2 пән аж-дегі мәліметтер базасы Мәліметтер қорын жобалау



бет20/20
Дата23.05.2023
өлшемі0.84 Mb.
#474128
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
База Данных

Клиент/сервер жүйесі
"Клиент/сервер" терминімен бірге үш түсінік пайдаланылады.

  1. Архитектура: Бөлшектелген ДБ нұсқасын құру концепциясы туралы әңгіме жүреді.

  2. Технология: Бөлшектелген ДБ-да іс-әрекеттер тізбегі жайлы айтылады.

  3. Жүйе: элементтер жиынтығы мен олардың арасындағы іс-әрекет қарастырылады.

Клиент/сервер архитектурасы туралы жоғарыда айтылған.
Клиент/сервер технологиясы еңбек өнімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.:

  1. күшті сервер арқылы сұраныстарды орындаудың жалпы уақыты қысқартылады;

  2. клиентпен орталық процессорды пайдалану (есептеулер жүргізу үшін) тиімділігі ұлғаяды;

  3. клиентпен «өзінің» компьютерінің жадын пайдалану көлемі азаяды;

  4. желілік трафик қысқартылады.

Мұндай ірі масштабты жүйелерге мынандай талаптар қойылады:

  1. құрылымының иілгіштігі;

  2. сенімділік;

  3. Деректерге оңай кіру;

  4. жүйенің оңай қызмет көрсетуі;

  5. қосымшалардың масштабталуы;

  6. қосымшалардың басқа жерге қойылуы (әртүрлі платформаларға);

  7. көпесептілік (көптеген қосымшаларды орындау мүмкіндігі).

Клиент/сервер жүйесінде келесі құрамаларды бөлуге болады: сервер, клиент, клиент пен сервер арасындағы интерфейс, администратор.
Сервер көптеген клиенттер үшін жалпы ресурсты басқаруды жүзеге асырады. Ол келесі есептерді орындайды:

  1. жалпы ДБ басқару;

  2. Деректерге кіру және қорғау, оларды қайта қалпына келтіруді жүзеге асырады;

  3. Деректер бүтіндігін қамтамасыз етеді.

ДБ-на серверде орталықтандырылған ДБ-на сияқты сондай талаптар қойылады.
Клиенттердің сұраныс нәтижесі сервер жадысының жұмыс облысында орналастырылады, оларды ДББЖ қатарында (мысалы, Oracle) «кестелік облыс» деп аталатынын атап өту керек. Оның көп орынды алмауына байланысты әрбір клиент-пайдаланушы үшін өзінің кестелік облысын құруға болады. Бұл жағдайда алғашқы кестелерге пайдаланушы үшін кіру мүмкін емес болады, ал клиенттің ДБ қосымшасын архивтеу (көшіру) жеңілдетіледі.
Клиент компьютерде өзінің қосымшаларын сақтайды, олардың көмегімен серверде деректер сұранысы жүзеге асады. Клиент келесі есептерді шешеді:

  1. пайдаланушыға интерфейс береді;

  2. косымша жұмысының логикасымен басқарады;

  3. деректерге кіруді тексереді;

  4. серверден сұранысты және деректерді алуды жүзеге асырады.

Клиент пен сервер арасындағы деректерді жіберу әдісі – желілік (желілік операциялық жүйе – ЖОЖ) және коммуникациялық программалық қамтамасы бар желі (коаксиальды кабель, витая пара).
ЖОЖ ретінде Windows NT, Novell NetWare (көбінесе DOS пайдаланған кезде) пайдаланылуы мүмкін. Коммуникациялық программалық қамтама компьютерлерге арнайы программалар – коммуникациялық протоколдар тілінде әрекеттесуге мүмкіндік береді.
Жалпы жағдайда мұндай әрекеттесу жетідеңгейлі ISO көмегімен жүзеге асады. Жергілікті желі үшін схема жеңілдетіледі. Windows NT үшін протоколдар Transmission Control Program/Internet Program (TCP/IP), NetWare үшін - Sequenced Packed eXchange/Internet Packed eXchaned (SPX/IPX) болып табылады.
Желілік құралдардың әртүрлілігі клиент/сервердің стандартты аралық программалық қамтамасын құруды қажет етеді. Қолданбалы программалық интерфейс жайлы айтады (Application Programming Interface - API).
Бұған Delphi және InterBase ДББЖ қосымшасында пайдаланылатын Open Database Connectivity (ODBC) және Integrated Database Application Programming Interface (IDAPI) жатады.
Клиент пен сервер арасындағы іс-әрекетті келесі түрде көрсетуге болады.
Пайдаланушының қосымшаға кіру кезінде компьютер-клиент пайдаланушыдан аты мен паролін сұрайды. Содан кейін – дұрыс жауап алған кезде – қосымша клиентпен ашылуы мүмкін. Қосымша пайдаланушының аты мен паролін хабарлайтын серверге қосылуға мүмкіндік береді.
Егер қосылу жүзеге асса, екі түрлі процесті: алдыңғы бөлім мен фондық орындайтын сервер жұмыс істей бастайды.
Алдыңғы бөлім процесі сұранысты өңдейді, фондық құрама өңдеу процесін басқарумен байланысты.
Сервер жұмысы мынандай ретте болуы мүмкін:

  1. сұраныс түскеннен кейін диспетчер «бірінші келді – бірінші қызмет көрсетілді» схемасы бойынша оны кезекке тұрғызады.

  2. алдыңғы бөлім процесі «бұрынғы» ("самый старый") сұранысты таңдап алып, оны өңгеуге кіріседі. Аяқталғаннан кейін нәтиже клиентке жіберу үшін кезекке қойылады.

  3. Диспетчер кезектен сәйкес клиентке нәтижені жібереді.

Сұранысты өңдеу кезінде фондық процестер басқа маңызды операцияларды орындайды, негізгілері мыналар болып табылады:
ДБ-нан жұмыс облысының (оқу кезінде) аралық (буферлі) жадыға деректерді жазу және керісінше (жаңарту кезінде).
Транзакция журналына жазу.
Транзакция тобын архивтеу (көшіру).
Транзакцияны авариялық аяқтау.
Аппараттық сбой болғаннан кейін бөлшектелген ДБ-да деректерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін бақылау нүктелері дискісіне периодтық жазу.
Бөлшектелген ДБ администраторы келесі есептерді шешу керек:

  1. Бөлшектелген ДБ жобалау және жадыны бөлу.

  2. Желі конфигурациясын баптау.

  3. Бөлшектелген ДБ құру.

  4. Қосымшаны құрастырушылармен жұмыс.

  5. Жаңа пайдаланушыларды құру.

  6. ДБ жиі архивтеу және оларды қалпына келтіру бойынша операцияларды орындау.

  7. ОЖ және ЖОЖ көмегімен ДБ-на кіруді басқару.

Бөлшектелген ДБ администраторы жүйесінде мысалы, ОЖ, желі, архивтеу, қорғаныс үшін жауап беретін бірнеше адамдардардан тұруы мүмкін.
Демек, клиент/сервер жүйесі әрқилы: бір жағынан, оны орталықтандырылған көппайдаланушылық ДБ-ның бір түрі ретінде санауға болады, екінші жағынан, ол бөлшектелген ДБ-ның жеке жағдайы болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет