2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары



жүктеу 57.16 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі57.16 Kb.
Петровка селолық округі әкімі С.Некібаевтің “2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары” атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасынан
Өз есебімде мен селолық округтың 2008 жылдағы әлеуметті-экономика-лық дамуы бойынша жетістіктердің нақты нәтижелеріне тоқталғым келеді.

Селолық округтың әкімі аппаратымен мемлекеттік және аумақтық бағ-дарламаларды орындаудағы мәселелер бойынша ұйымдастыру-саясатты жұмыстар жүргізілуде. Аграрлық кешенде жақсы нәтижелер жетілдірілді, шағын және орта бизнес және басқа салалар дамуы бізге білім беру, мәдениет, денсаулық және тұрғындарды әр түрлі әлеуметтік қорғау бағдарламасы бойынша әлеуметтік бағдарламаларды өркендетуді жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Округ аумағында 30 агроқұрамалар жұмыс атқарады. Олардың ішінде 6 ЖШС, 23 шаруа қожалықтары және 1 фермер шаруашылығы. Олардың қарамағында 24844 га шаруашылық егістік жерлер, соның ішінде 19999,5 га егістік егу жері.

“СҚО ауыл шаруашылыққа қаржылық қор көмегі” АҚ-ы филиалы арқылы 2 үй шаруашылықтарына жеке меншік шаруашылығын дамыту үшін 260 мың теңге шағын кредит берілді.

Өсімдік өндірісі – ауыл шаруашылығының жетекші саласы, ол бұл құра-маның жалпы өнімдерінің 82,3 пайы-зын құрайды.

Село экономикасы дамуының негізі болып саналатын бәсекеге төтеп беретін дәнді дақылдар және дәнді дақылдардың өндірісінің келешекте жетілдіруі – бұл саланың басымды бағыты.

Округтың егістік көлемін 2008 жылы 16441,1 га құрады, соның ішінде 15180,0 га – дәнді дақылдар.

Дәнді дақылдардың басымды алымы жетілдірілгеннен кейін 224 тоннаны құрады. 2008 жылы гектарынан 13,5 центнер астық алынды. Округ бойынша астықты жинау жоғары дең-гейде өткізіліп, мерзімінде аяқталды.

Мал шаруашылығы – селолық округ-тың негізгі саласының және аграрлық аясының келешектегі ішкі салалық дамуының бағыттарының бірі. Округте мал басының саны 2645 қара мал, соның ішінде 1240 сиыр, 466 жылқы, 700 шошқа, 2577 қой және ешкі. Өткен жылмен салыстырғанда мал басы саны көбейді. Бұл халықтың ауыл шаруашылығын өркендетуге ұмты-луын дәлелдейді.

2008 жыл бойынша 2945 тонна сүт, 128 тонна ет, 4,4 тонна жүн өндіріліп, 392 тонна сүт, 1,1 тонна жүн, 545 тонна тері өнімдерді сатып алынды, 1005 бас төл алынды, 253 бас жасанды ұрықтандырылды.

Тұрғындар өз шаруашылық өнімде-рін Петропавл қаласында өтетін ауыл-шаруашылық жәрмеңкесінде сатуға мүмкіншіліктері бар. Барлығы 25 жәр-меңкеге қатысылды, онда 3,75 тонна қара мал еті, 2,5 тонна сүт, 5000 жұмыртқа, 1 млн. 550 мың теңгеге сатылды. Бұл жерде тұрғындарға округ әкімшілігі көмек көрсетеді.

2008 жылы “Молсоюз” АҚ-ы арқылы тұрғындардан сүт сатып алу жұмысы ұйымдастырылып, сатып алған сүт өнімдерінің төлемі уақытында төленіп отырды. Округ аумағында Петровка селосында 1 жасанды ұрықтандыру пункті жұмыс істейді, барлығы 253 бас мал ұрықтандырылды, бұл малдың жалпы санының 9 пайызын құрайды.

Елді мекендер арасында жасанды ұрықтандыру жолымен жақсы тұқым төлін және сапалы мал өнімін алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мал дәрігерлік инспектор және екі рұқсат қағазы бар мал дәрігері жұмыс істейді, қажетті дәрігерлік шаралар сапалы және уақытында жүргізіледі.

Бүгін шағын және орта кәсіптің өрлеу қарқыны біздің экономиканың өрлеу қарқынына сәйкес.

Округ аумағында мал шаруашылы-ғымен “Столыпинское” мен “Есильсельхозпродукт” ЖШС-тері айналысады (қой басы – 500). Олар мықты азық-түлікпен қамтамасыз етілгеніне байланысты үлкен көлемде мал өнімін алады.

Қой өсірумен “Есильсельхозпродукт” ЖШС-і айналысады, осы уақытта 864 бас қой саналады.

Округте балық өнімдерін өңдеу, тұш-пара цехы, 2 жем үгу цехтары бар. Ауылшаруашылық техникасын жөндеу бойынша агроқұрамаларда 3 жөндеу шеберханасы бар.

“Столыпинское” ЖШС-нің наубай-ханасы биыл жыл бойы жұмыс істейтін болды. Бұл жұмысшыларға арзан нан сатып алуға мүмкіншілік туғызып отыр. Округте 34 шағын кәсіпкерлер тіркелген, соның ішінде 6 ЖШС-і, 28 шаруа қожалығы, 1 фермерлік шаруа, 20 шағын және орта кәсіпкерлігі бар, бұнда 400 адам жұмыс істейді. Округте азық-түлік және өндіріс тағамдарын сатумен айналысатын 10 дүкен, кафе-бар, 1 шаштараз, дәріхана пункті, балық өңдеу цехы, ЖЖМС, жолаушыларды тасу, отын дайындау, ағаш өңдеу цехтары, ет сатып алу сауда орындары бар.

Негізгі азық-түлік тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында әкім мен кәсіпкерлер арасында 2009 жылдың аяғына дейін азық-түлік тауарлары бағасынның тұрақтандыру мә-селелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум құрылды.

2008 жылы “Столыпинское” ЖШС-ында телерадиоаппаратура жөндеу шеберханасы ашылды. 2009 жылы зират ескерткіштерін жасау цехын ашу жоспарланып отыр.

2008 жылғы тұрғын үй қоры 577 үйден құралды, жалпы көлемі – 37505 мың шаршы метр. Жалпы көлемнен орташа бір адамға шаққанда 18,7 шаршы метр, бұл Қазақстан Респуб-ликасы Заңының ережесіне сәйкес келеді. 2008 жылы округтың екі тұрғын үйінде қайта жаңарту және кеңейту жұмыстары жүргізілді. Округте 390 жеке меншік моншалар жұмыс істейді.

Елді мекенді сумен қамтамасыз ету көкейкесті мәселелердің бірі болып есептеледі. Негізгі су көздері Есіл өзені және жер асты сулары болып табылады. Округте 3 су скважинасы және РМК “Есіл су” арқылы жіберілетін 1 су босату пунктісі бар, бұлар бекітілген күн тәртібі бойынша жұмыс істейді.

2008 жылы қоғамдық құдықтардан судың құрамын зерттеу жұмыстары жүргізілді, өкінішке орай бұл құдық-тардың суы қажетті стандартқа сәйкес емес. Округте тұрғындарға су тасы-малдау жұмыстары ұйымдастырылан.

Ауыларалық жолдарының жөндеу жұмыстары жергілікті қаржы және агроқұрамалар басшыларының демеушілік көмектерімен жүргізіледі. 2008 жылы 25 км жол тегістеу жұмыс-тары жүргізіліп және 7 км жолға 1328 тонна құм мен тас қоспасы төселді. Екі километр қашықтықта жол шеттерін-дегі шөптерді және талдарды шабу жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта Бірлік-Петропавл бағытындағы және Оседлое селосы арқылы Тауағаш-Петропавл автобус маршруттары қызмет көрсетеді. Округте 268 телефон нөмірі бар.

Селолық округтың барлық елді мекендері көше жарықтандырумен қамтамасыз етілген. Барлығы 35 шам орнатылды, соның ішінде Петровкада – 20, Бірлікте – 3, Оседлое селосында – 5, Мәдениетте – 1, Жекекөлде – 6.

Округте 4 мектеп бар, соның ішінде 1 орта, 2 негізгі, 1 бастауыш. Барлық мектептерде қазақ тілінде оқу жүргізі-леді. Петровка орта мектебінде интернат жұмыс істейді. Мұнда тек біздің округтен ғана емес, басқа да округтерден балалар тұрады. Селолардан интернатқа оқушыларды тегін тасу қамтамасыз етілген. Барлық округ мектептері Интернет желісіне қосылған.

Селолық округ аумағында кәсіптік лицей орналасқан. Мұнда 7 кәсіп бойынша білікті мамандарды дайындай-ды. Лицейде барлығы 267 оқушы оқиды, олар тегін тамақ және жатақханамен қамтамасыздандырылған.

Округте 4 денсаулық сақту мекемесі бар, соның ішінде 1 дәрігерлік амбулатория, 3 медициналық пункт, дәрі-ханалық пункт. Мұнда 1 жалпы тәжірибелі дәрігер терапевт, 5 жалпы тәжі-рибелі медбикелер жұмыс атқарады.

Барлық медицина қызметкерлерінде біліктілігін жоғарылату курстарынан өткендігі туралы сапа куәліктері бар.

Әкімшілік, учаскелік инспектор дәрігерлік мамандармен бірігіп, бекітілген бағдарлама бойынша туберкулездің алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Округте спорт жағы да белсенді дамуда. Біздің спортшылар аудандық, облыстық және республикалық жарыстарға қатысады. Бұл оларға аудандық және облыстық спорт коман-даларының құрамына кіруге жағдай жасады. Округ мектептерінде және №9 кәсіптік лицейінде да спортзалдары бар. Бұлар күн сайын жұмыс істейді. Спорт жұмыстарын білікті дене шынықтыру мамандары атқарады, әрдайым спортпен 60 адам айналысады.

Салауатты өмір салты бағдарламасын орындау бойынша жұмыстар әр-дайым жүргізіледі. Сонымен қатар құрамы 35 адамнан тұратын балалар спорттық мектебі қызмет атқарады.

Округ спортсмендері аудандық және облыстық спорттық жарыстарда әрдайым жүлделі орындарға ие болуда.

“Кедейлік және жұмыссыздықпен күрес” бағдарламасына сәйкес 2008 жылы 144 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 87 тұрақты, ал 19 адам мерзімді жұмыс орнына. Қоғамдық жұмысқа 6 адам жіберілді. Қазақстан Республикасының ”Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы” Заңына сәйкес 2008 жылы аз қамтылған азаматтарға 559379 мың тең-ге, ал 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына 1404775 мың тенге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Округ әкімшілігімен Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлерімен қарт адамдарды қолдау бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. 2008 жылы ҰОС ардагері М.Мягких, көп балалы аналар М.Наскенова және А.Казымова еліміздің астанасы – Астана қаласына тегін жолдамамен барып қайтты.



Мемлекеттік азық-түлік және селолық аумақтарды дамуы бағдарламаларының орындалуының табысты нәтижесінің арқасында экономикадағы өзгерістер тұрақты өзгешілігін тап-ты. Еліміздегі құрылған қолайлы мүмкіншіліктерді жоғары деңгейде қолда-нуымыздың арқасында селолық округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақты қарқынына жеттік.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет