2011 жылғы 15 желтоқсандағы №1539 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төсбелгілері



бет10/16
Дата09.07.2016
өлшемі0.54 Mb.
#186216
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төсбелгілері

«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн»
(38-қосымша)


      «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн» төсбелгiсi латуньнан дайындалады және көлемi 38х28 мм күрделi нысандағы аспаны бiлдiредi. Белгіні дайындауда қызыл және көк түстi эмаль пайдаланылады.

      Белгiнiң бет жағындағы төменгi бөлiкте «желбiреген лента» фонында «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА СIҢIРГЕН ЕҢБЕГI ҮШIН» деген жазу орналасқан. Белгiнiң ортасында айқастырылған екi алаудың фонында барыстың бейнесi орналасқан. Белгiнiң шеттерiнде лавр бұтақтары орналасқан.

      Белгi құлақша мен шығыршық арқылы енi 25 мм және биiктiгi 37 мм көк түстi қатқыл лентамен қапталған тiкбұрышты тағанмен жалғанады.
      Белгi киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.

«Құрметті спорт қызметкері» (40-қосымша)


      «Құрметтi спорт қызметкерi» төсбелгiсi диаметрi 42 мм сегiз ұшты жұлдыз нысанында дайындалады.

      Белгi үш бөлiктен тұрады - негiз, қондырма және жапсырма. Негiзге бекiтiлетiн жапсырмасы бар қондырма алаңы негiздiң басты сәулелерiнiң үстiне орналасқан он екi сәулелi алтын жалатылған сәулелермен көмкерiлген. Негiз күмiс қорытпасынан дайындалған.

      Қондырма шетi аймақтарында бүртiктер орындалған диаметрi 23,3 мм дұрыс шығыңқы шеңбер болып табылады. Шығыршық бойы iшкi бүртiк пен жапсырма алаңының арасында «ҚҰРМЕТТI СПОРТ ҚЫЗМЕТКЕРI» деген жазу айналдыра орналасқан.      Белгi құлақша мен шығыршық арқылы енi 26 мм және биiктiгi 30 мм көгiлдiр түстi қатқыл лентамен қапталған тiкбұрышты тағанмен жалғанады. Таған латуньнан дайындалады.

      Белгi киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.



Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің төсбелгілері

«Экология саласының үздігі» (42-қосымша)


      «Экология саласының үздігі» төсбелгісі диаметрі 32,8 мм шеңбер нысанында латуньнан дайындалады. Шеңбердің фоны жасыл түсті.

      Шеңбердің ортасында Қазақстанның контурлық картасы бейнеленген, фоны күңгірттелген күміс. Картаның ішінде екі жапырақ бар: біреуі көгілдір түсті, екіншісі жасыл түсті. Карта бейнесінің үстінде алтын түстес шаңырақ бейнеленген.

      Белгінің төменгі бөлігінде шеңберді бойлай алтын түстес лента орналасқан, мәтіні күңгірт, оның ортасында үш қатарда күңгірт әріптермен: «ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» деген жазу орналасады. Белгідегі барлық бейнелер шығыңқы. Белгінің шеттері ернеумен жиектелген.

      Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм жасыл түсті қатқыл лентамен қапталған, төменгі жағында лавр бұтақтары бар тікбұрышты тағанмен жалғанады.

      Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

«Гидрометеорология саласының үздігі» (42-1-қосымша)


      «Гидрометеорология саласының үздігі» төсбелгісі - сары түсті металмен қапталған, көк түсті металдан жасалған бекіткіші бар шеңбер түріндегі медальон.

      Белгінің бет жағында ортада сары түсті металда көк түспен жасалған «Қазгидромет» белгісінің макеті орналасқан.

      Жиегінің бойымен медальон шеңбері бойынша сары түсті металда көк түспен жасалған «Гидрометеорология саласының үздігі» деген жазу орналасқан.

      Белгі киімге құлақша мен шығыршық арқылы ені 26 мм және биіктігі 15 мм тік бұрышты тағанмен бекітіледі.



Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің төсбелгілері:

«Құрметті құрылысшы» (43-қосымша)


      «Құрметтi құрылысшы» төсбелгiсi диаметрi 28 мм және қалыңдығы 2 мм шеңбер нысанында мыс-никель қорытпасынан дайындалады.

      Белгiнiң бет жағында шартты түрде бедерлi өрнектелген шаңырақты айналдыра «ҚҰРМЕТТI ҚҰРЫЛЫСШЫ» деген жазу шығыңқы орналастырылады. Шаңырақтың iшi және жазулар қою көк түстi эмальмен қапталған.

      Белгiнiң сыртқы жағында тiркеу нөмiрi орналасқан. Белгiнiң қыры тегiс.

      Белгi құлақша мен шығыршық арқылы енi 25 мм және биiктiгi 15 мм қара көк түстi қатқыл лентамен қапталған тiкбұрышты тағанмен жалғанады.

      Белгi киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.

«Құрметті сәулетші» (44-қосымша)


      «Құрметтi сәулетшi» төсбелгiсi диаметрi 28 мм және қалыңдығы 2 мм шеңбер нысанында мыс-никель қорытпасынан дайындалады.

      Белгiнiң бет жағында шартты түрде өрнектелген шаңырақты айналдыра «ҚҰРМЕТТI СӘУЛЕТШI» деген жазу орналастырылады. Шаңырақтың iшi және жазулар қою көгілдір түстi эмальмен қапталған.

      Белгiнiң сыртқы жағында тiркеу нөмiрi орналасқан. Белгiнiң қыры тегiс.

      Белгi құлақша мен шығыршық арқылы енi 25 мм және биiктiгi 15 мм қою көгілдір түстi қатқыл лентамен қапталған тiкбұрышты тағанмен жалғанады.

      Белгi киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» (45-қосымша)


      «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісі диаметрі 28 мм және қалыңдығы 2 мм шеңбер нысанында мыс-никель қорытпасынан дайындалады.

      Белгінің бет жағында шартты түрде өрнектелген шаңырақты айналдыра «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» деген жазу шығыңқы орналастырылады. Шаңырақтың іші және жазулар қою көгілдір түсті эмальмен қапталған.

      Белгінің сыртқы жағында тіркеу нөмірі орналастырылады. Белгінің қыры тегіс.

      Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм қою көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған тікбұрышты тағанмен жалғанады.

      Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет