2011 жылғы 15 желтоқсандағы №1539 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


«Туризм саласының үздiгi» (41-қосымша)



бет9/16
Дата09.07.2016
өлшемі0.54 Mb.
#186216
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

«Туризм саласының үздiгi» (41-қосымша)


      «Туризм саласының үздiгi» төсбелгiсi биiктiгi 32 мм, енi 25 мм және қалыңдығы 2 мм тiкбұрыш нысанындағы латуньнан дайындалады.
      Белгiнiң бет жағында қою жасыл фонда Қазақстан Республикасының картасы бейнеленген. Картаның жоғары бөлiгiнде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, төменгi бөлiгiнде «ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДIГI» деген жазу орналасқан.

      Белгi киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрлігінің төсбелгілері

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» (32-қосымша)


      «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі диаметрі 40 мм шеңбер нысанында латуньнен дайындалады.

      Шеңбердің ортасында медицина эмблемасы - тостағанға оралған жылан, жоғары бөлігінде – шығып келе жатқан күн сәулесі, төменгі жағында – лавр бұтақтары бейнеленген. Шеңберді бойлай «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН», «ҚАЗАҚСТАН» деген жазулар орналасқан. Белгі фоны жылтырақ, әріптер және бейнелер шығыңқы, күңгірттелген.

      Белгінің сыртқы жағы күңгірттелген.

      Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 33 мм және биіктігі 20 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған тікбұрышты тағанмен жалғанады.

      Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (33-қосымша)


      «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі диаметрі 40 мм тең емес шеңбер нысанында латуньнан дайындалады.
      Ортада, көгілдір эмальмен құйылған шеңбер фонында шаңырақтың бедерлі бейнесі орналастырылған. Шеңбердің ішінде фоны қызыл түсті эмальмен құйылған көлемі кіші шеңбер орналасқан және ортасында тостағанға оралған жылан түріндегі медицина эмблемасы бейнеленген. Белгі жиегін бойлай бейненің айналасы ақ эмальмен құйылған фонда «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ» деген жазу бар, «ҮЗДІГІ» деген жазу нүктелермен бөлінген. Төменде лавр бұтақтарымен көмкерілген «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу бар. Белгінің фоны жылтырақ, әріптер мен бейнелер шығыңқы күңгірттелген.

      Белгінің сыртқы жағы күңгірттелген.

      Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 19 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған, төменгі жағында лавр бұтақтары бар тікбұрышты тағанмен жалғанады.

      Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің төсбелгілері

«Ы. Алтынсарин» (34-қосымша)


      «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі диаметрі 32 мм шеңбер нысанында қалыңдығы 2 мм мыс пен никельдің қорытпасынан дайындалады.

      Белгінің бет жағында Ы. Алтынсариннің бейнесі орналасқан. Бейненің астында «Ы. АЛТЫНСАРИН» деген жазу бар.

      Белгінің сыртқы жағында «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ТАБЫСТАРЫ ҮШІН» деген жазу орналасқан.

      Белгі құлақша мен шынжыр арқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған, төменгі жағында лавр бұтақтары бар тікбұрышты тағанмен жалғанады.

      Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (35-қосымша)


      «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі диаметрі 28 мм шеңбер нысанында қалыңдығы 2 мм мыс пен никельдің қорытпасынан дайындалады.

      Белгінің бет жағында сегіз бұрыштың бейнесі орналастырылған, оның ортасында «Мәңгілік» көне белгісі бар.

      Белгінің сыртқы жағында «ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» деген жазу орналастырылған.

      Белгі құлақша мен шынжыр арқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған, төменгі жағында лавр бұтақтары бар тікбұрышты тағанмен жалғанады.

      Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (36-қосымша)


      «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі диаметрі 28 мм шеңбер нысанында қалыңдығы 2 мм мыс пен никельдің қорытпасынан дайындалады.

      Белгінің бет жағында ортада ашылған кітаптың бейнесі орналасқан, оның ортасында күн, шеңбердің оң жағында лавр бұтағы жатыр.

      Белгінің сыртқы жағында «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» деген жазу орналастырылған.

      Белгі құлақша мен шынжыр арқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған, төменгі жағында лавр бұтақтары бар тікбұрышты тағанмен жалғанады.


      Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің төсбелгілгілері

«Мәдениет саласының үздігі» (37-қосымша)


      «Мәдениет саласының үздiгi» төсбелгiсi диаметрi 34 мм шеңбер нысанында алтын түстес металдан дайындалады.

      Шеңбердiң iшiнде күннiң, шаңырақтың және ұлттық ою-өрнектiң бейнесi, төменде алтын түстес «МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДIГI» деген жазу орналасқан.

      Белгi құлақша мен шығыршық арқылы енi 34 мм және биiктiгi 18 мм көгiлдiр түстi қатқыл лентамен қапталған тiкбұрышты тағанмен жалғанады.

      Белгi киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.


«Ақпарат саласының үздігі» (37-1-қосымша)


      «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі диаметрі 35 мм шеңбер нысанында алтын түсті металдан дайындалады.

      Шеңбердің ішінде жайылған қағаз рулоны, қағазда қауырсын бейнеленген және ұлттық ою-өрнек белгіленген. Белгінің артқы жағындағы жиегінің бойымен алтын түстес реңкте «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» деген жазу орналасқан. Белгі құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсі жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 35 мм және биіктігі 15 мм тік бұрышты тағанмен жалғанады.

      Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет