрау жүргізу;
антропометриялық өлшеулер жүргізу (салмағы, бойы, белінің өлшемі), Кетле индексін есептеуді жүргізеді;
екінші кезең – зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізу жолымен тереңдетілген толық зерітеп-қарау кезеңі, оған пациент скринингтік зерттеулердің бірінші кезеңінде өзгерістер анықталған кезде жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет