«Атом саласының үздігі» (31-қосымша)
«Атом саласының үздігі» төсбелгiсi диаметрі 37 мм шығыңқы алтын түстес қырлары бар сегіз қырлы нысанда, қалыңдығы 3 мм алтынмен жабылған 925 сынамалы күміс қорытпасынан дайындалады.
Белгінің беткі жағында сегіз қырлы белгінің ортасында диаметрі 27 мм, ернеуі көмкерілген шеңбер орналасқан. Шеңбердің ортасында электронның үш орбитасымен композициялық атом ядросын ұстап тұрған адамның қолы бейнеленген.
Белгінің сыртқы жағында «АТОМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» деген бедерлі жазу жазылған.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 35 мм және биіктігі 24 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған үшбұрышты тағанмен жалғанады. Үшбұрыштың екі жақ шеттерінде ені 3 мм бедерлі кертпесі бар ернеуі болады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» (31-1-қосымша)
«Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісінің ені 40 мм, ұзындығы 40 мм сегіз қырлы пішінде, сегіз қырының шетінен шығып тұратын элементтері жоқ. Төсбелгінің ортасында химиялық ерітіндісі бар колба мен масақ түріндегі элементтерден, сол жағында химиялық элементтердің әріптік белгісінен тұратын химиялық саланы сипаттайтын таңба орналасқан. Символ ұлттық нақыш беретін ұлттық өрнектермен қоршалған. Химиялық өнеркәсіпті білдіретін белгінің астында бас әріптермен «ҚАЗАҚСТАН» деп жазылған ілініп тұрған транспарант түріндегі төсеме орналасады.
Белгі жоғары жағында төсемесімен және онда қазақтың үлттық стилінде безендіріліп өрнектелген және жіңішке рамкамен жиектелген «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» деген мәтін орналасқан тікбұрышты түрде қалыпты металдан дайындалады. Қалыптың өзі ортасында жалпақ ақ жолағы бар, көк лентаның көрінісін береді. Жолақтар қалыпта тігінен орналастырылады. Белгі құлақша және сақинаның көмегімен қалыпқа бекітіледі. Белгі және қалып қою көгілдір эмальмен боялған сары түсті металдан дайындалады, белгі қалыбының биіктігі 30 мм, ал ені 34 мм.
«Жер қойнауының құрметті барлаушысы» (31-2-қосымша)
«Жер қойнауының құрметті барлаушысы» төсбелгісі диаметрі 24 мм шеңберге сызылған, биіктігі 35 мм қырланған бесбұрышты нысандағы сары түсті металдан (латуньнан) дайындалады.
Төсбелгі екі бөліктен тұрады: осы төсбелгінің жоғарғы (аспа) және төменгі тағаны. Төсбелгі шығыршық пен құлақша арқылы аспамен жалғанған.
Шеңбердің төменгі жартысында бір қолымен геологиялық балғаға сүйеніп тұрған, екінші қолында таужынысының айшықты үлгісін ұстап тұрған геология барлаушысының айшықты күміс мүсіні бейнеленген.
Шеңбердің ортасында Қазақстан Республикасы картасының жасыл сұлбасы, оның сол жақ жоғары бөлігінде айшықты күміс бұрғылау мұнарасы бейнеленген.
Шеңбердің жоғары жартылай шеңбері бойынша көгілдір фонда - қазақ тілінде күміс әріптермен «Жер қойнауының құрметті барлаушысы» деген жазу.
Төменгі жартылай шеңбердің қарсы жақтарында - күміс лавр бұтақтары.
Шеңбер ортасынан шашыраған күміс сәулелер көрінеді. Қырланған бесбұрыш алаңы алтынмен қапталған.
Төсбелгінің теріс жағында шығыңқы алтын әріптермен алтын фонда:
«Геологиядағы зор еңбегі үшін» деген жазу жазылады:
Әрбір жазудан кейін ұлттық ою-өрнек бейнеленген.
Аспаның тағаны мемлекеттік ту бейнеленген төсем түрінде тікбұрыштан және алтынмен қапталған ұлттық ою-өрнек бейнеленген үшбұрыштан жасалған.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Жер қойнауын барлаудың үздігі» (31-3-қосымша)
«Жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгісі шағын шығыңқылығы бар металл дискі нысанындағы сары түсті металдан (латуньнан) дайындалады, шеңбердің диаметрі 30 мм, қалыңдығы 2 мм. Дискінің шығыңқы жағында жазулар мен бейне-нышандар салынған:
дискінің тұйық айналасында ені 3 мм болатын алтын жалатылған лента жолағы өтеді, оның үстінде қазақ тілінде көк түсті әріптермен – жоғарғы жартысында – «Қазақстан Республикасы», төменгі жарытысында «Жер қойнауын барлаудың үздігі» деген жазу жазылады. Жазулар ұлттық ою-өрнек элементтерімен бөлінген;
дискінің шеңберінде Қазақстан Республикасы картасының сұмасы (карта жасыл эмальмен қапталған);
карта сұлбасының ортасында екі айқасқан алтын түсті геологиялық балға;
карта сұлбасының жоғарғы бөлігінде алтын түсті айшықты бұрғылау мұнарасы бейнеленген;
шеңбердің жоғарғы бөлігін (бұрғылау мұнарасының жартысы деңгейінде) айшықты сейсмотолқын қиып өтеді.
Белгі шеңберінің бос алаңы көгілдір эмальмен құйылған.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Құрметті кенші» (31-4-қосымша)
«Құрметті кенші» төсбелгісі өлшемі тігінен 42 мм және көлденеңінен 38 мм овал түрінде жез қорытпасынан жасалады.
Белгінің бет жағында жоғары бөлігінде көгілдір таспада «ҚҰРМЕТТІ КЕНШІ» деген шығыңқы жазу орналастырылған. Төменгі бөлігінде лавр гүлтәжі және символ мәнді, айқастырылған балға мен ажыратқыш кілт орналастырылған.
Белгінің орталық бөлігінде копер мен үш террикон аясында тау жынысы кесегін ұстап тұрған кеншінің қолы бейнеленген. Белгінің артқы жағында тіркеу нөмірі орналастырылған.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Құрметті металлург» (31-5-қосымша)
«Құрметті металлург» төсбелгісі өлшемі тігінен 42 мм және көлденеңінен 38 мм овал түрінде жез қорытпасынан жасалады.
Белгінің бет жағында жоғары бөлігінде көгілдір таспада «ҚҰРМЕТТІ МЕТАЛЛУРГ» деген шығыңқы жазу орналастырылған. Төменгі бөлігінде лавр гүлтәжі және символ мәнді, айқастырылған балға мен ажыратқыш кілт орналастырылған.
Белгінің орталық бөлігінде зауыт корпустарының аясында балқытылған металл құйылған шөміш бейнеленген. Белгінің артқы жағында тіркеу нөмірі орналастырылған.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Туризм саласына сiңiрген еңбегi үшiн» (39-қосымша)
«Туризм саласына сiңiрген еңбегi үшiн» төсбелгiсi биiктiгi 32 мм, енi 25 мм және қалыңдығы 2 мм тiкбұрыш нысанындағы латуньнан дайындалады.
Белгiнiң ортасында көгiлдiр фонда алтын түстi реңкте бүркiттiң қанатында Қазақстанның картасы бар жер шары бейнеленген.
Белгiнiң жоғарғы бөлiгiнде «ТУРИЗМ САЛАСЫНА СIҢIРГЕН ЕҢБЕГI ҮШIН» деген жазу орналасқан. Жер шарының жоғарғы бөлiгiнде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу орналасқан.
Қондырмасы – мельхиор, көк эмаль, қызыл эмаль.
Белгi киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |