2. Кеңес әскерлерін Ауғанстанға кіргізу үшін қиын шешім


II - тарау КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан шығуы



бет4/5
Дата23.02.2016
өлшемі432.5 Kb.
#9707
1   2   3   4   5

II - тарау

КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан шығуы

  1. Моджахедтер

Кабульдің жаңа режиміне қарсы 70- тен аса оппозициялық партиялар, ұйымдар, мен топтар соғысты.134 Олардың мақста Ауғанстанда деморкатиялық құрылымды құлату және Пакистан мен Иран режимі үлгісінде «Ислам мемлекетін» құру болды.

КСРО – ға қарсылық ретінде Америка Құрама Штаттары мен бірге Пакистан, Қытай, Иран, Сауд Аравия және бірқатар батыс европалық мемлекеттер көмектесті135.

Оппозицияға берілген негізгі көмек ақшалай қаржы, қару жарақ, оқ-дәрі, соғыс құрал – жабдықтары, әскери инструкторлар мен кеңсшілері болды. Соңғыларының міндеті КСРО әскерлеріне қарсы оппозицияны соғыс тактикасына дайындау, КСРО әскерлерін Ауғанстаннан шығаруға көмектесу болды.

АХДП режимі мен КСРО Армиясына қарсы күресу үшін ұйымдастырылып «Джихад» соғысына (қасиетті соғыс) кірісуші оппозиция мүшелері «моджахедтер» деп аталды. «Моджахед» - дінсіздерге қарсы күресуші деген мағына береді.

Моджахмедтер жалпы мақсаттары ортақ болғанымен көптеген топтар бір-бірінен бөлек қимыл жасады. Шетелден келген көмекті бөлісер кезде олардығ арасында келіспеушіліктер болып, кейде бір топтың немесе партияның екіншісімен қарулы қақтығысқа баратын сәттері де жиі кездесті136.

Оппозицияда да АХДП - дағы тәрізді жікшілдік қиыншылығына ұшырады.

Оппозицияны қолдаушы мемлекттер де КСРО ның АДР ға істеген әрекеті секілді, олардың басын біріктіру үшін түрлі әрекеттерге баруға мәжбүр болды.

Оппозицияның ең алғашқы бірігу әрекеті 1979 жылы КСРО әскерлері Ауғанстанға кірмей тұрғанда басталды.137 Пакистанда құрылған алғашқы «Ислам қозғалысы альянсы» құрылған бойда – ақ сәтсәздәкке ұшырады.

АҚШ және Ислам мемлекеттері Пакистандағы ауған оппозиция басшыларына қысым жасап, басын біріктіруге ұмтылды. Нәтижеде 1980 жылы оппозиция «Ауғанстанды азат етуші ислам одағының» құрылғанын хабарлады317.

1981 жылы маусым айында оппозиция «Ауғанстан моджахметерінің ислам одағын» құрды318. Бұл одақ «Альянс – Б» аталды. Кейін бұл одақ 1985 жылы « Альянс – 7» аталды.

Контрреволюциялық «Аляньс – 7» одағы. 1985 жылы мамырда АҚШ, Қытай, Пакистан ықпалымен құрылды.

«Аляньс» құрамында кіргендер319:


  1. Ауғанстан ислам партиясы - АИП бастығы Г.Хекматьяр

  2. Ауғанстан ислам қоғамы – АИҚ бастығы Б.Раббни

  3. Халес ислам партиясы

  4. Бастығы М.Ю.Хамс

  5. Ауғанстанды азат етуші ислам Одағы. ААЕ ИД

  6. Ауғанстан ислам ұлттық майданы АИҰМ. Бастығы С.А.Гилани

  7. Ауғанстан ислам төңкерісі қозғалысы АИТҚ. Бастығы М.Наби

  8. Ауғанстанды құтқару ұлттық майданы. АҚҰМ Бастығы С.Моджаддеди.

« Альянстың» бағдарламасы Ауғанстандағы жаңа режиммен бітіспес

күрес және Ауғанстанда «нағыз ислам мемлекетін құру».

«Альянс –7» құрылысы – жоғары кеңес, атқарушы кеңес және 6

комитетпен тұрды. Бұл 6 комитет саяси, әскери, халықаралық және ауған басқындары істерімен айналысты. Жоғары кеңеске 7 ұйымның басшылары кірді.

Аталмыш 7 ұйымның әрқайсысының өздеріне тиісті, ықпалдарын жүргізетін территориялары, ұлттық тайпалары болды.

АИП- Кабул қаласы, Кабул уалаяаты, Кундуз, Бағлан, Кунар, Нуристан уалаяттары.

АИҚ - Герат, Бағдис, Фарьяб, Джузджан, Баях, Саманган, Кундуз,

Тахор, Бағлан, Бадахшан, Пандшер

ХИП - Пактия, Пактика, Кунар, Нангархар, Хост

А.А.Е.ИО – Орталық және оңтүстік шығыс аймақтар.

АИТҚ – Кабул, Логар, Ғазни, Кандағар

АКҰМ – Кабул, Логор, Кандағар, Ғазни, Пактия,Нангархар

АИҰМ – Заболь, Пактика, Пактия, Кандағар

«Альянс - 7» орталық Пакистанда орналасты Ислам оппозициялық топтары басшылары туралы:

1. Гульбеддин Хекиатьяр – АИП бастығы320. Пуштун, 1944 жылы Кундуз уалаяты, Имасахиб уезінің Вартапур қыстағында ірі жериеленуші отбасында дүниеге келген. 1971 жылы Имансахиютегі лицейді бітіріп, Кабул университетінің инженерлік факультетіне түседі. 1972 жылы патша тұқымының атына жаман сөз айтқаны үшін абақтыға түседі.

1973 жылы монархия құлағынан кейін абақтыдан шығады. (босатылады)

1976 жылы М.Даудтың репрессиясынан қорқып Пакистанға кетеді. Экстремистік фракцияларға қосылады. 1979 жылы Иранға кетіп Аятолла Хомайнимен кездеседі. АҚШ, Батыс, Араб мемлекеттерінен түскен көмек арқасында, өте бай, шетелде үлкен көлемде табыс көздері бар. Қымбат тастарды өңдейтін, (наркотик) есірткі өндіретін т.б. Өндіріс орындарының егесі, шетел банктерінде ақшасы өте көп.



  1. Бурханаддин Раббани - АИҚ басшысы321. 1940 жылы Бадахшан уалаяты, Файзабад қаласында діни көзқарастағы отбасында дүниеге келген, ұлты тәжік. 1958 жылдан «мұсылман бауырлар» ұжымының мүшесі, 1963 жылы Кабул университетінің теологи және құқық факльтетін бітірген. 1965 ж. Египед «Аль-Азхар» университетіне түсіп, 1968 жылы ислам философиясы ғалымын атағын алған. Бірінеше тілді біледі. Ғұлама діндар бола тұра, алоральді, азғын мінезді адам екені көпшілікке көптен белгілі. 1978 жылға дейін негізгі кәсіби кілем экспорты болды. Оппозицияның көрнекті тұл,асы болуымен контрабанда, (есірткі, асыл тас) шетел көмектерін өз пайдасына айналдырумен айналысады.

  2. Сабхатулла Моджаддади. АҚҰМ бастығы322.

1925 жылы Каублде бой отбасында дүниеге келген. Каирдың «Аль-Азхар» уинверситетінде ислам хұқықтары факультетін бітіріп, Кабул университетінде ислам хұқығы профессоры болып жұмыс істеген.

1960 жылы Каублде кеңес делегациясына қастандық ұйымдастырушы айыбы тағынып 4 жыл абақтыға қаналды.

1976 – 77 Пакистана экстрешистік фракциялар ұйымдастырумен айналысты.

1977-79 жылдары Нидерландияда мешіт иманы болып тұрады. Сәуір төңкерісінен кейін оның тұқымынан 75 адам репрессияланды. 30 дан көбі Тараки - Амин тұсында өлтірілді. Оппозицияға берілген шетел көмектерін пайдаланып өте байып кеткен.



  1. Саид Ахмад Гилани, АИҰМ бастығы.323

1931 жылы Кабулде өте бай ат-басында туылған. Әкесі араб, шешесі неміс ұлтыннан. Батыс, Ирак, Египед, Сауд Аварияда білім алған. Сәуір төңкерісі уақытында оның байлығы 7 млн. АҚШ доллары болған. Әйелі – Ауғанстанның бұрынғы патшасы Захир Шахтың немересі.

5. Мухаммед Наби (Мухаммади) – АИТҚ басшысы324. 1937 жылы Логор уалаятында туылған. Өте бай, діни қызметкерлер отбасында дүниеге келген. Пуштун 1973 жылы Логор медресесінде шариғаттан дәріс берді.

1978 жылы Пакистанға қашып барған. Захир Шахқа тараптастық жасайды.

6.Мохаимад Юус Холес - ХИП бастығы325, Пуштун, өте бай жер

иеленуші отбасында, 1919 жылы, Хаугиани уезінде туылған. (Нангархар) Діни жоғары білімі жоқ бола тұар өзін «маулави» деп атайды. Кабул мешіттерінің бірінде молдашылық еткен.

7. Абдул Расул Саяф - ААЕИО бастығы, 1944326 жылы Пагамн уезінде (Кабул) орташа отбасында туылған, пуштун. 1967 Кабул универсиетінің шариғат (теология) факультетін бітірген. 1970 жылы Каирдегі «Аль – Ахзар» университетінің шариғат факультетін бітірген. 1980 жылдан Пакистанда тұрады.

Пешеварда (Пакистан) оппозицияға берілген шетел көмегін пайдаланып өте үлкен байлық жасап алған. (Үлкен көлемде жер, 500 адам ден аса үйлер, транспорттық машиналар, банктер үлкен көлемде ақша т.б.)327.

Иранда ауған оппозициясы 1979 жылдан бастап шоғырланды. 1978 бастап Иран жеріне қашып барған ауған босқындары оппозицияның бірігуіне себеп болды328.

1980-87 жылдар арасында Иранда өте көп экстрелистік топтар құрылды. Олар бір-біріне бірікпей ұзақ жүріп, 1987 жылы желтоқсанда ғана сегіздік одақ «Одақ – 8» болып бірікті. Бұл одақ негізінен Иран діни ықпалымен құрылды. Оның ресми аты «Ауған ислам төңкерісі коолициялық кеңесі» аталды329.

«Одақ – 8» - дің құрамы:



  1. «Наср» – (Жеңіс) шииттік ұжым, 1980 жылы құрылды. Бастығы Абдул Али Мазари және Шейх Шафақ. Негізгі әрекет зонасы Хазаражат аймағы – Баиион, Ғазни, Вардак, Урузған, Бағлан, Саманган, Балх Парван. Иран, Қытай, АҚШ мемлекеттерінен көмек алады. Штаб – квартиарсы Хум қаласында (Иран)330

  2. «Кезбе аллах» – (Алла партиясы) 1982 жылы құрылды. Бастығы Кари Ахмад Якдасте (Кары Ахмад Жалғыз қол). Батыс, оңтүстік аудндар саналатын – Герат, Фарах, Нимруз, Кандағар уалаяттарында әрекет етеді, Штба - квартирасы Мешхед қаласында (Иран).

  3. Ауғанстан ислам төңкеріс қорғаушылар корпусы331, Басшысы – Акбари, маоистік концепцияны қолдайды, Ғур, Баиион уалаяттарында әрекет етеді. Негізгінен қытайдан көмек алады Штаб квартиарасы - Хумда.

  4. «Ислам төңкерісінің біріккен майданы».

Басшысы – 4 шииттық контрреовлюциялық топтар - «Ауғанстан жас діншілдер», «Тоухид» мектебі, «Ислам қоғамы күресшілері», «Жоқсыздар» қозғалысы өкілдері. Ханайниді қолдайды. Штаб – квартираы Хум да.

  1. Ауғанстан ислам қозғалысы332 - Басшысы – Мохаимед Асеф Мохсини. Штаб –квартирасы Мешхедте, Кабул, Ғазни, Кандағар, Герат уалаяттарында әрекет етеді.

  2. « Ислам келісім кеңесі»333 – басшысы Али Бехешти. Хазараджат автономиясын құруды армандайды. Ғазни, Башианда әрекет етеді.

  3. «Ислам төңкеріс қозғалысы»334 Бастығы – Насрулла Мансур, Гератта Туран Исмаил тобымен бірлікте әрекет етеді.

  4. «Ауған ислам ұжымы үшін күрескерлер» - басшысы – Мосбах-зада335.

Иран үшін ауғандарды өз территориясында сақтаудың үлкен маңызы

болды. Олар арқылы Иман Хайайни ықпалын басқа мемлекетте күшейту мүмкіндігіне еге болды.

Шетелде ұйымдастырылған ауған баспашылар қозғалыстары

Ауғанстан ішінде өте күшті категориялы дала командирлерін тәрбиелеп шығарды. Олардың ішіндегі ең атақтылары АИК-ның Панджшердегі бөлімі басшысы «Пашер барысы» - Ахмад Шах Масуд. Герат қаласындағы – Туран Исмаил, Пактия, Пактикадағы джелалуддин Хакани, Саид Мансур, Бадахшандағы Абдул Басир, Мулла Молонг, Фатех т.б336.

«Одақ – 8» бағдарламасында ауған шмиттерінің «ұлы көсемі» А.Хаймайни деп хабарланды.

Оның құрылу мақсаты – ауған шиит оппозициясын біріктіріп, Ауғанстанда антиауғанстандық (антисунниттік) саясат масштабын кеңейту, Пакистандық ықпалдағы Альянс – 7»-нің Ауғанстанда ықпалын күшейтуіне жол бермеу, Ауғанстанда Иран типіндегі «ислам республикасын» орнату болды.

1980 жылы Ауғанстанда Моджахмедттер қозғалысы оның территориясының 90% қамтыды. Қарулы шабуыл үш түрде жүргізілді.


  1. ұйымдасқан түрдегі антирежимдік үгіт-насихат

  2. диверсиялық – террористік

  3. қарулы соғыс

Моджахмедтердің негізгі принципі – партизандық соғыс болып, негізгі базалық аймақтары: Ағарсай (Мазаре Шариф), Байран Шах (М.Шариф), Байрамшах, Шорча (М.Шариф), Хукумоти – Духонас – Ғори (Пули – Хумри) Руха (Пандшер), Азрау (Кабул), Исламдара (Кандагар) Таганкох (Герат) т.б.

Мождахедтер тәрбиеленетін орталықтар:

Пакистанда337:

Читрал, Мирхани, Кармарсар, Манадград, Масехра, Таңги, Ловаралина, Варсак, Исмаилхи, Камани – Балу, Садр, Татарай, Чмар – Млана, Хапох, Шакай, Уч-Нахр, Барторбанди, Гвакай, Садда, Тхол, Тиндох, Шаши, Мираишах, Мирали, Мардиргар, Ярукарез т.б.

Иранда338:

Мечихед, Тегеран, Берджан, Заболь, Шираз, Захеддин, Хатай т.б.

Тәрбие орталықтарында машықтану 2-3 аптадан 6 ай аралығына созылды. Дайындық біткесін моджахедтер Ауғанстандағы қарулы оппозициялық топтарға жіберілді:

Қаруландырылу түрлері339:

Оппозиция ортядтары атқыш және ауыр қару жарақпен қаруланды. Атқыш қару-қытай, Египедтен шыққан Калашников автоматтары, үшінші мемлекет арқылы алынған КСРО автоматтары, Американдық М 16А1 винтовкалары. Батыс Германия, Израиль, ағылшын, швед автоматтарының есеп-саны болмады.

12,7 мм ірікалибрі ДШК пулеметтері (Қытай) РПГ – 2, РПГ – 7 танкке қарсы гранаталар, швейкариялық «Фальконет», немістің «Альянс – 2», американдық М72А2, Француздық «Сарпак», израильдік «Пикет», 75 және 82 мм-лік Қытай, Пакистан, АҚШ қарулары кеңінен қолданылды340.

1984 жылы Моджахедтерге Қытай реактивті снарядтары қондырғылары, жаяу әскерлерге қарсы ірі колибрі зениттік пушкі «Эрикон», жылжымалы «Стрела –2», «Ред Ай», «Джевемин» зениттік ракеталық комплестер, ағылшындық «Блоупоип», американдық «Стиргер» қарулары, бұлардан басқа минолардың бірнеше түрлері, миноізденгіштерге білінбейтін пластмасса копусі миналар, радиобасқармалы миналар, фугастар, мина - сюрприздер т.б. жеткізілді341.

«Қасиетті соғыс (Джихаж) тәртібі:

Көтерілісшілердің отрядтары көбіне ауылдық жерлерде, қарапайым халық арасында орналасты. Олар 15-20 адамнан кішкене топ болып құралып, 200 адамдық отрядтары бірікті. Ондай отрядтар кейін 500-600 адамдық үлкен құрылымдар құрады. Бұндай ірі құрылымдар Пандшерде Ахмад Шах Масуд тобы, Ауғанстанның солтүстік- шығыс аудандарындағы өзбек, түрікмен, тәжік топтары, басты аудандардағы Туран (Майор) Исмаил тобы, Пактия, Пактика уалаяттарындағы Джалалддин тобы, Хазарджат аймағындағы Сайед Джагран тобы т.б. ұзақ жылдар өмір сүрді342.

Шабуыл әрекеттерін көбіне 15-20 адамнан тұратын кішкенен топтар жасап, қажет болғанда 200-250 адамдық үлкен құрылым бірігіп әрекет етті.

Олардың жеке дайындықтары өте күшті болды. Олар тұтқиылдан, өте тез, батыл әрекет жасап отырды. Алайда баспашылар, ірі еді мекендердегі КСРО және АДР қарулы гарнизондарымен бетпе бет соғыста әлсіз болды. Сол себепті де олар үлкен күшпен бетпе бет соғыстан қашты. Олардың негізгі белсенділігі көбіне электр линияларын, мәдени-ағарту орындарын, өнеркәсіп, ауыл-шаруашылық объектілерін, автомабизацияларды істен шығрау, лауазымды адамдарды өлтіру, ұрлау, жолдарды миналау, өртеу т.б. диверсиялық әрекеттер маңында болды.

Ислам діні- оппозицияның идеологиялық күшті құрамы болды.

Оппозиция ауған босқындарына ерекше көңіл бөлді. Босқындардың Ауғанстанға қайта оралуларына бөгет болды.

КСРО әскері мождахедтерге қарсы соғыстағы негізгі күшке айналды.

1986 ж. Б.Кармаль орнынан алынып, (КСРО шешімімен) орнына Наджибулла тағайындалды. Бұл кезде Ауғанстаннның 31-35 мың қыстақ елді мекенінен 8 мыңы ғана үкімет қолы астында болып, сайлау процессі 2700 қыстақтар ғана жүргізіле алды343.

Соғыс КСРО әскерлері басынан өткізбеген қиын климаттық жағдайда өтті. Жергілікті жер ерекшеліктерін білмегендіктен соғыс пландарын асығыс, жан-жақты зерттелмеген тәртіпте жасалды. Әскери тактикада дұшпанға қарсы соғыс айла-тәсілдері аз қолданылды. Тұнгі шабуылдар ұйымдастырылмады. Ауғанстан таулары олар үшін шешімі жоқ қиын тапсырма саналды. Десанттар мен “спецназ” әскерлерінен басқаларында соғыс кәсіби шеберлік жетіспеді. КСРО – ның тәжірибесіз жас әскерлері, шыныққан, әккі де кәнігі жергілікті жердің өкілдерінен шыққан баспашыларға қарсы тұра алмады. Олардың жастығы, батылдығы тек қана оларға қосымша құрбандықтарға себеп болды.

1985 жылы КСРО – ауған оппозицияға қарсы 80 нен аса операциялар жасады. Осы жылы ғана КСРО 2000 дай адамынан айрылды344.

Ауғанстандағы КСРО әскери басшылығына қажет болмаған жағдайда тікелей ұрысқа араласуларына бұйрық берілді.

КСРО – ның әскерін шығару ниетін Ауғанстан басшылары әскерін шығару ниетін Ауғанстан басшылары жағымсыз қабылдады. Ауғанстан армиясы мен үкіметіне оппозициядан өздерін өзі қорғау қажеттіліг туды.

1987 жылы қаңтарда АХДП ұлттық-татулық саясатын бастады. 1987 жыл 3-қаңтарда Ауғанстан Республикалық Төңкеріс Кеңесі “Ауғанстан ұлттық татулық декларациясын” жариялады. Декларация тәртібі бойынша 1987 жылы 15-қаңтардан мемлекеттік өкілетті ұжымдарға қарудың барлық түрінен ату, соығс операциялары тоқтатылып, армияны тұрақты дислокоциялық пункттерге қайтару, бейбіт күн тәртібіне көшу, қарулы күштер құрамын шектеу, мемлекеттік шекараларды, әскери объектілерді қорғайтын әскерлер құрамын азайту мәлімденді345.

АХДП саясатының әлсіздігінен Наджибулла иницативасы оның қолынан кете бастады.

АДР үкіметінің күткен үміті ақталмады. Іс жүзінде халық бейбітшілік ұсынған Наджибулла үкіметіне күмәнмен қарады, сенбеді. Келісімге келмеген оппозиция басшылары, “татулық” саясатын Наджибулла үкіметінің шарасыздығы, оның каритуляция үшін алғашқы қадамы екенін насихаттады. Наджибулла үкіметімен келісімнен бас тартқан бұндай оппозиция Наджибулла үкіметін құлатты.

1987-88 жылдары осы секілді КСРО және ауған әскерлерінің 18 рет бірлескен оперцаиялары жасалды. Олар “ Шкавал”, “Энергия”, “Блокада”, “Магистарль” т.б. деп аталды. Олардың нәтижесінде 1000 шақты қару – жарақ тасыған керуендер жойылды, 7000 аса басқыншылық шабуылдарына тойтарыс берілді.

“Татулас” саясаты нәтижесінде бірқатар уалаят губернаторлары партияда жоқтар немесе басқа партиядағылардан сайланды, бұрынғы оппозиция мүшелері де жоғары орындарға тағайындалды. Сыртқы түрі коолоциялыққа ұқсас басқару сәттіліктер әкеліп қысымды әлсіретті. Босқындардың оралуына жағдай туғызды.

1987 жылы 2- маусымда АДР Төңкеріс Кеңесі “Партия туралы заңды” бекітті. Бұл заңңа сәйкес 500 ден кем емес мүшесі бар әрбір партия заңды құрылым бола алатыны мәлімденді. Осының нәтижесінде 1987 қараша айнда Ауғанстанда заңды түрде:

“Ауғанстан еңбекшілер ұжымы”

“Ауғанстан халық ислам партиясы”

“Ауғанстан диқандар әділеттік партиясы” тіркелді.

Бұл партиялардың бәрі солшыл бағыттағы партиялар болды.

1988 жылы Ауғанстанда Парламент сайлау жүргізілді. Ешқандай партияда жоқ (беспаринный) Мохаимед Хасан Шарк АДР премьер министрі болып сайланды. Парламентте 62 орын оппозиция үшін қалдырылды346.

Ауған проблеммасын шешу КСРО – ның да, Наджибулла үкіметінің де қолынан келмейтіні белгілі болды. Бұл проблемма халықаралық дәрежеде шешілуі тиіс қажеттілігі туды.

1985 жылы – ақ КСРО басшылары өз Армиясын Ауғанстаннан шығару керектігін түсінді347.

1988 жылы 10 мамыр күні өз Армиясын Ауғанстаннан шығару қарсаңында СОКП ОК КСРО –ның бүкіл коммунистеріне жабық хат жолдап, арнау айтты. Бұл арнау хатта КСРО – ның Ауғанстандағы іс әрекеттеріне талдау беріліп, Ауғанстан және оның айналасында жүргізілген СОКП саясаты түсіндірілді.

Бұл құжат әлі де Наджибулла алаңдап жасалды. Көптеген иллюзиялық, демогогикалық, іске асуы мүмкін емес оптимистік болжамдарға толы бұл құжат ақиқаттан алыс жатты.

Кеңес үкіметі ауған аванттюрасы үшін өзінің денсаулығы мен өмірін берді. КСРО да антиармиялық компания басталды. Сөз бостандығы мен азаттық негативті құбылыс әкелді. Ауғанстанда болып келген Армия Сыртынан “кісі өлтәруші армиясы” аталды348. КСРО үкіметі бұны үнсіз көтерді.

Ауғанстанда болған офицерлер мен жауынгерлер өздреіне берілген бұндай бағаға түсінбей, таң қалуда болды. Олар әлі де “қайта құру саясатына сенімді болды. Бұл реформа да КСРО да трагикалық сипат алды. Нәтижеде көптеген қарулы қақтығыстар, өндірістің құлдырауы, халықтың қайыршы кұйге түсуі, қылмыстың өсуі пайда болып алып мемлекет КСРО құлады349. Ал қайта құрушылар “ештеңеден ұмтылған жоқ” Керісінше байып кетті.

Тарих еш уақытта ешқандай тарихи оқиғаларды ұмытпайды, ешкімге ешуақытта өз отанына қылған қиянатын кешірмейді.




2. КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының I – кезеңі
1988 жылы 7 – сәуірде Ташкент қаласында КСРО басшысы М.С.Горбачев пен АДР президенті Наджибулланың кездесіуі өтті. КСРО Қорғаныс министрі декларацияға қол қойылды. Декларацияда Женева келісіміне қол қойылған жағдайда Ауғанстан мен Пакситан арасындағы бекітілен планға сәйкес КСРО әскерлерінің шығу тәртібі 1988 жылы 15 мамыр мен 1989 жылы 15-ақпан арасында 2 кезең бойынша шығарылтыны айтылды350. Директивада Бас Штаб және КСРО Қорғаныс Министрлігін Ауғанстандағы оперативтік тобының, Түркістан әскери округінің және 40-Армия қызметкерлері бірлесе жасаған СКРО Армиясының Ауғанстаннан шығару графигі қоса берілді.

Бұл график СОКП ОК Саяси Бросының комиссиясында қаралды. Әскерлердің шығу жолдарындағы қауіпсіздік ұйымдастыру шаралары, әскерлерді тасымалдау, Ауғанстандағы таулы қатерлі асулар, климаттық, табиғи, саяси шарттарымен қоса Кеңес Одағы территориясындағы Ауғанстаннан оралған әскерлердің ең соңғы көздеген жерлері – үйлеріне жеткенше ескерілетін шарттары түгел ойластырылып, барлық жағдай ескерілген комплексті план жасалды351.

1988 жылы сәуір, мамыр айларында 40-Армия қолбасшысының шешімімен дайынық кезеңінде Ауғанстанның Асадабад, Гульбахор, Баииан, Бараки, Чагчаран, Шахджой т.б. жерлеріндегі алып келінді. Негізгі дислокоция пункттеріне алып келінді.

Женева келісіміне қол қойылған кезде Ауғанстандғы КСРО Армиясының саны 100,3 мың адамды құрады352.

Графикке сәйкес, 1988 жыл 15 мамыр – 15 тамыз аралығында 1- кезең бойынша Джололабад, Гардез, Ғазни, Кандагар, Лашкарго, Герат, Файзабад, Шинданд және Кабул қалаларынан КСРО әскерлері шығарылуға тиіс болды.

АДР президенті Наджабулланың сұрауымен әскерлердің шығарылу графигіне елеусіз өзгерістер енгізілді. Мысалы Шинданд, Герат уалаяттарының орнына, 1-кезеңнің соңында құндыз қаласындағы әскери бөлімшелер шығарылды. Кеңестік шектеулі әскер қатарлы Ауғанстаннан шығарылып бастаған сәтте, оппозиция Наджабулла үкіметіне қарсы соғыс әрекеттерін тіпті күшейтті.

КСРО Армиясының шығарылуының 1 – кезеңі аяқталғанда, КСРО әскерлері Ауғанстанның тек қана Кабул, Герат, Парван, Самаган, Болк, Бағлан секілді 6 уалаяттында 51,1 мың адам аралығында қалды.

Қалған КСРО әскерлері Ауғанстан Қарулы күшіне көмектесті. КСРО Армиясының Ауғанстаннан мәлім болғандай, өте дұрыс болғаны мәлім болды. Бұл әдіс Ауғанстанда саяси деформация болмауына, ауғандарға өз бетінше, өздерін қорғай алулары үшін мүмкіндік берді.




  1. Женева келімісі біржақты орындалуда

КСРО және Ауғанстан Женевада алған өз міндеттерін толығымен орындады. БҰҰ Бас Хатшысының өкімі генерал Р.Хельминен КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 1- кезеңі аяқталуына байланысты мәлімдеме жасады.


Генарл Р.Хелбминеннің мәлімдемесі:

БҰҰ Бас хатшысының өкімі төмендегідей мәлімдеме жасауға хұқылы.



  1. Ауғанстандағы және Пакистандағы БҰҰ бақылаушы комиссиясы, Женева келісімінде, 1988 жылы 15 мамырда Женева келісімі күшіне енген күнінен бастап Ауғанстаннан шетел әскерлерінің шығарылу процессін бақылады.

  2. Комиссия 1988 жылы 14 мамыр күні Ауғанстандағы КСРО өкілдігінен Ауғанстандағы шетел әскерінің саны 100300 адам екенін білді.

  3. 1988 жылы 15-мамырда шетел әскерлері Ауғанстанның 31 уалаятының 17 – сінде 18 гарнизон болып орналасқан. Бадах-шан, Бағлан, Фарах, Ғазни, Гильменд, Герат, Кабул, Кандагар, Кундуз, Логар, Нангархар, Пактия, Парван, Тахар, Саманган, Заболь353.

  4. 1988 жылы 15 – мамырдан бастап Бараки, Даулеттабад, Файзабад, Гардез, Ғазни, Джалалабад, Кандагар, Кундуз, Лашкарго, Рух жерлерінен шетел әскери күшінің 10 негізгі гарнизоны көшіріліп, олардың бақылауындағы пункттер Ауғанстан әскери күшіне тапсырылды354.

  5. 1988 жыл 15- мамырдан кейін шетел әскерлері бақылауында барлығы 8 гарнизон қалды. Олар мына уалаяттарда орналасқан: Бағлан, Герат, Кабул, Парван және Саланган. Болх уалаятында, Хайратонда шетел әскерлерінің бір бөлегі қалып, шығарылатын әскерлер пунктіне қызмет етеді355.

  6. БҰҰ комиссиясы әскерлерінің бір бөлегі, офицерлер тобы Багран, Джалалбад, Кабул, Кандагар, Кундуз, Шинданд, Тургунди және Хайратондағы шетел әскерлерінің шығарылуын бақылауды комиссия бұл жерлерде өздерінің тұрақты посттарын орналастырды. Комиссия бұған қоса шетел әскерлері шығып кеткеннен кейін Гардезге барды356.

  7. Бас хатшысы және оның уәкімі Ауғанстаннан шетел әскерлерінің шығуы Женева келісіміне сәйкес жүріп жатқанына қанағаттанды. Осыған байланысты олар Ауғанстан Республикасы үкіметіне, КСРО үкіметіне және олардың халқына, әскери өкілдеріне олардың көмегі үшін алғысын айтады.

АҚШ пен Пакистан Женева келісімін өздерінше қабылдады. БҰҰ

бақылау механизмінің оларға әсері аз болды. БҰҰ бақылау ұжымы өкілдері Пакистандағы оппозиция қарулы отрядтарын дайындайтын базалар мен орталықтарға жіберілмеді. Ол үшін БҰҰ қауіпсіздік кеңесі тапарынан Пакистанға ешқандай да санкция болған жоқ.

БҰҰ Пакистан мен АҚШ-тың Ауғанстан істеріне аралпауларына, қантөгісті тоқтауға ешқандай да әсерін тигізе алмады. Женева келісімінің бұлайша орындалу барысы КСРО мен Ауғнастан басшыларына жаңа пікірлер пайда қылды. КСРО мемлекеті Ауғанстанның экономикасын көтеру, босқындарға көмек ретінде БҰҰ келісімімен 600 млн. доллар көлемінде тегін көмек берді357.

1988 жылы қазан айында сырт көз үшін болса да АҚШ үкіметі ауған моджахмедтерін тәртіп сақтауға шақырды.

Женева келісімі бұл құжатқа тікелей қатысы бар үш мемлеке

– КСРО, АҚШ, Пакистан тараптарының міндеттерін анықтап, нақтылап емес, дудамал түрде жасалған құжаттың міндеттеген шарттарын әртүрлі түсінуге болады, яғни әр мемлекет келісім мәтінін өз мақсатына бұрып сәйкестендіре алады. Вашинттон мен Исламабадтың талдауынша бұл келісім Мәскеудің жанама түрде Кабул хапитуляциясына келісім бергені, ал Мәскеу талдауынша бұлай емес.

Женева келісіміне қол қойылғаннан кейін АҚШ Бас Хатшысы Шульц «келісімде АҚШ – тың ауған оппозициясына беретін көмегін шектейтін ешнәрсе айтылмаған» деп мәлімдеді358.

КСРО жағы бұған қарсы ешқандай альтернативасы болмағандықтан, Ауғанстан жөніндегі өз саясатын жаңалап, соғыс әрекетіне өзгерту енгізе алмады. Оның үстіне бұндай іс-әрекет М.Горбачевтің халықаралық аренадағы өсіп келе жатқан бағасын төмендететін еді. «Ауғанстан мәселесі» М.Горбачевтың салқылдақ саясаты арқасында, оның әлем жұртшылығы алдындағы рептациясының маңызды саяси факторына айналды359.

Мәскеу бұрынғыша Пакистан – АҚШ әрекеттеріне қарсылық білдіре отырып, өз Армиясын Ауғанстаннан шығаруын жалғастыра берді.

КСРО әскери күшінің Ауғанстанда ықпалы азаюына байланысты, оның территориясында оппозиция шабуылы күшейген үстіне күшейді.

1988 жылдың соңында Ауғанстаннның ішінде ғана 200 мыңнан аса Моджахмедтер 4530 топты құрады. Бұл отрядтардың ең белсенді, қауіптілері 1920 отрядты құрап, онда 82,2 мың адам болды.

Жалпы оппозицияда 62 полк құралып, оның 22-сі Пакистанда, қалғандары неізінен Пакистан мен шекаралас Кандагар, Пактия, Пактика, Нангархар, Кунар, Заболь уалаяттарында топтасты.

1988 жылы Иран мен Пакистаннан Ауғанстанға 100 ден аса қару-жарақ, азық – түлік тасыған оппозиция керуендері кірді.

КСРО Армиясының шығарылған уақыты 15/5, 1988 – бастап, АДР үкіметі ықпалындағы териитория күрт азайды.

1988 жылы күзде көптеген ірі қалаларда елді мекендерде азық-түлік, жанармай т.б. жетіспеушілігі басталды. Кабульде аштық болу қауесеті тарады. Бұл жөнінде шетел газеттері қорқынышты ақпар таратты

КСРО Армиясының шығу процесінің 1- кезеңінде Ауғанстан мемлекеттік қарулы күшінде 300 мың адам болды. Бұл күштің Ауғанстан демократиялық режимді қорғау үшін толық мүмкіншілігі болды. Олар КСРО тарапынан қарудың, соғыс техникаларының т.б. барлық түрімен жеткіліктіден артығырақ көлемде қамтамасыз етілді.

КСРО көмегі өте көп болғанымен АДР режимін сақтап қалуға АДР қарулы күші онша тырыса қоймады.

.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет