2. Резеңке қоспаларын өндіру мен қайта өңдеудің жалпы кәсіптері


Шиналардың өндірісі, қалпына келтіру және жөндеу



бет5/8
Дата17.07.2016
өлшемі2.32 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

4. Шиналардың өндірісі, қалпына келтіру және жөндеу

Вулканизация аппаратшысы


161. Вулканизация аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Каучуктарды термопластикациялау технологиялық процестерінің барысын, көрсеткіштер бойынша және бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен қақпақтарды құрастыру және резеңке қоспаларды вулканизациялау, дайындау барысын бақылау. Жабдықты қосу және оны белгіленген регламентке орнату. Қызмет көрсетілетін учаскеде барлық механизмдердің жұмысын қадағалау. Аспаптардың берілген диаграммалары бойынша технологияның бұзушылықтарын анықтау. Дайындалатын қоспалардың немесе термопластикаттың шифрларын жазу немесе дайындалған қақпақтардың және вулканизациялау аппараттарындағы басқа бұйымдарды жазу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде технологиялық процесі, өңделінетін материалдардың және жартылай фабрикаттардың қасиеттері мен белгіленуі, өңделінетін жабдықтың, бақылау- өлшеу аспаптарының және автоматты аспаптардың құрылысы, диаграммаларды толтыру және пайдалану әдістемесі.

Шиналардың теңгерушісі
162. Шиналардың теңгерушісі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Теңгеру станогында барлық түрлі дайын шиналар мен қақпақтарды теңгеру. Қақпақтарды станокта орталықтау және жөндеу. Теңдікті салыстыра тексеру. Аса жоғары теңсіздікпен аймақты тазалау, резеңке желімін жағумен теңеспеген массаны бензинмен тазарту және жою.

Білуге тиіс: шиналар мен қақпақтарды теңгеру ережесі, өңделінетін ққапақтардың мөлшерлері және белгіленуі, теңгеру станогының және престің құрылысы, өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

Шығыршықтардың өрушісі
163. Шығыршықтардың өрушісі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы станокта немесе қолмен ерекшелікке сәйкес салу әдісімен тоқымадан немесе арқан сымнан авто- мото және автоқақпақтарға арналған шығыршықтарды дайындау. Материалдарды жұмысшы орынға жеткізу, оларды станокта орнату, станокты шығыршықтың берілген мөлшеріне жөндеу, оны жұмыс барысында реттеу. Шығыршықтардың диаметрін үлгілермен өлшеу. Технологиялық регламентке сәйкес шығыршықтарды салу, орау және шығыршықтарды флипперлеу.

Білуге тиіс: шығыршықтарды дайындау технологиясы, станоктың құрылысы, шығыршықтардың құрылымы, мөлшерлері мен белгіленуі, тоқыманың және сымның калибрлары, сорттары, материалдарды өңдеу ерекшеліктері, өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері.

1) Авто - мото – қақпақтарға арналған бүйір шығыршықтар- салу;

2) Авиа - қақпақтарға арналған арқан шығыршықтар - салу.

Камераларды салушы

164. Камераларды салушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өңделінетін камераларды қалпына келтірілетін қақпақтарға немесе «Кубышка» түрлі қақпақтарға немесе арнайы станоктарда және арнайы құрылғылардың көмегімен қақпақтарға кеуекті камерларды салу. Қысылған ауаның көмегімен станокта қақпақ борттарын тарату. Қайнататын камераларды және қақпақтың ішкі беттерін әртүрлі майлармен жағу немесе қақпақтың ішкі жағына ұнтақ жағу, Камераларды қою. Камераларды қысылған ауамен қажетті мөлшерлерге дейін үрлеу. Қайнататын камераларды «Кубышка» түрлі қақпақтарға қою кезінде - камераның өзекшесін жағамен тегістеу.

Білуге тиіс: камераларды қақпақтарға қою тәсімдері, станоктың құрылысы, қақпақтар мен камералардың құрылымы, мөлшерлері, түрлері мен ерекшеліктері, майлау түрлері.

Қайнататын камераларды жеңіл қақпақтарға салу кезінде - 2-разряд

Қайнату камераларының алушысы


165. Қайнату камераларының алушысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қайнату камераларын (шаблондар немесе өзекшелер) қақпақтардан және вулканизациялаудан кейін арнайы станокта бандажсыз шиналарды алу. Станокқа вулканизацияланған қақпақты беру, оны іске қосуға орнату, автоматты құрылғылардың көмегімен станокты іске қосу, қақпақ борттарын ысыру. Қайнататын камераны қақпақтан суырып алу. Жабдық жұмысындағы ұсақ олқылықтарды жою.

Білуге тиіс: қайнататын камераларды алу станогының құрылысы, өңделінетін қақпақтардың мөлшерлері, түрлері мен ерекшеліктері, қақпақтың конструкциялық құрылысы, камераны қақпақтан алу тәсімдері мен ережесі.

Қайнататын камераларды жеңіл қақпақтардан немесе «Кубышка» түрлі қақпақтардан алу кезінде - 3-разряд

Ұсақтаушы


166. Ұсақтаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жатырлық қоспаларды және каучуктарды ұсақтау, слабббирлеу немесе стрейнирлеу технологиялық процесін жүргізу, технологиялық регламентке сәйкес және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша иіртүтік престерде табиғи каучукты пластикациялау. Каучукты немесе жатырлық қоспаларды резеңкеараластырғыштан пластикатор - ұсатқышқа транспортермен беру. Температураны, пластикатор - ұсатқыштың бастиегінің саңылауын реттеу. Ұсатқыштың үздіксіз қуат көзін алуын, суспензиялардың берілуін және гранулалардың біркелкі сулануын, салқындау режимін қадағалау. Түйірлерді салқындату камерасына және бункерлерге беру. Бастиектер мен стрейнирлейтін торларды ауыстыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде технологиялық процесі, аграгетаттың барлық тораптарының және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, каучуктардың сорттары, түрлері, жатырлық қоспаларды өңдеу ерекшеліктері, суспензиялардың рецептурасы.

Процестерді анағұрлым жоғары разрядты ұсақтаушының басшылығымен жүргізу кезінде - 4-разряд.

Спорт велошиналардың қаңқасын дайындаушы

167. Спорт велошиналардың қаңқасын дайындаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық картаға сәйкес арнайы станокта спорт велошиналардың қаңқасын дайындау. Құрылғыларды каретканың станогына, бағыттайтын жұқа тақтайшаларды және жіптермен шпульдерді орнату. Станокты жұмысқа қосу. Жіпті оқтауға орау. Оқтауды алу, дайындамаларды одан арғы өңдеуге тапсыру.

Білуге тиіс: велошиналардың қаңқасын дайындау технологиясы, станоктар мен құрылғылардың құрылысы, қаңқаның құрылысы, оқтаулардың жіктемесі, жұмыс тәсімдеріы.

Шиналарды сынау үшін үлгілердің дайындаушысы

168. Шиналарды сынау үшін үлгілердің дайындаушысы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Талдаулар, физикалық-механикалық және рентгеноскопиялық байқаулар үшін резеңке қоспасының, жартылай фабрикаттардың, дайын өнімнің үлгілерін дайындау. Техникалық талаптарға сәйкес сынау үшін өнімдер сұрыптау. Дәлдіктің қажетті сыныбын сақтаумен дайындамаларды ойып кесу. Дайындамаларға қажетті конфигурация беру, тегістеу, микрошлифтар дайындау. Арнайы журналда дайындамалардың іріктеулер жазуларын жүргізу.

Білуге тиіс: талдаулар үшін дайындамаларды өңдеу тәсімдері, сыналатын өнімнің құрылымы, зертхананың барлық аспаптары мен аппараттарында сынауларды талдау әдістемесі, өнімге және сынауға дайындалатын үлгіге қойылатын техникалық талаптар, дайындамалардың конфигурациясы.

Шинажөндеу материалдардың дайындаушысы
169. Шинажөндеу материалдардың дайындаушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қақпақтардың шинажөндеу материалдарын дайындау. Кескінделген протекторлардың орамдарын жазу. Протекторларды қыздыру плиталарына салу. Олардың беттерін тегістеу және желіммен жағу. Протекторларды ұзындығымен кесу және олардың ұштарын конусқа қысқартып кесу. Табақтық резеңкелермен біліктерді жазу, табақтың резеңкелерді пішу, бензинмен тазарту және желіммен жағу. Резеңке –корд пластырларды тегістеу және желіммен жағу.

Білуге тиіс: шинажөндеу материалдарының түрлері, тегістеу және өлшеу құралдарын пайдалану ережесі, желімдердің концентрациясы, желімдік қабыршақты жағу және кептіру режимдері, кескінделген протекторлардың мөлшерлері және оларды қыздыру және тегістеу ережесі, табақтық резеңкелерді ұтымды пішу тәсімдері, жұмыс тәсімдері.

170. Шинажөндеу материалдардың дайындаушысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қақпақтарды жөндеу үшін әр түрлі конфигурациялы пластырларды дайындау. Резеңкеленген кордтың және резеңкенің біліктерін жазу. Белгіленген режимге сәйкес кордты кептіру. Кептіруден кейін кордты қажетті ұзындық пен ені бар жолақтарға пішу. Жолақтарды жаңарту және қайталау. Пластырлардың қабаттарын орталау. Қайталау доңғалағымен домалату. Дымқыл пластырларды вулканизациялауға жіберу. Вулканизациялаудан кейін тегістеу және шикі резеңке қабатты желімдеп жапсыру.

Білуге тиіс: пластырлар дайындау технологиялық процесінің мәнісі, кептіру жабдығының құрылысы, жөндеу үшін қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, кептіру режимдері, материалдарды ұтымды пішу ережесі.

Шиналар үшін шприцтелген бөлшектердің дайындаушысы
171. Шиналар үшін шприцтелген бөлшектердің дайындаушысы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шприцмашинаның транспортерінен кескінделген жиектік және веложиектік ленталарды іріктеу. Оларды сыртқы түрі бойынша қарау. Берілген ұзындыққа кесу. Ұшын кесу. Талькпен ұнтақтау. Түйістіруге жіберу. Арнайы станокта белгіленген ерекшелікке сәйкес велокамерада немесе жиектік лентада шұра үшін тесіктер тесу. Бұйымдарды станокта орнату және қисайтаулар мен үзулерсіз тесіктерді тесу. Шұраны камераға қою.

Білуге тиіс: жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы, бұйымдардың құрылымы және ерекшелігі, оларды өңдеу ерекшеіктері, жұмыс тәсімдері, шұраларды бекіту тәсімі.

172. Шиналар үшін шприцтелген бөлшектердің дайындаушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шприцтеу әдісімен әр түрлі және мөлшерлі бөлшектерді дайындау кезінде әр түрлі жұмыстарды өз бетімен орындау немесе анағұрлым жоғары білікті машинисің басшылығымен шприцмашинаның велокамераларын шприцтеу. Әр түрлі өлшеу құралдарының көмегімен мөлшері, ені, калибрі бойынша шикі дайындамаларды бақылау, бөтен қосылуларды алып тастау, шұраға тесіктерді тесу, желіммен жағумен шұраны домалату, көбіктерді тесу, дайындамаларды ұнтақ жағу камерасы арқылы өткізу, берілген ұзындыққа кесу, таразыда дайындамалардың салмағын бақылау, арбаға, стеллаждарға салу немесе оларды орау материалына орау.

Білуге тиіс: өңделінетін дайындамалардың және олардың бөлшектерінің ерекшелігі мен белгіленуі, өнімнің сапасына қойылатын талаптар, жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы, жұмыс тәсімдері.

Жұмыс үлгілері.

1) Велопротекторлар - агрегатта дайындау;

2) Борттың бөлшектері және кескінделген брекерлер-прицмашинада дайындау;

3) Мінетін және қайнататын камералар, диафрагмалар, атмосфералық қысым шиналары – агрегатта дайындау;

4) Шұраларға арналған түтіктер, вулканизаторларға арналған төсемдер, шинопневматикалық муфталардың камелары – дайындау.

Шығыршықтар дайындаушысы


173. Шығыршықтар дайындаушысы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Велоқақпақтарға арналған сым шығыршықтарын станокта дайындау. Сымды станокқа беру, оны мөлшері бойынша үлгіге орау. Соңын кесу, шығыршықтың түйіскен дерін муфтамен қысу. Шығыршықтың сапасын тексеру.

Білуге тиіс: шығыршықтарды орауға арналған станоктың құрылысы, шығыршықтардың ерекшелігі мен мөлшерлері, шығыршықтардың және сымның сапасына қойылатын талаптар, жұмыс тәсімдері.

174. Шығыршықтар дайындаушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автомат- станокта электроконтактілік өңдеу үшін шығыршықтарды орау. Сыммен катушкаларды станокқа орнату. Бос жүрісте станоктың жұмысын тексеру. Сезгілер мен релені қажетті мөлшерде шығыршықтың кесіндісіне орнату. Станокты қосу. Станоктың жұмыс жылдамдығын реттеу және сыммен станоктың тоқтаусыз қуат көзін алуын қамтамасыз ету. Шығыршықтарды алу құрылғысын құру.

Білуге тиіс: станоктың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы, шығыршықтардың және сымның сапасына қойылатын талаптар.

175. Шығыршықтар дайындаушысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Станокта немесе агрегатта борттық шығыршықтарды дайындау. Тоқымамен катушканы немесе сыммен барабанды орнату. Сымның ұшын кейіннен резеңкелеу үшін шприцмашинаның бастиегіне салу. Сымды немесе тоқыманы салқындататын ванна, созылушы барабандар, компенсатор, орау құрылғысының пышағының астына бағыттайтын үлкен шкив арқылы өткізу. Тоқыманы немесе сымды ерекшелікке сәйкес айналымдардың санымен шаблонға орау. Автоматты пышақтың көмегімен шығыршықты кесіп атстау, шығыршықты алу.

Білуге тиіс: борттық шығыршықтарды әзірлеудің технологиялық процесі, сымның түрлері мен сорттары, оны өңдеу ерекшеліктері, шығыршықтардың сапасына қойылатын талаптар.

Борттық станоктарды бір уақытта бригадаларға басшылық етумен АКД-1 түрлі станоктарда немесе агрегаттарда әзірлеу кезінде - 4-разряд

Шығыршықтар оқшаулаушысы


176. Шығыршықтар оқшаулаушысы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шығыршықтардың түйіскен жерін бөзбен оқшаулау. Бөздің ленталарын жұмыс орнына жеткізу, бөзді белгілі бір ұзындықтағы кесіктерге кесу.

Білуге тиіс: борттық шығыршықтарды дайындау ерекшелігі, борттық шығыршықтың түйіскен жерін оқшаулаудың сапасына қойылатын талаптар, жұмыс тәсімдері.

177. Шығыршықтар оқшаулаушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Борттық шығыршықтарды және велошығыршықтарды серіппемен немесе арнайы станоктарда немесе жартылай автоматтарда резеңкеленген мата лентамен қатты соғумен оқшаулау. Станокқа матамен білікті орнату. Станокқа борттық шығыршықты қою. Станокты қосу. Белгіленген ұзындықпен резеңке баудың және орамның қалдығын кесу, орауды беру, шығыршықты одан әрі өңдеуге жіберу.

Білуге тиіс: станоктың құрылысы және баптау ережесі, шығыршықтардың мөлшері мен белгіленуі, резеңке мен маталардың сорттары.

Резеңкеленген кордтың жиектерін оқшаулаушысы

178. Резеңкеленген кордтың жиектерін оқшаулаушысы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы станокта жиектелген тоқыма кордтың немесе металлкордды матаның жиектерін оқшаулау. Борттық қанаттар үшін ленталар, брекерлер, браслеттер дайындау үшін кордтық жолақтарын дайындау. Кордтың жиектелген жолақтарын іріктеу, оларды түйістіру. Сквидж салу.

Білуге тиіс: матаны оқшаулау технологиялық процесінің мәнісі, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, жұмыста қолданылатын бөлшектердің ерекшелігі.

Шығыршықтар сынаушысы

179. Шығыршықтар сынаушысы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шығыршықтарды беріктікке сынау және олардың мөлшерін тексеру. Шығыршықтың мөлшеріне сәйкес келетін дисктің шығыңқы жерлеріне сымды шығыршықты кигізу. Панельдер бақылау - өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін бақылау. Шығыршықты алу және оны арнайы құрылғыларда өлшеу. Электрлік - және пневмоберу станогын қосу және сөндіру. Шығыршықта ақауды анықтау.

Білуге тиіс: шығыршықтарды беріктікке сынау ережесі мен тәсімдері және олардың мөлшерлерін анықтау, дайындалатын шығыршықтардың мөлшерлері, шығыршықтардың мөлшері бойынша мүмкін ауытқулар, шығыршықтардың сапасына қойылатын талаптар, станоктың құрылысы, станоктың және бақылау- өлшеу аспаптарының жұмыс істеу қағидасы.

Металлкордты матаны резеңкелеудегі каландрлаушысы
180. Металлкордты матаны резеңкелеудегі каландрлаушысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап қондырғыларда қақпақтардың металлкордты бөлшектерін дайындау, сондай-ақ металлкордты матаны резеңкелеу кезінде каландрларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау. Бөлшектердің жиектерін резеңкелеу, пішу және оқшаулау. Металл жіптермен шпульдарды дайындау, шпулярникті зарядтау, панельдердің көздері, тарақтар және каландр біліктерінің саңылауы арқылы металл кордты жіптерді өткізу. Металлкордтың жіптерін сым матаның жіптерімен тұтастыру. Жіптерді кішкене біліктің тәуекелдерімен тарату. Жіптердің созылуын бақылау. Резеңкелеу кезінде жіптердің үзілулерін болдырмау. Резеңкеленген металлкордты матаны орамға орау.

Білуге тиіс: әмбебап қондырғыларда металлкордты бөлшектерін дайындау технологиялық процесінің және каландрларда металлкордты матаны резеңкелеу процесінің мәнісі, иіртүтік машинаға, тоңазыту қондырғысына, пішу- түйістіру автоматына, жиектерді оқшаулау құрылғысына қызмет көрсету ережесі, тотықтыру кезінде металлкордтың бетінің күйі, шпулярникқа қызмет көрсету, шпульдардың тежегіш құрылғысын баптау ережесі, металлкордпен бөшкелерді ашу ережесі, жіптерді доңғалақтар арқылы тарту реттілігі.

Шина өндірісінің бақылаушысы
181. Шина өндірісінің бақылаушысы
Жұмыс сипаттамасы. Шикізаттардың, материалдардың, бөлшектердің, жартылай өнімдердің және жартылай фабрикаттардың сапасын операцияаралық бақылау, дайын өнімді ақауға шығару. Дайындалған резеңке қоспалардың, резеңкелеу кордының, қақпақтардың құрастыруларының, вулканизацияның, бұйымдардың өңдеулерінің өлшеу арқылы, талдаулар, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерінің арқылы және сыртқы түрі бойынша сорттылығы мен сапалылығын анықтау. Өнімнің, ыдыстың және таңбалаудың Мемстанд-р талаптарына және техникалық шарттарға сәйкестігі туралы қорытындылар және дайын өнімді шығаруға рұқсаттар беру. Журнал және сорттылық есебін жүргізу. Технологиялық процесс нормаларынан ауытқуларды анықтау, ақауды түзетуге және алдын алуға шаралар қабылдау. Ақаудың түрін, себептерін және кінәлі адамдарды анықтау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде өнімді әзірлеудің технологиялық процесі, өңделінетін материалдардың түрлері мен қасиеттері, өнімге, шикізатқа, жартылай фабрикаттарға Мемлекеттік стандарт және техникалық шарттар, сынамалар алу және дайындау әдістері, материалдарды және дайын өнімді ресімдеу тәртібі және бақылау туралы нұсқаулық, технологиялық процесті бақылау нүктелері және өлшеу мерзімдері, диаграммаларды толтыру тәртібі және оларды өндірісті бақылау үшін қолдану, өлшеу аспаптары мен құрылғыларды пайдалану ережесі.

Қақпақтардың бөлшектерін, шикі камералық жеңдерді, манжеттердің шұраларын, аражабындарды, автотоқыманы және сымды бақылау кезінде, сондай-ақ шиналарды дренаждауда - 2-разряд

Химшикізаттарын, желімдерді, протекторларды, камераларды, резеңкеленген кордты және маталарды, сквидждерді, маталардың сіңдірілуін, жиектік бауларды, құрастыру сапаларын бақылау кезінде, жүк таситын көліктердің камерлік шиналарының (бұдан әрі – ЖК) майысу тілдерін анықтау, түрлері мен кінәлі адамдары бойынша сорттылығы мен ақауды жіктеген кезде - 3-разряд;

Резеңке қоспаларды, арнайы өнімдерді қоса алғанда каучуктарды, дайын қақпақтарды, катоктарды, бандаждарды бақылау кезінде, анықталған құжатнаманы ресімдеумен өнімнің шығарылуын бақылау - 4-разряд.

Автокамералық агрегаттың машинисі


182. Автокамералық агрегаттың машинисі 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автокамералық агрегатта айдайтын автомобиль және авиациялық камераларды дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Шприцмашинаны берілген калибрға және жеңнің қима диаметрін баптау. Шприцмашинаның мундштугын және шайбасын іріктеу және ауыстыру. Транспортердің температурасын және жылдамдығын реттеу. Резеңке қоспалардың және шығарылатын дайындамалардың, шприцмашинаның сапасын бақылау, шприцмашинаның қуат көзін алу режимін қадағалау. Агрегаттың жекелеген түйіндерінің жұмысын бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен дайындамалардың калибрін тексеру. Камералардың мөлшерлерін және рецептураларын ауыстыру кезінде машинаны тазарту. Агрегатты жөндеуге қатысу. Автокамералық агрегаттың бригадасының жұмысына басшылық ету.

Білуге тиіс: айдайтын камераларды дайындау технологиялық процесінің мәнісі, өңделінетін резеңке қоспалардың шифрлары мен рецептілері, камералар өндірісінің технологиялық сызбасы, мүмкіндікті дайындамалардың мөлшерлері мен ерекшелігі, агрегаттың, коммуникациялардың және бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы, қайтару қалдықтарын ұтымды пайдалану тәсімдері.

Автокамералық агрегаттың анағұрлым жоғары білікті машинисінің басшылығымен технологиялық процесті жүргізу кезінде - 5-разряд

Протекторлық агрегаттың машинисі


183. Протекторлық агрегаттың машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары машинисің басшылығымен протекторлық агрегатта протекторларды дайындау. Машинаны баптау және іске қосу, шығарылатын протектордық лентаның калибрін орнату және лайықты кескіндеуші жұқа тақтайшаларды іріктеп алу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша машинаның жылдамдығы мен температурасын, қуат көзін алатын біліктерден шприцмашинаның тиейтін құйғышына резеңке қоспасын беруге арналған транспортердің жылдамдығын реттеу. Талдаулар үшін сынамалар іріктеу.

Білуге тиіс: протекторларды әзірлеудің технологиялық процесі, жабдықтың және бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы, протекторлардың ерекшеліктері мен мөлшерлері, өңделінетін қоспалардың рецептілері, сынамалар іріктеу ережесі.

184. Протекторлық агрегаттың машинисі 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Протекторлық агрегатта протекторларды дайындау немесе технологиялық регламентке сәйкес және бақылау - өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша біліктілігі анағұрлым жоғары машинисің басшылығымен тура ағынмен протекторларды дайындау. Майысқақтығы бойынша қоспаны іріктеу. Қайтару қалдықтарын мөлшерлеу. Қоспаның майысқақтығына сәйкес кескіндейтін жұқа тақтайшаларды іріктеу және орнату. Агрегаттың барлық тораптарының жұмысын қадағалау. Протекторлардың басқа мөлшеріне немесе түріне көшу кезінде шприцмашинаны резеңкенің қалдықтарынан тазарту. Протекторлық агрегаттың жұмысшылар бригадасына басшылық ету.

Білуге тиіс: протекторларды дайындау дайындау технологиялық процесінің мәнісі, резеңке қоспалардың рецептурасы, протекторларды дайындау технологиясы және ерекшелігі, агрегаттың барлық тораптарының белгіленуі және құрылысы, бақылау- өлшеу аспаптарының жұмыс істеу қағидасы, сынамалар іріктеу ережесі.

Протекторларды тура ағынмен немесе басқару пультынан жартылай автоматты көпагрегатты тармақтарды дайындау кезінде - 6-разряд

Сквидждік станоктың машинисі

185. Сквидждік станоктың машинисі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сквидж станогында кордтың қабаттарына резеңке жұқа қабат салу. Кордпен пішілген жолақтарды қабылдау, ақауды жою, кордты түйістіру транспортерінде үздіксіз лентаға тұтастыру, лентаны қайталаушы станокқа салу, станокта домалатып жазу және қайталанған лентаны жабынға домалату.

Білуге тиіс: резеңкеленген кордты сквидждеу технологиялық процесінің мәнісі, өнімнің сапасына қойылатын талаптар, сквидждеу станогының және оған аспаптардың құрылысы.

Қақпақтардың жуушысы
186. Қақпақтардың жуушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жөнделуге тиісті қақпақтарды жуатын машиналарда жуу және жуылған қақпақтарды механикаландырылған кептіргіштерше үстіртін кептіру. Қақпақтарды мұздан, батпақтан қолмен немесе спредердің көмегімен тазалау. Қақпақтарды жуатын машинаға тиеу. Жуу режимін сақтау, эжектордың көмегімен суды қақпақтан алып тастау. Таза қақпақты жуатын машинадан тельфемен немесе қолмен түсіру, оны кептіргіш камераға тапсыру және қақпақтарды анықталған тәртіппен кептіру. Кептіргіштерде ауа ылғалдылығы температурасын және кептіру уақытын реттеу.

Білуге тиіс: қақпақтарды жуу және үстіртін кептіру технологиясы, қақпақтарды жуу және кептіру сапасына талаптар, жуатын машинаның және кептіргіштің құрылысы, көтергіш механизмдерді пайдалану ережесі, қақпақтарды жуу кезінде кордтың минималды ылғалдануын анықтау мақсатымен шина өнеркәсібінде қолданылатын кордтардың қасиеттері.

Шұралардың құрастырушысы

187. Шұралардың құрастырушысы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Автомобиль, авиациялық және велосипед камераларын дайындау бойынша қорытынды операциялар орындау. Камераларды мөлшерлерімен сорттау, шұра резеңкесінің престерін тазарту, шұраны жинақтау, клапанды ендіру, клапанның гайка бұрау. Берілген конфигурацияға сәйкес қолмен немесе станок - автоматта металл шұраларды майыстыру, камераны герметикалыққа байқау. Станок - автоматты баптау, станок бункерін зарядтау, оны бос сынап көру.

Білуге тиіс: шұраларды құрастыру тәртібі, шұралар мен камералардың құрылымы және ерекшелігі, шұраның жекелеген бөлшктерінің белгіленуі, шұралардың сапасына қойылатын талаптар, шұраларды майыстыру мен жинақтауға арналған құрылғылардың және станоктың құрылысы, жұмыс тәсімдері.

Шиналардың құрастырушысы
188. Шиналардың құрастырушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тесік- тесік камерадан шиналарды жинақтау, сондай-ақ арнайы құрылғылар мен құралдардың көмегімен автомобильдердің немесе жол- құрылыс машиналарының 12х20 дейін мөлшермен доңғалақтарды жинақтау және бөлшектеу процесін жүргізу. Түрлері, мөлшерлері және белгіленуі бойынша іріктеп алу: құрсауларды, шығыршықтарды және тесік-тесікпен камераға сәйкес қақпақтарды. Арнайы құрылғылардың көмегімен құрсауға шина кигізу. Ақау жерлерін түзету (тегістеу және басқалар). Мінетін машиналарда шиналарды ауамен толтыру және жете толтыру, шиналарда ауа қысымын манометрмен тексеру, қақпақтардың, камералардың және дисктердің одан әрі пайдалануға жарамдылығын немесе оларды жөндеу қажеттілігін анықтау.

Білуге тиіс: тесік- тесік камерадан шиналарды жинақтау, сондай-ақ арнайы әр түрлі маркалы автомобильдердің немесе жол- құрылыс машиналарының доңғалақтарын жинақтау және бөлшектеу тәсімдері, құрсаулардың, шығыршықтардың, қақпақтардың және камералардың құрылымы, мөлшерлері және белгіленуі, әр түрлі мөлшерлі және түрлі шиналарда ауаның қысым нормалары, оларды пайдалану және сақтау ережесі, қақпақтардың жүріс нормасы, шиналар мен камералардың әдеттегі зақым келулері, өлшеу аспаптарын, жұмыс құралдарын және құрылғыларды пайдалану ережесі.

189. Шиналардың құрастырушысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тесік- тесік камерадан шиналарды жинақтау, сондай-ақ арнайы құрылғылар мен құралдардың көмегімен автомобильдердің немесе жол- құрылыс машиналарының (12х20 артық мөлшермен) доңғалақтарды жинақтау және бөлшектеу процесін жүргізу.

Білуге тиіс: шиналарды жөндеу, сондай-ақ доңғалақтарды жинақтау және бөлшектеу тәсімдері, шиналар мен доңғалақтардың құрылымы, мөлшерлері және белгіленуі, қолданылатын құралдардың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, шиналардың сапасына қойылатын техникалық талаптар.

190. Шиналардың құрастырушысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Басқару пультынан автоматты және қолдық режимді станоктарда автошиналарды және арнайы мақсаттағы шиналарды жинақтау технологиялық процесін жүргізу. Қолмен тальктеу немесе арнайы қондырғыда эмульсиямен жағу арқылы қақпақтың ішкі бетін және камераның бетін дайындау. Камераларды сала бастау (түзету) сапасын және үрлеу деңгейін көзбен бақылау. Жеңіл шиналарды жөндеу кезінде теңсіздік болмас үшін – қақпақтың жеңіл нүктесіне қарсы камераның шұрасын қолмен бағдарлау.

Білуге тиіс: шиналарды жөндеу (жиынтықтау) технологиялық процесі, қақпақтардың және камералардың, сондай-ақ пайдаланудағы шиналардың сапасына талаптар, қолдық және автоматты режимдерде жиынтықтау станоктарының, бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы.

Шинапневматикалық муфталардың құрастырушысы
191. Шинапневматикалық муфталардың құрастырушысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық картаға сәйкес шинапневматикалық муфталарды құрастыру. Резеңке жолақтарды берілген мөлшер бойынша пішу, оларды вулканизацияланған муфтаның ішкі бөліміне салу, резеңке бастырмаларды муфтаның саңылауларына толтыру, дайын муфтаны үстелде орнату, жиекті қолмен арнайы бояумен бояу.

Білуге тиіс: муфталарды әзірлеудің және жинақтаудың технологиялық процесі, шинапневматикалық муфталардың мөлшерлері мен құрылымы, муфталардың барлық бөлшектерінің белгіленуі.

Дайындамалардың іліп қоюшысы
192. Дайындамалардың іліп қоюшысы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Велотүтіктерді ұштарының бірін жұқа тақтайшамен теңестірумен іліп қою. Пышақты іске қосу, пышақтың жұмысын, кесу сапасын бақылау, сапасыз велотүтіктерді сұрыптау. Түтіктерді конвейерден алу, оларға май жағу, ленталық транспортерде жайып қою.

Білуге тиіс: дискілік пышақтың құрылысы, велокамералардың құрылымы, велотүтіктердің мөлшерлері, жұмыс тәсімдері.

193. Дайындамалардың іліп қоюшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дайындамаларды және дайын бұйымдарды алу, іліп қою, іріктеу. Дайындамаларды автоматты таразыда (қажет болған жағдайда) өлшеу, бұйымдардың сапасын тексеру. Олардың стеллаждарға, арбашаларға, конвейерлерге іліп қою-салу. Бұйымдарды желіммен жағу, партияда қақпақтарды, мөлшерлері, үлгілері, сорттары бойынша сорттау. Дайындамаларды одан арғы өңдеуге жіберу.

Білуге тиіс: өндірісте бұйымдардың және дайындамалардың белгіленуі, қызмет көрсетілетін учаскеде жұмыс тәсімдері, бұйымдардың және дайындамалардың мөлшерлері, түрлері, дайындамалардың сапасына қойылатын талаптар, тасу құрылғыларының және дайындамалар мен бұйымдарды дұрыс сақтау, тасу үшін қажетті басқа жабдықтың құрылысы.

Жұмыс үлгілері.

1) Протекторлық дайындамалар - транспортерден алу, өлшеу, конвейерге іліп қою, арбашаларға, стеллаждарға жинап салу;

2) Өңдейтін камералар - шприцмашины транспортерінен сұрыптау және дайындамаларды салқындататын ванналарға салу, өңдейтін камераларды форматорларға беру;

3) Қақпақтар- вулканизацияланған қақпақтарды түсіретін люктан іріктеу, шикі немесе вулканизацияланған қақпақтарды іліп қою; өңдейтін камераларды вулканизацияға немесе жиынтықтауға беру. Конвейерден алу.

Металлкордты матаның есушісі
194. Металлкордты матаның есушісі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Металкордты жіптерді есу станогының барабанына есу арқылы металлкордты матаны алудың технологиялық процесін жүргізу. Металкордты жіптермен катушкалардың, резеңкемен кішкене біліктерді және жұмыс орнына желімді беру. Резеңке қабатын есу станогының барабанына салу. Резеңке қабатына металкорд жіптерді орау. Матаны бензинмен жағу. Резеңкенің екінші қабатын салу, оны доңғалақпен жазу, көпіршіктерін алып тастау, металкордты матаны виброқайшымен кесу, матаны барабаннан алу.

Білуге тиіс: металкордты жіптерді есу арқылы металлкордты матаны әзірлеудің технологиялық процесі, металлкордты матаның ерекшелігі, станоктың жұмысының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы.

Айналдырушы
195. Айналдырушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Каландрдың айналдыратын станогында дәл калибр бойынша эбонитті немесе резеңкені айналдырудың технологиялық процесін жүргізу. Каландрдың және айналдыру станогының синхрондылығын реттеу, эбониттің жиктерін кесу, эбониттік түйіскен жерлерін жазу.

Білуге тиіс: эбонитті немесе резеңкені айналдырудың технологиялық процесі, өңделінетін массивтік шиналардың құрылымы, мөлшерлері мен ерекшелігі, резеңкелердің түрлері мен рецептілері, резеңкелеу құрсауларының сапасына қойылатын талаптар, айналдыру станогының құрылысы.

Массивті шиналардың күйдірушісі
196. Массивті шиналардың күйдірушісі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Массивті шиналарды күйдіру технологиялық процесін жүргізу және жүріс резеңкесінің массивін ақауға шығарылған массивтң шиналардан алу. Құрсауларды олардан массивтерді алу, шаңнан, кір мен коррозиядан тазарту үшін дайындау. Массивті шинаны жолмен алаңшаға айнадыру. Массивті шинаны көлденең өзекшеде бекіту. Трансформаторды қосу және эбониттің балқуы және жануы бойынша құрсаудың қыздырылуын қадағалау. Шинаны өзекшеден алу, жүріс резеңкенің массивін кесу және одан металды алу. Балқытылған эбониттен құрсауды тазалау.

Білуге тиіс: массивті шиналарды күйдірудің технологиялық процесі, трансформатордың құрылысы, жоғары кернеумен жабдықта жұмыс істеген кезде өңделінетін құрсаулардың сапасына қойылатын талаптар.

Анағұрлым жоғары білікті күйдірушінің басшылығымен шиналарды күйдіру процесін жүргізу кезінде - 3-разряд.

Шұралардың өңдеушісі

197. Шұралардың өңдеушісі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автомобиль, авиациялық және велосипед камераларына арналған шұраларды резеңкелеу және өңдеу. Ерітіндіні дайындау, шұралардың майын кетіру, жылтырату, тазарту және кептіру. Шұра тығынның металл өкшесін желіммен жағу. Резеңке шұраны вулканизациялау. Шұраны престен алу. Шұраның өкшесінде жиекті кесу. Станокта тегістеу. Шұраның және тесіктің тазалығын тексеру, шұраның өкшелерін желіммен жағу.

Білуге тиіс: шұралар мен камералардың мөлшерлері, түрлері және ерекшелігі, шұралардың ақаулары, жабдықтың құрылысы, шұралардың сапасына қойылатын талаптар.

Шұраларды тегістеу операцияларын ғана орындау және оларды бақылау кезінде - 2-разряд

Облойды қысқартып шабушы

198. Облойды қысқартып шабушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Облойды қысқартып шабу. Облойдың сыртқы түрі және босатудың өзгеру түсі бойынша дәнекерлейтін жапсардың сапасын тексеру. Фигуралық пышақтың саңылауларына шығыршықты дәнекерлерген жапсарды қойып ендіру. Педальды басу. Фигуралық пышақтың саңылауларынан шығыршықты алып шығау. Шығыршықта сым ұштарының аудандарының сәйкес келуін тексеру.

Білуге тиіс: станоктың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы, пышаққа қатысты жапсардың дәл қалпын қамтамасыз ететін шығыршықты салу кезінде жұмыс тәсімдері, шығыршықтың жапсарының сапасына қойылатын талаптар.

Резеңке қоспаларды дайындау операторы

199. Резеңке қоспаларды дайындау операторы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Негізгі басқару пультынан резеңке қоспаларды дайындау процесін жүргізу. Автоматты жүйелердің жұмыс үздіксіздігін пневмосызбалар бойынша қадағалау. Басқару панельдерінің, автошифратордың ақаусыздығын, бункерлерде материалдардың болуын тексеру. Панельдерді жұмысқа қосу, техникалық тапсырмаға сәйкес барлық қоспаларға рецептураның болуын қадағалау. Рецептуралық картаның негізінде перфокарталардың шифрлеу. Рецепт бойынша режимдік бақылау - электрондық аспабын баптау. Электрондқ потенциометрдегі температуралық қоспаның минимумы мен максимумын орнату. Диаграммаларды дайындау. Дайындалған резеңке қоспаларды есепке алу. Қажет болған жағдайда-резеңкеараластырғыштарды қолдық басқаруға көшіру.

Білуге тиіс: резеңке қоспаларды әзірлеудің технологиялық процесі, олардың түрлері, шифрлары мен белгіленуі, автоматты бөліп өлшеуді басқару және резеңкеараластырғыштарды басқару жүйесі, радиотехниканың, электрониканың, автоматиканың элементтері.

Резеңке қоспаларды дайындау процесін жүргізу және анағұрлым төмен біліктілікті операторларға басшылық ету кезінде - 5-разряд.

Тасымалдау жүйелерін қайта зарядтау операторы


200. Тасымалдау жүйелерін қайта зарядтау операторы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Басқару пультынан шикізатты, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді тасымалдаған кезде кесетін машиналар мен браслеттік станоктардың қуаттандырғытарының әр түрлі жүйелерін, жартылай автоматты тасымалдау жүйелерін қайта зарядтау. Өздігінен қозғалатын жартылай автоматты электротельферлермен тиеу - түсіретін станцияларға қызмет ету. Тасымалдау жүйелерінің және механизмдердің, жүк түсіретін құрылғылардың, электротельфердің, рольгангтың ақаусыздығын, сақтау жерлерінде таситын материалдардың болуын тексеру. Шикізатты, жартылай фабрикаттарды одан арғы өңдеуге жіберу және дайын өнімді түсіру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде технологиялық процестің мәнісі, қызмет көрсетілетін жабдықтың және бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы және оларды басқару ережесі, өндірісте тасымалданатын материалдардың түрлері, қасиеттері, маркалары мен белгіленуі.

201. Тасымалдау жүйелерін қайта зарядтау операторы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резеңкеленген кордты төсемге айналдыру, гермоқабат дайындау қондырғысында төсемге гермоқабат үшін табақтық резеңкені айналдыру- жазу. Резеңкеленген кордты және табақтық резеңкенің қайталанған жолақтарын тоңазытатын қондырғыда суыту. Кордты тік қоймалардан жинақтау станоктарына беру. Тоңазытатын қондырғыларда кордты және табақтық резеңкені суыту режимін реттеу.

Білуге тиіс: кордты резеңкелеудің технологиялық процесі, айнадыру құрылғысының кинематикалық сызбасының, тоңазытатын қондырғының автоматика элементтерінің кқтеру-тасу құрылғыларының құрылғысы, резеңкеленген кордтың ақаулары және оларды жою тәсімдері.

Техникалық көміртегі беру операторы

202. Техникалық көміртегі беру операторы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жартылай автоматты тасымалдау жүйесі бойынша резеңкеараластырғыштардың шығын бункерлеріне техникалық көміртегіні беру. Силостарға немесе бункерге тиеуге және силостар немесе бункерлерден техникалық көміртегіні беруге басқару пультымен бағдарламаны теру. Пневмосызба бойынша жабдықтың және құралдардың жұмысын, техникалық көміртегіні силостарға түсіру процесін, техникалық көміртегіні шығыс бункерлеріне беруді қадағалау. Техникалық көміртегіні қабылдайтын және беретін құралдардың және жабдықтардың ақаусыздығын тексеру. Силостарда және бункерлерде техникалық көміртегінің болуын өлшеу. Жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды жою. Өндірістік журналдарда жазба жүргізу.

Білуге тиіс: жартылай автоматты тасымалдау жүйесі техникалық көміртегіні беру тәсімдері, өндіріске жіберілетін техникалық көміртегінің түрлері мен белгіленуі, автоматты тамақты басқару сызбасына қатысатын автоматика элеметтерінің құрылысы және жұмыс істеу қағидасы, жабдықтың құрылысы.

Кордты термоөңдеу операторы
203. Кордты термоөңдеу операторы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. «Созу» және «тарту» режимдерінде арнайы қондырғыда капрон және нейлон кордтарды термоөңдеу технологиялық процесін жүргізу. Өлшеу құралдарының көмегімен пештердің температуралық режимдерін қадағалау және реттеу, пневматикалық және электрлік реттеуші құрылғылардың көмегімен қалыпқа келуін және ыстықтай тарту қондырғысы арқылы корд матасының өтуі мен созылуын қадағалау, басқару пультында сигналдық шамдардың арқасында жағу кезеңіне шілтерлерде ұшқынның өтуін, сондай-ақ табиғи газдың немесе мазуттың толық жануын қадағалау. Қондырғының барлық тораптарын қарау және дұрыстығын тексеру (созылатын пневматикалық құрылғыны, жарықтық сигнал беруді және тағы басқа). Желдеткіштердің жұмысына термоөңдеу қондырғысының пешін қосу.

Білуге тиіс: капрон және нейлон кордтарды термоөңдеу технологиялық процесінің мәнісі, кордтардың маркалары және олардың белгіленуі, газ пештерінің желдеткіштердің, термоөңдеу қондырғысының және бүкіл жүйенің, бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы.

Кордты термоөңдеу процесін жүргізу және анағұрлым төмен біліктілікті операторларға басшылық ету кезінде - 5-разряд.

Камералардан ауа мен ылғалдың сығып алушысы


204. Камералардан ауа мен ылғалдың сығып алушысы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сығу станоктарында немесе вакуум- қондырғыларда велокамералардан ауаны сығып алу, шұраны бұрау және камераны одан әрі өңдеуге жіберу.

Білуге тиіс: велокамералардың мөлшерлері, түрлері мен құрылымдары, бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар, сығу жабдығын пайдалану ережесі.

205. Камералардан ауа мен ылғалдың сығып алушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сығу станоктарында немесе вакуум- қондырғыларда өңдейтін камералардан ылғалды және айдайтын камералардан ауаны сығып алу. Жабдықты жұмысқа дайындау, реттеу және қосу. Камераларды станокқа орнату, олардан ауаны немесе ылғалды шығарып жіберу. Калапанды алу және оны шұраның корпусына қою, гайканы бұрап тастау. Сығылған камераларды стандартты орамдарға орау. Оларды байлау.

Білуге тиіс: сығатын жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы, ауа мен ылғалды камерадан сығу тәсімдері, камералардың түрлері мен құрылымы, бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

206. Камералардан ауа мен ылғалдың сығып алушысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өңдейтін камералардан және вулканизациялық қақпақтардан жылу тасығыштардың қалдықтарын жою. Жылу тасығыштарды лайықтаумен қалдықты ендіру. Оны сығу және қақпақты одан әрі өңдеуге жіберу.

Білуге тиіс: өңделінетін қақпақтардың мөлшерлері, түрлері мен ерекшеліктері, қақпақтың және өңдейтін камераның құрылымы, сығу құрылғысының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы, өңдейтін камераларды және қақпақтарды сығу тәсімдері мен әдістері.

Құрастыру камераларының қайта зарядтаушысы
207. Құрастыру камераларының қайта зарядтаушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қақпақтарды құрастырудың әр түрлі әдістерімен жартылай жалпақ және жартылай дорндық станоктарға қызмет көрсету.

Қанаттарды, шығыршықтарды, филерлерді, оқшаулауға арналған кішкене ленталарды, борттық ленталарды, бензинді, желімді, сериялы нөмірлерді және басқалардың - ұсақ бөлшектерді станоктарға жақындату. Жартылай фабрикаттардың сапасын көзбен тексеру, оларды ілкекке іліп қою немесе құрастырылатын станоктарға конвейерге жинап салу.

Білуге тиіс: түрлері, мөлшерлері және бөлшектердің түрлері, мөлшерлері мен белгіленуі, жартылай фабрикаттардың сапасына қойылатын талаптар, жұмыс тәсімдері.

208. Құрастыру камераларының қайта зарядтаушысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Автоқақпақтарды құрастыруға қатысу, кордтың, протектордың қабаттарын және басқа бөлшектерді пішу және қуаттандыратын траспортерге және қаңылтыр табаларға салу. Тоқымамен кішкене біліктерді, қанаттарды, браслеттерді және басқа бөлшектерді жұмыс орнына жақындату, желім, бензин құю, бөлшектерді аспаға іліп қою немесе құрастырылатын станоктарға стеллаждарға салу. Кордтың калибрін тексеру, металлкордпен катушкаларды жақындату, оларды жазатын құрылғыға орнату, резеңке кішкене ленталардың ұзындығы бойынша дайындау және олардың құрастырылатын станокқа жақындату, протекторлық дайындамаларды ені, ұзындығы және калибры бойынша тексеру, оны желіммен жағу, протекторлық дайындамаларды, шығыршықты немесе құрсаусыз массивті шинаны өлшеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде технологиялық процесі, бұйымдардың ерекшеліктері, түрлері, мөлшері мен белгіленуі, жартылай фабрикаттардың сапасына қойылатын талаптар, металкордтың мөлшерлері мен калибрлері, дайындамаларда желімді кептіру режимдері, бөлшектерді пішу кезінде бұрыштардың мөлшері.

209. Құрастыру камераларының қайта зарядтаушысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автоқақпақтарды құрастырудың қабаттық әдісі кезінде жартылай автоматты басқарумен жартылай жалпақ және жартылай дорндық құрастыру станоктарына қызмет көрсету. Турештердің және қуаттандырғыштардың ақаусыздығын тексеру. Тоқымамен немесе резеңкелермен біліктерді жақындату, оларды айналмалы механизмдерді жүйелі қосумен ерекшелігі бойынша қатаң турештерге орнату, тоқыманы немесе резеңкелерді басқару пультының көмегімен турештен қуаттандырғышқа беріп жіберу. Ақау және кем жерлерін жою, тоқыманы және резеңкелердің түйіскен жерлерін желіммен жағу, әдіптерді сақтаумен кордты түйістіру, қанаттарды және басқа бөлшектерді станокқа жақындату.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде технологиялық процесі, қақпақтарды құрастырудың ерекшеліктері мен тәртібі, қақпақтарды түрлері, мөлшерлері және бөлшектердің белгіленуі, тоқыманың түрлері мен маркалары, жартылай фабрикаттардың сапасына қойылатын талаптар, дайындамаларда желімдерді кептіру режимдері, бөлшектерді пішу кезінде бұрыштардың мөлшері, автоматты басқару элементтерінің негізгі сызбалары.

Каучукты кристалсыздандыру қондырғысының қайта зарядтаушысы
210. Каучукты кристалсыздандыру қондырғысының

қайта зарядтаушысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Каучуктарды кристалсыздандыру қондырғысын қайта зарядтау. Жүк түсіретін құрылғының, электротельфердің, рольгангтың ақаусыздығын тексеру. Салпыншақтың жүк түсіретін үстелдің бағыттаушыларын дұрыс кіруін қадағалау, автоматты итергішті қосу арқылы жүк түсіретін үстелден рольгангқа каучук байламдарын түсіру. Жүк түсіретін үстелді негізгі қалпына қайтару және бос аспаны немесе сапасыз каучукпен аспаны басқару пультынан қоймаға жіберу. Байламның генератордың станоктарын жанауын ескерту үшін каучуктың байламын қолмен теңестіру. Каучук байламдарының рольганг бойынша өтуін қадағалау. Жүк түсіретін үстелдердің көмегімен камераны түсіру. Каучукты берудің көліктік жүйесінің ақаусыздығы кезінде - каучукты электротельфермен түсіру.

Білуге тиіс: каучукты жоғары жиілікті тоқтармен кристалсыздандырудың технологиялық режимі, каучуктардың түрлері мен қасиеттері және олардың өндірісте белгіленуі, негізгі және көмекші жабдықтың құрылысы (жоғары сапалы лампалы генератордың, жүк тиейтін - түсіретін құрылғылардың, рольгангтың, электрондық және иондық құралдардың), жұмыс тәсімдері.

Пластикаторшы
211. Пластикаторшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті пластикаторшының басшылығымен технологиялық регламентке сәйкес иіртүтік пластикаторларда качуктарды пластикациялау процесін жүргізу. Пластикатордың үздіксіз және біркелкі қуат көзін алуын және пластикатты шығаруды бақылау. Пластикаторға температура тиеуді бақылау, бақылау- өлшеу аспаптары бойынша шнек айналуларының жылдамдығын және пластикатордың бастиегінің саңылауын реттеу. Агрегаттың барлық жүйелерінің жұмысын тексеру және қадағалау. Каучукты конвейерден алу, оны транспортерге тиеу. Пластикатордың тілдерін сіңдіруден тазарту.

Білуге тиіс: каучукты пластикаттау технологиялық процесінің мәнісі, каучуктардың түрлері, каучуктарды өңдеу сапасына қойылатын талаптар, каучуктың әр түрлі түрлерін ұтымды өңдеу режимдері, жабдықтың, бақылау- өлшеу аспаптарының және құралдардың құрылысы.

212. Пластикаторшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық регламентке сәйкес иіртүтік пластикаторларда каучуктарды пластикаттау процесін жүргізу. Бақылау - өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша процесті реттеу. Агрегаттың барлық жүйелерінің жұмысын, жоғарғы және төменгі цилиндрлардың және машинаның бастиегінің қыздырылуын тексеру және қадағалау. Анағұрлым төмен біліктілікті пластикаторшылардың жұмысына басшылық ету және қадағалау.

Білуге тиіс: каучукты пластикаттау технологиялық процесі, каучуктардың сорттары, каучуктарды өңдеудің сапасына қойылатын техникалық талаптар, каучуктың әр түрлі түрлерін ұтымды өңдеу режимдері, жабдықтың, бақылау- өлшеу аспаптарының және құралдардың құрылысы.

Сым мен тоқыманың түзетушісі

213. Сым мен тоқыманың түзетушісі 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Борттық шығыршықтарды дайындауға жіберетін сымды немесе автотоқыманы түзету және тарту әдісімен қол және механикалық әдіспен станоктарда тоттан, ластанулардан және басқа ақаулардан тазарту. Қажет болған жағдайда – сымды немесе автотоқыманы сілтілі және басқа ерітінділерде майсыздандыру. Сыммен немесе автотоқымамен катушкаларды орнату және алу. Станокты қосу және тоқтату. Сымды станоктың щеткасы арқылы немесе сілті не басқа ерітіндімен ванна арқылы өткізу. Оны тазартудың мұқияттылығын қадағалау. Сымды катушкаларға орау, станоктың жұмысындағы ұсақ олқылықтарды жою.

Білуге тиіс: станоктың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы, сымды және автотоқыманы түзету және тазалау әдістері, сымның және автотоқыманың түрлері мен сорттары, өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

Қақпақтарды қабылдаушы

214. Қақпақтарды қабылдаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қақпақтарды қалпына келтіруге және жөндеуге қабылдау. Қақпақтардағы «айқын» және «жасырын» бұзушылықтарды анықтау. Қақпақтардың қалпына келтіруге және жөндеуге жарамдылығын көзбен анықтау. Қақпақтарды бұрынғы қалпына келтіру әдістерін анықтау (жүгіру жолын салумен, иықтан иыққа дейін немесе борттан бортқа дейін протектор салумен). Жөндеу тобын анықтау. Ақаулы жерлерін белгілеу және өлшеу, қақпақтарды таңбалау.

Білуге тиіс: қақпақтарды қалпына келтіру және жөндеу технологиялық процесі, шинажөндеу материалдарының мүмкін ақаулары, түрлері мен қасиеттері, қақпақтарды қабылдау және қалпына келтіру әдістерін анықтау ережесі, техникалық шарттарға сәйкес жөндеу топтары, құрылғылардың, өлшеу құралдарының құрылысы және оларды пайдалану ережесі, қалпына келтіру мен жөндеуден кейін қақпақтардың кепілді жүрісінің нормасы.

Құрсаусыз шиналарды жинаушы

215. Құрсаусыз шиналарды жинаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы станокта құрсаусыз массивті шиналарды жинақтау. Шаблондарды жұмыс күйіне орнату және патронды бекіту. Резеңкелердің бірінші қабатын салу және түйістіру. Ерекшелігі бойынша резеңкелерді айналдыру. Металкордтың қабаттарын жаңарту. Лентаны металкордқа түю, көпіршіктерді тесу. Протекторды салу және оны пневмодомалатқыштармен домалату. Патронды қатайту, массивті шинадан алу, оны таңбалау. Мөлшерден мөлшерге көшу кезінде шаблонды ауыстыру.

Білуге тиіс: құрсаусыз массивті шиналарды құрастырудың технологиялық процесі, дайындамалардың модельдері мен мөлшерлер, металкордтың калибрі, жабдықтың құрылысы, жұмыс істеу қағидасы.

Браслеттер мен брокерлерді жинаушы
216. Браслеттер мен брокерлерді жинаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автоға арналған браслеттерді және авиақақпақтарды және ірі габаритті қақпақтарға арналған брекерлерді браслет станогында немесе барабанда құрастыру, желімдеу. Кордтың жолақтарын пішушіден немесе қуаттандырушыдан қабылдау. Желіммен жағу немесе бензинмен тазарту. Жапсардың енін сақтаумен ұштарын түйістіру. Ерекшелікке сәйкес қабаттарды қайталау. Жартылай фабрикаттарды станоктан алу, жиектерін тегістеу және оның кейінгі өңдеуге жіберу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде технологиялық процесі, браслеттер мен брекерлерді дайындау ерекшелігі, өңделінетін материалдардың түрлері мен ерекшеліктері, дайындамалардың және дайын браслеттердің ақаулары, өнімнің сапасына қойылатын талаптар, жабдықтың құрылысы.

217. Браслеттер мен брокерлерді жинаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. «Р» түрлі шиналар үшін брекерлік браслеттерді жинау, тармақта гермоқабаттың браслеттерін құпастыру. Кордтың қабаттары арасындағы сатының енін қатаң сақтаумен барабан айналуының бірінші жылдамдығында тоқыма немесе металл кордтың қабаттарын барабанға салу. Әрбір қабат жапсарларын оқшаулау. Брекерүстілік қабаттарды салу. Қабаттарды екінші жылдамдықты төменгі домалатқыштармен домалату. Барабанның секторын қайыру, браслетті алу және секторды жаңадан нығайту.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде технологиялық процесі, брекерлік браслеттерді дайындау ерекшелігі, өңделінетін материалдардың түрлері мен ерекшеліктері, кордтың және дайын брекерлік браслеттердің қабаттарының ақаулары, дайын брекерлердің сапасына қойылатын талаптар, жабдықтың құрылысы.

218. Браслеттер мен брокерлерді жинаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Механикаландырылған тармақтарда жоғары модульды кордтардан (жоғары қаттылықты) ірі габаритті қақпақтар үшін браслеттер құрастыру. Кесетін машинаны қолмен пішудің тиісті параметрлеріне баптау, баптауды тексеру және кесетін машинаны автоматты жұмыс режиміне енгізу. Кордты пішу, оны қолмен браслеттік станоктың құрастыру лентасына жіберу, резеңке жұқа қабаттың әрбір қабатына жүйелі салумен және жабық шығыршықты құраумен жолақтарды үздіксіз қабатқа түйістіру. Браслеттің қабаттарын домалату. Браслетті алу үшін көтеру- тасу механизмін дайындау. Ұстағышта жиналған браслетті бекіту, оны станоктан алу және сақтау стендысына ауыстыру.

Білуге тиіс: механикаландырылған тармақтарда ірі габаритті қақпақтардың браслеттерін құрастыру технологиялық процесі, қақпақтардың және браслеттердің ерекшелігі, браслеттердің ақаулары және олардың алдын алу әдістері, браслетті станоктың, диагоналды- кесетін машинаның және көпірлік кранның құрылысы, жөндеу және реттеу ережесі.

Қалпына келтірілетін қақпақтарды жинаушы

219. Қалпына келтірілетін қақпақтарды жинаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Протекторды қалпына келтірілетін қақпаққа, айналдыратын станоктарға, салқын қуат көзін беру шприцмашиналарына және басқа әдістермен салу. Қақпақты қарау. Протектордың артық жерлерін кесіп тастау. Түйістіру және жапсарды бітеу. Протекторды айналдыру құрылғыларымен айналдыру. Габариттерді шеңбер ұзындығы бойынша және кескін периметрі бойынша айналдыру. Қақпақтарды әр түрлі патрондардан алу.

Білуге тиіс: қалпына келтірілетін қақпаққа протекторды салу әдістері, айналдыратын станоктардың, салқын қуат көзін беретін шприцмашиналардың, есу әдісімен протекторды салу агрегаттарының және олардың құрылғыларының құрылысы, қабаттық және протекторлық резеңкелердің түрлері, қалпына келтірілетін қақпаққа техникалық шарттар, өлшеу және кесетін құралды пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері.

Протектор - салу.

1) Айдайтын камерасымен жайылмалы патронда;

2) Диафрагменді патронда;

3) салқын қуат көзін беретін шприцмашинадан толық ыстық пішін;

4) Резеңке лента есу әдісімен.

Қақпақтарды жинаушы
220. Қақпақтарды жинаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Барабанда спорт велосипед шинасы үшін қаңқа жинау. Барабанға алдын ала анықталған тәртіпте желім жағылған браслеттерді кигізу, брокер мен протекторды салу. Көпіршіктерсіз және бүрмелерсіз бөлшектерді домалату.

Білуге тиіс: спорт велосипед шинасы үшін қаңқа жинау технологиялық процесі, қаңқаның құрылымы, жекелеген бөлшектердің ерекшелігі және белгіленуі, бөлшектерді кептіру және майлау режимдері.

221. Қақпақтарды жинаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы жинау станоктарында немесе қолмен велотредтен спорттық бір түтікті және спорттық шиналарды жинау. Велотредтен спорттық шиналарды жинау кезінде - велотредті ашу және пішу. Қабаттарды қайталау. Талькпен ұнтақ жағу. Дайындамаларды браслетке түйістіру, оны барабанға кигізу, браслеттік жиектерін түю. Велотредтен спорттық бір түтікті жинаған кезде - қаңқаны талькпен жағу. Камералардан ауаны сығу. Тоқыма баудың қаңқасын машинада борттың шетіне тігу. Түйреуіштермен қосу және түтіктің жапсарын «зиг – заг» машинасында тігу. Түйреуіштерді ағыту. Шұраның қысатын гайкаларын бұрау. Бұрандаға жабын кигізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде технологиялық процесі, резеңкелерді, маталарды және жартылай фабрикаттарды өңдеу ерекшеліктері және сорттары, қақпақтардың құрылымы және жинау тәртібі, жинау станоктарының және оларға құрылғылардың құрылысы.

222. Қақпақтарды жинаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. «Кубышка» түрлі авиациялық қақпақтарды жұмсақ дорнда гүл жапырақшалар әдісімен жинау- желімдеу. Мотоқақпақтарды, резеңке- кордтық қабыршықтарды, велосипед қақпақтарын жинау. Камераны ауамен үрлеу, камераның шеңберін тексеру, кордтың гүлжапырақшалар түріндегі қабатын жүйелі кигізу, жиектердін түю, артық жерлерін кесу, барлық бөлшектерді қол доңғалағымен домалату, ақауларды жою, қақпақты камерадан алу. Мотоқақпақтарды және резеңке- кордтық қабыршықтарды құрастыру кезінде - барабанға кордтың немесе браслеттердің, брекердің, протектордың, герметикалық қабаттың диафрагмаларына пли кигізу немесе салу. Кордтың қабаттарын қанатқа түю.

Қақпақтың және резеңке- кордтық қабыршықтардың барлық бөлшектерін механикалық айналдырғыштармен айналдыру, ауа көпіршіктерін жою, бұйымдарды маркалау және оларды станоктан алу. Велосипед қақпақтарды алу кезінде - сымды шығыршықтарды барабанға салу, барабанды қажетті қашықтыққа дейін тарату, матамен шпули орнату, станокты қосу және қаңқаны жинау, протекторды салу, артық жерлерін кесу, ақауларын жою.

Білуге тиіс: «Кубышка» түрлі қақпақтарды, мотоқақпақтарды, резеңке- кордтық қабыршықтарды, велосипед қақпақтарын жинаудың технологиялық процесі, қақпақтардың, резеңке- кордтық қабыршықтардың мөлшерлері, құрылымы және ерекшелігі, жекелеген бөлшектердің белгіленуі және салу жүйелілігі, өнімнің және жартылай фабрикаттардың сапасына қойылатын талаптар, жинау станоктарының және оларға құрылғылардың құрылысы, жұмыс камерасының құрылымы (жұмсақ дорнның) және оған жұмыстар қабылдау ерекшелігі.

223. Қақпақтарды жинаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жеңіл қақпақтарды жинау- қалыпқа келтіру және қаңқада корд жіптерінің радиалды орналасуымен жүк қақпақтарды жинаудың 2-ші сатысы, жұмсақ және қатты дорнмен станоктарда үлкен авиациялық қақпақтарды жинау, механикаландырылған және механикаландырылмаған жартылай жалпақ және жартылай дорндық жартылай автоматты басқарумен жинау станоктарында алдыңғы доңғалақтар үшін жүк қақпақтарды жинау, механикаландырымаған станоктарда биік -икемді муфталарға арналған резеңке-кордты элементтерді құрастыру, ағындық тармақтардың позициялық станоктарының бірінде жүк қақпақтарды құрастыру. Анағұрлым жоғары білікті жинаушының басшылығымен қақпақтың қаңқасын алдын ала өңдеумен және қалыпқа келтірумен есу әдісімен протектор салу. Барабанға немесе станок диафрагмасына браслеттерді, кордтың қабаттарын, протекторды және басқа бөлшектерді салу, барлық бөлшектердің қозғалысы, қанаттарды отырғызу, борттарды бүрмелерсіз және қисаюларсыз ішке тарту.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде технологиялық процесі, қақпақтардың, оның жекелеген бөліктерінің ерекшелігі, мөлшерлері, құрылымы, жинау жүйелілігі, жинаудың мүмкін ақаулары, олардың алдын алу әдістері, станоктардың құрылысы, жөндеу және реттеу ережесі.

224. Қақпақтарды жинаушы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жартылай дорндық станоктарда, сондай-ақ жартылай автоматты басқарумен станоктарда қабаттық немесе браслеттік әдіспен автомобиль жүк, авиациялық қақпақтарды желімдеу-жинау, жартылай жалпақ және жартылай дорндық жинау станоктарынжа артық доңғалақтар үшін қақпақтарды жинау, жұмсақ дорнмен станоктарда қаңқада жіптердің тарамдалып орналасуымен қақпақтарды жинау- қалыпқа келтіру, ағымдық тармақтың операциялық станоктарының әрқайсысында жүк қақпақтарды жинау. Қақпақтың қаңқасын алдын ала өңдеумен және қалыпқа келтірумен есу әдісімен протектор салу. Құрылғының ақаусыздығын, жылу тасушылардың жән негізгі жартылай фабрикаттардың болуын тексеру. Қақпақтың қаңқасын протекторды есу қондырғысына жеткізу, барабанмен (немесе барабансыз) қаңқаны айналу станциясына орнату, оның дұрыс қалпын орнату орталығына қатысты салыстыра тексеру. Микропроцессорда берілген бағдарламаның нөмірін теру. Резеңке лентаны аппликатордың түйініну өткізу және дайындау. Қондырғыны есудің автоматты режиміне қосу. Бақылау бақылау - өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша технологиялық процесті бақылау. қатысу Инженер қызметтермен бірге қондырғыны жөндеуге қатысу. Агрегатталған екі құрастырылатын станоктармен қондырғыға қызмет көрсету. Протекторды ірі габаритті шинаның үстінен қаңқаңа есуден кейін - қақпақты құрастыру барабанымен бірге барабанды бөлшектер және жиналған қақпақты түсіру үшін станокқа беру. Әр түрлі құрылғылардың көмегімен станоктарды басқару, жинау станогын жөндеу, оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде технологиялық процесі, қақпақтардың, оның жекелеген бөліктерінің және бөлшектердің ерекшелігі, мөлшерлері, құрылымы, қақпақты жинау реттілігі, жекелеген операцияларды орындаудағы мүмкін ақаулар, жинау станогының ұрылысы, қондырғының, басқару пульттарының және авариялы тоқтату нүктелірінің жұмыс істеу қағидасы.

Шинапневматикалық муфталарды жинаушы

225. Шинапневматикалық муфталарды жинаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық регламентке сәйкес шинапневматикалық муфталарды жинау-желімдеу. Муфталардың дайындамаларын сыртқы түрі бойынша тексеру, барабанға камера кигізу, оны бензинмен жаңарту, әрбір қабатты бензинмен жағумен, кептірумен және айналдырумен кордтың, чефердің, брекердің қабаттарын жүйелі салу. Протекторды салу, өзекшеде ниппельге тесікті тесу, өзекшені муфтаға кигізу, қабаттарды және протекторды бұрап қою. Муфтаның шеңберін өлшеу және әрбір қабатты салу кезінде орталық тармақтарды белгілеу, дайын муфталарды одан әрі өңдеуге жіберу.

Білуге тиіс: шинапневматикалық муфталарды әзірлеудің технологиялық процесі, муфталардың құрылымы, мөлшерлері мен ерекшелігі, қабаттарды кептіру режимі, материалдарды, бөлшектерді және шикі дайындамаларды сақтау мерзімдері мен ережесі.

Резеңке бұйымдарды түйістіруші
226. Резеңке бұйымдарды түйістіруші 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Веложиектік ленталарды түйістіру. Дайындамаларды тіреуге салу, белгіленген регламентті сақтаумен түйістіру. Столда дайындамалардың ұштарын кесу, ұштарын конусқа кесу, желіммен жағу және оларды кептіру, қолмен түйістіру.

Білуге тиіс: веложиектік ленталарды түйістіру кезінде құрылғылардың құрылысы, өңделінетін дайындамалардың мөлшерлері, ерекшелігі және белгіленуі.

227. Резеңке бұйымдарды түйістіруші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Велокамералардың дайындамаларының ұштарын станокта және қолмен түйістіру. Дайындамаларды тіреуге салу. Станокты баптау. Белгіленген регламентті сақтаумен және бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша түйістіру. Пышақтарды резеңкелердің кесінділерінен тазарту.

Білуге тиіс: станоктың және және құрылғылардың құрылысы, түйістірудің технологиялық регламенті.

228. Резеңке бұйымдарды түйістіруші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резеңке бұйымдардың дайындамаларының ұштарын станокта және қолмен түйістіру. Дайындамалардың ұштарын жаңарту, дайындамаларды станоктың тіреуіне салу, станокты қосу және (баптау, белгіленген регламентті сақтаумен және бақылау-өлшегіш аспаптарының көрсеткіштері бойынша түйістіру, дайындамаларды үстелден алу және оны одан арғы өңдеуге беру немесе дайындамалардың ұштарын үстелде алдын ала өңдеу, ұштарын конусқа кесу, оларды станокта тегістеу, желіммен жағу және кептіру, қолмен түйістіру, жапсарды доңғалақпен немесе станокта айналдыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде технологиялық процесі, өңделінетін дайындамалардың мөлшерлері, ерекшелігі және белгіленуі, түйістірудің технологиялық регламенті, станоктың құралдардың және бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.

Жұмыс үлгілері.

1) Автокамералардың ұштары - станокта түйістіру;

2) Тесік- тесік, үлкен жүкті автокамералардың, өңдейтін камералардың және атмосфералық қысымды шиналардың дайындамаларының ұштары - қолмен түйістіру;

3) Қалыптық камерлар - станокта түйістіру;

4) Протекторлар – станокта шығыршыққа түйістіру.

229. Резеңке бұйымдарды түйістіруші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы станоктарда немесе қолмен камералық дайындамаға бір уақытта шұраны қоюмен резеңке бұйымдардың дайындамаларының ұштарын түйістіру. Шұраға орынды кесу, шұраның астын және камералық дайындамаларды желіммен жағу, камералық дайындамаларды қысу құрылғысына қою, шұраны дайындамаға қою және желімдеп жапсыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде технологиялық процесі, өңделінетін дайындамалардың мөлшерлері, ерекшелігі және белгіленуі, дайындамаларды түйістірудің және шұраны қоюдың технологиялық регламенті.

Престе тоқыманы түйістіруші

230. Престе тоқыманы түйістіруші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық регламентке сәйкес гидравликалық престе корд- кендір жіпті түйістіру технологиялық процесін жүргізу. Жартылай автоматты электротельферден корд- кендір жіптің орамдарын қабылдау, кордтың орамын айналдырі тіреуіне орнату, кордтың орамдарын майлау, кептіру, орамның ұштарын бір- біріне салу, резеңке лентаны жапсарға салу, жапсарды прес плиталарына арасындағы саңылауға салу. Түйістіру режимін және басқару пультынан компенсаторда өту уақытын сақтаумен гидравликалық түйістіру пресінде корд орамдарының ұштарын түйістіру процесін жүргізу. Түйістіру пресінің плиталар термореттеуішінің, электрондық уақыт релесінің, пневматикалық кеңінен орталықтандыратын құрылғылардың және жазу компенсаторында және түйістіру бөлігінде созуды беру және қолдауға арналған аспаптардың жұмысын қадағалау. Аспаптар бойынша реттеу, кордтық матаның бастапқы сіңдіру қабатында артық сіңдіру құрамын сығу және сору, кордтың орамдарын қоймадағы тасу жүйесіне ілу.

Білуге тиіс: гидравликалық престе кордты түйістірудің технологиялық режимі, кордтардың түрлері, маркалары және олардың өндірісте белгіленуі, кордтың жапсарындағы мүмкіндіктер, жапсардың сапасына қойылатын талаптар, жабдықтың, бақылау- өлшеу және тіркеу аспаптарының құрылысы, жұмыс істеу қағидасы.

Борттық шығыршықтарды флипперлеуші
231. Борттық шығыршықтарды флипперлеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Станокта қанаттық лентамен борттық шығыршықтарды орау (флипперлеу). Қуаттандырғыштарға, қанаттық лентамен білік станогына орнату, лентаны станокқа салу, борттық шығыршықты қою, ерекшелікке сәйкес оны күшейтетін лентамен орау.

Білуге тиіс: қанатты әзірлеудің технологиялық процесі, түрлері, мөлшерлері және белгіленуі, өңделінетін материалдардың еркшеліктері, қанаттардың сапасына қойылатын талаптар, флипперлеу станогының құрылысы.

232. Борттық шығыршықтарды флипперлеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы флипперлеу станоктарында «Р» түрлі шиналар үшін борттық шығыршықтарды (негізгі және қосымша) орау (флипперлеу). Қанаттық лентаның толтыру шнурын салу, қанатты доңғалақпен жазу, резеңкелердің артығын кесіп тастау. Металлкордты лентаны майлау, оны салу, түйістіру және доңғалақпен жазу. Металлкордты лентаны ашу, доңғалақпен жазу, қанатты тіреуге іліп қою.

Білуге тиіс: негізгі және қосымша қанаттардың әзірлеудің технологиялық процесі, борттық шығыршықтардың түрлері, мөлшерлері және белгіленуі, өңделінетін материалдардың ерекшеліктері, негізгі және қосымша қанаттарды әзірлеу станогының құрылысы.

Қақпақтарды қалыпқа келтіруші
233. Қақпақтарды қалыпқа келтіруші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қақпақтарды вакуум-форматорда қалыпқа келтіру бойынша жекелеген операцияларды орындау. Өңдейтін камераны және шикі қақпақты қалыпқа келтіруге дайындау. Арнайы құрылғылардың көмегімен қақпақтың бортын және камераны түзету. Қалыпқа келтірілген қақпақты вулканизациялауға жеткізу үшін тасымалдау құрылғысына асып қою немесе беру.

Білуге тиіс: қақпақтарды вакуум-форматорда қалыпқа келтірудің технологиялық процесі, өңдейтін камераның және шикі қақпақтардың сапасына қойылатын талаптар.

234. Қақпақтарды қалыпқа келтіруші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қақпақтарды 90º дейін диаметрімен вакуум-форматорда қалыпқа келтірудің процесін өз бетімен жүргізу, сондай-ақ ауа форматорында және 90º және одан артық диаметрімен вакуум-форматорда қақпақтарды қалыпқа келтіру бойынша жекелеген операцияларды орындау. Өңдейтін камераны және шикі қақпақты қалыпқа келтіруге дайындау, жарамды камераны форматордың ілмегіне беру, шикі қақпақты – форматордың үстеліне. Қалыпқа келтірілген қақпақты вулканизациялауға жеткізу үшін тасымалдау құрылғысына асып қою немесе беру.

Білуге тиіс: қақпақтарды вакуум-форматорда және ауа форматорында қалыпқа келтірудің технологиялық процесі, өңдейтін камераның және шикі қақпақтардың сапасына қойылатын талаптар.

235. Қақпақтарды қалыпқа келтіруші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 90º және одан артық диаметрімен вакуум-форматорда немесе ауа форматорында қақпақтарды қалыпқа келтіру. Өңдейтін камераны және қақпақты қалыпқа келтіру алдында дайындау. Өңдейтін камераны пневматика арқылы цилиндр-плунжерге тиеу, станокта қақпақты орнату және орталықтандыру, қысылған ауаны қосу, плунжерді сығу. Қақпақты қалыпқа келтіру, қалыпқа келтіру аяқталысымен – станокты қосу. Қақпақты форматордан өңдейтін камерадан түсіру, вулканизациялауға жеткізу үшін транспортерге беру.

Білуге тиіс: ауа форматорында қақпақтарды қалыпқа келтірудің технологиялық процесі, өңделінетін қақпақтардың түрлері, мөлшерлері және ерекшеліктері, қалыпқа келтірілген және қалыпқа келтірілмеген қақпақтардың сапасына қойылатын талаптар, ауа форматорының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы, автоматты аспаптардың жұмыс істеу қағидасы.

«Шиналардың өндірісі, қалпына келтіру және жөндеу» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың қолданыстағы БТБА 1986 жылғы шығарылымының атаулары көрсетілген тізбесі БТБА-ның (31-шығарылым) 4-қосымшасында келтірілген.


Каталог: sites -> default -> files
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Және әлеуметтік даму министрлігі
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
files -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет