2011 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы Қызылорда облысының тексеру комиссиясының есебі


Жалағаш аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша- 9021,0 мың теңге



бет3/3
Дата23.02.2016
өлшемі218.5 Kb.
#2641
1   2   3

4. Жалағаш аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша- 9021,0 мың теңге заңдылық талаптарын сақтамау фактілері орын алған:

1) Жалағаш кенті әкімі аппаратының 2011 жылғы материалдық қорлар-дың және арзан құнды тез тозатын заттардың қозғалысы туралы есебінде (№ 6 нысан) 110 жол коды бойынша жыл басындағы жиынтығында (060-069) мате-риалдары мен тамақ өнімдерінің барлығы 7,2 мың теңге болса, баланстың № 1 нысанындағы 070 жолдың кодында 80,2 мың теңге болып көрсетілген. № 6 нысанның жиынтықтары көрсетілмеген.

«Мақпалкөл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің тапсырған 2011 жылдық есебіндегі № 1 нысан баланс бойынша 070 жолдың материалдар мен азық-түлік өнімдері бойынша есепті күнге қалдық 147,0 мың теңге болып көрсетілсе, № 6 нысан бойынша материалдық қорлардың қозғалы-сы есебінде 146,6 мың теңге болып көрсетілген. Жиынтығы көрсетілмеген. Түсіндірме жазбада теңгерімдегі кодтары бойынша көрсеткіштер толық қамтылмаған.

2) 2012 жылдың 1 қаңтарына 3 404,3 мың теңге дебиторлық және 109,6 мың теңге кредиторлық қарыздар құралған.

3) аудандық бюджеттен жарғылық капиталды ұлғайтуға жоспарланған 5000,0 мың теңгені «Жалағаш ауыз су» МКК-ның 2009-2010 жылдарға қызмет-керлерінің еңбекақысына, зейнетақы төлемі мен әлеуметтік есептемелерге, айыппұлдар, мекеменің салықтық берешектеріне қаржылық-экономикалық негіздемесінде көзделмеген мақсатқа төленгені анықталды.

4) аудандық мәслихат аппаратында және Аламесек ауылдық округ әкімі аппаратының есебінде лимиттен тыс бір-бір автокөліктен артық тұр.

5) ҚР Бюджет кодексінің 56-бабы 1-5-тармақтары басшылыққа алынбай, аудандық бюджеттен елді мекендердегі каналдарды құжаттандыруға 507,4 мың теңге қаржы бөлінген.

5. «Сырдария аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 644217,9 мың теңге заңдылық талаптарын сақтамау фактілері орын алған:

1) Аудандық бюджеттен «Қайнар» МКК жарғылық қорын ұлғайтуға 2010 жылы бөлінген 8 419,0 мың теңгенің тек 7 198,0 мың теңгесіне негізгі қорға жататын активтер алынып, қалған 1220,9 мың теңгесі мақсатсыз жұмсалған.

2) Ұялы байланыс қызметін қолданғаны үшін бақылаумен қамтылған аралықта қызметтік телефондар арқылы 7,9 мың теңге бюджет қаржысы есебінен төленген;

3) 2012 жылдың 1 қаңтарына 31403,8 мың теңгеге дебиторлық қарыздың құралуына жол берілген. Яғни, 2010 жылмен салыстырғанда дебиторлық қарыз 1,5 есеге өсуі мекемелер тарапынан бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануын көрсетеді;

4) «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Балдаурен» балабақшасы, «Н. Ильясов ауылдық округі әкімінің аппараты», «Бесарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелері 2628,7 мың теңгенің тауарлы-материалды құндылықтарын негізсіз есептен шығарған.



5) Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша республикалық бюджеттен берілген кредит 1451,6 мың теңге (2010 жылы 722,6 мың теңге, 2011 жылы 729,0 мың теңге) бюджеттік кредит алушылар тарапынан бюджетке түспей, аудан бюджетінің қаржысы есебінен облыстық бюджетке аударылған.

6) «Мемлекеттік тұрғын үй қорының құрылысы және (немесе) сатып алу» бюджеттік бағдарламасына аудан бюджеті есебінен 21320,0 мың теңгеге салын-ған 3 бөлмелі бір пәтерлік 3 тұрғын үй Сырдария ауданы әкімінің өкімімен пай-далануға қабылданғанмен, Сырдария аудандық қаржы бөлімінің бұйрығымен теңгерімге берілмегенмен, аудан әкімінің шешімімен жеке тұлғаларға пайдала-нуға берілген.

7) Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің аудандық қаржы бөлімінің 2012 жылдың 1 қаңтарына тапсырған жылдық жиынтық есебіне берген есептерімен аудандық қаржы бөліміне тапсырылған бюджеттік мекемелердің бухгалтерлік балансындағы Дебиторлық қарыздардың 466,1 мың теңгеге және Кредиторлық қарыздар 614,2 мың теңгеге кем көрсетілген.

8) Аудан мен елді мекендердің көшелеріне жүргізілген орташа жөндеу жұмыстары 96 153,51 мың теңге, Аманкелді ауылдық округі әкімі, № 174 орта мектеп, № 137 орта мектеп, № 191 мектеп, № 37 орта мектеп, № 42 мектеп ғимараттарына жүргізілген 68 746,91 мың теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары, Жетікөл ауылының бас су қоймасы қоршауына жүргізілген 5160,0 мың теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары «Жетікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелерінің теңгеріміне беріліп, активтер құрамына енгізілген.



9) Тереңөзек кентіндегі «Айтбек» каналына салынған жаяу жүргіншілер көпірі, құны 7 186,33 мың теңге «Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне қаржы бөлімінің 2011 жылғы 24 қараша-дағы № 24 бұйрығымен берілген, алайда мекеменің теңгеріміне алынбай, 2012 жылғы 1 қаңтардағы балансында көрініс таппаған.

10) 2010-2011 жылдары 481 019,86 мың теңгеге мемлекеттік инвестиция есебінен салынған 19 нысан, мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісімен пай-далануға қабылданғанмен, «Сырдария аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде тұр.

11) «Н. Ильясов ауылдық округі әкімінің аппараты», «Бесарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелері мекеме балансындағы 1359,2 мың теңгенің көлік құралдарын негізсіз есептен шығарған. Сырдария ауданы әкімінің 2010 жылғы 1 қарашадағы № 365 қаулысымен Шіркейлі ауылдық округ әкімі аппаратына қызметтік жеңіл автокөліктердің саны 1 дана деп белгі-ленгеніне қарамастан, құны 2 240,5 мың теңгенің УАЗ маркалы автокөлігі берілсе, аудандық мәдениет үйлері және клубтар мемлекеттік кәсіпорыны 2011 жылғы тапсырған мекемелер есебіндегі автокөліктер туралы мәліметінде қаржы бөлімінің 2011 жылы 21 қазандағы № 22 бұйрығымен пайдалануға берілген, құны 4 717,0 мың теңгенің «ПАЗ 32053» маркалы автокөлігі көрсетілмеген.

12) Ауданға қарасты елді мекендердегі ауыз су нысандары сенімгерлік басқаруға берілмеген.

6. «Шиелі аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша – 11917,0 мың теңге заңдылық талаптарын сақтамау фактілері орын алған:

1) 2012 жылдың 1 қаңтарына 3 961,9 мың теңге дебиторлық берешек және кредиторлық берешек 7 955,1 мың теңгені құраған.

2) Аудандық қаржы бөліміне 2012 жылдың 1 қаңтарына тапсырған жыл-дық есептерінде кредиторлық қарыздары бола тұра, аудандық кәсіпкерлік, құрылыс, дене шынықтыру және спорт бөлімдері сыйақы алған.

3) Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы 458028015 бағдарламасы бойынша «Дендропарк» құрылысы жүргізілген, «Дендропарк» негізінен мәдени тынығу ошағы болып саналады. Құрылыс бөлімі 467-011015 «Мәдениет объектілерін салу» бағдарламасы арқылы қаржыландыруға тиіс.



7. «Жаңақорған аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша – 13281,4 мың теңге заңдылық талаптарын сақтамау фактілері орын алған:

1) 2012 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша барлығы 796,4 мың теңге дебиторлық берешек көрсетілген.

2) ауылдық елді мекендер мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру бағдарламасы бойынша 2010 және 2011 жылға аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебінде 501113 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» коды бойынша 5654,4 мың теңге бюджеттік кредит алушылар тарапынан бюджетке түспеген;

3) коммуналдық меншіктегі объектілерді жалға беру жұмыстары бары-сында жалға алушылардың бюджетке берешегі мерзімінде төленбеген, төлемге есептелетін өсімпұлды қоса алғанда 778,0 мың теңге;

4) ауданға қарасты 2 шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік ком-муналдық кәсіпорынның 2010 жылға жылдық жиынтық табысынан 11,8 мың теңге жергілікті бюджетке аударылмаған, есептелетін өсімпұл көлемі 1,9 мың теңге.

5) «Жаңақорған Тазалық» ШЖҚ МКК-ның теңгерімінде сұраныста көр-сетілген құрал-жабдықтар бола тұра, осы кәсіпорынға 28.02.2011ж. төлем шотына сәйкес 5000,0 мың теңге аударылған. Нәтижесінде негізгі қорды ұлғай-туға бөлінген қаржының 3671,0 мың теңгесі 25.03.2011ж. салық органының инкассалық өкіміне сәйкес салық берешектері есебінен өндіріліп алынған, 130,0 мың теңгесіне компьютер алынған, 160,0 мың теңгесіне генератор САК алын-ған, 130,0 мың теңгесіне генератор 220*380 алынған, 37,0 мың теңгеге дәнекер-леу аппараты алынған. Қаражат мақсатсыз жұмсалған.

6) жер учаскелерін меншікке сатуға келісім-шарт негізінде бюджетке 2367,9 мың теңге түспеген;

8. «Қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша – 22345,8 мың теңге заңдылық талаптарын сақтамау фактілері орын алған:

1) Коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорынан үйлерді жалдаудан түсетін кірістер бойынша 2010-2011 жылдарға тұрғын үйді жалдау ақысынан бюджетке 14035,1 мың теңге уақытында түспеген, коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорынан үйлерді жалдаудан түсетін түсімдердің бюджетке уақытылы түсуін қадағалау бірде-бір құзырлы органға жүктелмеген.

2) Шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіп-орындардың таза табысының бір бөлігінен бүгінгі күнге бұл төлем түрі бойын-ша бюджетке түспей тұрған төлем көлемі 2 274,6 мың теңге, оған есептелетін өсімпұл көлемі 409,1 мың теңге.

3) Қала әкімдігінің 19.03.2010 жылғы № 2749 Қаулысына сәйкес «Тұрғын үй қызметі» ШЖҚ МКК–ның жарғылық капиталын ұлғайтуға 5 650,0 мың теңге қаржы бөлінген. Кәсіпорын бөлінген қаражаттың 2 367,3 мың теңгесін 2010 жылдың сәуір айының жалақысы есебіне, 3 259,7 мың теңгесін экономикалық негіздемеде көрсетілген құрал-жабдықтардан басқа материалдар алу үшін жаратқан. Қаражат мақсатсыз жұмсалған.

4) Бюджетті жоспарлауда қаржылар кәсіпорындардың жарғылық капита-лын ұлғайту мақсатында бөлінгенімен, «Санациялық келісім-шарттарда» көрсетілген мерзімге дейінгі қалыптасқан кәсіпорындардың кредиторлық қарыздарын жабуға жұмсалған.

5) Сонымен қатар қаржы бөлімінде резервтен және жарғылық капиталды ұлғайтуға бөлінген қаржылардың игерілгендігі туралы мәлімет немесе түпкілік-ті нәтижеге жеткендігі туралы есеп жүргізілмеген.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін артты-ру өңірлік орталығында 2010 жылы 378, 2011 жылы 383, барлығы 761 есепші білімін жетілдірген және олардың білімін желілдіруі үшін 2010 жылы 12666,2 мың теңге, 2011 жылы 15718,3 мың теңге, барлығы 28384,5 мың теңге бюджет қаржысы жұмсалған. Осыған қарамастан мемлекеттік мекемелердегі бухгалтер-лік есеп жүргізу өз дәрежесінде емес екендігін атап өту керек.

Тексеру комиссиясы тарапынан аудандар мен Қызылорда қаласы бюджет-терінің 2011 жылғы атқарылуы туралы есебі талданып, бақылау нәтижелері туралы есептер аудандық және қалалық мәслихат сессияларында қарау үшін ұсынылды.



ІІІ. Қорытындылар мен ұсыныстар:

2011 жылы облыс бюджетінің халықтың әлеуметтік мәселелерін қамту бағытындағы көрсеткіштерінің басым бөлігі орындалғанмен, бюджеттік инвес-тициялардың игерілуі, түпкілікті нәтижеге қол жеткізу, құрылыс салу нысан-дарын жоспарланған мерзімде пайдалануға берілмеуі салдарынан облыс бюджеті 95,1 пайызға, облыстық бюджет 95,9 пайызға орындалған.

2011 жылы дебиторлық қарыздың 2010 жылмен салыстырғанда 6,8 есеге (391917,0 мың теңгеге) артуы бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан бюджет қаражатын сапалы жоспарлаудың және жүйелі әкімшіліктендірудің болмауынан орын алып отыр.

Жалпы алғанда бюджеттің атқарылуы облыстың негізгі макроэкономика-лық көрсеткіштеріне оң әсер етті. Елбасының әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі, ипотекалық несиелендіру арқылы тұрғын үй құрылысын дамыту, жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. Облыста атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды есепке ала отырып, жіберілген кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау бағытында жұмыстарды қолға ала отырып, бюджеттің атқарылу есебіне оң баға беруге болады.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің трансферттерді бөлуде заңнама талаптарында белгіленген Келісім жасау міндеттемелерін өз деңгейінде орын-дамағанына қарамастан, төмен тұрған бюджеттерге қаржы бөлу фактілері орын алғандығы, бюджет процесінде тиісті қадағалау жоқтығын көрсетеді. Сонымен қатар, облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне берілген нысаналы трансферттердің игерілу барысына қадағалау орнату жұмыстарын жүргізбеуінен, жергілікті бюджеттерде транс-ферттерді игеру, түпкілікті нәтижеге қол жеткізу өз дәрежесінде болмай отыр. Осының салдарынан инвестициялық жобалар бойынша жоспарланған мерзімде нысандарды пайдалануға беру мерзімдері сақталмауда.

2011 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есепті талдай отырып ұсынамыз.

1. ҚР Бюджет кодексінің 44-бабының 7-тармағының талаптары сақтал-май, 2010 жылы республикалық бюджеттен үш әлеуметтік нысанның құрылы-сына бөлінген 4527,2 млн. теңге нысаналы трансферттер жылдың соңына дейін игерілмеген және ҚР Үкіметі шешімімен 2011 жылы пайдалануға рұқсат етілген 215,5 млн. теңге қаражат республикалық бюджетке қайтарылуын;

2. 2011 жылдың қорытындысымен 468,6 млн. теңге дебиторлық, 227,5 млн. теңге кредиторлық қарыздарды жою жұмыстарын жүзеге асыруды;

3. 2011 жылдың жылдық есептілік нысандарын есептілікті тапсыру Ережесінің талаптарына сәйкестендіруді;

4. мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмеген және аяқталмаған нысандар бойынша түгендеу жұмыстарын жүргізіп, бухгалтерлік есеп бойынша теңгерімге есепке алынуын қамтамасыз етуді;

5. «Жалаңтөс Баһадүр» ескерткіш кешенін пайдаланушы мекеме теңгеріміне есепке алынуын қамтамасыз етуді;

6. құрылысы аяқталған құрылыс нысандарын қабылдау, пайдаланушы мекемелердің теңгеріміне беру жұмыстарын жеделдету, келешекте ауданның, Қызылорда қаласы аумағында салынып жатқан және салынатын құрылыс нысандары бойынша қаржылық тәртіптің бұзылмауына, пайдаланылған бюджет қаражатының уақытылы есепке алынуын;

8. бюджеттік инвестицияларды жоспарлағанда жер бөлу мәселесі шешілген жобаларға жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға қаражат жоспарлауды қамтамасыз етуді;

9. облыстық бағдарламалар әкімшілерінің теңгеріміндегі облыстың мемлекеттік мүлік деңгейіндегі автокөлік құралдарының бекітілген лимитке сәйкестендіруді;

10. облыстың мемлекеттік мүлік деңгейіндегі ашық саудаға шығарылатын автокөлік және өзге де техникалық құралдарды сақтайтын, саудаға алдын-ала дайындайтын арнайы орын құрылуын;

11. мекеме теңгеріміндегі мемлекеттік мүлікті алыс-беріс рәсімін заңнамамен белгіленген тәртіппен ресімдемей, өз бетінше басқаруға жол бермеуін қадағалауды;

12. бюджет қаражатын игеруде бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жауапкершілігін арттыру арқылы, жалпы облыстық бюджет шығындарының 100 пайызға игерілуі бағытында жұмыстарды жүзеге асыру қажет.

13. аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері бюджет қаражатын жұмсау, пайдалану барысында бюджеттік есептілік талаптарының сақталуын басшылыққа алуды қадағалауды;

14. ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру бағдарламасы бойынша берілген бюджеттік кредиттің кредит алушылар тарапынан бюджетке түсіру бағытында жұмыстарды жүргізуі қажет.

15. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне берілген, қазіргі таңда бюджеттік бос қалдығы құрамында пайдаланылмай тұрған, 265270 мың теңге қаржыны пайдалану механизмін анықтап, қаражатты игеру туралы шешім қабылдау ұсынылады.


Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет