2. Кеңес әскерлерін Ауғанстанға кіргізу үшін қиын шешім



бет3/5
Дата23.02.2016
өлшемі432.5 Kb.
#9707
1   2   3   4   5

Құжат

№152 протокол 150 пункіне Өте құпия

Арнайы папка

Кабулдегі Кеңес Одағы елшісіне:

Н.М.Таракиге кіріп тапсырманы жиеу етіп оған ауған басшылық ұжымының АДР – ға әскери көмек беру туралы өтініші мұқият қаралғанын хабарлаңыз.

Айтыңыз Мәскеу ауған басшыларының Ауғанстанда реакциялық күштердің контрреволюциялық әрекеттерді күшейтуіне байланысты маасыздануын бірге бөліседі. КСРО үкіметі АДР ішіндегі жағдады қалпына келітру мақсатындағы өздерінің интернациональдық көмегін әрі қарата жалғастыра отырып, 1979-1981 жылдар аралығында Ауғанстанға 53 млн. сом мөлшерінде 140 қару және миномерттер, 90 бронетранспротер, 48 мың мылтық, 100 мың гранатамет, 680 авиациялық бомба. Бұдан басқа 1979 жылдың маусым-шілде айларында 50 мың санға дәрі-дәрмек, дәрігерлік құрал-жабдықтар жіберу жөнінде шешім қабылдады. Алғашқы көмек қатарында осы жылдың мамыр айында 100 дана жандырғыш бактер мен 160 біратар бомба қажеттері жіберіледі. Газды бомбалар мен токсикалық емес уландырғыш заттар жіберуге мүмкіндік жоқ.

Ауған жағының АДРға тік ұшақ және транспорт ұшақтарын экипаждарымен қоса жіберілу туралы өтініші және біздің ауа десанттарымыздың Кабулге түсірілуіне келетін болсақ әскери бөлімшелерді қолдану жөнінде жолдас Н.М.Таракидің осы жылдың наурыз айындағы Мәскеуге келген сапарында жан-жақты талқыланған. Біздің сенуімізше ондай әрекеттер іште ғана емес, халықаралық планда да саяси қиындықтар тудырып, дұшпандар арқылы, сөз жоқ АДР мақсатына, төңкерістің орнығуына қол жеткізуге зиянын тигізеді.

Орындаалғанын телеграф арқылы хабарлаңыз.

АДР басшылары жеке бастарының қауіпсіздіктері үшін де қатты алаңдады.

Мәскеу Ауғанстандағы жағдайдың қалай өрбігенін мұқият қадағалап отырды.

1979 маусымның 12-күні Кабульден Мәскеуге жеткен мәліметте61 АДР басшылары контрреволюциясымен соғысуға дайындауда екенін, кризистік жағдай бола қалса КСРО дан тікелей көмек келетініне олардың сенімі мол екені хабарланды62.

1979 жылдың отасында ауған-пакистан шекарасында жағдай шиеленісті. Соғыс зардабынан қашқан ауған халқы көрші мемлекеттерге кете бастады. Бостың біразы АИП63 Ауғанстан Ислам Партиясы), АИҚ (Ауғанстан Ислам қоғамы) т.б. исламдық оппозицияларға қоысылып, қарулы отрядтаға біріктірді. Жағдайдың өршуіне оппозицияның үгіт-насихат арқылы көшпенді ауғандарды өз қатарларына тартуы, Пакистаннан келіп Ауғанстанда ұрысқа кіргендерге қымбат сыйлықтар беріп қолпаштаулары да қосымша болды. 1979 жылдың қараша айында Пакистанда 15 мыңнан аса баспашылар дайындықтан өтті63. Батыс мемлекеттері, АҚШ, Жапония Ауғанстанмен сауда байланыстарын шектеді64.

Оппозиция шабуыл үздіксіз қауіп туғызғанымен ауған басшылары үшін негізгі қауіп партия мен үкімет басшылары арасындағы жасырын жікшілдік болды. Х.Аминге АХДП ның белгілі қайраткерлерінің репрессияға ұшыраулары, қызметтен қуылып, қудаланулары аз көрінді. Ол өз мақсатының соңғы кезеңін, өзінің «сүйікті ұстазы» Н.М.Таракиді билңктен тайдыру әрекетіне кірісті. Оны мемлеке басындағы екіншілік қанағанттандырмады. Х.Амин тек қана біріншілікті қалады.

Қыркүйек айының басында, 1979 жылы Х.Амин Н.М.Таракиді Гаванада өтетін битарап мемлекеттер сессиясына жөнелтуге тырысты65. Н.М.Тараки жоқта мемлекет билігін өз қолына тартып алуды көздеді.

Н.М.Тараки Кубадан қайтқан сапарында Мәскеуде КСРО тарапынан Х.Аминнің жағымсыз ниеті жөнінде хабарланды66.

Н.М.Тараки Ауғанстанға оралғаннан кейін Х.Амин одан А.Ватанджар, А.Сарвари, Ш.Маздурьяр, С.Гулабзойларды қызметтерінен босатуын талап етті. Ол адамдардың бәрі Н.М.Таракидің өз жақтастары болғандары себепті Н.М.Тараки Х.Аминнің бұл талабын орындамады Х.Амин Н.Таракидің жоқ кезін пайдаланып, өз позициясын күшейтіп алғандықтан, Н.М.Таракиден көрі күші, билігі басымырақтығын пайдаланып, ақыры есебін тауып Н.М.Таракиді өлтіртті67.

1979 жылы 10-қазан күні Н.М.Тараки ауыр науқастан «қайтыс» болғаны ресми түрде хабарлады. Негізінде Н.М.Тараки екі күн бұрын Х.Амин бұйрығымен буындырылып өлтірілді68, оның от-басы түгел Пули-Чархи абақтысына қамалды.

Ауғанстанның ішкі жағдайын жіті бақылап отырған КСРО басшыларының алдында АДР дағы жаңа Х.Амин үкіметімен ара қатынасын өандай жолмен алып бару сұрағы тұрды.

КСРО үшін Ауғанстан билігі кімнің қолында тұрғаны емес, Ауғанстанды қолдан жібермеу, оны қайткен күнде КСРО ықпалының шеңберінде сақтау маңызды болды. Өзінің бұл мақсатында КСРО ештеңеден тайынған жоқ. Ауғанстан басшыларының қолғаптай ауысыуына тікелей әсер ете отырып, КСРО оқиғаның артын сабырмен күтті.

Х.Амин билік басына келісімен Ауғанстан ішіндегі оқиғалар өте зұлым, қанды сипат алды. Социалистік лозунгілер мен демогогикалық фразелогикаларды жанылып Х.Амин Ауғанстан ішінде кең масштабы территорлық, репрессиялық компанияны іске асырды. Х.Амин партияны өзінің территористік диктатурасын орнатушы құралға айналдырды. Жазықсыз жандар жаппай жазаланудан қорқып өз жерін тастап, көрші мемлекеттерге бұрынғыдан да бетер қашты.

Х.Амин өзінің зұлым іс-әрекетінің жауапкершілігін түгелдей кеңестер жағына аударды. Ол ауған басшылығының барлық іс-әрекеті тек қана КСРО дан келген кеңесшілердің құптауымен болып жатыр деген түсінік таратты. Алайда ол қатты қателесті69. КСРО Аминнің бұл әрекетін кешіре алмады. Оның үстіне Х.Амин өз дәуірінің басталуынан бастап басқа Батыс мемлекеттерімен «балансты» саясат ұстауға тырысты. КСРО Х.Аминнің себебінен Ауғанстанда контрреволюцияның жеңуіне немес КСРО ға жағымсыз саяси өзгерістердің пайда болуына жол бере алмады. КСРО алдында не істеу керек проблемасы тұрды.

1979 жылдың аяқ жағында халыкистер мен парчаниснтер қатарынан шыққан Х.Аминнің қарсыластары өз ханадары арқылы СОКП басшылығына шығып өздерінің Ауғанстанның режимнің «тағдырына қатты алаңдаушылықта екендерін білдірулері жиіледі70. Олар АҚШ пен КСРО арасындағы қарама-қайшылықтарды пайдаланып, оынң үстіне сол кездегі КСРО басшыларының ыңғайын түсіне отырып, шетелде жүрген Х.Амин қарсыластары өздерінің КСРО дос Ауғанстанды сақтап қалғылары келетініне КСРО басшыларын сендірді. Шын мәнінде олр да Ауғанстан билігіне КСРО арқылы, соның күшімен жетуді армандады. КСРО өз кезегінде оларды үміттендіре алды71.

Эмиграциядағы АХДП екі фракциясы да өздерінің белгілі, сенімді өкілдерін жасырын түрде Ауғанстарға кіргізіп, өздерінің жасырын ұйымдасрына біріктіре бастады Х.Аминді билкітен кетіру үшін дайындық жүргізді. Оның үстіне 1979 жылдың желтоқсан айында Ауғанстан ішінде саяси-соғыс жағдайы қалыптасып, шын мәніндегі азамат соғысы басталды.

Х.Амин Ауғанстанда өз режимінің күшті және қуатты сақталып тұруы үшін қолының астында КСРО әскерлерінің болғанын өте қалады. Бұл мақсатына жету үшін ол таңқаларлық табандылық пен тапқырлықтар көрсетті. Өзінің бұл әрекеттері мен ол тек өзіне ор қазып жатқанын ойлаған жоқ72.

КСРО басшылық шеңбері ішінде біртіндеп Х.Аминд орнынан тайдыру идеясы пайда болды.73 Оның орнына лайықты кандидат ойластырылды. Х.Аминнің орнына келетін адам КСРО ыңғайымен жүретін адам болуы керек болғаны үшін, келешекте қателіктерге жол берілмеуі үшін лайық деп «Парчан» фракциясының басшысы Б.кармаль таңдап алынды74. Б.Кармальдің Мәскеуде болуына алдын ала жағдай жасалынып, 1978 жылдың тамыз айынан бастап Чехославакяидан кетіп, Мәскеуде эмигрант хұқында жасап жатты74. КСРО эксперттерінің бағалауында Б.кармаль Ауғанстан халықының көпшілігіне ұнайды, көптеген ру, тайпа, ақсақалдарымен жақсы тіл табыса алатын зиялы қауым ішінде саяси салмағы ерекше, бұрыннан мемлекет басқару аппаратында тәжірибесі бар, саяси қайраткер болып саналды. КСРО жағынан Б.Кармальға Х.Аминді орнынан тайдыру үшін күресті басқару тапсырлды. Сол күннен бастап Б.Кармаль КСРО МКҚ қорғап қолдауында болды75.

10-12 қараша күндері әбден дайындықтан өткен «мұсылман» батальоны Ташкент және Шыршық аэродромдарынан әуе трансавациясына түсірілді76.

Батальон офицерлері мен жауынгерлеріне ауған әскер киімі кигізілді. Олардың қандай айырмасыз болуы көзделді. Олар бір ай бойы сол аэробазада арнайы әскери дайындық көрді. Ал олардың Кабулге түсірілуі уақыты рсеми құжатта деп көрсетілді77.

Ауғанстандағы КСРО елшісі Ф.А.Табеев КСРО басшылраның тапсырмасымен Х.Аминге кіріп Х.Аминнің өз өтінішіне сәйкес АДР мемлекет басшысының резиенциясын қорғау үшін КСРО дан 2 батальон Барган аэродромына келіп түсірілгенін хабарлады78.

Баргонға түсірілген КСРО әскерлерінің ішінде жасырын түрде Б.Кармаль да Ауғанстанға кіргізілді. Алд Х.Аминге Мәскеудің оның өтінішін қанағаттандырғаны және оын алдағы уақытта ресми түрде достық сапармен күтетіні хабарланды79.

КСРО басшылары Х.Аминді құлату үшін КСРО әскерінің көмегі керек деп шешті. Оның үстіне өздері өкімет басына қойғалы отырған Б.Кармальді ауған армиясының қолдай қоятынына көздері жетпеді. Тағы бір себеп ауған оппозициясы бұл кезде Пакистан территориясында пландар жасап өздерінің қатарын нығайтып өте күшейтіп алды. Ауғанстанның шет аймақтарындағы әскери бөлімшелер контрреволюция ықпалына еріп антиүкіметтік көтеріліске шықты. Бұндай оқиғалар әсіресе Асмар, Нарай, Кост т.б. таулы жерлердегі жаяу әскерлер полкінде болды80. Кунар, Нангархар, Лаламан, Пактия, Каписа, Ғазни, Заболь, Кандазар, Ғуп, Бадғис, Баииан, Герат уалаяттарында АИК, АИП оппозициялық партиялардың құрылымдары пайда болды. Ауғанстан территориясының 70% көлемінде осындай оппозицтиялық ұүрылымдардың ықпады күшейді. Ал бұл жерлерде 10 млн – нан аса халық жасады81.

1979 жылы 8-желтоқсанда Брежнев кабинетінде СОКП ОК бюросының іріктелгеншеңбері ғана қатынасқан жиналыс өтті82. Ю.Андропов, А.Громыко, М.Суслов және Д.Устинов қатынасқан бұл жиналыста Ауғанстан және оның аймағында болып жатқан оқиғалар талқыланып, Ауғанстанға КСРО әскерінің кіргізіліуі керек, керек еместігіне соңғы нүкте қойылды. Бұл әрекетке барудың қажеттігіне дәлел ретінде Ю.Андропов және Д.Устинов тараптарынан АҚШ – тың Орталық Балау Басқармасының (ЦРУ) СКРО – ның оңтүстік түркі тілді республикаларын қосып, «Жаңа Ұлы Осман Империясын» құрмақшы болып жатқандығы, егер АҚШ Ауғанстанға американдық «Першинге» типті ракеталарын орналастыра қлаған жағдайда, КСРО – ның оңтүстігінде сенімді жаяу әскер отрядтары системасының болмауынан Байқоңыр секілді өмірлік маңызы бар объектірлердің қауіп -қатер астында қалуы, Пакистан, Ирак секілді мемлекеттердің ауған уран кендерін Ядролық қару жасауға қолданулары мүмкін екендігі, Ауғанстанның солтүстік райондарының ішінде оппозиция күшейіп, бұл региондардың Пакистанға қосылып кету қаупі т.б. пікірлер айтылды82.

Нәтижеде Х.Аминді құлату планы жасалды83. Ол екі бөлімнен тұрды: 1-КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің арнайы қызмет тобы (сепцназ) арқылы Х.Аминді құлатып, орнына Б.Кармальді қою. 2- Бұл мақсатты іске асыру үшін Ауғанстанға белгілі мқлшерде КСРО әскерін кіргізу.

12-қараша күні СОКП ОК Саяси Бюросының отырысы болып, онда Ю.В.Андропов, Д.Ф.Устинов, А.А.Громыколардың ұсынысымен Ауғанстанға КСРО әскерінің шектеу бөлігін кіргізу жөнінде ақырғы нақты шешім қабылданды84.

Жиналыс протоколы К.У.Черненконың өз қолымен жазылып ұзақ жылдар бойы архивте құпия сақталды. Бұл құжат тіпті кейбір мемлекет басшыларына да көрсетілмей арнайы сейфте сақталды85:



ЕРЕКШЕ МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ

Өте құпия

Председатель: Ж.Т.Брежнев Арнайы папка

Қатысқандар: Суслов М.А., Гришин В.В.

Криленко А.П., Пельше А.Я.

Устинов Д.Ф., Черненко К.У.

Андропов Ю.В., Громыко А.А.

Тихонов Н.А., Пономарев Б.Н.

__________________________________________________________

СОКП ОК қаулысы №176/125 12/ХI «А» жағдайына.




  1. Андропов Ю.В., Устинов Д.Ф., Громыко А.А. жолдастардың ұсыныстары қабылдансын. Ұсынылған шараларды іске асыру үшін оларға принципиальды емес түрде корективтер енгізуге рұқсат етілсін.

Орталық Комитетке байланысты мәселедер дер кезінде Саяси Бюроға берілсін.

Тапсырманы орындау Андропов Ю.В. Устинов Д.Ф., Громыков А.А. жолдастарға жүктелсін. Оларға тапсырманың орындалу барысын СОКП ОК Саяси Бюросына хабарлаулары тапсырылсын.


СОКП ОК хатшысы А.Брежнев

№997 (1л)

КСРО әскерін Ауғанстанға кіргізу жөнінде КСРО Жоғары Кеңесі Перзидиумының Указы немесе басқа әрекет әдейі құпиялық үшін және де Х.Аминді жағылыстыру үшін жасалды86.

КСРО - ның қарапайым халқын ауған төңкерісінің тағыдыр ойландырды ма жоқ па одан ешкім сұраған жоқ. КСРО халқын ауған халқының ішкі мәселесінен көрі ата-бабалар қанымен орнатылған КСРО шекарасының тағдыры толғандыруы заңдылық. Сондықтан да Ауғанстан турасындағы КСРО үкімет басындағылардың әрбір қадамы олар үшін бірден- бір дұрыс, батыл шешім саналып, ризашылықпен қабылданды.



  1. Б.Кармаевдің Ауғанстан үкімет басына келуі

1979 жылы 25- желтоқсан күні Мәскеу уақытымен сағат 15.00 – де

КСРО Қорғаныс Министрінің бұйырығмен КСРО әсерінің шектеулі бөлегі Ауғанстанға кірді87.

Алғашқы болып барлаушылар отряды, одан кейін генерал К.Кузьмин

Басқарған 108- мотоатқыштар дивизиясы (МАД) кірді88.

Жеке құралдарын, соғыс техникаларын тосу үшін ұшақтармен 343 рейс жасалды. Барлық бөлімдер және бөлімшелерді тасып бітіргенше 47 сағат уақыт кетті. Осы уақыт ішінде Кабульдегі Багран аэродромына 7700 жауынгер, 894 соғыс техникасы, 1062 тонна, басқа да жүктер тасылды89.

1979 жылы 27-желтоқсан күні 103 - әре дивизициясыныың алдын ала дайындалған әуе – десант бөлімшесі бұйрыққа сәйкес Ауғанстан астанасы Кабул қаласындағы маңызды объектілер саналған Ауғанстан Хальк Демократилық Партиясының Орталық Комитеті, Қорғаныс министрлігі, Ішкі Істер Министрлігі, Байланыс минситрліктері одан басқа да маңызды жерлерді бақылауға алды.

Ол күні Х.Амин өз резиденциясын бұрынғы Арк сарайынан Тадж – Бек сарайына көішіріп тойлап жатты89.

Бірінші болып, Тадж - Бек сарайына капитан Паутовтың бұйрығымен, өзі жүретін 3СУ 23-4 «Шилка» зенит қондырғыларынан оқ атылды. Танк батальондағы автоматты гранатамет АГС – 17 оқ жаудырып экипаждардың жолында тұрды. Соғыс машиналары сыртқы қорғанысты бұзып, Тадж – Бекке ұмытылды90.

Сарй ішіндегі Х.Аминнің жеке жан қорығыш тобы 100-150 адам берілмей, ақырына дейін ұрысты91.

Тадж- Бекке жасалған операция «Шторм» аталды. Бұл операцияға КСРО МКҚ – нің барлаушы тобы мен арнайы бөлім (спецназ) жауынгерлері қатынасты. Операция өте жылдам, өте сәтті аяқталды92.

Х.Аминнің 300 адамының жартысы өлді, жартысы қолға түсті93. Х.Аминнің өзі берілген бұйрық бойынша өлтірілді.

Тадж – Бек сарайы алынған бойда Кабул радиостанциясынан (пленкаға) таспаға жазылып асынған Б.Кармальдің Ауғанстан халқына арнаған үндеуі жарияланды94.

Б.Кармальдің өзі бұл бұл кезде Багранда КСРО парашют – десантық полкімен КСРО МКҚ 9- бөлімі қызметкерінің қорғауында сақталды.

27- желтоқсан күні кеште байланысұа Ю.В.Андроповтың өзі шығып Б.Кармальді жеке өзінің және Л.М.Брежневтің аттарынан құтықтады95.

1980 жылдың 1-қаңтарында Л.И.Брежнев және Косыгин Б.Кармальдің жоғарғы партия мен мемлекет басшылық қызметіне «сайлауымен» құттықтап телеграмма жолдады96. Бұл күн Ауғанстан Сәуір төңкерісінің 2-кезңінің жеңіс күін және Б.Кармальдің өкімет билігіне жеткен күні болды. Сонымен бірге Ауғанстар өкімет билігі халькистердің қолынан енді парчамистерге өтті.

КСРО Армиясының Ауғанстанға кіруінен соң АҚШ президенті Джимми Картер Л.И.Брженевпен сөйлесіп КСРО - ның бұндай іс-әректтерін АҚШ – тың өте жағымсыз деп бағалайтынын келешекте КСРО – ға ұнамсыз жағдай әкелетінін ескертті97. СОКП өздерінің АҚШ президентіне жолдаған жауабында Х.Аминнің құлатылуына КСРО – ның ешқандай да қатысы жоқ екенін, өздерінің ешақашан басқа бір егемен мемлекеттің ішкі мәселесіне қол сұқпайтынын айтып ұзыннан шұбақ хат жолдады98. КСРО басшылығы өздерінің істерін өте құпия сақтады. КСРО АҚШ пен тең түрде сөйлесті.

АҚШ өз кезегінде мемлекеттік қауіпсіздік Кеңесі мәжілісінде КСРО Армиясының Ауғанстанға кіруіне байланысты шара ұабылдауға кірісті:



  1. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне КСРО – ның егемен мемлекетке қарсы ашық басқыншылығын айыптап талап қою.

  2. Конгрессте ОСВ - 2 келісімшартын талқылаудан КСРО басқыншылығы тоқтағанша бас тарту

  3. Жоғары деңгейдегі екі жақты келімісдер мен кездесулерді, жетік технология беруді, мүмкін астық сатуды да уақытша тоқтату.

  4. КСРО және оның европадағы жақтастарына АҚШ қарыздарын (кредит) беруді тоқтату.

  5. Ауғанстан жаңа үкіметін АҚШ тарапынан дипломатиялық түрде мойындамау, өзінің бұл шешіміне НАТО мемлекеттерінде қосу,

  6. Пакистанға жедел түрде көмек көрсетіп оның қорғанысы күшін күшейту.

  7. Санами және Египед мемлекеттерімен Орталық Шығыс және Парсы Шығанағы аймақтарына қатер төне қалған жағдайда олардың территорияларындағы базаларды америкалық соғыс күші тарапынан қолдану үшін келісім шартқа отыру

  8. Ауғанстандағы мұсылман көтерілісшілерін КСРО танкілеріне және ұшақтарына қарсы қолданылатын ракеталармен қамтамасыз ету (мүмкін Египедтен алынар) үшін құпия бағдарлама жасау.

  9. Қытайды ауған көтерілісшілеріне пулемет, миомет, танк, жаяу әскерге қарсы қолданылатын миналармен көмектесуге көндіру99

Х.Аминнің өлтірілуі, КСРО Армиясының Ауғанстан жеріне кіруі

Батыста терроризм акті болып саналады. КСРО басшылары бұл тақырыпты БҰ толқылануға жол бермеуге тырысты. КСРО басшылары тарапынан сол кездегі БҰҰ- дағы КСРО – ның тұрақты өкілі О.А.Траяновскийге бұл сұрақтың Кәуіпсіздік Кеңесінің мәжілісінің күнтәртібіне түсірілмеуіне тырысуы, бұл мәселе сөз бола қалғанда КСРО мен Ауғанстанның өзара келісіміне және БҰҰ-ның Уставының 51- статьясына сәйкес жүргізілгеніне баса назар аудартуына күш салу жүктелді.100

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қалай болғанда бүл мәселені күн тәртібіне енгізді.

1980 жылы 14 қаңтарда БҰҰ. Бас Ассамбиясына қатынасқан мемлекеттердің басым көпшіліг КСРО іс-әрекеттеріне назарышылықтарын білдіріп, КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан тез арада шығып кетуін талап етті101.

«Ауған мәселесі» БҰҰ-да үнемі көтеріліп тұрды.

1980 жылдың басында генерал – лейтенанты Ю.В.Тухариновтың қолбасшылығында кеңес әскери бөлімдері ауған әскери бөлімдерімен бірлікте өмірлік маңызы бар объектілерді, аэородромдарды негізгі автомагистральдар Хайратон- Кабул, Кушка, Герат, Кандағар, Кабул – Джелалабод, Пули – Хумири-Кундуз трассаларының кауіпсіздігін қорғап тұрды102. Кеңес – ауған бірлесіп қорғайтын, қызмет ететін объектілерді, көбіне КСРО азаматтары кеңесшілер мен кәсіби мамандар істейтін жарқұдық, Шұбырған, Суруби, Нағлу, Пули – Хумри, Кабул газ өндірістері мен электростанциялары, Мазаре Шарифтегі заводтар, Саланг тоннельдер ерекше бақыланды.

КСРО әскери колонналарының маршы кезінде халық көп орналасқан аудандарда импровазацияланған митингтік ұйымдастырылды.

КСРО әскерлерінің ауған жеріне қыс айында кіргізімді себебінен әскерлер үшін ауыр климаттық жағдайды басынан өткізуіне тура киді. Әскери дәрігерлер өз жұмыстарына ыңғайсыз, суық шатырларда жасады. КСРО әскерлерінің дайындығы ауған жағдайында жетімсіз көрінді. Командирлер өз жауапкершіліктерін қысқа мерзімді өте жеңіл деп түсінді102.

Б.Кармальды үкіметі алғашқы кезде мемлекет алдында тұрған проблемаларды шеше алатын үміт берді.

Жер реформасы тоқтатылды103. Жер иеленушілерге олардың мүлкі қайтарылып берілді. Оларға өкімет тарапына қолдау көрсетілді. Террор мен репрессия тоқтатылды. 15 мыңнан аса адам абақтыдан босатылды104. Заңсыз конфискацияланған мал – мүліктер егелерін қайтарылды. Диқандарға егетін тұқым, тыңайтқыш, ауыл – шаруашылық техникалары берілді. Кедендік тарифтер төмендеді. Жекеменшік капиталдар иелерінің өндіріс ісімен айналысуларына мүмкіндіктер жасалды. Ұллтық тайпаларға өздерінің ұлттық ерекшеліктері, әдет ұүрыптарына жол берілді. Діни өкілдерге қолдау жасалды.

Б.Кармаль прогрессивті саяси партиялардың іс-әрекетіне рұқсат беруге уәде етті.

Ол Ұлттық Отан майданына (ҰОМ) сүйене іс-әрекет жасауға тырысты.

Б. Кармаль АХДП ішіндегі жікшілдікті жоя алмады. Бұрын халбкистер билігі күшейіп парчанистерді ығыстырған болса, Б.Кармаль үкіметінің тұсында олардың тек қана орны ауысты. Енді парчанистер халькистерді ығыстырды.

СОКП ОК Ауғанстандағы бұндай мәселені оңай шеш алмады.

КСРО әскерінің алған жеріне кіруімен оппозицияның карулы қарсылығы азаймады. КСРО үміті ақталмады.

Ауғанстанға кіргізілген КРСО мотоатқыштар құрамының 60% өзбек, тәжік, қазақ, түрікпендер болғанымен, олар туысқан діндегі ауған халқымен ортақ тіл таба алмады105.

Ауғанстандағы пуштун халқы ондағы көтеріліс әрекетінің негізін құрады. Пуштундар ежелден өз мемлекетінің солтүстігіндегі аз санды ұлттармен дұшпан болып келді106. КСРО әскерінің кіруімен Ауғанстанда сол ұлттардың шетелдік өкілдерінің пайда болуы пуштундардың шованизмін қоздыруға қосымша фактор болды.

Ауғанстанға КСРО әскерінің кіруімен антиүкіметтік күштер ауған халқын дінсіздіруге қарсы қасиетті соғыс «джихад» майданына шақырды107.

Оппозиция ауған халқының ұлтты, діни сезімінде ойнап, оларды КСРО – ның ауған ішіндегі конфликтке араласу процесінде, дер кезінде қарсы қоя білді.

4. КСРО әскерлері Ауғанстанға енді
КСРО Армиясының Ауғанстанға кіргізілуі әсерінен пайда болған шок оппозиция үшін тек алғашқы айлар ішінде ғана әсер етті. Оппозиция өте жылдам айықты.

Баброк Кармаль үкіметі өзінің жеңіс эйфориясында ұзақ тұншықты. Баброк Кармаль да, оның КСРО тағайындаған көмекшілері де КСРО әскерлерінің алғаш кірген кезіндегі халықтың достық жылы пиғылын дер кезінде пайдалана алмай қалды.

КСРО әскерлерінің кіруі қарулы көтерілісшілерне белгілі дәрежеде ыңғайсыздық әкелгенімен оларды шын мәнінде сескендіре алмады.

Ауғанстан Армиясы ішіндегі партиялық жікшілдік себебінен көптеген әскерилер АХДП емес, оппозицияға сенді.

1980 жылы қаңтарда Ауғанстан Әуе Күштерінің 4- армиллерия полкінде көтеріліс болды108. Бұл полк Ауғанстанның солтүстігіндегі Нахрин елді мекенінде орналасқан. Полк жауынгерлері сол полктегі КСРО әскери кеңесшісін байлап алып, кейін өлтіпір тастады109. КСРО Армиясы тірі қалған кеңесшілерді құтқарып қалу үшін алғашқы рет ұрысқа кірді110.

Бұл ұрысқа 2- мотоатқыштар батальонының танк ротасы, 1 – батальонның мотоатқыштар ротасы, танк взводы минометтік батарея, 186 – мотоатқыштар полкінің артиллериялық дивизиясы қатынасты111.

1980 жылы 7- қаңтар күні оларға Нахринді лау бұйрығы берілді. Көтерілісшілер дер кезінде елді мекенге шығатын тау жолдарына бекінді112.


  1. - қаңтар күні сағат 9.00 – де 2 - мотоатқыш батальон Кундуздан

Ишакчи, Үшқаиыс, Бұрқа, Нахрин маршруттары бойынша жолға шықты. 2 – мотоатқыш рота Бағланнан Шах Джолол асуы арқылы Нахринге шықты113.

2 - мотоатқыш батальон 4 шақырым жүргесін 100 адам құрамындаы аттылар арқылы тоқтатылды. Алайда колоннаны қорғап бара жатқан тік ұшақтар көтерілісшілерді шегінуге мәжбүр етті114.

Ишакчіде 2 – МАБ 150 адам құрамындағы бандылармен ұшырасты. КСРО әскерлері 50 адам, 3 соғыс техникасы, 2 автомашина құрбан етіп ілгері жылжылды115.

2 – МАР Шах Джалал асуында 15 баспашыны өлтіріп әрі жылжыды116.

10- қаңтар күні өте қатты, қанды соғыс болды. 100 – ден аса адам шығыны, 7 соғыс техникасы, 5 автомобиль шығынымен КСРО әскерлері Нахринді алды117.

Алғашқы соғыста КСРО әскерлері өздерінің барлық күшін салып өз міндеттерін орындады.

Қаңтардың ортасында Талуқан, Кишим елді мекендерінде Файзабод қалаларында күшті ұрыс болды.

Ауғанстан жағдайы КСРО әскерлерін оппозицияның жекелеген қарулы топтарымен ұрысуына мәжбүр етті. КСРО планы бұлай болмаған. Ауғанстан басшылары КСРО әскерін азамат соғысына тартты118.

1980 жылы ақырап айының аяғында Кабулде антиүкіметтік шабуыл күшейді. Кабульдегі КСРО елшілігі атқыланды. Бірнеше кеңес азаматтары өлді119.

1000 адам құрамында қарулы оппозиция АХДП Бас хатшысы орналасқан АРК сарайына қарай жылжыды. Б.Кармаль КСРО үкіметінен жедел көмек сұрады120. Нәтижесінде Мәскеуден Ауғанстандағы КСРО Армия командованиесіне жедел бұйрық түсті. «АДР Армиясымен бірлікте қарулы оппозицияға қарсы белсенді қимыл жасалсын»121.

1980 жылдың наурыз айында КСРО Армиясы Кунар уалаятынды ұрысты.

КСРО әсерлері Ауғанстандағы ішкі соғысқа араласты. КСРО әскерлері Ауғанстанда ұзақ уақытқа қалатыны белгілі болды. КСРО әскерлерінің қатары запастағылар, кадр офицерлері, жедел қызмет әскерлерімен толықтырылып, алмастырылып отырды. 1980 жылдың қарашасында - офицерлер, 1981 наурыз айында сержанттар мен сарбаздар алмастырылды. Барлығы 33,5 мың адам, олардың ішінде 2,2 мыңы – офицерлер, 31,5 мыңы сержанттар мен сарбаздар болды122.

Ауғанстанға КСРО дивизиялары толық құрамымен кіргізілді123.

Ауғанстаннның өз Армиясы АДР ұкіметін қорғайтын, іштегі жағдайды қалыптастыруға көмектесетін бірден бір сенімді күші болып саналды. Б.Кармальдің өкімет басына келген уақытында офицерлер мен партия мүшелерінің 90% халькистер болды.124 1979 жылдың желтоқсанынан кейін Қорғаныс Министрі болып М.Рафи тағайындалғаннан бастап көптеген халикист офицерлер өздерін қорғау мақсатында өз қызметтерін тастап кетті. Партия ішіндегі жаңадан пайда болған жікшілдік армияны да қамтылды. Армия ішінде жік пайда болуы, оның істеріне теріс әсерін тигізді125. Армияда саяси жұмыстар әлсіз жүргізілді, жаппай дезиртирлік күшейді.

Офицер қатардағы әскерлерге білгенін істеді.

АДР Армиясы жұмыстарының, атқарылуын да КСРО жағы басқарды.

Ауған Армиясы соғысты әрі қарата нәтижесі алып бара алмайтын еді.

Б.Кармальдің өз басы АДР Армиясына сенім арта алмады126.

Ауған Армиясының нашар ұйымдастырмаған, соғыс әрекеттеріне нашарлығынан 1980 жылы оппозиция мен ұрыстың ауртпашылығы көбіне КСРО әскерлерінің мойнында болды127.

1980 жылы КСРО Армиясының осындай батыл қимылдары арқасында оппозиция әрекеттері едәуір бәсеңдеді. Оппозиция КСРО әскерлерімен бетпе-бет ұрыстан қашып, көбіне партизандық, террорлық, диверсиялық әрекеттерге көшті. Бұндай әрекеттер әсіресе үлкен жолдарда, тау шатқалдарында, елді мекендерде көбіне мина қою арқылы іске асты.

Соғыс техникалары мен жүктер таситын колонна моджахедтердің нысанасына айналды. Олар халықтың ішінде жасап, жасырын ұрысты.

Баспашылық әрекеттердің күшеюіне оппозиция басшыларының Пакистан, АҚШ, Қытай,Сауд Аравия, Иран елдерінен алған үлкен көлемдегі көліктері әсерін тигізді128.

Ауғанстанға кірген әуелгі күннен бастап КСРО әскерлерінің оппозицияның әрекет жасап, ұсақ –түйек (мылтық, пышақ т.б.) қарумен қапыда соғысатын тактикасына төзімсіз екені мәлім болды. КСРО әскерлері әсеріне құрғақ, таулы мекендердегі түнгі ұрыстарға мүлде үйретілмеген, дайындықсыз болып шықты.

Басты қиыншылық антипартизандық соғыс кезінде пайда болды.

КСРО соғыс техникасының таулы мекенде елеулі кемшіліктері анықталды129. Артилериялық қарулар дұрыс жолдары бар жерлерде ғана ыңғайлы болып, тау ішінде оның ұзын стволдарының көтеріліп, еңкейтілуі үшін тетіктері үйлеспеді. БМП – 1 танктері таулы жерде биікке шыға алмады130, немесе биікке оғы жетпей икемсіз, пайдалануға жарамсыз болып шықты. Кеңес машиналары мен минатергіштерінің әсері нашар болды. Сондықтан көбіне мотоатқыштар және әуе десанттары бөлімдерінің соғыс әрекеттері сапалы болды. Олар көбіне автоматты гранатамет АГС-17, реактивті атқыш «Шмель» т.б. қарулардың жаңа түрін қолданды131.

Айбарлы да әсерлі қару соғыс ұшақтары саналды. КСРО әскери командованиесі жаңа соғыс техникаларын қолдануға, оны модернизациялауға ерекше көңіл бөлді.

1982 жылы КСРО әскери басшылары соғыс тактикасына үйрене бастады132. Мысалы Пандшер шатқалындағы атақты «пандишер барысы» аталған Ахмад Шах Масуд қарула тобымен ұрысқанда аңдып ұрысу, тосынан шабуыл жасау, әуеден шабуыл т.б. тактикаларды жақсы қолдана білді.


  1. жылы мамырда Ауғанстандағы КСРО Армиясының командирі

болып Ермаков В.Ф. тағайындалды133. Оның басшылығымен Паван, Каписа, Ғазни уалаяттарында, Ауғанстанның Пакистан, Иран шекараларында ауыр ұрыстар өтті.

Біртіндеп соғыс Ауғанстанның барлық уалаяттарын қамтылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет