2 пән аж-дегі мәліметтер базасы Мәліметтер қорын жобалау



бет16/20
Дата23.05.2023
өлшемі0.84 Mb.
#474128
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
База Данных

Кіріктірілген сұраныстар. Ішкі сұраныста қолданылатын қосымша операторлар. EXISTS операторы. ANY, SOME және ALL операторлары. WHERE фразасындағы ішкі сұраныстар.


EXISTS операторын қолдану. EXISTS операторы ішкі сұранысты аргумент ретінде алады, және оны егер ішкі сұраныс қандай да бір жазбаны қайтарса дұрыс деп, ал оны жасамаса дұрыс емес деп бағалайды. Кем дегенде бір студент оқитын барлық топтарды іздеу осылай орындалады:


SELECT Grup_ID FROM [Gruppa] G
WHERE EXISTS (
SELECT * FROM People
WHERE Stud.Grup_ID = G.Grup_ID)
Ішкі сұраныс топта оқитын барлық студенттерді таңдайды. Оператор EXISTS операторы сыртқы шартта ішкі сұраныстың белгілі мәнді қайтарғанын белгілейді, осыдан шарттың дұрыстығы шығады. Ішкі сұраныс барлық сыртқы сұраныс үшін бір рет қана орындалады және барлық жағдайда бір мәнге иемденеді. Сондықтан EXISTS, осындай түрде қолданғанда, шартты барлық жолға бірден дұрыс немесе дұрыс емес қылады.
ANY, ALL операторларын қолдану. Емтиханды тапсырған студентті іздеудің жаңа тәсілін қарастырайық:
SELECT * FROM People
WHERE Peop_ID = ANY (
SELECT Peop_ID FROM Evolution)
ANY операторы сұраныспен шығарылған кезкелген мәнді алады да, және оларды дұрыс деп бағалайды, егер олардың кезкелгені сыртқы сұраныстың ағымдағы мәніне тең болса. Бұл сұраныстың негізгі шартта салыстырылатын мәндердің типіндей мәндерді алуы керек дегенді білдіреді.
Жоғарыда келтірілген сұраныста IN операторын қолданса болатын еді. Алайда ANY операторын тек теңдік операторымен ғана емес қолдануға болады.
ALL операторы шартты дұрыс деп санайды, егер сұранысшаның таңдаған әрбір мәні сыртқы сұраныстың шарттарын қанағаттандырса; Шәкіртақысы 1500 нан жоғары студенттерді таңдайық:
SELECT * FROM People
WHERE Peop_STIP > ALL(
SELECT Peop_STIP FROM People
WHERE Peop_STIP = 1500)


Деректер қоймасы кестесін анықтау және мәліметтерді манипуляциялау командалары. Кесте құру командасы. Кестені өзгерту командасы. Кестедегі бағанда өзгерту. Кестені жою командасы. Мәліметтерді манипуляциялау командалары. Жаңа жол кірістіру командасы. Кестеге жеке жолдар кірістіру командасы. Мәліметтерді жаңарту командасы. Мәліметтерді жою командасы.
Деректерді өңдеу технологиясы бойынша деректер базасы орталықтандырылған және бөлшектелінген болып бөлінеді.
Орталықтандырылған деректер базасы бір есептеу жүйесінің жадысында сақталады. Егер бұл есептеу жүйесі ЭЕМ желісінің компоненті болып табылса, онда осы қорға кіру мүмкін. Деректер базасын пайдаланудың мұндай әдісі ДК жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады.
Бөлшектелінген деректер базасы қиылысатын немесе бірінің бөлігін бірі қайталайтын, әр түрлі ЭЕМ-де сақталатын есептеу желісінің бірнешеуінен тұрады. Мұндай қормен жұмыс істеу бөлшектелінген деректер базасын басқару жүйесі көмегімен жүзеге асады.
Деректерге кіру әдісі бойынша деректер базасы деректер базасына жергілікті кірумен және деректер базасына желілік кірумен анықталады.
Желілік кірумен орталықтандырылған Ақпараттық жүйелердегі мәліметтер базасы мынадай жүйелердің әр түрлі архитектураларын қамтамасыз етеді:

  • файл-сервер;

  • клиент-сервер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет