2. Резеңке қоспаларын өндіру мен қайта өңдеудің жалпы кәсіптері



бет3/8
Дата17.07.2016
өлшемі1.24 Mb.
#206428
1   2   3   4   5   6   7   8

Жұмыс үлгілері.

1) Монолитті буферлер, матадан жасалғандар манжеталар - желімдеу;

2) Қоныш, сірілер, резеңке алдылары, ұлтандар - желіммен жағу;

3) Велошиналарлың бөлшектері - камералың жеңнің жапсарын кішкене ленталармен күшейту;

4) Сірілер, клапандар, астар және аяқ киімнің басқа бөлшектері - дайындау және жиынтықтау;

5) Экспорттық белгілер - жабыстыру - қаққылау;

6) Жиектік бауларға арналған камералар, велоқайнататын камералар, жиектік ленталардың палстиналары- желімдеу;

7) Шприцтелген дайындамаларда ішкі тежегіш камерасы - кесу-түйістіру;

8) Төмен шығыршықтары – желімдеу – дорндарды іріктеумен құрастыру;

9) Дем шығаратын клапандар - дайындаумен және монтаж жасаумен желімдеу;

10) Кішкене ленталар, миткальді шұлықтар, тоқыма және қара резеңке ұлтарақтар, өкшелер, түйреуіштер, негізге шпорлар - салу және доңғалақпен домалату жүргізу;

11) Жылқы маскалары - бекітілген бөлшектерді қабылдау, қалыпқа кигізу, маскаларды тоқтату;

12) Мотокамералар - вентильдің астына қағу;

13) Арнайы қолғаптардың үлкен саусағы - желімдеу;

14) Арнайы қолғаптар - лентаны және өкшені тегістеу, тігісті тегістеу және жүргізу;

15) Дем шығаратын клапандардың айылбастары, айнала ағушылар, қайыстар, басқа химқорғаныш бұйымдары - дайындау - жабыстыру;

16) Айылбастармен қайыстар, үлкен және шағын орындықтар, ескек тұтқалар, фигуралы шайбалар және шлевкалар - желімдеу;

17) Авиациялық қақпақтарды вулканизациялауға арналған өзекшелер- пішу- жабыстыру;

18) Шпурлар – дорнда орау және кесу.

36. Резеңке, полимер бөлшектер мен бұйымдардың

желімдеп жапсырушысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Үстелдерде, барабандарда, құралдарда және конвейерлерде және технологиялық процеске сәйкес шиналардың өндірісі мен бұрынғы қалпына келтіруде инженер мүлік бұйымдарының, химқорғау, дәрігерлік мақсаттағы, резеңкеден халық тұтыну тауарларының, резеңке аяқ киімнің, поливинилхлорид пластизолынан аяқ киімнің, резеңке техникалық бұйымдардың және бөлшектердің орта күрделі конструкцияларын жабыстыру, жабыстыру - дайындау, жабыстыру- құрастыру. Көмекші жұмыстарды орындау: вулканизациялауға тиісті желімделген бөлшектерді қалыптарға кигізу, қалыптарға престеу, бұйым мен өзекшені қалыптарға салу, бөлшектер мен бұйымдарды қалыптардан алу немесе түсіру, қажет болған жағдайда - дайын өнімдердің массасын бақылау.

Білуге тиіс: бөлшектер мен бұйымдарды жабыстыру, жабыстыру - дайындау, жабыстыру - құрастыру бойынша орта күрделі операцияларды орындаудың технологиялық процесс негіздері және ұтымды тәсімдері, бұйымдардың түрлері, қасиеттері, құрылымы, қолданылатын резеңкелер мен материалдардың калибрлары, маркалары мен түрлері, жартылай фабрикаттарға ерекшеліктер, желімнің рецептілері мен консистенциясы, жапсырылатын бөлшектерді кептірудің, сығу мен престеудің технологиялық режимі, қолданылатын құрылғы мен жабдықтың құрылысы, дайын өнімнің түрлері мен белгіленуі, аяқ киімнің мөлшерлері мен үлгілері, материалдардың, бөлшектердің және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар, ақаудың алдын алу шаралары және түзету тәсімдері.

Жұмыс үлгілері.

1) Жиектер, қайталанған сірілер, бірлескен, жіңішке және жуан сірілер, өкшелер, клапандар, жарты шеңберлер, ұлтандар, мүйізшелер, тілдер-қалыпқа салу және доңғалақпен тегістеу;

2) Ауа өтетін, газ өткізетін түтіктер, бұраулар, қол шатырлар, катетерлер, пульсаторларға арналған клапандар, жатырлық сақиналар, наркоз маскалары, субоквалды ванналарға арналған жинақтар, күшейткіш бау - желімдеу;

3) Калоштардың алдыңғы бөлшектері-желіммен жағу, доңғалақпен тегістеумен кесу;

4) Амортизаторларға, вакуумқысатын машиналардың қапталған тыстарына, клапандарға арналған диафрагмалар, кардандық білік дисктері, дистрибуторлық қайыстар, кілемдер, манжеталар, мата төсеммен дайындамалар - желімдеу;

5) Престеу және бұрау станоктарына арналған диафрагмалар - дайындау- желімдеу;

6) Көкірекше, костюмдар, аз мөлшерлі қайықтар, 200 л дейін сыйымдылықпен қаптар, резервуарлар, цистерналар - желімдеу;

7) Кеуекті бұйымдардың дайындамалары және бөлшектері - желімдеу;

8) Мата төсемімен көп қабатты дайындамалар - желімдеу;

9) Арнайы мақсаттағы қалыптық бұйымдардың дайындамалары - желімдеу;

10) Ірікөлемді үрлемелі ойыншықтарын, бүрккіштердің клапандарын, бокс грушаларының камераларыын, малту шеңберлерін, футбол камераларын, шапкілерді - желімдеу;

11) Үрлемелі ойыншықтар, қалыпты - электр статикалықта өрісте түкпен жабылған;

12) Авиациялық дискілі камераларды, Қыспақтылар және атмосфералық қысымдағы шиналарды - желімдеу;

13) Авиациялық тілінген камераларды - дайындау -желімдеу;

14) Тіректік және жүретін автокамераларды, авиациялық тежеу камераның- желімдеу- құрастыру;

15) Шприцтелген дайындамаларда төселетін тежеу шиыршықтарын-желімдеу;

16) Балықшылар етігінің манжеттерін - желімдеу;

17) Жылқы маскаларын, маңдайша қайыстарын - салу, таптау, трикотажды қысқарту, желімдеу;

18) Теннис доптарын – мауытпен толтыру;

19) Басқа төсетйтін муфтаны - салу, таптау, трикотажды қысқарту;

20) Пластизоль поливинилхлорид аяқ киімін – жинқтаушы-салқындатын конвейерде -желімдеу - құрастыру;

21) Поливинилхлорид пластизолі және резеңке аяқ киімге - қырларын, қанаттарын, замоктарын салу;

22) Арнайы қолғаптар – тесіктерді ойып кесу және оларға үлкен саусақтарды желімдеу, қолғаптарды вулканизациялық қалыптарға кигізу.

37. Резеңке, полимер бөлшектер мен бұйымдардың

желімдеп жапсырушысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үстелдерде, құрылғыларда және күрделі конструкциялы конвейерлерде және белгіленген ритмд сақтаумен, оларды автоклавтарда, форматор-вулканизаторларда, шығыршықты, бандаждық және секторлық вулканизаторларда вулканизациялауға дайындаумен технологиялық процеске сәйкес шиналардың өндірісі мен бұрынғы қалпына келтіруде арнайы мақсаттағы инженер мүлік бұйымдарын, химқорғау, медициналық мақсаттағы, халық тұтыну тауарларын, резеңке аяқ киімді, резеңке техникалық бұйымдарды және бөлшектерді жабыстыру, жабыстыру – дайындау, жабыстыру- құрастыру.

Жеңіл автомобильдердің есіктерінің нығыздағыштарын дайындау кезінде қондырғыда резеңке профильмен металлопластмасса кантты желімдеп жапсыру.

Анағұрлым төмен біліктілікті желімдеп жапсырушыларға басшылық етумен конвейерлерде және столдарда резеңке аяқ киімді желімдеу, желімдеу-құрастыру.

Білуге тиіс: арнайы мақсаттағы бұйымдарды және дайындамаларды жабыстыру, жабыстыру – дайындау, жабыстыру- құрастыру бойынша күрделі жұмыстарды орындаудың технологиялық процесі және ұтымды тәсімдері, бөлшектер мен бұйымдардың құрылымы, олардың түрлері, мөлшерлері мен конфигурациясы, қолданылатын резеңкелердің, материалдардың, жартылай фабрикаттардың және көмекші материалдардың түрлері, калибрлері мен белгіленуі, материалдарды қайталау әдістері және пішудің ұтымды тәсімдері, тігістерді жағуға, тігуге және бітеуге техникалық талаптар, кептірудің технологиялық режимі, дайындамалардың мөлшерлерін анықтау әдістері, құрылғыларды, станоктар мен пісіретін камеаларды пайдалану ережесі және құрылысы, материалдардың, бөлшектердің және дайын бұйымның сапасына қойылатын техникалық талаптар, ақаудың алдын алу шаралары және түзету тәсімдері.

Жұмыс үлгілері.

1) Интрагастралды гипотермияға арналған баллондар, Кера үлгілі дренаждар, кальперинтерлер, нәжісқабылдағыштар, несепқабылдағыштар, метрейринтерлер, конюльге арналған трахиотомиялық манжеталар, әр түрлі манжеталармен интубациялық түтіктер, конустық тұмсықпен өзі тоқтайтын катетерлер және медициналық мақсаттағы бірегей бұйымдар- желімдеу;

2) Бензобактар – екінші қабатты салу және желімдеу;

3) Көпқабатты викльдер – диаметрді дәл қиыстырып келтірумен желімдеу;

4) Гермошлемдер, аэростаттардың және газгольдерлердің бөлшектері және қауырсынданулары, костюмдардың бөлшектері, костюмдар, 200 л сыйымдылықпен қаптар, орта мөлшерлі қайықтары, үлкен қайықтарға және понтондарға аң тері - желімдеу;

5) Қоныш, алдыңғы резеңке - аяқ киім қаңқасына салу;

6) Картоп жинайтын комбайнның бөлшектері, камера тегеріштері, топырақ машиналарына арналған тыстар- желімдеу;

7) Құрастыратын станоктарға арналған диафрагмалар - желімдеу;

8) Гастродуоденалды, «РН», шұғыл хирургияның зондылары; өңеш пен асқазанның қан кетулерін тоқтатуға арналған зондылар, екі арналы асқазан - ішектік баллонмен - желімдеу;

9) Қайнататын камералар және автоклавтарда, форматор- вулканизаторларда, шығыршықты және бандажды вулканизаторларда қақпақтардың вулканизациясына арналған диафрагмалар- желімдеу;

10) Қайнататын секторлы камералар - салу және шеттерін тегістеу;

11) Оттегі, жердегі, суға түсетін маскалардың тұрқылары - желімдеу, желімдеу-құрастыру;

12) Жылқы маскалары-жуан сіріні трикотажбен айнала қоршау, манжеталарды желімдеу, тоздырушыны ендіру;

13) Секторлы вулканизаторларда қақпақтардың вулканизациясына арналған шприцьелген немесе нмесе қайталанған дайындамалардымен қайнанатын қаптар - желімдеу;

14) Резеңке аяқ киімнің өкшелері және ішкі бөлшектері – екі операцияны бір циклде үйлестіретін жабдықта қысу және сығымдау;

15) Мата салатын белдіктер - желімдеу.

38. Резеңке, полимер бөлшектер мен бұйымдардың

желімдеп жапсырушысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі конструкциялы инженер мүлік бұйымдарын, резеңке техникалық бұйымдарды және бөлшектерді жеке немесе желімдеп жапсырушылар бригадасына бір уақытта басшылық етумен, белгіленген ритмді сақтаумен үстелдерде, металл қалыптарда және ірі габаритті модельдерде, конвейерлерде резеңке аяқ киімді жабыстыру, жабыстыру - дайындау, жабыстыру- құрастыру. Резеңке- техникалық бұйымдардың техникалық сынақтарын желімдеу. Желімдеп жапсырушылар бригадасына басшылық ету.

Білуге тиіс: жауапты және еркше күрделі бұйымдарды және бөлшектержі жабыстыру, жабыстыру-дайындау, жабыстыру - құрастыру бойынша жұмыстарды орындаудың технологиялық процесі және ұтымды тәсімдері, бөлшектер мен бұйымдардың белгіленуі, олардың түрлері, мөлшерлері мен құрылымдары, сызуларды оқу ережесі, инженерлік мүліктің резеңке бұйымдарын және резеңке- техникалық бұйымдарды өндіру технологиясы, жартылай фабрикаттардың бөлшектердің және дайын бұйымның сапасына қойылатын техникалық талаптар, желімдеу- құрастыру барлық операциялары бойынша технологиялық регламент, жұмыс нұсқаулықтары, еңбектің озық тәсілдерін үйрену әдістері.

Жұмыс үлгілері.

1) Бензобактар - бірінші қабатты салу және желімдеу;

2) Жылтырақ, сәуле шашатын орама, су трубаларына арналған шлангілер, икемді муфталар - ірі габаритті үлгілерде желімдеу - құрастыру;

3) Ірі габаритті шварттық кранцтар - желімдеу - құрастыру;

4) Үлкен қайықтар, қөтергіштер және инженерлік және ауада ұшатын мүліктің тәжірибелік үлгілері - желімдеу;

5) Резеңке техникалық бұйымдардың ерекше күрделі тәжірибелік үлгілері - желімдеу.

Каландр машинисі
39. Каландр машинисі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шиналар өндірісінде анағұрлым жоғары білікті машинисің басшылығымен тоқыма және металл кордтың жиектерін оқшаулау немесе ленталық каландрға қызмет көрсету. Каландрды резеңке қоспамен қуаттандыру. Резеңке қоспаның каландрына қуат көзін беру. Резеңке сағаларының енін анықтау үшін жиектік пышақтарды орнату. Талдауға сынамаларды сұрыптау, жабдықтың жұмысындағы ұсақ олқылықтарды дұрыстау. Болмаған кезде біліктілігі анағұрлым жоғары каландр машинисінің басшылығымен оны ауыстыру. Анағұрлым жоғары білікті каландр машинисінің басшылығымен өкше темір және профильдік каландрларға қызмет көрсету.

Білуге тиіс: өңделінетін материалдардың шифрлары, белгіленуі мен ерекшеліктері, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, каландрлау технологиялық процесі, жабдықтың жұмыс режимі, жабдықтың және бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.

40. Каландр машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Каландрларға қызмет көрсету бойынша орташа күрделі жұмыстарды орындау. Ленталық өкше темір немесе профильдік (резеңке аяқ киім өндірісінде) каландрларды басқару. 20 мин (-1) дейін каландрлардың жылдамдығы кезінде ішкі аяқ киім бөлшектері үшін шүберек қоспаларды каландрлау. 700 мм дейін біліктер ұзындығымен каландрларда табақтау және профильдеу процесін жүргізу. Мына процестерді жүргізу: арқанды резеңке техникалық заттар резеңкемен айнала қоршау, маталарды майлау, зертханалық каландрларда резеңкелерді кескіндеу және табақтау, тоқыма және метал арқандардың жиектерін оқшаулау. Фрикциялық, табақтық, профильдік, домалатып жазатын және 700 мм артық білік ұзындығымен сквидж- каландрларға қызмет көрсету бойынша жұмыстар орындау. Болмаған кезде біліктілігі анағұрлым жоғары каландр машинисінің басшылығымен оны ауыстыру. Анағұрлым жоғары білікті каландр машинисінің басшылығымен өкше темір және профильдік каландрларға қызмет көрсету.

Каландрды белгілі бір калибрге баптау, каланрды және каландрға бекітілген біліктерді қосу, бақылау - өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша және сыртқы түрі бойынша өнімнің сапасын бақылау. Технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың алдын алу және себептерін жою және жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Біліктілігі анағұрлым жоғары машинисің басшылығымен – қоспалар мен пластикатты табақтау, матаны пластикаттан қоспамен жағу және айнала қоршау.

Білуге тиіс: өңделінетін материалдардың шифрлары, белгіленуі мен ерекшеліктері, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, каландрлау технологиялық процесі, жабдықтың жұмыс режимі, жабдықтың және бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.

41. Каландр машинисі 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 20 мин(-1) артық каландрлардың жылдамдығы кезінде ішкі аяқ киім бөлшектері үшін шүберек қоспаларды каландрлау. 700 мм артық біліктер ұзындығымен каландрларда табақтау және профильдеу немесе 20 мин(-1) дейін каландрлардың жылдамдығы кезінде транспортер ленталарының өзекшелерін және маталарын салу процесін жүргізу. Кескіндеу, фрикциондау, табақтау, маталарды, резеңке және битум- резеңке оқшаулау материалдарды сквиджедтеу процесін жүргізу, шиналардың өндірісінде әртүрлі үлгілі каландр агрегаттарында эбонитті орау.

Ағында бөлшектердің механикаландырылған пішімімен 700 мм кем біліктердің ұзындығымен каландрларда табақтау. Үлкен емес ассортимент кезінде 20 мин(-1) артық каландрлардың жылдамдығы кезінде маталарды фрикциялау.

Анағұрлым жоғары білікті машинисің басшылығымен – корды (шиналар өндірісі), тоқыма материалдарын және жылдамдық каландрларда (30 мин(-1) артық) транспортен ленталардың өзекшелерін айнала қоршау және 20 мин(-1) дейін жылдамдықпен маталарды фрикциялау. Пластикаттан қоспаларды табақтау, пластикаттан қоспамен маталарды қоршап орау және майлау процесін жүргізу.

Білуге тиіс: каландрлау технологиялық процесі, резеңкелер мен маталардың сорттары, түрлері мен ерекшеліктері, белгіленуі, өнімнің және қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар, жабдықтың, көмекші құралдардың және бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы, оны жөндеу ережесі.

42. Каландр машинисі 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 20 мин(-1) және артық жылдамдықпен каландрларда үлкен ассортиментпен және әр түрлі температура режимдерімен маталарды және матасыз қабыршақты фрикциялау немесе транспортер ленталарының тоқыма материалдары мен өзекшелерін немесе кордты (шиналар өндірісі) айнала қоршау процесін жүргізу. Чижов дублерімен, шеттетін машинамен, басу және тоқу машиналарымен блокта жұмыс істейтін каландрларды басқару. Каландрлар мен агрегаттандырылған жабдықтарды жұмысқа дайындау, оны қажетті жылдамдықтарға, температураға, калибрлар және қысымға баптау. Каландрларды және қызмет көрсетілетін агрегаттарды іске қосу және тоқтату. Қызмет көрсетілетін учаскеде жабдықтың синхронды жұмысын бақылау. Технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың алдын алу және себептерін жою. Өнімнің сапасын бақылау. Бақылау - өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша регламентке сәйкес технологиялық процесті жүргізу. Жабдықтар мен коммуникациялардың ақаулықтарын жою. Талдау үшін сынамалар іріктеу. Учаскедегі барлық жабдықтарға қызмет көрсететін жұмысшыларға басшылық ету. Жұмыс есебін жүргізу.

Білуге тиіс: каландрлау технологиялық процесі, резеңкелер мен маталардың сорттары, түрлеі мен ерекшеліктері, белгіленуі, өнімнің және қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар, жабдықтың, көмекші құралдардың және бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы, жабдықты жөндеу ережесі.

Сіңдіру агрегатының машинисі
43. Сіңдіру агрегатының машинисі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кордты сіңдіру технологиялық процесінің жекелеген операцияларын жүргізу. Тегістейтін жабдықты іске қосу және тоқтату. Кордтың орамдарының орауын шешу және тегістеу тіреулеріне орнату, кордтың матасын тігін мащшинасына тарту, кордтың ұштарын тігу, кордтың дұрыс тегістелуін қадағалау, матадағы бүрмелер мен қиғаштарды түзету, кордтың созылуын реттеу. Сіңдірілген кортды алу, оны тыстарға орау. Кептіру барабандары мен доңғалақтардың беттерін латекстің жабысуларынан әлсін- әлсін тазарту.

Білуге тиіс: жабдықтың және бақылау- өлшеу аспаптарының жұмыс істеу қағидасы, өндірісте кордтардың маркалары және белгіленуі, кордтардың сапасына қойылатын талаптар, жабдықтың құрылысы, оны жөндеу ережесі.

44. Сіңдіру агрегатының машинисі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары машинисің басшылығымен 12 мин(-1) дейін жұмыс жылдамдығымен сіңдіру агрегаттарында кордты сіңдіру технологиялық процесін жүргізу. Кордтың орамдарын тегістеу тіреулеріне орнату. Кортдың матасын агрегатқа салу. Қзмет көрсетілетін жабдықтың жұмысы қадағалау.

Білуге тиіс: кордты сіңдірудің технологиялық процесі, қызмет көрсетілетін жабдықтың және бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы, жабдықты жөндеу ережесі, кордтардың түрлері мен маркалары.

45. Сіңдіру агрегатының машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 12 мин(-1) дейін жұмыс жылдамдығымен сіңдіру агрегаттарында кордты сіңдіру технологиялық процесін жүргізу немесе біліктілігі анағұрлым жоғары машинисің басшылығымен12 мин(-1) артық жұмыс жылдамдығымен агрегаттарда кордты сіңдіру процесін жүргізу. Мата орамдарында паспорттардың болуын тексеру, орамдрды тіреуге орнату. Кордтың конденсаторға біркелкі өтуін қадағалау, кордты түзету, корд матасының салбырауларын, бүгілмелерін жою. Тежегіш құрылғыларының көмегімен орау тіреуінен кордтың өту жылдамдығын реттеу.

Білуге тиіс: кордтарды сіңдірудің технологиялық процесінің мәнісі, кордтарға қойылатын техникалық талаптар, жабдықтың құрылысы, жұмыс істеу қағидасы және жөндеу ережесі, жабдық жұмысындағы ұсақ ақауларды жою.

46. Сіңдіру агрегатының машинисі 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 12 мин(-1) артық жұмыс жылдамдығымен резеңкелеудің алдында сіңдіру агрегатында кордты сіңдіру технологиялық процесін жүргізу. Агрегаттың барлық түйіндерін басқару, ваннаны сіңірілетін құраммен толтыру және кордты ванна және кептіргіш камера арқылы өткізу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша сіңірілетін құрам деңгейін және кептіргіш камералардың білік температураларын реттеу, сіңірілетін кордты салмағы мее кептіру бойынша барлық параметрлерді сақтаумен сіңдіру процесін бақылау. Сіңірілетін агрегаттың жұмысшылар бригадасына басшылық ету.

Білуге тиіс: кордтарды сіңдірудің технологиялық процесі, агрегаттардың жұмыс режимі, кордтарды сіңдіруге техникалық шарттар, кордтардың маркалары және сіңдіру ерітіндісінің құрамы, жабдық пен аспаптардың құрылысы мен жөндеу, бригаданың барлық жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру тәсімдері.

Резеңке араластырғыштың машинисі
47. Резеңке араластырғыштың машинисі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резеңкеараластырғыштарға қызмет көрсету бойынша дайындау жұмыстарын орындау. Аспалардың жиынтықтығының дұрыстығын тексеру, каучукты өлшеу, коректенуші құрылғыларды тиеу немесе ингредиенттерді резеңкеараластырғыштарға тиеу кезінде біліктілігі анағұрлым жоғары машинисің басшылығымен жұмыстар орындау. Жұмыс барысында ақаулықты тексеру және таразының таразылық транпортерін реттеу. Төменгі престі және люкты тексеру.

Білуге тиіс: резеңке қоспалардың шифрлары, түрлері мен белгіленуі, жабдықтың жұмыс істеу қағидасы, тиелетін ингредиенттердің сапасына қойылатын талаптар, жұмыс тәсімдері.

48. Резеңке араластырғыштың машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резеңкеараластырғыштарда жұмыс істеу кезінде қарапайым операцияларды орындау: барлық түрлі резеңкеараластырғыштарда резеңке қоспаларын қыздыру процесін немесе біліктілігі анағұрлым жоғары машинисің басшылығымен резеңке қоспаларды араластыру (бояу) процесін жүргізу. Жылдамдықтық резеңкеараластырғыштарға қызмет көрсету. Ингредиенттерді тиеу, дайын өнімді түсіру.

Білуге тиіс: каучуктардың, ингредиенттердің және резеңке қоспалардың маркалары, сорттары және қасиеттері, оларды резеңкеараластырғышқа салу реттілігі, резеңке қоспаларды дайындау немесе қыздыру тәсімдері, жабдықтың және бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.

49. Резеңке араластырғыштың машинисі 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резеңкеараластырғыштарда жұмыс істеу кезінде орта күрделі жұмыстарды орындау: каучукты пластиктеу процесін немесе шағын литрлік көлемді (90 л-ден кем) араластырғыштарда араластыру (бояу) процесін жүргізу. Каучук резеңкеараластырғышын, техникалық көміртегіні және басқа ингредиенттерді жоғарғы алаңшада қабылдау. Оларды құйғыш арқылы резеңкеараластырғышқа құю. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша және технологиялық регламентке сәйкес пластиктеу немесе араластыру процесінің барысын бақылау. Біліктілігі анағұрлым жоғары машинисің басшылығымен жылдамдықтық резеңкеараластырғыштарда араластыру процесін жүргізу.

Білуге тиіс: резеңкеараластырғышта каучукты және резеңке қоспаларды өңдеудің технологиялық процесі, қолданылатын материалдардың және даярланатын қоспалардың маркалары, сорттары және қасиеттері, жабдықтың және бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.

50. Резеңке араластырғыштың машинисі 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резеңкеараластырғыштарда жұмыс істеу кезінде күрделі жұмыстарды орындау: жылдамдықты резеңкеараластырғыштарда және үлкен көлемді (90 л және одан артық) араластырғыштарда резеңке немесе асбесттік қоспаларды дайындау процесін жүргізу. Резеңкеараластырғышқа қызмет көрсететін жұмысшыларды және олармен байланысты жабдықты басқару. Жоғарғы және төменгі плунжерлерді басқару. Бақылау - өлшеу аспаптарының және диаграммалардың көрсеткіштері бойынша араластыру процесін қадағалау. Технологиялық регламенттің сақталуын, барлық қызмет көрсетілетін учаскелерде өнімнің шығымы мен сапасын қадағалау. Жабдық жұмысындағы ұсақ олқылықтарды түзету.

Білуге тиіс: резеңкеараластырғыштарда резеңке, қоспалар дайындау технологиясының негіздері, енгізілетін каучуктар мен ингредиентердің атауы, қасиеттері мен белгіленуі, оларды араластырғышқа тиеу тәртібі, өнімге қойылатын техникалық талаптар, сынамалар алу әдістемесі, жабдықтың, құралдар мен бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.

Стрейнер машинисі
51. Стрейнер машинисі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резеңке қоспаны немесе девулканизатты 200 мм дейін иіртүтік диаметрімен стрейнерлерді бөтен қосылулардан жұмсарту және тазарту (сүзу) немесе арнайы машиналарда оқшаулау қоспаларын стрейнирлеу, жұмсарту. Стрейнердң жұмысқа дайындау. Қоспаны стрейнер сүзгісі арқылы өткізу. Өңделінетін қоспаны таразыда өлшеу. Ластануына қарай стрейнердің бастиегінде торды ауыстыру.

Білуге тиіс: өңделінетін қоспалардың маркалары, қасиеттері мен белгіленуі, стрейнирлеу технологиялық процесі, резеңкені тазарту процесіне қойылатын техникалық талаптар, стрейнердің және көмекші құрылғылардың құрылысы.

52. Стрейнер машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резеңке қоспаны немесе девулканизатты 200 мм артық иіртүтік диаметрімен стрейнерлерді бөтен қосылулардан жұмсарту. Резеңке қоспаны немесе девулканизатты қабылдау. Стрейнерлі құяғышқа тиеу. Технологиялық регламентке және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес стрейнер сүзгісі арқылы қоспаның өтуін қадағалау. Стрейнер торын тазалау, өңделетін резеңкені кесу және өлшеу. Стрейнерді жөндеу.

Білуге тиіс: өңделінетін қоспалардың шифрлары, маркалары және қасиеттері, олардың өндірісте белгіленуі, оларға қойылатын техникалық талаптар, жабдықтың, бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы, стрейнерді жөндеу ережесі.

Бөлшектердің май жағушысы
53. Бөлшектердің май жағушысы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Конфигурациясы бойынша қарапайым және орта күрделі тоқыма, резеңке және металл бөлшектерді қолмен желіммен немесе маймен жағу. Бөлшектерді үстелге қою. Жағылған бөлшектерді кітапшаларға немесе стеллаждарға қабылдау және қою.

Білуге тиіс: бөлшектердің белгіленуі, бөлшектер мен жағатын желімдерге қойылатын техникалық талаптар, жұмыс тәсімдері.

Жұмыс үлгілері.

1) Велоқақпақтар - жағу және ұнтақ жағу;

2) Эбониттік бұйымдарға арналған қорғасын бөлшектер – қолмен жағу;

3) Өкшелер - қолмен жағу;

4) Жартылай ұлтарақтар, ұлтарақтар - қолмен жағу;

5) Супинаторлар, өкше темірлер - қолмен жағу.

54. Бөлшектердің май жағушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Конфигурациясы бойынша күрделі тоқыма, резеңке және металл бөлшектерді қолмен желіммен немесе маймен жағу. Машиналарда қарапайым және орта күрделі конфигурациялы бөлшектер мен бұйымдарды желіммен немесе маймен жағу технологиялық процесін жүргізу немесе 200 атм дейін қысыммен пульверизациялық қондырғыларда желімді жағу. Бандаждарды қысылған ауамен желпу, бензинмен тазарту және кептіру. Шприцтелген камералардың ұштарын кесу және оларды дорнға кішкене лентамен бекіту. Жағу композицияларын қажетті консистенцияға дейін дайындау. Бөлшектерді машинаның жұмыс бетінде берілген реттілікпен қою. Желімнің тұтқырлығы мен концентрациясын, желімді жағу торабына беруді, кептіру камерасындағы температура режимін бақылау және реттеу; жағаны торапты жинау, тазарту және құрастыру.

Білуге тиіс: бөлшектердің құрылымы, мөлшерлері және белгіленуі, жабдықтың және бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс істеу қағидасы, бөлшектерді жағу мен кептірудің технологиялық процесі, шикізат пен жартылай фабрикаттардың физика- мехникалық қасиеттері, ақау түрлері және оларды жою әдістері.

Жұмыс үлгілері.

1) Латуньдау арматурасы - қолмен жағу;

2) Велопротекторлар - жағу;

3) Химқорғау бөлшектері- қолмен жағу;

4) Маталы сірілер- қолмен жағу;

5) «Сыдырма» қарсы ілгек- қолмен жағу;

6) Өкшелер – машинада жағу;

7) Қайнататын камералар- қылқаламмен немесе арнайы ванналарда жағу;

8) Жегетін камера- бұраманың жапсарлары мен өкшелерін жағу;

9) Теннис доптары - қолмен жағу;

10) Астарлар - қолмен жағу;

11) Жартылай ұлтарақтар, ұлтарақтар - машинада жағу;

12) Қалпына келтірілетін қақпақтар - 200 атм дейін қысыммен пульверизациялық қондырғыларда желім жағу;

13) Сына тәрізді қайыстар - қолмен жағу;

14) Супинаторлар, өкше темірлер - машинада жағу;

15) Жіптік және металл тоқыма қабықпен шлангілер - қолмен жағу.

55. Бөлшектердің май жағушысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Конфигурациясы бойынша күрделі бөлшектерді машиналарда желіммен жағу және кептіру немесе 200 атм артық қсыммен пульверизациялық қондырғыларда желімді жағу технологиялық процесін жүргізу. Машинаның тораптарын дайындау және жөндеу. Технологиялық режимнің белгіленген нормаларынан ауытқуларды анықтау және себептерін жою.

Білуге тиіс: жабдықтың және бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы, реезңке аяқ киімнің бөлшектерін жағу және кептіру процесінің технологиялық сызбасы, технологиялық процесті реттеу ережесі.

Жұмыс үлгілері.

1) Маталы сірілер - машинада жағу;

2) «Сыдырма» қарсы ілгек - машинада жағу;

3) Төсемдер - машинада жағу;

4) Қалпына келтірілетін қақпақтар - жоғары қысыммен (200 атм артық) пульверизациялық қондырғыларда желім жағу.

Резеңке бұйымдарының кесушісі


56. Резеңке бұйымдарының кесушісі 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы машинкаларда немесе аспаптарда бетті өңдеудің үлкен дәлдігін қажет етпейтін қарапайым конфигурациялы бұйымдарда престеулерді кесу. Кесілетін бетінде «тарақтарды» және «кесулерді» пайда болдырмай пышақтың немесе қайшының көмегімен қолмен престеулерді кесу. Бұйымдарды кесуге дайындау. Кесетін аспапты іріктеп алу. Бұйымдарды ұнтақтау. Қайшыларды немесе пышақты арнайы ерітіндіде сулау. Бөлшектерді және бұйымдарды престеуден кейін көзбен шолып бақылау.

Білуге тиіс: бұйымдарды кесу әдістері мен ұтымды тәсімдері, түрлері мен белгіленуі, өнімнің сыртқы сапасына қойылатын техникалық талаптар, престеулерді кесуге арналған машинкалар мен құрылғыларды жөндеу және пайдалану.

Жұмыс үлгілері.

1) Велоқақпақтар, резеңке аяқ киім бөлшектері, эбониттен істелген бұйымдар (салқын күйінде)- машинкаларда, құрылғыларда немесе қолмен кесу;

2) Протектордың жиектері – дымқыл автоқақпақтарды кесу;

3) 23 мм дейін диаметрімен жең - кесу - тоқтату.

57. Резеңке бұйымдарының кесушісі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы машинкаларда, құрылғыларда немесе қолмен бетті өңдеудің үлкен дәлдігін қажет етпейтін орта және күрделі конфигурациялы бұйымдарда престеулерді кесу. 133 мм артық 25 мм дейін жеңдерді кесу - тоқтату. Арнайы станоктардың, құрылғылардың көмегімен немесе қолмен ыстық күйінде асбесттік бұйымдардан престеулерді кесу немесе қаптау. Престеу орындарын зімпаралы қағазбен тазарту. Престеу кесінділерінен кейін бөлшектерді және бұйымдарды бақылау.

Білуге тиіс: бұйымдарды кесу әдістері мен ұтымды тәсімдері, түрлері мен белгіленуі, өнімнің сыртқы сапасына қойылатын техникалық талаптар, престеулерді кесуге арналған машинкаларды, станоктар мен құрылғыларды жөндеу және пайдалану.

Жұмыс үлгілері.

1) Қыздырғыштар, теннис доптарына арналған дайындамалар, мұзға арналған көпіршіктер, Эсмарха дөңгелектері, су астында жүзуге арналған маскалар, эспандерлдер - престерді арнайы жабдықта немесе қолмен кесу;

2) Химқорғаныш, инженерлік мүлік бөлшектері мен бұйымдары - арнайы жабдықта немесе қолмен кесу;

3) Темірмен қапталған резеңке техникалық бұйымдар, шынжыр табан және транспортерлік леталар, тесік-тесік пластиналар, эскалаторларға арналған тұтқалар, сына тәрізді қайыстар және басқалар – престер мен қабыршақтарды машиналық немесе қолмен кесу;

4) Поливинилхлорид композицияларынан қысыммен құю әдісімен дайындалған желімденген аяқ киім - машиналық кесу;

5) Полиуретаннан ұлтанмен формалық аяқ киім - престерді қолмен кесу;

6) Қақпақтар, атмосфералық қысымды шиналар – престерді машиналық немесе қолмен кесу;

7) Газ өткізетін, үстіне құятын, құятын түтіктер - қолмен кесу.

58. Резеңке бұйымдарының кесушісі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бетін өңдеудің аса жоғары дәлдігін қажет ететін ерекше күрделі конфигурациялы бұйымдарда престерді, арнайы жабдықта немсе қолмен ірі габаритті қақпақтарды кесу. 25 мм артық диаметрмен жеңдерді кесу - тоқтату. Эбонитті дөңгелетуден кейін массивті шиналарда дымқыл резеңкенің артықтарын кесіп тастау. Кесуден кейін престеу жерлерін тазарту немесе өңдеу. Кесуге арналған станокты баптау. Пышақтарды технологиялық картаға және бұйымның еніне сәйкес орнату. Бұйымды станоктан алу және одан арғы өңдеуге беру.

Білуге тиіс: кесу әдістері мен ұтымды тәсімдері, өңделетін бұйымдардың құрылымы, мөлшерлері мен ерекшелігі, бөлшек беттерінің тазалық класы, бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар, жабдықты және престерді кесу кезінде қолданылатын құрылғыларды жөндеу және пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері.

1) Химқорғау бұйымдары – престерді арнайы жабдықта немесе қолмен кесу;

2) Формалық камералар – станоктарда шикі резеңкенің жиектерін кесу;

3) Күрделі конфигурациялы реезңке аяқ киім – қолмен және машиналарда кесу.

Резеңке бұйымдарының бояушысы
59. Резеңке бұйымдарының бояушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Инженер мүлік бұйымдарының, химқорғау, дәрігерлік мақсаттағы, резеңкеден халық тұтыну тауарларының бұйымдары мен бөлшектерін, шиналардың өндірісі мен бұрынғы қалпына келтірудегі бұйымдар мен бөлшектерді жартылай автоматтарда, құрылғыларда немесе қолмен бояу, бояу - лактау және лактау немесе ойыншықтарды, бүрмелі түтік гайкаларын және резеңке - техникалық бұйымдарды балауыздау.

Бұйымдарды бояуға дайындау, бұйымдарды кейіннен кептірумен астарлау, бұйымдарды және суреттерді бояу үлгілерінің бекітілген үлгілеріне сәйкес бояу қабатына жағудың біркелкілігін сақтаумен бояу.

Үрленетін шарларды жартылай автоматта бояған кезде - бұйымды штуцер - мөлшерлегішке кигізу, қабықты ауамен толтыру, бұйым бетіне трафаретпен сурет түсіру, бояулар мен лактарды сыйымдылықа бөліп құю. Батырылған бұйымдар үшін қалыптарға лақ жаққан кезде: қалыптарды лактауға дайындау, қалыптардың бетін зімпаралы қағазбен тегіс бет пайда болғанға дейін өңдеу немесе фомаларды тазалау, нитролакты жағу, қалыптардың бетіне кейінне кептірумен малу әдісімен лак жағу. Балауыздау кезінде: бұйымдарды тазарту, сүрту және балауыз массаны дайындау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен ваннадағы немесе камерадағы балауыз массаның температурасын реттеу. Бұйымдарды белгіленген режимде ұстау, бұйымдарды камерада ыстық ауамен өңдеу. Процесс аяқталысымен-бұйымдарды ваннадан түсіру, балауыз массасының артық қалдықтарынан тазарту. Майды әлсін- әлсін ауыстыру, балауыздаудан кейін ваннаны немесе камераны тазарту.

Білуге тиіс: балауыздау – парафиндеу режимі және технологиялық процесі, балауздайтын масканы дайындау ережесі, балауыз массасын дайындау ережесі, өңделетін бұйымдардың құрылымы мен атауы, бояулардың, лактар мен ерітінділердің атауы, түрлері мен қасиеттері, бояу және лактау тәсімдері, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, жабдық пен құрылғылардың құрылысы, жөндеу пен пайдалану.

Жұмыс үлгілері.

1) Бандаждар, ілмектік сақиналар, «ГК» шиналары, вулканизациялық қақпақтар - бояу - лактау;

2) Инженерлік бұйым мүліктері - бояу;

3) Балалар шарларына арналған қабыршақтар - бояу;

4) Батырылған бұйымдарға арналған қалыптар - лактау.

60. Резеңке бұйымдарының бояушысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бүріккіштердің көмегімен немесе қолмен арнайы камералардың жұмысының белгілі бір ритмін сақтаумен конвейерлерде лаута, бояу- лактау және лактау, сондай-ақ бұйымдардың және резеңкеден халық тұтыну тауарларының, резеңке аяқ киімнің, поливинилхлоридтен аяқ киімнің, шиналардың өндірісі мен бұрынғы қалпына келтірудегі бұйымдар мен бөлшектердің жаңа үлгілерін күрделі бояу.

Конвейерлерде бұйымдарды мәжбүрлі бояу ырғағымен бояу кезінде - бояуды белгіленген жерде қолмен немесе бүріккіштің көмегімен жағу, бұйымдарды кептіру. Анағұрлым жоғары разрядты лактаушының басшылығымен резеңке аяқ киімді лактау бойынша операциялар орындау: құрастыру конвейерінен немесе столдан лакталмаған бұйымдарды іріктеу, жақтауларға ілу және оларды вагон- арбаға орнату немесе лакталмаған аяқ киімді конвейердің аспасына ілу.

Дымқыл шиналарды әр түрлі майлаулармен және композициялармен бояу кезінде - бұйымдарды байқау, сыртқы ақауларын табу, құрылғылардың көмегімен және қолмен шиналарды престеу және жағу, бұйымдардың ішкі және сыртқы беттерін жағу.

Балауыздау кезінде – бояупульттың көмегімен бірінші камерада бүрку арқылы қақпақтың сыртқы бетіне балауыз майын біркелкі жағу. Бұйымдарды камераға орнату және ыстық ауамен өңдеу. Қажеттілігінше агрегатты балауыз композициямен тиеу. Майды қыздыруға арналған қажетті температураны реттеу, және қыздырылған майды суару пульверизаторы арқылы беру. Бұйымдардың сыртқы балауыз бетінің біркелкілігін бақылау және ластанудан қорғау.

Білуге тиіс: бояулардың, лактар мен ерітінділердің атауы, түрлері мен қасиеттері, бояу және лактау тәсімдері, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, өңделетін бұйымдардың түрлері, ерекшеліктері мен мөлшерлері, балауыздау технологиялық процесі, балауыз композициясының құрамы, жабдық пен құрылғылардың құрылысы, жөндеу пен пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері.

1) Латекстен резеңке және поливинилхлорид пастизольдан полиуретан ойыншықтар - бояу;

2) Өкше және сыздықтар - бояу;

3) Поливинилхлоридтан аяқ киім - реңк жағу;

4) Дымқыл қақпақтар – бояу;

5) Резеңке аяқ киім – лактау камералары мен аппараттарында лактау.

61. Резеңке бұйымдарының бояушысы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары кернеулі электростатикалық өрісте немесе батыру әдісімен резеңке аяқ киімді бояу, бояу- лактау және лактау.

Электростатикалық өрісте резеңке аяқ киімді лактау кезінде - электростатикалық өрісте қозғалатын конвейерді қосу және ағыту, дозалайтын құрылғыларды және электр өрісінің кернеулерін реттеу. Конвейердің аспаларынан лакталған аяқ киімді алу, жақтауларға ілу және аяқ киіммен жақтауларды вулканизацияға жөнелту үшін вагон- арбаға орнату.

Механикаландырылған аппараттарда батыру әдісімен лактау кезінде - аппаратты қосу, лакқа батыру процесін бақылау, лакталған аяқ киімді алу және оны вагон- арбаға орнату.

Лакталған аяқ киімнің сапасын көзбен бақылау. Лактаудың жекелеген ақауларын түзету. Жабдықты жөндеуге тапсыруға дайындау және жабдықты жөндеуден қабылдауға қатысу.

Білуге тиіс: резеңке аяқ киімді бояу мен лактаудың технологиялық процесі, резеңке аяқ киімді лактау тәсімдері, лакталған резеңке аяқ киімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, жабдық пен құрылғылардың құрылысы, жөндеу мен пайдалану ережесі.

Мата мен төсемнің домалатушысы


62. Мата мен төсемнің домалатушысы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шығыршықта матаның ұзындығын бір уақытта өлшеумен шығыршыққа матаның қосылған бөліктерін арнайы станокта тегістеу. Мата бөліктерін жабыстыру немесе тігу. Тоқыма бөліктерін цех қоймасынан әкелу мен жеткізу бойынша жұмыстарды орындау және оның орауын ашу.

Білуге тиіс: мата түрлері, жабыстыру және тігу тәсімдері мен әдістері, домалату станогының және тігін машинасының құрылысы.

63. Мата мен төсемнің домалатушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ұзындығын өлшеумен арнайы мақсаттағы маталар мен төсемдік кенептерді жазу және домалату. Ақау жерлерін кесу. Матаның кенептерін тігу және тігін машинасында жабындардың жиегін тігу. Маталардың түрлері және ені бойынша төсем кенептерін сұрыптау, кенептерді бөлшектеу, жазу және таңбалау, кенептерді қолмен немесе арнайы станокта тазарту және олардың доңғалақтарға дөңгелету. Вулкандалмаған резеңкеленген матаны немесе жиектерді қолмен немесе станокта қабаттау, жазу, ұнтақ жағу және білікке орау. Матаны домалату алдында «Оверлок» машинасында тігу. Резеңкеленген матаны орау кезінде – тиейтін ұштарын қосу және орау, өлшеу.

Білуге тиіс: төсем кенептер мен маталардың түрлері мен белгіленуі, материалдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар, төсем кенептерінің жекелеген түрлерін өңдеу ерекшеліктері, домалату және үтіктеу станоктарының, тігін машинасының және «Оверлок» машинасының құрылысы, жұмыс тәсімдері.

Камералар мен тармақтардың дайындаушысы

64. Камералар мен тармақтардың дайындаушысы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Резеңке қалыпталмаған бөлшектердің дымқыл дайындамаларын дорнға немесе барабанға кигізу. Бөлшектер мен бұйымдарға ұнтақ жағу. Барабанда камераларды бинттеу. Вулканизацияға жеткізу. Дорн мен түтіктің арасындағы ауаны жою. Түтіктің ұштарын шығршықтармен бекіту. Түтіктермен дорндарды вулканизация арбаға салу. Вулканизация процесі аяқталысымен – камераның бинтін шешу және камерадан алу, арбаны түсіру, вулканизациялық велотүтіктерді дорндардан түсіру. Бұйымдарды сыртқы түрі бойынша қарау және одан арғы өңдеуге жіберу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде жұмыс тәсімдері, өңделінетін өнімнің құрылымы, мөлшерлері мен ерекшелігі, бұйымдарды өңдеу ерекшеліктері, бұйымдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар, жабдық пен құралдың құрылысы.

Бұйымдардың үрлеушісі
65. Бұйымдардың үрлеушісі 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Велосипед және автомобиль камераларын қысылған ауамен үрлеу, сыртқы түрін қарау, кейінгі өңдеуге жіберу.

Білуге тиіс: шиналардың мөлшерлері және камералардың құрылымы, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, жалғанқондырғы құрылысы, жұмыс тәсімдері.

66. Бұйымдардың үрлеушісі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резеңке бұйымдарды қысылған ауамен үрлеу. Тегістелген бұйымдарды үрлеу. Бұйымдардың қалпын шаблондар бойынша тексеру. Тесіктерді анықтау. Тесіктерді мұқият бітеу. Бұйымдарды тальктеу. Бұйымдарды қатарластырып жинау, оларды жүктеу және түсіру.

Білуге тиіс: бұйымдардың мөлшерлері мен құрылымы, өнімнің сапасына техникалық талаптар, ақауларды жою тәсімдері, жалғанқондырғы құрылысы.

Престеуші –вулканизаторшы
67. Престеуші –вулканизаторшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Престеу- вулкандау кезінде қарапайым жұмыстарды орындау: бұйымдардың жапсарын майлау және престеу, дымқыл қақпақтарды арнайы станокта престеу, шығыршықтардың жапсарын жалғыз сымнан вулкандау, қалыптың ұяшықтарын майлаумен жағу, шығыршықтарды прес қалпының ұяшығына ретпен қою, престі жабу. Шығыршықтарды қалыптан түсіру. Қалыптық табан пластинасын және өкшелерді престеу кезінде - дайындамаларды конвейерден алу немесе жинау жерінен престерге әкелу, дайындамаларды пресқалыптарға салу, дайын өнімдерді таңбалау және оларды одан әрі өңдеуге жіберу.

Білуге тиіс: престеу- вулкандау процесін жүргізудің ұтымды тәсімдері, өнімнің түрлері, мөлшерлері, номенклатурасы мен белгіленуі, өнімнің сапасына қойылатын талаптар, жабдық пен құралдың құрылысы.

68. Престеуші –вулканизаторшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Булық және электрлық қыздырумен әр түрлі конструкциялы вулканизациялық гидравликалық престерде күрделі емес конструкциялы пресформаларда қалыптық резеңке- техникалық бұйымдарды престеу- вулкандау кезінде орта күрделі жұмыстарды орындау, сондай-ақ эксцентрикті престер мен кассеталанған пресформалармен жабдықталған престерде престеу- вулкандау. Престі және пресформаларды жұмысқа дайындау. Дайындамаларды пресқалыптарға салу. Пресформаларды жабу және оларды прес плиталарына орнату, престі жабу. Технологиялық регламентке сәйкес бақылау - өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша престеу- вулкандау процесін жүргізу. Вулкандау аяқталысымен - қалыптарды түсіру, қолмен немесе құрылғылардың көмегімен олардан бұйымдарды алу. Анағұрлым жоғары разрядты престеуші- вулкандаушының басшылығымен орта күрделі құрылымды пресқалыптарда резеңке бөлшектерді және бұйымдарды престеу-вулкандау бойынша жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: престеу технологиялық процесі, престер мен пресқалыптардың түрлері, құрылымы мен белгіленуі, материалдарды өңдеу ерекшеліктері, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, құрылғылардың, престер мен бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.

Жұмыс үлгілері.

1) Вентильдер, велокамералар, манжеттер, ниппельдер және төсемдер-престеу - вулканизация;

2) Қайнататын камералардың бөлшектері, өнеркәсіптік техника бұйымдары және зертханалық үлгілер - престеу - вулканизация;

3) Кір жуатын машиналардың және өнеркәсіптік техниканың бөлшектері: төлкелер, манжеттер, муфталар және тағы басқа- престеу - вулканизация;

4) Полистиролды тығын, ұлтандарға арналған резеңке пластиналар, ынталы техникалықтар өшіргіштер - престеу - вулканизация.

69. Престеуші –вулканизаторшы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Булық және электрлық қыздырумен орта күрделі жиналатын және кассеталанған пресформалармен әр түрлі конструкциялы гидравликалық престерде орта күрделі конструкциялық пресформаларда резеңке, резеңке- техникалық бұйымдарды, медициналық маұсаттағы бұйымдарды немесе асбесттехникалық бұйымдарды престеу- вулкандау бойынша күрделі жұмыстарды орындау. Электрмеханикалық прес- жарты атоматтарда велоқақпақтарды және туфляларды престеу- қалыптау. Қажет болса – геренаторда дайындамаларды жоғар жиілікті тоқтармен қыздыру. Анағұрлым жоғары білікті престеуші- вулканизаторшының басшылығымен резеңке бұйымдардың және бөлшектерді престеу-вулкандау бойынша ерекше күрделі жұмыстарды орындау.

Әр түрлі дайындамаларды пайдаланумен бұйымдарды престеу- вулканизациялау. Әр түрлі әдістермен пластиналардың персформаларын, дайындамаларды матрицасына жинастырып салу: пластинамен, даналап және резеңке бөлшектерді қалыптарда жинау.

Білуге тиіс: престеу -вулканизациялау технологиялық процесі, вулканизация режимі, бөлшектер мен пресқалыптардың түрлері, құрылымы мен белгіленуі, материалдарды өңдеу ерекшеліктері, дайын өнімнің және дайындамалардың сапасына қойылатын техникалық талаптар, престердің, құралдардың және бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.

Жұмыс үлгілері.

1) Велоқақпақтар - қалыптасу - вулканизация;

2) Тұрақтандырғыштарға арналған төлке, магнитофондарға арналған тегеріштер, техникалық пластина, өкшелер, мәскеу кішілитражды автомобил зауыты кілемдері, сепкіштерге арналған ұштар, мембраналық мата, балалардың кішкене бөтелкелеріне арналған тығындар, төсемдер, престерде шексіз қайыстар - престеу - вулканизация;

3) Борттық шығыршықтар және «Р» түрлі шиналарға арналған резеңке бөлшектер- престеу - вулканизация;

4) Гидравликалық престерде жиектік баулар- престеу;

5) Аяқ киімнің астына арналған пластиналар- престеу - вулканизация;

6) Қапталған мата, паронит және басқа асбесттік техникалық бұйымдар - престерде вулканизация;

7) Туфлялар - престеу - вулканизация.

70. Престеуші –вулканизаторшы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Резеңке- техникалық бұйымдардың көптеген ассортименті кезінде күрделі пресформалармен алмалы- салмалы құрылғылармен бірнеше престерге қызмет көрсету кезінде әр түрлі конструкциялы гидравликалық престерде престеу-вулкандау бойынша ерекше күрделі жұмыстарды орындау. Гидравликалық пресс- жартылай автоматтарда резеңке аяқ киімді престеу қалыптастыру. Гидравликалық престерде сына тәрізді қайыстар мен авиамоноблоктарды престеу.

Қайыс пластиналарын, эскалатор тұтқаларын, үлкен гидравликалық престерде бір жақты және екі жақтық транспортерлы ленталарды престеу- вулканизация. Ірі габаритті бірқабаттық престерде диэлектрлық маттарды престеу- вулканизация. Қысыммен құю бұйымдарын престеу- вулканизация. Эбониттік бұйымдарды (аккумулятор бактарды және оған бөлшектерді) престеу- вулканизация.

Білуге тиіс: престеу -вулканизациялау технологиялық процесі, вулканизация режимі, престерге қызмет көрсетудің ұтымды бағдарлары, бұйымдар мен дайындамаларды құрылымы мен белгіленуі, мөлшерлері, вулкандау режимдері және престер мен пресформаларды қайта зарядтау тәсімдері, шектеуші сызбалардың мөлшерін есептеу және олардың ені мен калибрі бойынша іріктеу, өнімнің және дайындамалардың сапасына қойылатын техникалық талаптар, жабдық пен құралдың құрылысы, бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы, оларды жөндеу ережесі.

Жұмыс үлгілері.

1) Боттар, калоштар, дорндар, етіктер - престеу - вулканизация;

2) Резеңке – техникалық бұйымдар: манжеттер, сальниктер, сақиналар, авиациялық өнеркәсіптің нығыздағыштары - престеу - вулканизация;

3) Медициналық мақсаттағы бұйымдар: ласттар, жылытұыштар, Эсмарха шеңберлері және мұзға арналған көпіршіктер - престеу - вулканизация;

4) Бір жақты және екі жақты транспортерлік ленталар және жалпақ қозғалтқыштар қайыстар - үлкен гидравликалық престерде және қос қабатты престерде престеу – вулканизация;

5) Сальниктер, арқандар, кір жуатын машиналардың кішкене біліктері, электролизді сақиналар, буферлер, автокөліктерге арналған рессорлар - престеу - вулканизация.

Бір уақытта анағұрлым төмен біліктілікті вулканизаторшыларға басшылық етумен «СВИТ» түрлі престерде жұмыстарды орындау кезінде- 6-разряд

Эластомерлер мен резеңкенің кесушісі
71. Эластомерлер мен резеңкенің кесушісі 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 0,3 мм артық дәлдікпен токарлық немесе арнайы станоктарда арнайы пышақпен берілген мөлшер бойынша резеңке бұйымдарды кесу немесе каучукты Растариванию бойынша ғана операцияларды орындау.

Шайбаларды іріктеп алу, кескіштерді және пышақтарды іріктеп алу және ұштау. Дорнға дайындамалар кіргізу және оны станоктың патронында бекіту. Станокты іске қосу және техникалық талаптарға сәйкес дайындамаларды кесу. Кесу аяқталысымен – станокты тоқтату, бұйымдары дорннан түсіру және кесілген бұйымдарды ыдысқа жинастырып салу.

Білуге тиіс: резеңке бұйымдарды кесу тәсімдері, бұйымдардың құрылымы,

өнімнің сапасына қойылатын талаптар, кесуге арналған станоктардың және құрылғылардың құрылысы, каучуктардың түрлері, олардың өндірісте белгіленуі.

Жұмыс үлгілері.

1) Велотүтіктердің кесінділерінен шығыршықтар - кесу;

2) Қыздырғыштарға арналған шығыршықта мен тыстар, мұзға арналған көпіршіктер және сангигиенаның басқа бұйымдары – кесу;

3) Эсмарх дөңгелектері, оттегі жастықтарға арналған эбонит тығындар - кесу;

4) Велокамера түтіктері - кесу.

Эластомерлер мен резеңкенің кесушісі


72. Эластомерлер мен резеңкенің кесушісі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 0,2-0,3 мм дәлдікпен әр түрлі резеңке бұйымдарды токарлық немесе кесетін станоктарда немесе қолмен кесу немесе каучуктарды өндіріске дайындау. Бұйымдарды шайбада немесе станоктың білігінде бекіту, шектегіштерді, пышақтар мен кескіштерді орнату, техникалық талаптарға сәйкес бөліктерге кесу. Матаның кесілген доңғалақтарын станоктан алу, доңғалақтың туралған лентасын алу және оны келесі операцияға тапсыру. Кескіштерді ұштау және алмастыру. Қайыс пластиналарды Журманов станогында кесу кезінде кесілген қайыстарды жағу мен майлау бойынша операцияларды орындау.

Каучуктарды дайындау кезінде, каучукты салу, оны сыртқы ластанулардан тазалау және үлгілері мен сорттаы бойынша таңбалау. Ерекше жауапты резеңке қоспаларды дайындау үшін табиғи каучук бөлек табақтарға қабаттау, рефлекторлық шамдармен жарықтау арқылы әрбір табақты бақылау және өңделінген табақтардан бөтен қосуларды алып тастау. Каучукты, регенератты, гуттаперчаны және басқа эластомерлерді қолмен белгіленген мөлшерлі және әртүрлі конфигурациялы кесектерге кесу.

Білуге тиіс: резеңке бұйымдарды кесу тәсімдері, каучуктың әрбір түрін алдын ала өңдеу тәсімдері, бұйымдардың құрылымы, өнімге қойылатын техникалық талаптар, жабдықтың құрылысы және жөндеу ережесі.

Жұмыс үлгілері.

1) Шығыршықтарға викельдер (жеміс көкөніс өндірісі) - кесу;

3) Изолента - кесу;

3) Өшіретін резеңке - кесу.

73. Эластомерлер мен резеңкенің кесушісі 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 0,2 дейін дәлдікпен резеңке бұйымдарды токарлық немесе басқа арнайы станоктарда кесу. Әр түрлі вулкандалған пластиналарды арнайы станоктарда резеңке жіптерге немесе ұштық қайыстарға және шынжыр табан лентаға кесу. Резеңке бұйымдарды диск пышағымен кесу. Каучукты, регенератты, гуттаперчаны және басқа эластомерлерді қолмен немесе арнайы құрылғылардың көмегімен белгіленген мөлшерлі және әртүрлі конфигурациялы кесектерге кесу. Стрейнирлеуден кейін кеуекті камераны арнайы пышақтармен кесу. Кеуекті камераның дайындамаларын резеңкенің артық жерлерін кесу арқылы берілген салмаққа дейін жеткізу.

Борттарды және протекторларды пневматикалық немесе дисктік боркесетін станоктарда кесу. Пластиналарды кесу станогын өз бетімен баптау және қызмет көрсету. Пышақтарды баптау. Станоктың жұмысын және кесу процесін бақылау. Пышақтарды алмастыру.

Білуге тиіс: резеңке техникалық бұйымдарды, резеңке бұйымдарды және пластиналарды, эластомерлерді кесудің технологиялық процесі, бұйымдардың құрылымы мен белгіленуі, өнімнің сапасына қойылатын талаптар, резеңкелердің маркалары, жабдықтың құрылысы және жөндеу ережесі.

Жұмыс үлгілері.

1) Кеуекті камералар – арнайы пышақтармен кесу;

2) резеңке жіп - Вейер немесе Шоу станоктарында кесу;

3) Қайыс пластиналар және шынжыр табан ленталар – станокты өз бетімен баптаумен Журманов станогында кесу;

4) Сепараторлардың «мипор» пластиналары- кесу;

5) Ескі- құсқы резеңке – станоктарда кесу.

Резеңке бұйымдарының жөндеушісі


74. Резеңке бұйымдарының жөндеушісі 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дайын резеңке бұйымдардың, жартылай фабрикаттардың ақауларын түзету бойынша күрделі емес жұмыстарды орындау немесе анағұрлым жоғары білікті жөндеушінің басшылығымен резеңке бұйымдарды жөндеу бойынша автошаруашылықтарда жекелеген жұмыстарды орындау. Бұйымдарды сыртқы түрі бойынша қарау, ақау жерлерін кесіп тастау, бензинмен шаю, бетін тегістеу, резеңке жамаулар салу, шұраларын ауыстыру. Мөлшері жағынан үлкен ақаулы бөлшектерден аз мөлшерлі бөлшектерді кесу.

Білуге тиіс: дайын бұйымдар мен жартылай фабрикаттардың ақау түрлері, оларды түзетудің ұтымды тәсімдері мен әдістері, резеңке желімін дайындау тәсімдері мен қасиеттері, жабдық пен құралдың құрылысы.

Жұмыс үлгілері.

1) Дымқыл және вулканизацияланған жиектік ленталар – ақауларды түзету;

2) Бөлшектер, дайындамалар, резеңке- техникалық бұйымдардың жартылай фабрикаттары - ақауларды түзету.

75. Резеңке бұйымдарының жөндеушісі 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Дайын резеңке бұйымдардың ақауларын түзету бойынша орта күрделі жұмыстарды орындау немесе тегістеу құрылғылары мен жергілікті вулканизациялау механизмдерін қолданумен, пайдаланыста болған резеңке бұйымдарды жөндеу бойынша автошаруашылықтарда күрделі емес жұмыстарды орындау. Құрылғылардың көмегімен жөнделуші бұйымдарды тазарту, тегістеу, өңдеу. Қазандықтарда немесе ыстық плиталарда вулканизациялау. Майғатөгіш резеңкеден бұқтырмаларды вулканизациялау Автокамералардың, резеңке аяқ киімнің және резеңке - техникалық бұйымдардың зақым келулерін анықтау және жөндеу. Резеңке желімді дайындау және жөндеуге арналған материалдарды дайындау. Автокамераларда ниппельдерді тексеру, түзету және ауыстыру. Камералар мен резеңке бұйымдарды жөндеуден кейін сынау. Қажет болған жағдайда-резеңке бұйымдарды вулканизация.

Білуге тиіс: резеңке бұйымдардың ақауларын түзетудің технологиялық процесі, ақаудың түрлері мен себептері, автокамераларды, резеңке аяқ киімді және резеңке- техникалық бұйымдарды жөндеу ережесі, ниппельді тексеру және жөндеу, камераларды жөндеуден кейін сынау тәсімдері, резеңке желімді дайындау құрамы, қасиеттері мен тәсімдері, резеңке бұйымдарды вулкнизациялау процесін жүргізу ережесі, жабдық пен құралдың құрылысы.

76. Резеңке бұйымдарының жөндеушісі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дайын резеңке бұйымдардың ақауларын түзету бойынша күрделі жұмыстарды орындау немесе пайдаланыста болған резеңке бұйымдарды жөндеу бойынша автошаруашылықтарда орта күрделі жұмыстарды орындау немесе тек жергілікті зақым жерлерін кесу бойынша операцияларды орындау. Станоктарда түзетілетін бұйымдарды тазарту, тегістеу, бояу және лактау. Бұйымдарды сынау. Қақпақтар мен камералардың ақауларын жөндеген кезде - резеңкенің артық жерлерін кесу, вентильдерді кесу және ауыстыру, камераның өзекшесін ауыстыру. Дәнекерлеу арқылы ақау жерлерін жою. Тегістеу станоктарында автоқақпақтарды өңдеу. Жөндеу сипатына сәйкес резеңке- техникалық бұйымдарда және автоқақпақтарда зақым жерлерін кесу. Тозған манжеттерді алып тастау. Жасалған жөндеуден кейін қақпақтарды және резеңке - техникалық бұйымдарды сынау. Әртүрлі мөлшерлі автоқақпақтардың ішкі және сыртқы беттерін, жоғары қысымды май - және отын келтіруге арналған қатайтатын, асбесттік және резеңке шығыршықтарды, доңғалақтардың резеңке жиектерін әр түрлі вулканизация жабдығында вулканизациялау. Жұмсақ отын бактары мен камераларын жөндеу кезінде бастырма мен жамауларды вулканизациялау.

Білуге тиіс: резеңке- техникалық бұйымдарды, автоқақпақтар мен камераларды түзетудің технологиялық процесі, бұйымдарды әзірлеудің технологиялық процесі және құрылымы, қолданылатын шикізат пен материалдардың түрлері мен қасиеттері, ақауларды түзетудің ұтымды тәсімдері, жөндеу әдістері мен түрлері, вулканизация процестерінің режимдері, бұйымдарды, жабдық пен құралдың құрылысы, сынау әдістері және техникалық талаптар.

Жұмыс үлгілері.

1) Үлкен бактар, бензобактар, мипоросепараторлар және арнайы мақсаттағы басқа ірі габаритті бұйымдар- сыртқы ақауларын түзету;

2) Автомобиль камералары - жөндеу;

3) Қайнату камералары – ақауларды түзету және «жасарту»;

4) Бір-, екі немесе үшжапсарлы камералар- дайындау;

5) Қақпақтардың қаңқасы, жабын резеңкелері – кесу және тегістеу;

6) Дымқыл қақпақтар – жөндеу.

77. Резеңке бұйымдарының жөндеушісі 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Дайын резеңке бұйымдардың ақауларын түзету бойынша ерекше күрделі жұмыстарды орындау немесе пайдаланыста болған резеңке бұйымдарды және автоқақпақтарды жөндеу бойынша автошаруашылықтарда күрделі жұмыстарды орындау немесе қаңқаның және қақпақтардың жабын резеңкелерінің зақым келген учаскелерін кесу және тегістеу. Қақпақтарды ішкі кесу, сыртқы немесе ішкі тегістеу үшін станок (спредерлерде) орнату. Қаңқаның, брекердің және жабын резеңкелердің зақымдалған учаскелерін табу мақсатымен қақпақтардың ішкі және сыртқы бетін қарау, зақымдалулар сипатына байланысты сыртқы, ішкі, қарсы немесе қиыстырылған тәсілмен зақым келген бөліктерін кесу. Дымқыл резеңке қоспамен толтырумен және резеңке- кордты пластырлармен күшейтумен қаңқаның, брекердің және жабын резеңкелерінің зақымдалған жерлерін бітеу. Борттық жөндеу және автокамераларды басқа мөлшерлерге қайта жөндеу. Шприцмашина мен каландрларға қызмет ету. Престерде, плиталарда немесе мульдтарда бұйымның түзелген бөліктерін вулканизациялау. Автоклавтарда және үздіксіз вулканизаторларда әр түрлі қалыптық және қалыптық емес резеңке - техникалық бұйымдарды вулканизациялау. Аппаратарды, қондырғыларды және ұшақтардың кабиналарын: бөліктерін, люктарын, иллюминаторларын және тағы басқа герметизациялауға арналған арнайы резеңке жақтаулар мен жабындарды дайындау және жөндеу. Тоқ өткізгіштердің жоғары сапалы диэлектрлік резеңке бөлшектерін вулканизациялау. Жұмсақ отын бактарын вулканизациялау және күрделі жөндеу. Жөндеу мен вулканизациялаудан кейін қақпақтарды, камералар мен резеңке- техникалық бұйымдарды сынау.

Білуге тиіс: ақауларды жою тәсімдері, пайдаланыста болған автоқақпақтарды, жұмсақ отын бактарын және басқа резеңке- техникалық бұйымдарды жөндеудің технологиялық процесі, бұйымдардың түрлері мен құрылымдары, резеңке қоспаларды шприцтау, каландрлау және жөнделетін бұйымдарды вулканизациялау процестерінің режимдері, резеңкелердің құрамы мен қасиеттері, бұйымдарды жөндеуден кейін сынау әдістері, жөндеу үшін қажетті материалдарды есептеу әдістеі және шығын нормалары, дайын өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, жабдық пен құралдың, көтеру- тасу механизмдерінің құрылысы.

Жұмыс үлгілері.

1) Автоқақпақтар, арнайы шиналар, шинопневматикалық муфталар-ақауларды жою;

2. Үлкен бактар, бензобактар, жұмсақ резервуарлар-жергілікті вулканизацияны қолданумен ішкі ақауларды түзету.

78. Резеңке бұйымдарының жөндеушісі 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ірі қақпақтарға, резеңке жағармайлық бактарға, резервуарларға, транспортерлы ленталарға ерекше күрделі жөндеу орындау, сонымен қатар арнайы желімдерді қолданумен бөлшектерді дайындау және металл арматурамен резеңке бұйымдарды дайындау бойынша жұмыстарды орындау және резеңке - металл бөлшектерді соңғы өңдеу. Темір қаңқаланған бөлшектерді вулканизациялау. Инфрақызыл сәулелердің көмегімен арнайы агрегаттарда немесе престерде резеңке және резенкеленген бұйымдарды үздіксіз вулканизациялау процесін жүргізу. Ірі габаритті резеңке бөлшектерді және бұйымдарды бірегей пресформаларда дайындау.

Білуге тиіс: ірі қақпақтарды, резеңке отын бактар мен резервуарларды жөндеудің технологиялық процесі, вулканизациялау процесінің режимдері, резеңкенің металмен ілінісуін анықтау әдістері, қолданылатын шикізаттар мен материалдардың түрлері мен қасиеттері, сызу оқу ережесі, сапасына қойылатын техникалық талаптар, жабдықтың, бақылау- өлшеу аспаптарының және құралдардың құрылысы.

Резеңке техникалық бұйымдардың құрастырушысы
79. Резеңке техникалық бұйымдардың құрастырушысы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі резеңке бұйымдарды құрастыру- жинақтау кезінде қарапайым операцияларды орындау. Химқорғау бұйымдарын құрастыру кезінде – келтек құбырды қағазбен орау, жиектерін түту. Құрастырылуға тиісті бөлшектердің сапасын тексеру, және оларды техникалық талаптарға, сызулар мен нобайларға сәйкес құрастыру. Жылытқыштардың мойнын және басқа бөлшектерді желіммен жағу, ниппельдерді, ұштарын, тығындарды жинақтау, гарнитураны бекіту және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жиынтықтау (жылытқыштар, шығыршықтар, Эсмарх, мұзға арналған көпіршіктер, сүтсорғыштар). Сыртқы түрі бойынша бұйымдардың сапасын тексеру. Дайын өнімді штемпельдеу және орау.

Білуге тиіс: резеңке бұйымдарды құрастыру- жинақтау тәсімдері, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, бұйымдардың құрылымы, бұйымдардың ақау түрлері және оны жою тәсімдері.

80. Резеңке техникалық бұйымдардың құрастырушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дайын бөлшектерден медициналық мақсаттағы бұйымдарды және халық тұтыну тауарларын құрастыру (су астында жүзетін көзілдірік, сөйлесу аппараттары, екі баллонды пульверизаторлар). Ниппельді құрастыру- жинақтау – тесікті желіммен жағу, тесіктерге резеке шығыршықтарды қою, ниппельдерді өзекке өткізу. Химқорғаныш бұйымдарынан дйын бөлшектерді құрастыру- жинақтау бойынша қарапайым операцияларды орындау (маскаларды, газтұтқыштар, клапандық қораптар). Қарапайым құрылымды станоктарда сына тәрізді қайыстарды құрастыру.

Білуге тиіс: құрастыру тәсімдері, бөлшектер мен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар, бұйымдардың құрылымы.

Жұмыс үлгілері.

1) Маскаларға арналған бөлшектер – қорапты бояу, резеңке шеңберлермен шыныны желімдеп жапсыру, кішкене тесіктерді орау, қылтасын бензинмен жаңарту, маскаларды үрлеу, айнала ағушыларды кию;

2) Сына тәрізді қайыстар – «Ютилити» және ОКР түрлі станоктарда құрастыру;

3) Гофрленген түтіктер – түтікке бірінші және екінші оқшаулау ленталарын салу, қорапты желіммен жағу және изолента салу.

81. Резеңке техникалық бұйымдардың құрастырушысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 25 мм дейін диаметрмен тегеурінді және дюриттік жеңдерді құрастыру. Домалаттын бастиегімен шаңсорғыштарға арналған шекқұбырлар мен желдету құбырларын желімдеп жапсыру. Орта және күрделі конструкциялы реттелген машиналарда сына тәрізді қайыстарды құрастыру. Жартылай автомат машиналарды қайыстарды құрастыру- қаптау. Дайын бөлшектерден химқорғау бұйымдарын (маскалар, газтұтқыштар) жеке немесе конвейерде құрастыру бойынша орта күрделі операцияларды орындау немесе ауыр және жауапты резеңке бұйымдарды құрастыру- жинақтау.

Білуге тиіс: технологиялық процесс, материалдардың түрлері, қасиеттері мен белгіленуі, жеңдердің конструкциясы, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, жабдықтың және құрылғылардың құрылысы және жөндеу ережесі.

Жұмыс үлгілері.

1) Маскаларға арналған бөлшектер – көздерін мен мойнын қысу, мойнын сыммен байлау, бұраулар мен түтіктерді жинақтау;

2) Сына тәрізді қайыстар – «Трестер», СКР-1 және СКР-2у реттелген машиналарында құрастыру;

3) Гофрленген түтіктер – түтіктің ұштарын желіммен жағу, шұра гайкасымен келтек құбырды және аспалы найкасымен ниппельді кигізу, сыммен орау және тарту.

82. Резеңке техникалық бұйымдардың құрастырушысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Машиналарда сына тәрізді қайыстарды дербес жөндеумен құрастыру. Эскалаторлардың тұтқасын, герметикалау шекқұбырларын, 25-тен 50 мм дейінгі диаметрімен қысымды және дюриттік жеңдерді, 50 мм дейін диаметрімен автомобиль шекқұбырлары мен серіппе жеңдерін желімдеп жапсыру. Дайын бөлшектерден химқорғау бұйымдарын (маскалар, газтұтқыштар, сүңгуір костюмдары) және инженер мүлікті жинақтау- құрастыру бойынша күрделі және жауапты операцияларды орындау. Автомобиль есіктерінің нығыздағыштарын құрастыру.

Білуге тиіс: құрастыру (желімдеп жапсыру) технологиялық процесі, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, агрегаттар мен машиналардың құрылысы және жөндеу ережесі.

Жұмыс үлгілері.

1) Маскалар- мембрандық қорапты маскамен, дулыға - масканы клапандықпен қораппен қосу, сымды қораппен маска қосылу жеріне салу, иллюминатордың клапандарын және кең қонышты жинақтау және ендіру;

2) Газтұтқыштар - сымды және респиратордың кішкене ленталарын ендіру және бекіту, дулыға – масканың мойнын клапандық қораппен қосу;

3) Шексіз қайыстар, шынжыр табан ленталар, оралған конструкцияды транспортерлік ленталар – қолмен құрастыру- желімдеу.

83. Резеңке техникалық бұйымдардың құрастырушысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Транспортерлік ленталарды құрастыру және айнала қоршау процесін жүргізу. 50 мм артық диаметрімен қысымды және дюриттік жеңдерді, 50 мм артық диаметрімен автомобиль шекқұбырлары мен серіппе жеңдерін желімдеп жапсыру- құрастыру. Берілген технологиялық процесте агрегаттар мен машиналарды қызмет көрсететін жұмысшыларға басшылық ету.

Білуге тиіс: технологиялық процесс, бұйымдардың құрылымы, жабдықтың құрылғылар мен аспаптардың құрылысы, жөндеу ережесі.

Жұмыс үлгілері.

1) Транспортерлік лента- құрастыру және айнала қоршау;

2) Резеңке пластиналар - желімдеу, ұштарын қайталаушы құрылғыға салу;

3) Сүңгуір және гидроторфные жеңдер - желімдеу.

Ингредиенттердің аспаларын құрастырушысы
84. Ингредиенттердің аспаларын құрастырушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резеңке – шүберек қоспалар мен шиферлік қоқымды дайындау үшін резеңке- тоқымалы кесінділер мен қалдықтарды асып қою және жиынтықтау. Резеңке- тоқымалы кесінділер мен қалдықтарды сорттау, оларды рецептура карталарына сәйкес асып қою, ыдысқа салу және ұсатуға арналған біліктерге беру.

Білуге тиіс: резеңке- тоқымалы материалдардың түрлері мен қасиеттері, кесінділерді сұрыптау және асу ережесі, аспалардың сапасына қойылатын техникалық талаптар, жабдық пен құралдың құрылысы.

85. Ингредиенттердің аспаларын құрастырушысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі емес ассортиментті рецептер бойынша қоспалар құрастыру (50 рецептіге дейін). Каучуктарды, регенератты, полиамидтарды, лакты және мөлшерлеп құюмен әр түрлі химикалийларды асып қою. Зертхана талдаулары және сыртқы түрі бойынша материалдардың сапасын тексеру. Аспаларды жиынтықтау және оларды одан әрі өңдеуге жіберу. Берілген рецептілер бойынша немесе рецептураны өз бетімен іріктеу арқылы зертхана аспаларын құрастыру.

Білуге тиіс: материалдардың түрлері, маркалары, сорттары мен белгіленуі, өлшенген ингредиенттерді ыдысқа жүктеу тәртібі, аспалардың сапасына қойылатын техникалық талаптар , жабдық пен құралдың құрылысы.


86. Ингредиенттердің аспаларын құрастырушысы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі ассортиментті рецептер бойынша қоспалар құрастыру (50 рецептіден артық). Каучуктарды, регенератты, ингредиенттерді, механикалық және химиялық пластикаторларды, техникалық көміртегіні және мөлшерлеп құюмен басқа ингредиенттерді асып қою. Өлшенген материалдардың белгілі бір реттілігін сақтаумен құрастыру ыдысына (бөшкелер, шелектер және басқа.) жүктеу. Рецептураға сәйкес және оларды резеңкеараластырқа немесе біліктерге жүктек кезектілігін ескерумен өлшенген материалдарды жинақтау.

Білуге тиіс: материалдардың түрлері, маркалары, қасиеттері мен белгіленуі, ингредиенттердің рецептуралық дозасы, аспаларды ілу мен жиынтықтаудың сапасына қойылатын техникалық талаптар, резеңке қоспасын дайындаудың жалпы қағидалары, жабдық пен құралдың құрылысы.

Жолақтарды түйістіруші
87. Жолақтарды түйістіруші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Материалды пішу бойынша диагоналдық- кесетін және басқа машиналарға қызмет көрсету. Машиналардың арнайы жабдығына төсеумен білікті орнату. Кесілген тоқыманы пішу машинасынан іріктеу. Ақау жерлерін анықтау және жою, жиектелген таяныштарды жабынға домалату немесе оларды жапсарға беру. Таяныштарды қолмен немесе түйістіру станогында қажетті ұзындық жолақтарына түйістіру. Жіктерді шығыршықпен жазу. Жабыстырылған жолақтарды үймеге қатарластырып жинау немесе біліктерге домалату. Дайындамаларды маркалау және оларды кейінгі өңдеуге жіберу.

Білуге тиіс: таяныштарды жабыстыру, іріктеу және бақылау бойынша жұмыс тәсімдері, жиектелетін материалдардың түрлері, қасиеттері мен белгіленуі, түйістірілген жолақтардың сапасына қойылатын техникалық талаптар, түйістіру станогының және құрылғылардың құрылысы.

Тек жолақтарды іріктеу бойынша операцияларды орындау кезінде - 1- разряд.

Термопластикаторшы


88. Термопластикаторшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үлкен емес мөлшерлі қазандықтарда каучукты термопластикациялау (1,5 м кем ұзындығымен). Термопластикацияланған каучукты тиеу және түсіру. Қызмет көрсетілетін жабдықты қадағалау. Қаңылтыр таба мен транспортерді тазалау.

Білуге тиіс: каучуктарды термопластикациялаудың технологиялық процесс негіздері, өңделінетін синтетикалық каучуктардың және көмекші материалдардың белгіленуі және қасиеттері, қызмет көрсетілетін жабдықтың және құралдардың белгіленуі және құрылысы.

89. Термопластикаторшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қатты бумен немесе электрқыздыру әдісімен вулканизациялық қазандықтар түріндегі аппараттарда синтетикалық каучукты термопластикациялау. Синтетикалық каучукты кесуге арналған шнипель-машинаға қызмет көрсету. Каучук матаның ұшын пышаққа дайындау, оны «лапша тәрізді» кесу. Кесілген каучукты қаңылтыр табаларға салу. Арбалардағы қаңылтыр табаларды термопластикаттау аппаратына тиеу. Бақылау - өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша және технологиялық регламентке сәйкес термопластикаттау процесін жүргізу. Термопластикатталған каучукты түсіру. Термопластикаттың сапасын анықтаужәне оны кейінгі өңдеуге жіберу. Қаңылтыр табалар мен транспортерді тазарту, жабдықтағы олқылықтарды түзету.

Білуге тиіс: синтетикалық каучукты термопластиктеудің технологиялық процесі, термоөңдеу режимдері, өңделінетін синтетикалық каучуктар мен көмекші материалдардың маркалары мен қасиеттері, каучуктардың сапасына қойылатын техникалық талаптар, синтетикалық каучуктарды кейінгі өңдеуге тапсыру ережесі, жабдық пен құралдың құрылысы.

Бірнеше термопластикациялық аппараттарға (қазандықтарды), шнипель-машинаға және термопластикациялаумен байланысты басқа жабдықты қызмет көрсету кезінде, және термопластикаторшылардың бригадасына басшылық ету кезінде - 4-разряд.

Резеңке қоспаларының мұздатушысы


90. Резеңке қоспаларының мұздатушысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резеңке қоспаларды ауа ортасында, ванналарда, камераларда сумен немесе эмульсиямен суыту. Резеңкелердің табақтарын қабылдау. Штырларға суыту қондырғысын орнату. Суыту процесін жүргізу. Суытудан кейін – резеңкелердің табақтарын кептіру, платформаларға немесе стеллаждарға маркалары бойынша тасу және қатарластырып жинау. Резеңкеараластырғыштарға және біліктерге қызмет көрсету бойынша жекелеген көмекші жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: резеңке қоспаларды суытудың технологиялық процесі, резеңке қоспалардың және қолданылатын материалдардың маркалары мен қасиеттері, резеңкені суытуға арналған жабдықтың және тасу құрылғыларының құрылысы.

91. Резеңке қоспаларының мұздатушысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резеңке қоспаларды фестондық (суытатын) қондырғыда суыту процесін жүргізу. Ваннаны суыту үшін антиадгезиялық ерітіндімен толтыру. Суыту қондырғысын арнайы басқару пультынан қосу және ағыту. Біліктерден резеңке қоспасын кесу және іріктеу конвейерінің көмегімен суытуға беру. Автоматты салушыны қосу және сөндіру. Резеңке қоспаларға техникалық паспортты толтыру. Қондырғының жұмысындағы ұсақ олқылықтарды түзету. Жабдық жұмысындағы ұсақ олқылықтарды түзету.

Білуге тиіс: суыту технологиялық процесі, резеңке қоспалардың және көмекші материалдардың маржасы және белгіленуі, резеңке қоспалардың сапасына қойылатын талаптар, фестон қондырғысының құрылысы.

Тегістеуші
92. Тегістеуші 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Борттық ленталарды тегістеу. Мауыт механикалық шайбаларда қолмен эбониттік бұйымдарды өңдеу немесе жылтырату. Бұйымның ақау жерлерін немесе тұтас станокта немесе зімпара қағаздың және металл щетканың көмегімен қолмен тегістеу, дайындамаларды ұзындығы бойынша кесу, ақауларын жою.

Бұйымдарды өңдеуден кейін тазарту. Бұйымдарды сумен жуу және оларды майлау.

Білуге тиіс: бұйымдарды шайбада өңдеу тәсімдері және тегістеу әдістері, бұйымдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар, құрылғыларды пайдалану ережесі.

93. Тегістеуші 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тегістеу станоктарында және арнайы құрылғылардың көмегімен тегістеу станоктарында күрделі емес бөлшектерді тегістеу. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды, қалыптық және қалыптық емес техниканың қарапайым бұйымдарын, инженерлік мүліктің ұсақ көмекші бөлшектерін және қақпақтардың шеттерін тегістеу станоктарында немесе барабандарда тегістеу- өңдеу. Ерекше мұқият өңдеуді қажет ететін эбониттік бұйымдарды қолмен тегістеу- өңдеу. Дайындамаларды тегістеуге дайындау: оларды бақылау және сұрыптау, престерді кесіп тастау, дайындамаларды тегістеу станогына беру. Бұйымның ақау жерлерін немесе тұтас станокта немесе зімпара қағаздың, металл щетканың көмегімен қолмен тегістеу. Жеке дайындамаларды жұмсақ мата щеткасымен өңдеу. Дайындамаларды ұзындығы бойынша кесу, кедір- бұдыр жерлерін жою, одан әрі өңдеуге жіберу үшін өлшеу, маркалау және пачкаға байлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде технологиялық процесі, өңделінетін бөлшектердің мөлшерлері мен құрылымы, тегістеудің сапасына қойылатын талаптар, тегістеу жабдығының құрылысы.

Жұмыс үлгілері:

1) Велокамера түтіктері, тежегіштік авиациялық камералар және шығыршықты жабындар - тегістеу;

2) Дөңбек ағаштар, ойыншықтар, өкшелер, доптар, шағын және орта акбактар - тегістеу - өңдеу.

94. Тегістеуші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шиналардың күрделі және жауапты бөлшектерін станокта тегістеу. Үлкен акбактарды, қалыптық және қалыптық емес техниканың күрделі және жауапты бөлшектерін; тегістеу станогында немесе зімпара қағаздың не жұмсақ өңдеу щетканың көмегімен инженерлік мүліктің негізгі бөлшектерін тегістеу- өңдеу (қайықтар, 5 т дейін понтондар, тубустар, қаптар және тағы басқа). Станокты жөндеу. Аппаратқа бөлшектерді тиеу, режимге сәйкес тегістеу, өңделінген бұйымдарды түсіру, өнімді сортта және тапсыру.

Білуге тиіс: тегістеу- өңдеу тәсімдері, бұйымдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар, бұйымдардың түрлері және олардың белгіленуі, жабдық пен құралдың құрылысы.

Жұмыс үлгілері.

1) Шинапневматикалық муфталардың камералары, ұшқыш авиакамералар, протекторлық дайындамалар - тегістеу.

95. Тегістеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тегістеу – көшіру станоктарында протектордың бетін кесу және тегістеу. Күрделі инженерлік мүлікті (5т артық понтондар), офсеттік матаны және бояйтын агрегаттарға арналған резеңке қаптарды тегістеу- өңдеу. Айдайтын камераны қақпаққа қою, қақпақты станоктың жиегінде жинақтау, камераны қысылған ауамен толтыру. Қақпақты диафрагмалардан байланыс желісі үшін сығатын штанга (бұдан әрі – ТӨК) станоктарында тегістеу немесе қақпақты диафрагмалық патронға орнату, диафрагманы үрлеу. Қақпақ протекторының кескініне байланысты көшірмені жөндеу; станоктың бастиегіне қатысты қақпақты беруді түзету; протекторды берілген пішін бойынша кесу- тегістеу процесін жүргізу. Қақпақты жиектен бөлшектеу, ауадан түсіру және айдайтын камераны алу. Тегістелген қақпақтарды өлшеу.

Білуге тиіс: тегістеу - көшіру станоктарында протекторларды кесу тегістеу технологиялық процесі, қақпақтардың мөлшерлері мен құрылымы, копирлерді іріктеу әдістері және жөндеу ережесі, тегістелген беттің сапасына қойылатын техникалық талаптар, тегістелген қақпақтардың габариттері.

Копирмен станоктарда жұмыс істеген кезде - 5-разряд

«Резеңке қоспаларын өндіру мен қайта өңдеудің жалпы кәсіптері» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың қолданыстағы БТБА 1986 жылғы шығарылымының атаулары көрсетілген тізбесі БТБА-ның (31-шығарылым), 2-қосымшасында келтірілген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет