2 пән аж-дегі мәліметтер базасы Мәліметтер қорын жобалау


SQL SERVER деректер қоймасы



бет12/20
Дата23.05.2023
өлшемі0.84 Mb.
#474128
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
База Данных

SQL SERVER деректер қоймасы SQL сұраныстар тілі. Негізгі түсініктері. Командалар категориясы. SQL ДҚ құрылымының негізгі объектілері, деректер типтері, программа компоненттері мен құралдары.

Мәліметтердің реляциялық үлгісін өңдеу нәтижесінде пайда болған тілдердің бірі SQL тілі (Structured Query Language) болып табылады, ол қазіргі уақытта өте кең таралған және реляциялық мәліметтер базасының стандартты тіліне айналды. SQL тіліне стандарт 1986 жылы Американдық (ANSI) дәстүрлі стандарттар институтымен шығарылды, ал 1987 жылы (ISO) халықаралық стандарттар ұйымы оны халықаралық ретінде қабыл алды. Бүгінгі SQL стандарты SQL/92 атымен танымал.


SQL тілі көптеген Мәліметтер Базасын Басқару Жүйесінің негізі болып табылады, яғни ол дискге мәліметтерді жазу және физикалық құрылымдарына жауап береді, және де дискден мәліметтерді оқуға, Мәліметтер Базасын Басқару Жүйесінің басқа компоненттерінен және пайдаланушылық қосымшалардан SQL – сұранысты қабылдауға рұқсат етеді. Сондықтан, SQL – пайдаланушыларға, бағдарламаларға және есептеуіш жүйелерге реляциялық мәліметтер базасында тұрған ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін күшті құрылғы.
SQL тілі мәліметтерге сұраныстарды орындау үшін де, қолданбалы бағдарламаларды құру үшін де қолданылуы мүмкін.
SQL тіліндегі командалардың негізгі категориялары мәліметтер базасында объектілерді құрып және оларды манипуляциялау, кестедегі мәліметтерді бастапқы қосуға жіберу, ақпараттарды жаңарту және өшіру, мәліметтер базасына сұраныстарды орындау, оған қол жеткізуді басқару және оны жалпы администрациялаумен қатар әртүрлі функцияларды орындау үшін арналған.

  • SQL тіліндегі командалардың негізгі категориялары:

  • DDL – мәліметтермен анықтау тілі;

  • DML – мәліметтермен манипуляциялау тілі;

  • DQL – сұраныстар тілі;

  • DCL – мәліметтермен басқару тілі;

  • Мәліметтердің администрациялау командалары;

  • Транзакциялармен басқару командалары.

CREATE DATABASE мәліметтер базасының аты
[ON [PRIMARY]
[ < файл анықталуы > [,...n] ]
[,<топтың анықталуы > [,...n] ] ]
[ LOG ON {< файл анықталуы >[,...n] } ]
[ FOR LOAD | FOR ATTACH ]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет